Қылмыстық құқықтағы кінә түсінігі

Главная » Рефераттар » Қылмыстық құқықтағы кінә түсінігі

Жасалған қылмыстың обьективтік жағын анықтаумен қатар оның ішкі негізін көрсететін субъективтік жағын дұрыс аша білудің маңызы ерекше. Қылмыстың субъективтік жағы — кінәлі тұлғаның қылмыс істеудегі психикалық іс-әрекетімен тікелей байланысты болғандықтан, қылмыстың субъективтік жағы әрқашан да пікірталас тудыратын қылмыстық құқықтың маңызды саласы ретінде заңгер ғалымдардың көңілін аударуды талап етеді. Бұл тек қылмыс жасаған тұлғаның ниеті мен мақсатын түсінумен қатар оны қылмыс жасауға итермелеген кінәлінің психологиясын зерттеуге итермелейді. Сондай-ақ, белгілі бір қылмыстық істі шешуде кінә принциптерін тәжірибеде нақты саралай білудің негізі қылмыстың субъективтік жағын дұрыс анықтаудан көрінеді. «Субъективті жақ» термині қылмыстық заңнамада қолданылмайды. Бірақ; қылмыстың субъективтік жағы мазмұнын қылмыстық құқықта мынадай бегілер кұрайды: кінә, қылмыстық ниет, мақсат. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен өзара іс-әрекет арасындағы байланысын бейнелейді. Істелмекші болған қылмыс жөніндегі абыржу, өкініш білдіру немесе жазадан қорқу психикалық әрекеттің әлементтері болып табылмайды,    сондықтан    ол    қылмыстың    субъективтік    белгісіне жатпайды. Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің заңдылық маңызы біркелкі емес, керісінше, әр түрлі.

Қылмыс қоғамға қауіпті әрекет ретінде объективтік және субъективтік белгілердің өзара үйлесім табуы негізінде жүзеге асады. Олардың біріншісін объект пен объективтік жақ, екіншісі — субъект пен субъективтік жақ құрайды. Олардың ортақ белгі деп аталуы жан-жақты түрде бір әлеуметтік құбылыс — қылмысты сипаттаумен байланысты. Шынайы орын алған қылмыстық әрекетте қылмыс белгісі өзара ажырамайтын байланыста болады.

Кінә — қылмыстың субъективті жағының негізгі және міндетті белгісі. Кінә қағидасына сай, кеңестік кұқық ғылымында «тек қана кінәлі тұлға ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады және өзінің жасаған қылмыстық әрекетіне сай жазаға тартылады» деп көрсетілген. Бұл қағида қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қылмыстық кұқығында баса айтылған және қылмыстық кодекстің арнаулы бабында көрсетілген. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істеген кінәлі адам ғана тартылады. Объективтік айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Сондықтан, адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті іс-әрекеті және одан туындаған қоғамға қауіпті зардаптары үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс. Кінәлі әрекет пен кінәлі еріктің тұтастығынсыз қылмыстық жауаптылық та болмайды. Кінәнің қылмыстық құқықтың қағидасына және анықтамасына сәйкес, кінә — қылмыстық әрекеттің немесе әрекетсіздіктің ажырамас бөлігі және қылмыстық заңмен қаралатын, соттың ұкімімен мемлекет атынан әшкерленетін, адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның зардаптарына деген психикалық қатынасы. Осы тұста айта кететін жайт, «психикалық қатынас» — заңды түсінік емес, ол жеке адам психологиясы пәніне кіретін түсінік. Сондықтан, қылмыстық кұқық ғылымында психологиялық қатынас түсінігінің мазмұны психология ғылымының зерттеген категорияларына, ережелерше сай анықталады. Адамның өзіне тән психикалық белгілеріне — адам қызметінің, хал-ахуалының, өзара ішкі сезім қатынасының қасиеттері жатады.

.

Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам гана қылмысқа кінәлі деп танылады (ҚР ҚК 19-бап). Кінәсіз қылмыстың құрамы да болмайтыны анық. Қылмыстық құқықта белгілі бір қоғамға зиянды іс-әрекет істеді екен деп кінәсізден кінәсіз жауапқа тартуға мүлдем жол берілмейді. Бұл қылмыстық кұқықтың табиғатына жат кұбылыс. Сот қылмыстық істі шешу барысында объективті шындықты белгілеуі қажет. Объективті шындықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде әрбір қылмыстық іс бойынша сот және іс жүргізуші органдар қылмыстық әрекетті жасаған тұлғаның кінәлілігі немесе кінәсіздігі, кінәсінің деңгейі қаншалықты екендігін анықтауы тиіс. Субъективтік белгіні анықтамай қылмыстың кұрамын дұрыс саралау, қылмыстық жауапкершіліктің деңгейін белгілеу мүмкін емес болғандықтан, қылмыстық жауапкершілік пен жазаға тағайындауда заң бұзушылықтарға жол беріледі. Бір сөзбен айтқанда, кінәлілік белгісін дұрыс анықтамау салдарынан әділ соттылық қағидасын жүзеге асыру мүмкін болмайды. Қылмыс құрамының субъективтік жағы (яғни, қылмыстың субъективтік жағын бейнелейтін құрамды белгілері) тұлғаның оның іс-әрекеті мен әрекет салдарына деген психикалық көзқарасының заңды негізін көрсетеді. Қылмыс құрамының субъективті жағын сипаттайтын белгілер белгілі бір қылмысты жасауда және сол қылмысты саралауда субъектінің нақты кінәсінің деңгейін анықтау маңызды. Себебі қылмыс құрамын және де субъективті жағын анықтау барысында белгілі бір қылмыстың құрамы мен жасалған іс-әрекет белгілерін өзара салыстыру қажет. Қылмыстың субъективтік жағын анықтау Қылмыстық заңнамамен анықталады. Бірқатар заңнамаларда кінә белгісі нақты көрсетіледі. Кей жағдайда белгілі бір қылмыс құрамының субъективтік жағын анықтау қиынға согады, себебі қылмыстың субъективтік жағын бейнелейтін құрамды бөліктері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында диспозицияда айқын көрсетілмейді. Бұндай жағдайда, яғни Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі диспозиция баптарында қылмыс құрамының субъективті белгісі толығымен немесе жартылай көрсетілмесе, бұл белгілерді заңдағы мәтінді талдау арқылы анықтауға тура келеді.

Тұлғаның жасаған қылмыстық әрекеті немесе әрекетсіздігінің субъективтік     жағын     анықтаудың     маңыздылығы:     біріншіден, қылмыстық заңды дұрыс түсіну мен талдай білу арқылы әртүрлі кінә нысандарын бейнелейтін белгілерді анықтауда; ҚК Ерекше бөлімінде қамтылған қылмыс құрамының белгілі бір субъективтік жағын көрсетуде; екіншіден, іс-әрекетке қатысы бар тұлғаның, нақты бір жағдайдағы жасалған қылмыстық әрекеті мен оның тұлғалық ерекшелігіне қатысты мән-жайларды толық және объективті түрде анықтауда байқалады. Аталғандардың негізінде ғана қылмыстың субъективтік жағының құрылымын қалыптастыруға болады. Үшіншіден, нақты жағдайлардағы мәліметтерді саралап, тұлғаның психикалық ерекшелігіндегі әлементтердің өзара байланысын толық орнатқан жағдайда ғана қылмыстық оқиғаны объективті бағалауға мүмкіндік туады.

Қылмыстың субъективтік жағы бірқатар белгілермен анықталады, олардың жоғарыда атап өткендей негізгісін кінә, мақсат, қылмыстық ниет кұраса, қосымша санаткерлік, ерік пен әсерлі сезімдер мәністерін де жатқызуға болады. Қандай да бір әрекет, оның ішінде құқыққа қарсы әрекет туралы ой әр уақытта да мақсатты ұғынудан, сондай-ақ әрекет ету әдісі мен салдарларынан және де оның дене қасиеттерін, заңдық маңызын ұғынуы қажет. Бірақ өз әрекетінің мақсаты мен салдарларын ұғыну адамды әрекет жасауға итермелеген ниеттерін түсінбейінше мүмкін болмайды. Ерік әрекеттің тікелей себебі бола отырып, ниет пен мақсат негізінен мінез-кұлықтың психологиялық табиғатын да анықтайды.

Қоғамға қауіпті әрекеттегі ниет, мақсат әр алуан болғандықтан, зиянды салдарға деген психикалық қызметтің өзара тығыз байланысты жақтары да әрқилы болады. Ниет дегеніміз — адам мінез-құлқының анықтаушы, демеуші күші. Адам өзінің әрекеті мен одан туындаған салдарды ұғынуын немесе ұғынбауын дұрыс бағалау үшін осы әрекетті жасау қандай себептермен байланысты, оны жасауға түрткі болған мән-жайды анықтап білуі қажет. Қылмыстың субъективтік жағының сипаттамасындағы ниеттің маңызы, ол мұның жекелеген әр жағдайында жасалған қылмыс жөніндегі кінәлінің көзқарасын анықтауға мүмкіндік береді.Ниет — кінәнің әлеуметтік құрамының негізі. Ол кінә мазмұнын осы ұғымның сипаттамасында маңызды рөл атқаратын моральдық-әдептік бағалау мәнісімен толықтырады.

Ниет    қылмыстың    моральдық    сипаттамасында    басты    рөл атқаратынын айта кеткен жөн. Субъективтік жақтың қайсыбір әлементтерінен гөрі ниет мінез-құлықтың имандылық жағын мейлінше анық көрсетеді; ниет арқылы біз құқыққа қарсы мінез-құлықты бағалау мен айыптауды байлыныстырамыз. Алдын ала болжау шектерінде ниет қылмыстардың қоғамға қауіптілік деңгейі жағынан біртекті қылмыстарды анықтауға негіз болады.

Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз. Қылмыстың мақсаты қылмыстық ниетке негізделіп пайда болады, ал қылмыстық ниет мақсатпен бірге белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді. Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Адамның мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты болса, ал мақсат пайда болған ниетін қандай әдіспен, тәсілмен жүзеге асырылатынын анықтайды.

«Қылмысты саралауда ниет пен мақсат тек қасақана қылмыстарда ескеріледі… Ал абайсызда жасалатын қылмыстарда мақсат пен ниет қылмысты саралауға ықпал етпейді». Сонымен қатар заңгер қасақана қылмыстағы мақсат пен ниетке әртүрлі түрде мән беруі мүмкін. Біріншіден, қылмыстық әрекетті саралау кезінде заңда ниет пен мақсат міндетті белгі болып табылады. Екіншіден, мақсат мен ниет қылмыс кұрамының белгілерін бір-бірінен ажырату кезінде маңызды роль ойнайды. Үшіншіден, қылмысты саралау кезінде мақсат пен ниет қылмыстық-құқық диспозициясында енгізіліп жауапкершілікті жоғарылататын мән-жай ретінде маңызды9. Қылмыстың ниеті мен мақсаты қылмыстық заң диспозициясында тікелей көрсетілген жағдайларда қылмыс құрамының міндетті белгілерінің қатарына қосылады. Мысалы, ҚР ҚК-нің 237-бабындағы «бандитизм» құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі болып азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау қылмыстың мақсаты болып табылады. Қылмыстың субъективтік жағында әмоцияналдық жағдайлар да ерекше орын алады. Заңшығарушы бұл жағдайды қылмыс кұрамының белгілеріне қоспайды. Дегенмен, ҚР ҚК-тің 98-бабы «жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру», ҚР ҚК-тің 108-бабы «денсаулыққа жан күйзеліс жағдайында зиян келтіру» қылмыстарында жәбірленушінің заңсыз әрекеттері тарапынан туындаған терең әмоционалдық жағдай жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жай ретінде қарастырылады. ҚР ҚК-тің Ерекше бөлімінің кейбір баптарында субъективтік жақтың белплері тікелей көрсетілген. Мысалы, ҚР ҚК-тщ 103-бабы «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» немесе ҚК-тің 101-бабы «абайсызда кісі өлтіру» қылмыстары.

.

Қылмыстың субъективтік жағының барлық белгілерін нақты анықтау — қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудың қажетті алғышартын құрайды. Сондай-ақ, объективті белгілері бойынша бір-біріне ұқсас қылмыстарды ажырату кезінде субъективтік жақтың белгілері негізге алынады. Мысалы, ҚР ҚК-тің 187-бабы «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және 188-бабы «бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» қылмыстары тек кінә нысандары бойынша ғана ажыратады. Бұл көзқарасты И.Г. Филановский де атап өткен болатын: «Қылмыстың субъективті жағының белгілері заң мәтінінің өзінен туындайды немесе заңның тиісті баптарының диспозициясын түсіндірудің әртүрлі амалдарының көмегімен анықталады. Бір мезгілде қылмыстық іс-әрекеттің белгісі болып табылатын кінә түсінігіне қатысты А.А. Пионтковский «Кінә туралы ілім — кеңестік қылмыстық құқық теориясының аса маңызды бөлімі» — деп атап өтеді. Қылмыстың субъективтік жағы белгілі бір дәрежеде қылмыстық іс-әрекеттің және оны жасаған адамның қоғамға қауіптілік деңгейін анықтайды. Мысалы, алдын ала жан-жақты дайындалып жасалған қылмыс кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмысқа қарағанда жоғары қауіптілік дәрежесімен ерекшеленеді. Әрине, қылмыстың субъективтік жағы, психикалық қызметті сипаттайтын барлық мән-жайлар ескеріле отырып анықталатыны айқын болғандықтан, мынадай қорытынды жасауға болады: субъективтік жацтың маңыздылыгы біріншіден, қылмыстың құқықтың заңдылық, кінәлі жауаптылыц, ізгілік, әділеттілік сияқты қагидаларын сақтаудың қажетті шарты; екіншіден, қылмысты саралау және жазаны жеке даралау кезінде құқықтың мағынасы маңызды қылмыс құрамы элементтерінің бірі.

.

Субъективтік жағын сипаттауда қылмыс жасаған кездегі тұлғаның қандай да бір әсерлі сезімде болуын көрсетудің маңызы зор. Адамның күрделі қарым-қатынастарымен сипатталатын кез-келген қызметте «білімі, үғынуы мен күйзеліс жағдайы ажырағысыз бірлікте болады». Психикалық қызметте сезімдер — түлғаның түрақты ішкі қабілеті, сондай-ақ сезім күйзелісі жүретін қысқа уақытты үдерісті әсерлі сезімдерді толықтырады.

Ең бастысы қылмыстың субъективтік жағын анықтауда қылмысты жасау барысындағы тұлғаның психикалық жағдайына мән берілуі қажет. Мәселен, оның ішімдік ішкеніне, аффектті жағдайына, ауыру халіне, психикалық ауытқуына және оның салдарына, ақыл-есінің дүрыстығына және т.б. Аталған мән-жайлардың орын алуын анықтау субъектінің жасаған іс-әрекетінде нені басшылыққа алғандығын түсінуге негіз болады12. Осылайша көрсетілген мән-жайлардың жиынтығы орын алған қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік уақытында маңызды айғақты қүрайды, ал оның салдары қылмыстың субъективтік жағының қүрамды белгілерін анықтауда ескеріледі. Қылмыстың субъективтік жағын анықтауда жалпыға ортақ қағида: тек қана белгілі бір қылмыстық әрекет пен субъектінің іс-әрекетінің сабақтастығын мүқият әрі жан-жақты сараптама жасау мен айғақ заттарға ғана сүйену, түлғаның ішкі сезім-күйін анықтау.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.