Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасы

Главная » Рефераттар » Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасы

Қазақстан мен Қырғыстан қарым-қатынасы бүгінгі күнде айқын басымдық экономикада, сауда мен еңбек көш-қонында екі елдің арасында туындап қалатын келіспеушіліктерге қарамастан (Қырғызстанның ДСҰ-на кіруі, Қазақстанның Ыстықкөлдегі меншігі), әріптестікті сақтап, келешекте өзара қарым-қатынастарының ары қарай дами түсуіне сенім білдіріп отыр. Қырғызстан мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық келісім бар. Қазақстанның оңтүстік егін алқабы Нарын ГЭС-інің суымен қамтамасыз етілсе, Қазақстан кырғыз еліне электр энергия, көмір және мазут беріп отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның Ыстықкөл жағалауында өз пансионаты бар. Қырғызстанда көптеген азық-түліктер Қазақстанға қарағанда арзан. Соңғы жылдары 100-ден аса қазақ-қырғыз біріккен өнеркәсіптер құрылып, соның бірі Алматыдан Ыстықкөлге дейін ұзындығы 70 шақырымға жуық автожол салып жатыр. Казақстан Қырғызстандағы куаттылығы 360 МВТ Қарабалта су-электростанциясы құрылысын салуға қатысып жатыр. Қарабалта зауытында Қазақстанның уран рудасы қайта өңделеді және қырғыз жүгінің тасымалдануына мейлінше жеңілдіктер жасайды.

Жыл сайын Казақстаннан Қырғызстанға 1 млн-ға жуық мұнай өнімі жеткізіліп тұру келісімі бар, Электротехникалық, тау-кен қазбалары, фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, қайта өңдеу салаларында бірлесе еңбек етудің нәтижесін көруге болады. Қырғызстанның солтүстік аудандары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарын газбен қамтамасыз ету мақсатында Бұқара, Бішкек және Алматы газ құбыры магистралының екінші тармағын тарту шаралары қолданылуда. 1994 жылдан бастап Қазақстан мен Қырғызстан ұлттық банктері өзара келісіп, елдер арасында ұлттық ақшаның жүре беруіне қол жеткізіп, біраз есеп айырысу шаруашылықтың жұмысын жеңілдетті. 1996 жылдан бері екі ел арасында еркін сауда жасау келісімі бар болса, 1997 жылдан Қырғызстан мен Өзбекстан арасында келісім жасалды. Республикалар арасындағы валюта мәселесі реттеліп, банк қарым-қатынастары кезеңімен шешілуде.

Қырғызстан мен Қазақстан өзара қарым-қатынасы, кейбір шешілмеген екіжақтағы мәселелерге қарамастан, ресми түрде жақсы дамыған. Көлік транзиті мәселесі, еңбек көші-қон мәселесін реттеу. Қырғызстан үшін өте өзекті мәселе. Қазақстан кезеңімен өзінің Қырғызстандағы жекеменшігі жөнінде және қарызы өскен өнеркәсіптерінің мәселелерін шешу жайлы ұсыныстар жасайды. Бірақ та бұл сұрақтар осылай шешімін тауып жатқандықтан, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды үзбейді.

.

2007 жылдың ішінде Қазақстан мен Қырғызстан екі елдің қарым-қатынасының нығайуына қадам бастады.  Астана Орталық Азия Одағын құру мақсатымен ең алдымен екіжақты қатынастардан бастағаңды жөн көрді. Қазақстандық бизнестің өкілдері, басқарушы мемлекеттік ұжымдардың жетекшілері қырғыз әріптестерімен бірігуіне белсене саяси және экономикалық қарым-қатынастарды бастады. Қазақстандық ұжымдар Қамбарата СуЭС және басқа да экономикалық жобаларды салысуға көмек берді. Екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайту үшін қырғыз-қазақстандық инвестициялық 100 млн $ қор құрылды. Қырғыз басшысы Қ. Бәкиев 2008 жылдың сәуір айында Қазақстанға келгенде, екі ел арасындағы бірлестік инвестициялық жобаларға қол қойылды.

.

Қазақстан мен Қырғыз елінің мемлекеттік шекарасын бөлу және бөлісу мәселесі жайлы келіссөз 1999 жылдың қарашасы мен 2001 жылдың желтоқсанында өтіп, 2001 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының мемлекеттік шекарасы жайлы келісімге екі елдің басшыларының қол қоюларымен бітті. Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бөлісу жайлы келіссөз жүргізгенде төмендегідей құқықтық кұжатар қолданылды:

—   1930 жылғы 10 қыркүйектегі «Қазақ және Қырғыз АКСР-нің арасындағы мемлекеттік шекара туралы» ЖОАҚ-ның қаулысы;

-1991 жылғы 21 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Алматы декларациясы;

—  1997 жылғы 8 сәуірден Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының мәңгілік достастығы туралы келісім;

—    1998 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы мемлекеттік шекараны бөлісу туралы мемараидум;

кезекші картадан құжат — қағаз масштабы 1:100 000, Хан-Тәңірі шыңынан Семенов шыңына дейінгі шекара кесіндісі тура сызық болып Кеңес Одағы кезіндегідей қалдырылды.

.

Теріскей Алатауы мен Іле Алатауының беткейлері бойынша шекараны анықтауда су бойымен дәлірек белгілеу мақсатында топографиялық түсірулер жүргізіліп, жаңадан шекара сызығы белгіленді. Бұл белгілеудің нәтижесінде Қазақстанға екі жер бөлігі 1,5 шаршы шақырым Ашутор өзенінің жағалауынан және 4 шаршы шақырым Теріскей Алатауының шығысындағы Туюқаша өзенінің жоғары  жағынан  тиесілі   болса,   Қырғызстанға  Іле   Алатауының Сапожников мұздығының жоғары жағы 1,5 шаршы шақырым жер тиесілі болды. Кеген (Райымбек) — Қаракөл (Пржевальск) автожолындағы Сынтас асуының ауқымы 11 шаршы шақырым жер Кырғызстанға берілді. Қазір бұл жердегі мемлекеттік шекара сызығы Талдыбұлақ және Қылшықбай өзендері бойымен өтеді. Шу өзенінің бойымен өтетін шекара мәселесі де ережеге сәйкес шешілді. Бұл жердің ұзындығы 200 шақырымға жуық. Қазіргі Шу өзенінің бойымен өткен шекараны анықтағанда Қазақстан жағына Чумыш су жүйесін және Бішкек — Шолпан-Ата автожолының Ауқатты елді мекенін кесіп өтетін 800 метрге жуық белігі қалды. Шекара сызығы қырғыз елінің «Степное» ауылы бойымен өтетіндіктен, сол ауылдың мазарын жаңа белгі бойынша Қырғызстан жағына қалдырды. Аспара өзенінің шекарасы су бетімен жүргізіліп, бұрынғы су деңгейі көтерілетін жермен белгіленді. Қазақстандағы Нововоскресенка ауылы мен Чалдыбар (Қырғызстан Республикасы) ауылының шекара сызығы өндіріс базасын кіргізу үшін Қазақстан Республикасы жағына жылжытылды. Аспара су жүйесі орналасқан Гранитогорск елді мекенінің шекарасына анықтау күрделі болғанымен, шекара сызығын бұрынғы ағынды су жинауға арналған плотинамен белгілеп, су жүйесі Қазақстан Республикасы жағына қалдырылды. Талас өзенінің шекара сызығы негізгі басты жағалауына ығыстырылып, орнына Қырғызстанға 15 гектар Покровка қырғыз ауылының солтүстігіндегі даладан жер берілді. Осы ауданда орналасқан қазақ ауылы Гродиковоның оңтүстігінен және оңтүстік-батысынан демалыс үйлері мен саяжай тұрған жерден қырғыз елі ысырылып жер берсе, Қазақстан жағы қырғыз базары орналасқан жерден шекара сызығын өзгертті. Сонымен қатар, бұрыннан қырғыз елі қолданып келген 60 гектар суармалы егіндік кезекші карта бойынша Қазақстанға Республикасына қарағанымен, ол жер қалдырылып, есесіне құрылыс тасы шығарылатын Қызыл-Адыр карьері (Шөлдала шебен зауыты) 150 гектар жерімен Қазақстанға Республикасына берілді. Қырғызстан Республикасының Аманбаев-Октябрь автожолынан оңтүстігінде Күркіреу су мен каналдың арасындағы бірнеше рет қырғыз елінің сұрап жүрген 120 гектар жері картографиялық құжат бойынша Қазақстанға Республикасына қарағандықтан және Жамбыл облысы басшыларының табандылық танытқандығының арқасында шекара өзгертілмей Қазақстан Республикасында қалды. Жалпы қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы бөлінген жердің көлемі 1241,58 шақырымға тең болып отыр.

Сонымен, Қырғызстан Республикасы басқа аймақтағы мемлекеттер сияқты саяси және экономикалық қарым-қатынасын алыс жатқан шет елдермен байланыстырғысы келеді. Қырғызстан елі аймақтағы басқа елдермен және ТМД елдерімен өзара тиімді сауда-саттық, экономикалық, мәдени және саяси байланысы жыл сайын артып, қарым-қатынасы нығаюда.

Қырғызстанның климаты мал шаруашылығын, әсіресе, қой шаруашылығын дамытуға өте қолайлы болып отыр. Айтарлықтай табиғи ресурстары көп болмаса да, қиыншылықпен болса да, ел өз экономикасын көтеруге барынша күшін салуда. Елде орын алған әлеуметтік-экономикалық мәселелер, жұмыссыздық, есірткі саудасы, жоқшылық және саяси тұрақсыздық әрдайым Қырғызстан Республикасына ұлттық қауіпсіздігіне қауіп тудыруда. Соңғы кезде Қырғызстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы басылмайтын халық көтерілістермен байланысты өте төмендеп кетті.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.