Қырғыз даласының тарихи очеркі

Главная » Рефераттар » Қырғыз даласының тарихи очеркі

Қырғыз даласында жүргізілген археологиялық зерттеулер мен көне тарихи мекендерден табылған тас дәуірінің әртүрлі заттары мәселен: тас құралдары, балға, балта, жебе және металдан жасалған ауыр бұйымдар алғашқы адамдардың сол жерлерді мекендегенін көрсетеді. Ежелгі ескерткіштер – обалар мен көне қалалардың орындарын чудилерге жатқызуға болды. Бұл халық балшықтан, ағаштан немесе тастан салынған кішігірім бекіністі қалаларда тұрған. Ондай көне қала орындары Қырғыз даласының Орал, Елек, Тобыл, Есіл, Ертіс жағалаулары немесе басқа көлдердің жағалауларынан әлденеше рет ашылып жатты. Көне қала орындарынан мыс пен қоладан жасалған құралдар мен саздан жасалған әртүрлі ыдыс­
аяқтар табылып жатты. Демек, чудь халқы Қырғыз даласында елеулі бір кезең болып есептелетін қола мен мыс дәуірі арқылы біртіндеп темір дәуіріне өту үшін Тас дәуірі не кіретін кезеңде өмір сүрді деп ша­малауға болады. Бытырап тірлік кешкен чудь (чудь деп атаған) халқының күнделікті тұрмыста ұстанған діні, белгілі бір әдет ­ғұрпы, салт жоралғысынан бастап өз өнері мен өндірісіне дейін болды. Бәрінен бұрын олардың арасында «Чудтіктердің кені» деген кен ісі айрықша дамып, Ақмола өңірі (Қарқаралы уезі), Оренбург губерниясы (Қарғалы кеніші), Торғай облыстарында кеңінен таралып жатты. Біздің заманымызға дейін бес ғасыр бұрын Геродот Сақтарды суреттей отырып (IV кітап, 21 тарау) былай деп келтіреді: «Танайс өзенінен өткен соң, әрі қарай енді Сақтың жері емес, сарваттарға тиесілі Метей өзенінің алыс түкпірінен солтүстік желді жаққа қарай 15 күншілік қашықтықта жатқан, жабайы және құнарлы ағаштардың қай­қайсысынан да бөлініп қалған аймақтың бірінші бөлігі басталады; ал, екінші алабынан жоғары қарай жатқан (яғни солтүстік тік жағы) тығыз орман жыныстары басып қалған мекенді (22 тарау) Вудиндер иемденген. Ал, Вудиндерден жоғары солтүстікке қарай әуелі 7 күншілік шөлді аймақ жатса, бұл шөлдің сыртқы жағында шығысқа қарай саны, сапасы жағынан айрықша болып есептелетін, аңмен қоректенетін Пасагеттер өмір сүрді. Олармен бірге сол жерлерде олар да аң­мен қоректенетін Иирке деп аталатын адамдар тұрды… Бұлардан жоғарырақ шығысқа қарай жылыстай отырып, Виссагеттерден әрі, патшалық сақтардан оқ шау ла нып осы елге келіп қосылған Сақтар (23­ тарау) тұрады… Бұл сақтардың жеріне дейін барлық елдер жазық және шұқыр топырақты, ал, сырт жағы тасты, ай құш­ұйқыш болып келеді. Ал, сол ойлы қырлы елдің келесі жағында биік таулардың (Орал) бөктерін де туа бітті таздар деп айтылатын, аты Аргиппейлер (Жүйрікаттылар – 24 ­ тарау)… деп аталған адамдар тұрды. Егер, Сақтардан біреулер оларға дейін жету керек болса, жанына жеті аудармашы алуы не жеті тіл білуі қажет болған. Аргиппейлерден шығысқа қарай қазіргі Семей өңірінің шет жағына жақын маңда исседондар тұрды. Олардан жоғарырақ алтын қорыған аримастар мен гриппилер тұрды. Ал, массагеттер Оренбург аймағының оңтүстік жағын Орал өңірінің бойын және одан шығысқа қарай Яқсартқа дейінгі жерлерді алып жатты. Қытай жылнамасы бойынша, біздің заманымыз­ға дейін 200 жыл бұрын қырғыз даласының шет аймақтарында тибет тайпасынан «юэ­чши» деп атала­тын халық пайда болған және олармен бірге көкшіл көзді, ақ сары шашты «үйсін» деген, көне қырғыз тілінде «Хэу­сун» деп аталатын тайпа пайда болады.

Тарихи деректер бойынша Ғұндардан ығысқан юэ чжи батысқа, Арал ­Каспий көліне қарай қашып бар­са, үйсіндер Есіккөлдің өзі мен Балқаштың маңайына орналасты. Қытай жылнамашыларының айтуы бойынша Есіккөлдің салқын жаңбырлы аңғарында бай жайылымда үйсіндер Чи­гу­чин деген, яғни «Қы зыл аңғардағы қала» деп аталған қаланың негізін салды. Үйсіндердің қаласы Чи­гу­чин V ғасырда әлі де болса өмір сүріп тұрды. Олар Есіккөл өл келерін иемденді, бірақ, ол кезден әрі қарай қытай тарихшылары не қала туралы, не үйсіндер туралы тіс жармайды. Негізі, Чи­гу­чин қаласының көлге батып жоғалуы VI ғасырдың айналасында болуы мүмкін деп болжауға болады. VII ғасырдың бірінші жартысында буддизмнің қытайлық миссионері Хюн­цзан көлдің жанынан өтсе де, неге екені белгісіз, Чи­гу чин қаласы туралы жақ ашпаған. Біздің заманымыздың 119 жылынан бастап, үйсін халқы түрік тайпаларымен араласа бастады. Сол уақыттан бастап, үйсіндер тарих сахнасынан көрінбей кетеді. Б.з. 177 жылы үйсіндер, юэ­чжи мен қырғыз даласының шығыс жағын мекендеген басқа да түрік тайпалары қытайлық шеткі аумақтардан шыққан ғұндардың тықсыруы мен батысқа қарай ығысқан немесе құрып кеткен, бәлкім ассимиляцияланған немесе өмір сүрген. Егер, «патшалық» деген сөздің аясына ұйымдасқан, тығыз біріктірілген деген ұғымды енгізетін болсақ, б.з. II ғасырынан V ғасырға дейін қырғыз далаларынан біз ғұндардың патшалығын көреміз, әрине. V ғасырдан бастап, хунь­хе немесе ұйғыр тайпаларынан құралған жаңа моңғол халықтары Алтайдан қырғыз даласына түсіп, ғұндарды бағындыра оты­рып, олармен тұтасып кетті. Ал, VII ғасырға дейін буддизмге кірген көп түрік тайпаларының үздіксіз қозғалыстары сахара бойында жалғасып отырды. Қырғыз даласындағы тайпалардың этнография­лық араласуына VII және IX ғасырларда кейіннен торкалар келіп, қазіргі Орал өңірінен Волгаға дейін ығыстырған печенектер келіп араласты. Торкалар мен печенектер өз кезегінде жаңа көшпенді тайпалар половтардың тықсыруымен басқа түрік тайпаларына ығысып, ақырында олармен тұ­тасып, батысқа, оңтүстік орыс даласына қарай бет алады. Осы уақыт шамасында оңтүстік Оралда түрік башқұрлар көбейіп, бұл екі ортада кейіннен «қыр­ғыз қазақтар» немесе «қайсақтар» деген ортақ атау мен мәлім болған жаңа түрік тайпалары тарих сахнасына шықты. Тарихи деректер бойынша қырғыздар бірнеше түрік тайпаларының араласуынан, атап айтқанда, бір кездері керей, найман, қыпшақ, алшын, арғын болып бөлініп шыққан тайпалардан пайда болған. Керейлер Шыңғыс ханның Отаны – Керулен мен Ононды ежелден бері моңғолдармен алма­кезек жайлап­қыстап отырды. Наймандар XII ғасырда­-ақ, Орхон мен Ертіс өзендерінің аралығында керейлер­ мен көршілесе көше­қонып жүрді. Ал, қыпшақтар мен алшындар қазіргі Семей және Ақмола өңіріне қарасты сахараның солтүстік­батыс бөлігінде көшіп қонып жүрді. Шыңғыс хан мен Батудың жорықтары кезін де моңғол жаугерлерінің тобыры түріктермен араласып кетті. Наймандар мен арғындар Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың ұлысына кіріп, XII ғасырда Еміл өзенінен оңтүстік батысқа, Қараталға дейін және Нұра өзенінің батысына дейін көшсе, керейлер Қара Ертісте өсіп­өніп, ал қыпшақтар мен алшындар Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысы на кірді. Сөйтіп, Алтын Орда немесе Қыпшақ ордаларының өзегі қалыптасып жатты.

Алтын орданың құлауы және Шағатай мен Жошы ұлыстарының ыдырауы кезінде XV ғасырдың бірінші жартысында қырғыздар басқа түрік тайпаларын бірінші болып алып үлгерді. Қырғыз­қай сақтардың немесе қазақтың бірінші ханы болып, Жошы әулетінен тараған Керей мен Жәнібек сайланды. Жәнібектің ұлы Қасым хан иелігі Қытай шекараларынан Орал үстірттеріне дейін созылып жат­қан барлық қырғыз халқын біріктірді. Қасым хан өлімінен кейін 1520 жылдар шамасында қырғыз-қа­зақ одағы бөлшектеніп, 200 жылдан кейін тарихқа белгілі: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деген атпен мәлім үш саяси одаққа бөлініп тынды. Олардың барлығынан да Орта жүздің күші басым болды; Хан ордасының орталығы Ташкент қаласында орналасты. Тарихтың осы шамасында қалмақтардың пайда болуын айтуға болады. Қалмақтар XVI ғасырдың соңын да қырғыз даласының оңтүстік бөлігінде қыр­ғыздар ды солтүстік ­батысқа тықсыра бастаған кезінде көріне бастады. Бұл халық өз ішінен «ойрат одағы» деген атпен мәлім торғауыт, хонзы, қошуыт, жоңғарлардың одағын құрды, ал, орыстардан «қал­мақтар» деген атпен одақ құрды. XVII ғасырда моңғолдардың ішкі өзара алауыз­дығы мен күрес­тартысы ойраттар одағын әлсіретіп, кешікпей ыдыратып, одақтан бөлініп шыққан торғауыттар Тобыл мен Оралдың жоғарғы жағымен ба­тыс қа қарай, сосын 1630 жылы Волгаға қарай жөң­кіді. Қалған жоңғар тайпасы басқа қалмақ тайпала­рымен бірігіп, бұрынғы одақ енді «Жоңғария» деген атпен атала бастады. XVII ғасырдың басында Жоңғар хандығы Ал­тайдан Арал теңізіне дейін Семей, Ақмола, Торғай облыстарының оңтүстік бөлігін иемдене отырып, жазыла­жайылып қоныстанды. 1739 жылы жоңғар­лар қырғыздарға басып кіріп, оларды Орал өзеніне дейін тықсырып шығарды. Жоңғар хандығын қытайлар талқандағаннан кейін енді, қырғыздар Ресейдің ықпалына түсе бастаған еді. Қырғыз даласындағы көшпенді халықтардың ежелден бүгінге дейінгі саяси тарихын жалпылай айт қан да осындай. Байқағанымыздай, осы бір ұлан­бай тақ жазира­жазықта азиялық ондаған халықтар бірінен соң бірі жөңкіле жылжып отыр­ған. Сондықтан да бұл алқапты жазиралар «ха­лық тардың тарихи жағалауы» деген атауға ие болды. Әрине, олар дың әрқайсысы басып өткен іздерін өзінен ке йін қалдырып отыруға тиісті болды. Ал, бұл іздер – обалар мен мазарлар, тас­ мүсіндер мен тасжазулар, қалалардың қалдығы, бекіністер мен ғимараттар, әртүрлі дәуірлердің басқа да не түрлі ұсақ ескерткіштері ақсамайлы ежелгі заманның тілсіз куәлары болып болып
қала бермек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.