Қытай философиясының тағдыры

Home » Рефераттар » Қытай философиясының тағдыры
Рефераттар Комментариев нет

Қытайда екі негізгі дін және екі негізгі философиялық бағыт: конфуцийшілдік пен даошылдық бар. Конфуцийшілдік пен даошылдықтың жалғыз Құдайдың маңында топтасатын монотеистік діндерге, айталық, иудаизмге, христианшылдық пен исламға ешқандай қатысы жоқ және бұл осы екі   философияның   басқалардан   негізгі айырмашылығы болады. Конфуцийшілдік Құдайға көңіл бөлмеген соң дін болып есептелмейді және даошылдықты да дін деуге келмейді, сондықтан оларды Қытайдың философиялық ілімдері деп есептеу қажет. Конфуцийшілдік пен даошылдықтан эйгілі «инь» мен «ян» тұжырымдамасындағы қараңғы мен жарықтың, қатты мен жұмсақтың, эйелдік пен еркектіктің қуаты көрініс тапқан табиғаттың үйлесімділігіне деген берік сенім өз бастауын алады, осы екі бағытта барлық қытай сенімдерінің тамыры жатыр. Бұл философиялардан тағы бір өте маңызды идеяның, яғни Қытайдың келешектегі философиясы мен дінінде қамтылатын адамдар игілігіне деген қамқорлық идеясының бастау алатынын ұмытпау қажет. Тарихшылардың айтуынша, нақ сол философия, сол сенім Қытайдың болашақ философиясының дамуына негіз болған, дэл солай олардың саяси, элеуметтік, материалдық мэдениеті де Қытайдың болашақ өркениетінің гүлденуіне негіз болады.

Біздің дәуіріміздің бірінші ғасырынан бастап жаңа қытай философиясы дүниеге келді жэне оған конфуцийшілдіктің догмалануы, оны негіз салушымен бірге діни табыну нысанына айналдыру тэн. Айталық, 1503 жылы Конфуций әулиелер қатарына қосылады, оған ғибадатханалар салынады, бірақ олардың ішінде әулиелердің бейнелері жоқ еді. Бүған қарама-қарсы даошылдар қуғындалады жэне 1183 жылы оларға ресми түрде тыйым салынады. Сол кезде Қытайға жеткен христаншылдық сияқты діннің де қытай философиясына әсері болған. Қытай философиясындағы ортағасырлық кезеңде конфуцийшілдік, даошылдық жэне легизм арасында күрес жүреді, ақыры жалғыз мемлекеттік дін әрі этика ретінде конфуцийшілдік жеңіп шығады. Сол кезеңдегі көрнекті қайраткерлер мен ойшылдардың қатарында — ежелгі қытай астрономиясына, механикасына, сейсмологиясы мен географиясына үлес қосқан Чжан Хэн; сол дәуірдің ірі ойшылы, тарихшысы, Қытайдың ежелден басталып, б.д.д. екінші ғасырмен аяқталатын алғашқы жалпы тарихының авторы Сыма Цянь бар еді.

Біздің дәуірдің екінші ғасырынан бастап, сахнаға даостық философ және алхимик Вэй Боян шығады, ол «Цань тун ци» шығармасында триграммалар мен гексаграммалардың көмегімен даостық алхимияның негізгі қағидаларын жеткізген. Оның шығармасы классикалық «Өзгерістер кітабына» жасалған түсіндірме түрінде жазылған. Хань әулеті билік еткен тұста «Тай пин цзин» шыгармасы жазылады, оның авторы даостық данышпан Юй Цзи болған. Қытай мәдениетін зерттеген ғалым-зерттеушілер мен тарихшылар бүл кітаптағы ілім «Сары орамалдылар» көтерілісінің идеологиялық негізіне алынып, даошылдық утопиялық ойдың дамуына елеулі әсері болған деп есептейді. Даошылдық дәстүрдің дамуындағы жаңа кезең Қытайдың дәстүрлі феодалдық монархияны жойған Синь-хай революциясынан кейін (1911 ж.) жаңа тарихи дэуірге өтуімен байланысты. XX г. даошылдық дэстүрдің қызметі туралы мэселе өзекті және зерттелмеген мэселенің бірі саналады. XX ғ. даошылдық дэстүрдің бастан кешірген өзгерістері жан-жақты эрі терең сипатта болатын, олар даошылдықтың барлық деңгейлері мен қырларын қамтып, даошылдық институттарға, элеуметтік қызметінің сипаты-на, ілімнің доктриналық мазмүны мен діни тэжірибесіне әсер еткен. Даошылдық Қытай мен Қиыр Шығыстың мэдениеті мен идеологиясына ықпалы бар күшті фактор ретінде сақталған.

ҚХР-да даошылдықтың жағдайы ерекше өзекті, соны-мен қатар нақты деректердің жетіспеуінен жэне күрделі болуынан шешілуі қиын мэселеге айналып отыр. Бүгінде француздық синологтардың еңбегінің арқасында Тайваньдағы діни ахуал біршама жақсы зерттелген. Қытайда тараған дәстүрлі даостық мектептердің әрқайсысы дербес және өзін-өзі басқаратын бағыттар бола-тын (бірыңғай даостық басшылық та, бірыңғай шіркеу немесе тіркелген догматика болмайтын) жэне 1911 ж. «Аспан тэлімгерлері» және «Жетілген ақиқат» мектептері таратылды. Басқа мектептерде адам саны аз болатын жэне олар терең кұлдырауда еді. Дегенмен бұл жағдай жалпы даошылдыққа тән еді, өйткені оның дамуындағы шығармашылық кезең өтіп кеткен еді.

Жалпы, Цин әулеті даошылдыққа қарсы саясат жүргізген. Манчжурлар даошылдықты қытайлықтардың мемлекетке деген наразылығының көрсеткіші ретінде қабылдаған. Даошылдар дэстүрлі шаш қою мэнерін қажет санап, шаш алдырудан, шашты өріп жүруден бас тартатын, ал билік оны «бүлікшіл рухтың» көрінісі деп бағалайтын. Бірақ бүған қарамастан патша сарайы дінбасылардың белгілі бір қүқықтарын мойындауға мэжбүр болатын.
1911 ж. революциясынан кейін даошылдық үйымдар пайда бола бастайды. 1913 ж. даошылдықты ұстанатындардың орталық бірлестігі қүрылады. Артынша басқа да қауымдастықтар құрылады: 1919 ж. Пекинде «Ағару мен ізгілік қоғамы» (Ушань цзуншэ), 1920 ж. «Дао мен дэнің халықаралық қоғамы» (Вань го дао-дэ Янь), 1923 ж. — «Үш діннің киелі жолының қытайлық қоғамы» (Чжунго сань цзяо шэн дао цзун Янь) және т.б. Жалпы, даошылдыққа жаңа жағдайға бейімделу оңай болмады және дінбасылардың саяси бағдары ескішіл болатын, өйткені даостық ортодоксты бағыттар конфуцийшілдер сияқты император билігінің киелі сипатына сенетін. Сондықтан, Тайваньда да қазіргі кезде даошылдардың көпшілігі (әсіресе, үлкен буын өкілдері) президенттік биліктен гөрі, императордың билігін дүрыс көреді.

ҚХР құрылған соң заңдық актілермен ұждан бостанды-ғы мен шіркеудің мемлекеттен бөліну қағидалары негізін-де дін мен шіркеуге деген көзақарас жарияланды. ҚХР үкіметі осындай қағидаларды бүкіл озық адамзат пен қазіргі Қытай айыптаған «мэдени революцияға» дейін ұстанады. Сонымен, Қытай Халық Республикасы құрылған ал-ғашқы жылдары дінге сенушілер өз діндеріне сай діни рәсімдерді орындауға. мүмкіндік алды. Бұл басқа діни қоғамдар сияқты, халық билігін құптаған даошылдық дінбасыларға да қатысты еді. 50-ші жылдары құпия даошылдық секталарға қарсы жүргізілген күрестің (мысалы, «И гуань дао» сектасына қарсы) ортодоксты даошылдық бағыттарға ешқандай әсері болмады, өйткені олардың өздері секташылдықты дәстүрлі түрде теріс бағалайтын. Бірақ үкімет үшін «даосизм» басқа діни ағымдарға қарағанда, күдіктілеу болып көрінетін. Оған соңғы үш жүз — төрт жүз жыл ішінде қытайлық билеушілерінің даошылдықты наразылыққа дем беруші орта деп қабылдауы, даошылдық дэстүрдің аморфтылығы мен алуан түрлі болуы «даошылдарға» ұнамсыз секталарды жатқызуға жол берілуі де себеп болған сияқты. Қалай болғанда да, ҚХР-да алғашқы даошылдық ұйым басқа діни ұйымдардан кеш пайда болып, «мәдени революцияның» онжылдығынан кейін басқа қауымдастықтардан көп бұрын жабылды.

Десек те, 1957 ж. 14 сәуірде ҚХР-да Даошылдардың қытайлық ассоциациясы (Чжунго дао цзяо Янь) құрылды жэне съездің делегаттарын КХР төрағасының орынбасары Чжу Дэ қарсы алды. Ассоциация пекиндік Бай юнь гуань ғибадатханасы негізінде құрылды және ол Қытайдағы дао-шылдықтың жетекші орталығына айналды. «Мәдени революция» басталғаннан кейін Ассоциация таратылып, 1980 ж. мамырда қайта құрылады. Сол кезде ҚХР діни ахуал өзгерген еді. Дінге қатысты қуғындау саясатын ұстану тұргындар арасында діншілдіктің өсуіне алып келді. Дін өзінің өтеуші қызметін атқару арқылы, 1966-1976 жж. аралығында халықтың моральдық жэне материалдық шығынын «толықтырғандай» болатын. ҚХР-да діни өмір 1978 жылдан кейін жандана бастайды, өйткені ол кезде ішкі жағдай тұрақталып, Қытай басшылығы Батыспен халықаралық сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге ұмтылған кезі еді жэне шетелде Қытайдың жағымды бейнесін жасау мақсатын көздегенді. Кейін сыртқы саяси импликациялар биліктің дін мәселесіне көзқарасын сипаттайтын көрсеткішке айналады.

Қазіргі кезде даошылдық өзінің дамуындағы жаңа кезеңге — яғни ғибадатханадан тыс «фэнилік» ілім ретінде психо-техникалық деңгей өздігінен құнды эрі анықтаушы саналатын кезеңге қадам жасады деуге болады. «Даостық йоганың» мұндай ренессансы қай дэрежеде даошылдықты қайта жаңғыртуға пайдасы болатыны эзірге белгісіз. . Неоконфуцийшілдер әуелгі конфуцийшілдікте элі аса дами қоймаған онтологиялық, космологиялық жэне гносеопсихологиялық мэселелермен айналысқан. Дао-шылдық пен буддизмнен бірнеше абстрактілі үғымдар мен тұжырымдарды алған жаңа конфуцийшілдер оны этикалық түсіндіру жолымен сіңірген.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.