Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы

Главная » Рефераттар » Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы

Қылмыстық халықаралық заң бұзушылықпен күресуге қатысатын мемлекеттік ұйым — Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы болып табылады, ол «Интерпол» деген атаумен танымал. 1923 жылы Венада Халықаралық полициялық конгресі өткізіелді, онда 138 өкілді 20 мемлекет қатысады, олардың басым көпшілігі еуропалық, сонымен қатар Жапония, Қытай және АҚШ өкілдері болады. Конгресс Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының мекемесін және жарғы құру жайлы шешім қабылдайды. Штаб-пәтер Венаға орналастырылады.

Жарғының 1-бабы бойынша, Комиссияның негізгі мақсаттары — қорғаныс органдары арасында сәйкесті мемлекет заңдары шекарасында өзара қызметтік көмек көрсету тәжірибесін қалыптастыру және де қылмысқа қарсы күрес жүргізуге шақырылған барлық мекемелердің оңтайлы қызметтік барысын құру болып табылады. 1923 және 1941 жылдар аралығындағы кезең — Комиссияның ұйымдастырушылық-құқықтық қалыптасу кезеңі. «Аса қауіпті тұлғаларды» тіркеу жүйесі және «халықаралық қылмыскерлер» картотекасы құрылады, мұнда 30-жылдардың өзінде-ақ 100 мыңдай адам тіркеуге алынған. Мемлекеттер бірлестігі тек қана ақпарат алмасумен шектеліп отырды.

Екінші дүниежүзілік соғыс Комиссия жұмысын уақытша тоқтатты. Дегенмен, соғыс біткен соң полицейлік қызмет басшылары Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын қайта құру ұсынысын көтерді. 1946 жылы Брюссельде Конгресс өткізілді, онда 1923 жылғы жарлықтың орнына өз мақсаттары, міндеттері және қызметтік ұстанымдарын қамтитын уақытша ережені бекітті. Онда ұйымдардың әскери шараларға қатысуына тыйым салынатыны жайлы тармақ қосылған. Бірақ 1923 жылғы жарғы да, уақытша ережелер де қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Сондықтан 1954 жылы Комиссия сессиясының қатысушылары жаңа жарлық құру жайлы шешім қабылдады. Жаңа жарғы 1956 жылы Венада қабылданады. Онда ұйымға — Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) атауы беріледі. Оның тұрағы Лионда (Франция).

.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының негізгі бағыттары — қылмысты тіркеу болып табылады. Қылмысты тіркеудің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Жалпы тіркеуге — халықаралық қылмыскерлер жайлы мәліметтер мен халықаралық элементті қылмыстық сипаттар жатады. Арнайы тіркеуде саусақ іздері мен қылмыскерлердің фотосуреттері алынады. Қылмыстық тіркеудің әр түрінде картотека жүргізіледі. Оларға жататындары:

  1. барлық атақты халықаралық қылмыскерлер мен қылмыстық істе күмән тудыратын тұлғалардың әліпбилік (әліпбилік) картотекасы, мұнда арнайы карточкада барлық демографиялық және басқа да мәліметтер сонымен қатар қылмыстық «кәсібі» баяндалады;
  2. ауызша деректер бойынша қылмыскердің 177 көрсеткішті бет бейнесінің картотекасы1, 95. Барлық 177 көрсеткіш 17 топқа бөлінген: 1) ұлты; 2) қылмысты жасау орны; 3) нәсілдік ықтималдығы; 4) бой мөлшері; 5) бас формасы; 6) бет реңі; 7) денесінде пигментацияның болуы; 8) тісінің сипаты; 9) дауысы; 10) жүрісі; 11) қылығы; 12) мінез құлқы мен бейімделушілігі (кесапаты); 13) көрінетін тыртықтары; 14) меңдері, майлары, зоб (қалқанша безі); 15) татуировкалары; 16) ампутациялары мен келбетсіздігі; 17) үйреншікті дағдылары мен сипатты белгілері. Анатомиялық (бойы, дене бітімі, бас формасы, бет реңі, тіс жағдайы, тері беткейлік және басқа да белгілері) сипаттаулармен қатар тіршілік барысында беткейлік сипат беретін функциональды жайына (омыртқасы, жүрісі, ишараты, сөйлеу ерекшеліктері). Бейнені ауызша сипаттаудағы ең маңыздысы адам анфасы мен профилі;
  3. екі бөлімнен тұратын құжаттар мен тақырыптар картотекасы. Бірінші бөлімде халықаралық қылмыскерлер қолданған паспорт, жеке куәлік, самолет, атысты қару, кинокамераны игеруге рұқсатты куәліктер мен басқа құжаттар номерлері, сериясы және басқа да реквизиттері бойынша есепке алынады. Екінші бөлімде анаша, бағалы заттар және т. б. тасымалданған су кемелері, ұшатын аппараттар, автомашиналардың аты жазылған карточкалар сонымен қатар халықаралық қылмыстарға қатысқан фирмалар немесе ұйымдардың атауларынан жазылады;
  4. қылмыстар мен оларды жүзеге асыру картотекасы, мұнда бірегей топтармен жасалған немесе жекелей қылмыстар атауы жазылған бірнеше картотекалардан тұрады: анашаны заңсыз тасымалдау, жалған монета жасау, қару сату, ұшақ басып алу және ұрлау және т. б.;
  5. он саусақты тіркеуші дактилоскопиялық картотека, бұл карточкаларда криминалистикадағы танымал «Гальтон мен Генри формуласына» сай жүйеленіп жазылады. Мұнда 300 мыңдай карточкалар жиналған. Жыл сайын картотека тағы да 10 мыңға толықтырылады. 1985 жылы оның көмегімен 496 қылмыскер идентифицирленді;
  6. фотосуреттер немесе беттің бейнесі кескінделген бет-бейне кескіндемесін тіркейтін картотека.

Интерполда бұдан да басқа мәліметті картотекалар сақталған: әртүрлі елдерде ұрланған автокөліктер, көркем өнер туындылары және т. б. бағалы заттар; із-түссіз жоғалған тұлғалар; танылмаған мәйіттер; дүниежүзі бойынша қолдың кескіш ату қарулары картотекасы және т. б. Халықаралық іздеу салудағы маңызды құжат — іздестіру карталары, мұнда іздеудегі адамның нұсқамалық мәліметтері көрсетіліп, сырт кейіпі сипатталады, саусақ таңбалары мен тұлға кескіндемесі нұсқалады. Интерпол осындай картаның бес түрін жібереді:

  1. Іздеудегі адамдарды тұтқындауға және экстрадициялау мақсаты — іздестіру картасы;
  2. Сұраныс — карталар. Олар сұраудағы адамның орналасқан жері жайлы қосымша мәлімет алу үшін жіберіледі;
  3. Хабарлама — карталар. Мұнда халықаралық қылмыскерлер жайлы ақпарат болады;
  4. Із-түссіз жоғалған адамдарды іздестіру карталары;
  5. Танылмаған мәйіт картасы. Мұндай карталарда тану мақсатында мәйіттің сипаты, мүмкін жағдайда саусақ белгісі беріледі.

Қазіргі уақытта Интерполда жедел–іздестіру шараларын жүргізу мен қылмысты ашуға жәрдемдесуде дактилоскопиялық ақпаратпен алмасудың маңызы айрықша орында. Дактилоскопиялық ақпаратты электронды түрде жіберуге дүние жүзі бойынша тек қана бес Интерполдың мүшелік елдері (Швейцария, Финляндия, Қытай, Швеция, Ресей) ресми түрде байланыстың электронды каналдары арқылы дактилоскопиялық мәліметтерді жіберуге дайын екендігін мәлімдеді.

.

Жарғының 5-тармағы бойынша Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы — Интерполдың құрамы келесідей:

  1. Бас ассамблея;
  2. Атқарушы комитет;
  3. Бас хатшылық;
  4. Орталық Ұлттық Бюро (ОҰБ);
  5. Кеңесшілер.

Халықаралық іздестіру дегеніміз — мемлекетте жасаған қылмысы үшін басқа шетел мемлекетте қылмыстық заңнамадан қашып жүрген тұлғаны іздестіруді айтамыз. Жасалған құқық бұзушылық қылмыстық — жазаға тартылуға негіз болған жағдайда және қылмыс жасаған тұлға шет мемлекетте жасырынып жүргенде ғана халықаралық іздестіру жарияланады. Қай мемлекеттің қылмыстық заңы бұзылса, сол мемлекеттің полиция органы іздестіруді бастайды. Ұлттық Орталық Бюро Бас хатшылыққа немесе Интерполдың басқа мемлекеттерінің Ұлттық Орталық Бюросына ұлттық құқық қорғау органының халықаралық іздестіруге байланысты шара қабылдау туралы өтініш жіберіледі. Ол өтініште Интерполдың барлық мүше-мемлекеттерін қосу қаралады. Ең болмағанда, іздеудегі тұлға болуы мүмкін мемлекеттер.

.

Осыған байланысты Интерпол іздестірудің екі түрін жүргізеді:

  1. Жай іздестіру, оның схемасы келесідей болады: бастаушы іздейді (полиция, прокуратура немесе мемлекеттің сот органы) — іздестіруді бастаушы мемлекеттің Ұлттық Орталық Бюросы — Интерполдың Бас хатшылығы — шет мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюросы. Іздестіруді бастаушы мемлекеттің құқық қорғау органы өзінің Ұлттық Орталық Бюросына халықаралық іздестіруді бастау туралы өтініш білдіреді. Бас хатшылық іздеудегі тұлғаға Интерполдың «қызыл циркулярын» жасайды (қызыл фондағы Интерполдың эмблемасының жоғары оң бұрышында бейнеленген іздестіру бланкісі), ал оның көшірмесін іздестіру мүмкін болатын барлық мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюроларына таратылады. Осындай «қызыл циркулярын» алған әрбір Ұлттық Орталық Бюро, өзінің қылмыстық заңдылығына сәйкес бағалап, оң шешім шығарған жағдайда барлық полиция органдарына іздестіруді бастау туралы команда береді. Іздестірудегі тұлғаны тапқан сәтте, полиция қызметкерлері ол тұлғаны қамауға алып, ол тұлғаны алғаны туралы және сол тұлғаның ұстап беруі туралы мәлімдеуге міндетті. Тұлғаны ұстағандығы туралы ақпаратты дереу Ұлттық Орталық Бюроға хабарлауы тиіс. Ал, Ұлттық Орталық Бюро өз ретінде тұлғаны ұстағандығы туралы Бас хатшылыққа мәлімдейді, ал ол өз құзыреті шегінде іздеуді — бастаушы мемлекеттің Ұлттық Орталық Бюросына мәлімдейді. Соңғысы, өз елінің тиісті органына хабарлайды, ал ол болса дереу тапқан мемлекетке ұстап беру туралы құжат жібереді. Қылмыскерді ұстағаннан кейін, Бас хатшылық тұлғаны іздестіру туралы істе «сөндіру» деген белгі қояды да, барлық мемлекеттерге ол туралы хабарлайды.
  2. Жедел іздестіру, қылмыскердің қай мемлекетте екені шамамен белгілі болғанда жүргізіледі. Дереу іздестіруде, іздестіруді бастаған мемлекеттің Ұлттық Орталық Бюросы, Бас хатшылық арқылы, қылмыскердің уақытша тұрып жатқаны анық мемлекеттің Ұлттық Орталық Бюросына өздері телекс немесе факс арқылы іздестіру туралы өтінішті жібереді. Егер дереу іздестіру бір ай бойы ешқандай нәтижеге әкелмесе, онда ол жай іздестіру болып ауыстырылады.

Жай іздестіру болсын немесе жедел іздестіру болсын міндетті түрде іздестірудегі тұлғаны қамауға алу туралы ордер немесе бас бостандығынан айыру туралы соттың үкімі болуы тиіс.

Интерпол жүргізетін іздестіру шараларын төрт түрге бөлуге болады:

  1. ұстап беру мақсатындағы қылмыскерлерді іздестіру (қызыл циркуляр);
  2. күдіктілердің тәртібін бақылау мақсатындағы іздестіру (жасыл циркуляр);
  3. аралас іздестіру (қызыл және жасыл циркуляр);
  4. қылмыс жасағаны туралы күдікті тұлғаларды іздестіру (көк циркуляр);
  5. «отбасы мүддесіндегі» тұлғаларды іздестіру: із-түссіз жоғалып кету (сары циркуляр) және «анықталмаған мәйіттер» (қара циркуляр);
  6. құнды заттардың тонауды іздестіру.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.