Қысқы ертегі Мұхаметжан ЕТЕКБАЕВ

Home » Рефераттар » Қысқы ертегі Мұхаметжан ЕТЕКБАЕВ
Рефераттар Комментариев нет

ҚЫСҚЫ ЕРТЕГI

 Таң бозарып, жер жарық тарта бастаған кез едi. Түлкi жан-жағына жалтаңдай қарап, тауға қарай бет алып, жортып келе жатқан. Көз ұшындағы сонау бiр қожыр тасқа немесе оның күнбатыс жағындағы жықпыл-жықпылдың қалың бұтасына жетсе, жасырынып жатар едi. Күндiз тiптi елсiз жер болса да жортудың қауiптi екенiн жақсы бiледi. Бiрақ кездесе қалса, тамаққа тойған да жаман болмас едi.

Сөйтiп, ол кең сайдың iшiмен әлi жортып келедi. Ертеңгi қызыл шұнақ аяз өңменiнен өтiп кетердей! Әсiресе батыстан соққан ызғырық қара тұмсығын қарып жiбергенде, шыдай алмай кетедi. Сонда да құдiрет, уақыт қайда?! «Қызыл тоным аман болса, аяз маған не iстемек? Аңшының көзiне түспей, ерте жөнелейiн. Тазысын қо-сып немесе бүркiтiн ұшырып… Кiм бiледi. Аманымда тауға шығып кетейiн», – деп, өзiне күбiрлеп iлгерi жүрдi.

Түлкi екi бел асқанда, алдынан ескi қыстау кездестi. Түнiмен жортса да қарны жөндi тоймаған ол жан-жағын тағы бiр барлап алып: «Таңның атқаны жаңа ғой. Мына ескi қыстауға бұрыла кетейiн. Мүмкiн, аузыма бiрдеңе түсiп те қалар», – деп, өзi өзiн сендiрiп келедi.

Жедел жүрiп айналадан iз шалды. Тұмсығын көтерiп иiс те байқады. Ештеңе сезiлер емес. Ептеп басып тағы iлгерi жүре берiп едi, бағанадан берi аңғармапты, алдындағы қалың қурайдан бiр топ шiл пыр етiп ұшты. Түлкi олармен бiр айқасып қалмақ болып оқталды жете алмасын бiлiп, кiлт тоқтады. Үдере көтерiлгенiмен, Түл-кiнiң жайбарақаттығын көрiп, қорықпады ма, шiлдер алысқа ұзамады. Тобын жазбаған қалпы анадай жерде ескi дуғал барып қонды. Қаншама момын болғанымен олар Түкеңнiң сырын жақсы бiледi екен. Мазасызданып бұған мойындарын соза қарайды.

Шiлдерге көзiн қадап бұрылған Түлкiнiң аузынан сiлекейi шұбырды. Ол орнынан қозғалмаған қалпы мен өзiн кiнәлай сөйледi.

– Жұрт менi қаншама айлакер, қу дегенiмен шынына келсек, өзiм де жүрген бiр ақымақпын, қарашы, айрылып қалғанымды! Ендi қолға қайдан түссiн. Әуелi маңайларына жуытатын емес. Қап, не iстесе екен, ә! – деп, Түлкi қатты өкiндi. Аз тұрған соң: – Тоқта, қалай болғанда да бiр амал ойлап табуым керек! Әйтпесе неге айлакер Түлкi атанамын! – деп қайрады өзiн өзi.

Жүрегi сазып, iшi қанша шұрқыраса да ол ендi асықпады. Асыққанымен бәрiбiр пайда жоғын iштей сездi де, аштыққа шыдап бағуға бекiндi. Әрине, одан басқа амалы жоқ едi.

Иiскей жүрiп әлгi бiр топ шiл ұшқан жерге келдi. Шұқыр-шұқыр, ойлы-қырлы жер екен. Қалың қурай ұйыса өскен. Қар басып, кейбiрi жантая қисайып, жатып қалыпты. Оның қуысы, әсiресе шұқырлау жердегi жел үрлеп тыққан қалың омбы қардың асты кеуек-ке-уек екен. Шiлдiң шұбырып шиырлап жүрген көп iзi жатыр. Ұйысқан қурайдың астындағы әр жер, омбы қардың астындағы қуыс-қуысы тапталып қалған.

– Шiлдерге осы жерде жатқанда кездессем ғой, шiркiн! – деп, өкiнген Түлкi дуал үстiнде қатар түзеп, жайбарақат отырған құстарға көз қиығын тастады. Олардың әрқайсысына жұтына қарады.

Сырт қарағанда шiлдер қаннен-қаперсiз отырған сияқты. Жүндерi үрпиiсiп, таранады. Бiрақ әрқайсысы ақ Түлкiнiң қимылын қалт жiбермей қадағалайды. Олардың жандарына жақындай алмай, амал-айласы таусылған Түлкi ендi солай бұрылып:

– Оу, амансыңдар ма, ағайындар? – деп, ыржия дауыстады.

Екi көзi қадалып, өтiп барады. Бiр-екi аттап тоқтады. Одан әрi жүруге болмай қалды. Өйткенi ол осылай бұрылғанда-ақ, шiлдер қанаттарын қомдап, елең ете түсiп едi.

Бойларын үрей билеген құстар оған алғашында жауап қата алмады. Айлакер Түлкi моп-момақан бола қалып, ақырын аяғының ұшымен қимылдамақ едi, тағы да ыңғайы келмедi. Ол ендi бiр аттаса, шiлдер ұша жөнелетiн сыңай танытты. Амалсыз кiдiрген Түлкi алдыңғы бiр аяғын көтерген қалпы:

– Е, ағайындар, анау қалың қурайдың асты мен омбы қардың қуысына түнеп шыққансыңдар ғой, сiрә? – дедi мүләйiмси тiл қатып.

Аңқау шiлдер оның қулығын қайдан бiлсiн. Iште-рiндегi үлкендерiнiң бiрi Қызылтұмсық деген шiл басын бұрып:

– Иә, Түке, екi-үш күннен берi қар қалың жауып кеше кешкiсiн күннiң шайдай ашылғанын өзiңiз көрген шығарсыз. Содан бiздiң жағдай қиындап соғып!.. – дей бергенде, оның сөзiн Түлкi бөлдi.

– Иә, рас айтасың, Қызылтұмсық, солай болды, – дедi сөздiң соңын күтпей.

– Күннiң шайдай ашылғаны жақсы ғой, Түке. Бiрақ оның есесiне қатты аяз болғанын да ұмытпаған шығарсыз?

– Әлбетте, Қызылтұмсық! – деп, лып ете қалды Түл-кi құйрығын бұлғаңдатып, алдыңғы оң аяғын кеудесiне ұстап, иiлiп. – Сiздiң сөзiңiздiң бәрi дұрыс, Қызыл тұмсық! Ой, ой, дала кезiп, тамақ iздеймiн деп мен бейбақ бәрiн көрдiм. Е-ей, бауырлар-ай!.. – деп, Түлкi қатты қиналған болып, сөзiнiң соңын мүсәпiрси аяқ-тады.

Өтiрiк болса да көзiнен жас та шығып кеттi ме, ол аяғымен көзiн сүрткен болды.

Қызылтұмсық аңқау, ақ көңiл, момын құс екен бейшара. Түлкiнi аяп кетiп, көзiнен ытып шыққан жасын ол да қанатының ұшымен сүрттi. Сосын тамсанып тап бiр сұрақ қойды:

– Қызылтұмсық, барлық ағайын-туғандарыңды жинап алғанға ұқсайсың. Қанша дегенмен көпсiңдер ғой, тамақты қалай тауып жеп жатырсыңдар? Жердiң бәрiн қар басқан соң сұрап жатқаным ғой, – дедi байсалды тiл қатып.

– Е-ей, бауырым-ай, қыстың мынадай қақаған аязында қарынды қампайта тойғызу қайда? Дегенмен там-тұмдап күнелтiп жатырмыз ғой, әйтеуiр, – деп Қызылтұмсық орнынан қозғалып, сөзiн iлгерi жалғады. – Осы отырғандар – бiр-ақ семьямыз. Өткен жазда өрген балапандарым, мiне, жанымда. Сенен несiн жасырайық, бауырым, қыстай тобымызды жазбай, үйiр болып жан бағып шығамыз. Мекенiмiз – осы ескi қыстаудың маңы. Қара қорданы теуiп, жайылып жатамыз. «Тфу» деген түкiрiк жерге түспес аяз болса шұқыр жердегi үлпек қардың немесе үстiн қар басқан қалың қурайдың арасына кiрiп кетемiз. Үлпек қар, ұйысқан қалың қурайдың арасы бiз үшiн мамық көрпеден бiр де кем емес. Әрi өңменiңнен өткен қара боран соқпайды, әрi аяз қарымайды, – деп, момын Қызылтұмсық ағынан жарылды.

– Ал аяз болмаған жай күндерде де осы жерге түнеп шығасыңдар ма?

– Күн жылы болса, басқа жаққа да түнеп қаламыз, Түке. Күн суық болмаса, бiзге көрiнген панасы бар жер мекен емес пе?!

Түлкi бiр сәт қиялға берiлiп кеттi бiлем, бойын қуаныш биледi ме, жымың қақты. Ұзын, үлпек құйрығын бұлғаңдатып, ендi алдыңғы екi аяғымен бүйiрiн таянып қойды.

– Дұрыс, достар, бұларың тамаша екен!

– Шын айтып тұрмын, – достым, – дедi Қызыл-тұмсық та ештеңеден қауiптенбей, жайбарақат қалпы.

Түлкi көзiн сүзiп, тағы да сызыла қалды.

– Рақмет, туысқандар, әңгiмелерiң маған қатты ұнады, – деп өтiрiк күлiп қойды. – Бiр қалың қар жа-уып, қатты аяз болған күнi, сендерге қонаққа келiп қалармын! – деп, дәл сол жолы шiлдер жақын жуытпасын бiлген айлакер Түлкi, амал жоқ, бұрылып жүре бердi.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.