Қылмыстық жеделдетілген және жеңілдетілген іс жүргізу

Home » Рефераттар » Қылмыстық жеделдетілген және жеңілдетілген іс жүргізу
Рефераттар Комментариев нет
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуіндегі жеделдетілген және жеңілдетілген іс жүргізудің айырмашылығы

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықтағы Саяси құқықтық тұжырымдамасында көрсетілгендей біздің мемлекетімізде қылмыстық іс жүргізу құқығын жетілдіру және қылмыстық іс жүргізудің тиімділігін арттырудың басым бағытының бірі болып, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібін өңдеу болып табылады. Кез келген қызметтің түрі оның ішінде қылмыстық іс жүргізу қызметінің тиімділігі үш компоненттен құралатыны барлығына мәлім. Олар: орындау барысында қарапайымдылық, экономдаушылық және тез-жылдамдылық.

Бұлар ішкі үнемдеушілік есебінен орындаушыға жүктемені арттыру жолымен немесе жаңа технологияларды енгізумен (интенсификациялау) немесе орындаушылар санын көбейту жолымен немесе қызмет ету ауқымын азайтумен (экстенсификациялау) іске асырылады[ii]. Бұндай қатынас іс жүргізу өндірісін жеделдетуге бағытталған және мұның негізгі мазмұны қылмыстың жасалу сәтін осы қылмысты жасағаны үшін жазаны тағайындау сәтіне ең көп мөлшерде жақындату болып табылады.

Қылмыстық іс жүргузудің даму тарихы көрсеткендей, көптеген жылдар бойы заң шығарушылар осы көрсеткен мақсатқа жету үшін әрқашан ұмтылған болатын. Нәтижесінде сот өндірісін жүргізу әрекетіне барлық мүмкін болатын жүйелі өзгерістер енгізді, олар мыналардан бастап:

  1. қылмыстық істердің жекелей санаттары бойынша тергеу мерзімін қысқарту (анықтау жүргізу);
  2. қолданыстағы сотқа дейінгі (сотқа дейінгі іс құжаттарды дайындаудың хаттама үлгісі) немесе соттық (жеке айыптау ісі) әрекеттерін жеңілдету;
  3. дәлелдеу барысында ғылыми-техникалық құралдарды қолдану (ақпараттарды жол жөнекей тұтқындау, сөйлесулерді жазу немесе тыңдау, оқиға болған жерге қарау жүргізу барысында куәгерлерді қатыстыру мүмкін болмаған жағдайда техникалық құралдарды қолдану және т. б.);
  4. қылмыстық іс жүргізуді іске асыратын арнайы органдарды енгізу (қылмыстық істердің санаттарына байланысты);
  5. тергеу жүргізу барысында жәбірленушінің сондай-ақ айыпталушының жеке құқықтарын қамтамасыз етуді қысқартуға дейін (жәбірленушіні іс құжаттармен таныстырмай-ақ анықтауды аяқтау мүмкіншілігі немесе тиісті қаулыны шығармай айыпталушы ретінде мәртебені анықтау).

Қазіргі уақытта «Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қабылданып күшіне енген. Бұл заңның авторлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне «Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу» атты тарау қосып, оның негізгі мазмұны ретінде тергеушілер мен анықтаушылар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, айқын қылмыстар бойынша тергеу жүргізумен ерекшеленеді. Бұл іс жүргізуде қылмысты жасаған тұлға нақты анықталуы қажет, ол өзінің кінәсін толықтай мойындау қажет, жинақталған дәлелдемелерге дау туғызбауы керек сонымен қатар келтірілген шығынның көлемі толықтау орыны толтырылуы керек.

Көптеген заң ғалымдардың ойы бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу заңын қабылдау іс жүргізушілік экономдауды қамтамасыз етеді; онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша сотқа дейінгі өндірістің уақытын қысқартады; тергеушілер, анықтаушылармен қатар іс жүргізу өндірісіне ие болады; қылмыстық сот өндірісінде соттың рөлін арттырады; отандық және шетелдік тәжірибені есепке ала отырып халықаралық стандарттарға сай қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қалыптастырады. Алайда осыларға қарамастан ұсынылған қылмыстық іс жүргізу әрекеттеріне қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге және кейбір іс жүргізу кезеңдеріне байланыс­ты көкейтесті мәселелер қалып қойып отыр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-2-бабында «Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі» көрсетілгендей қылмыстардың жиынтығы бойынша іс құжаттар бір өндіріске біріктірілуі мүмкін делінген, ал Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексінде 48-бабында айыптау туралы қылмыстық істерді біріктіру тәртібі көрсетілген. Ал сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуде айып тағылмайды. Тек сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын толтыру айып тағу болып саналады. Сондықтан аталған қарама қайшылықтар орын алмауы керек деп есептейміз. Сонымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша аталған баптың яғни ҚР ҚІЖК 190-2-бабының 2-бөлігін, арыз беруші, қылмыс жасаған тұлға анық болған жағдайда кіммен немесе немен қылмыс туралы дерек нақтыланады, осы қылмыс туралы ақпараттардың көзін көрсете отырып арыз бергені дұрыс деп есептейміз (мысалы талап арыз өндірісінде немесе жеке айыптау істері бойынша көрсетілгендей). Бұл көрсетілген толықтырулар қылмыстық қудалау органдарымен дәлелдемелерді жинақтау барысын біршама жеңілдетілуі мүмкін.

Сонымен қатар айыпталушының жеке тұлғасын анықтау сұрақтары шешілмей қалып қойып отыр. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі қылмыстық істі прокурорға ҚР ҚІЖК 280-бабында көрсетілген құжаттар бойынша жіберуге болады. Ал біздің көзқарасымыз бойынша қылмысты жасаған тұлғаның жеке басы нақты анықталғандығы дұрыс деп есептейміз. Егерде қолданыстағы тұлғаны құжаттандыру тәртібі сақталған жағдайда, тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу заңнамасында көрсетілген мерзімде физикалық түрде үлгере алмайды.

Алайда көрсетілген сөз тартыстың сәттеріне қарамастан қолданыстағы сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі сөзсіз жалпы қылмыстық іс жүргізу тиімділігін арттырып отыр. Себебі кәдімгі тергеу үлгісіне қарағанда аз күш жұмсап және тез жүргізілуін қамтамасыз етуде. Осыған байланысты көрсетілген әрекеттерді анықтау барысында «жеделдетілген іс жүргізу» дефинициасын қолданған дұрыс болар еді. Бұндай үлгілерді өз кезінде Р. Д. Ашировпен ұсынылған болатын. Ол жеделдетілген іс жүргізу өндірісі деп «жеңілдетілген іс жүргізу үлгісі, жекелей сатылардың болмауы, аз мерзім түрінде жалпы іс жүргізу тәртібінен алынған іс құжаттардың өндіріс тәртібі» деп түсіндірген. Бірақта бұл көрсетілген тәртіптердің барлығы бір мезгілде немесе жеке-жеке орын алуы мүмкін, қандай жағдайда болмасын осылардың барлығын жеделдетілген өндіріс деп танылуы керек» — деп көрсеткен1, 62.

Осындай түсініктемеден бастау ала отырып «жеделдетілген», термині «жеңілдетілген», «қысқартылған» терминімен туыс болып келетіндігіне қорытынды жасауға болады. Осыған байланысты заңнамалық құралдар көзқарасынан жалпы тәртіптен алынған барлық өндірістерді ҚР ҚІЖК-нің бір бөліміне біріктіру қажет. Олардың қатарына жеке және жеке айыптау істерін, анықтау өндірісін және сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу істерін қосып жалпы «жеделдетілген іс жүргізу» атауын берген дұрыс. Осыдан кейін жеделдетілген іс жүргізу институты қылмыстық іс жүргізудің жылдамдылығы туралы заңды талап ететін өзінің заңнамалық құжаттарына ие болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.