Қытай шаруашылығы

Home » Рефераттар » Қытай шаруашылығы
Рефераттар Комментариев нет

Қытай шаруашылығы

Жалпы сипаты. Қытай Халык Республикасы жарияланған 1949 жылдан бері, әсіресе 1979 жылы басталған реформасы мен ашық саясатына байланысты Қытайдың экономикалык кұрылыста қол жеткізген жетістіктері дүние жүзі мемлекеттерінің назарын өзіне аударып келеді. Реформа жылдарында Қытай мемлекеті өндіргіш күштердің одан өрі азат етілуіне және мемлекеттің біріккен қуатының айтарлықтай өсуіне қол жеткізді. Бірқатар аса маңызды өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі абсолюттік көрсеткіштер бойынша Қытай дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Егер азық-түлік тауарларын алатын болсақ, онда ҚХР астық, ет, құс, жұмыртқа, судағы кәсіпорын өнімдері, өсімдік және жануар майларын өндіруден әлемде алдыңғы орында. Отын, өндіріс құралдары мен құрылыс материалдары саласында көмір өндіруден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пластмасса, пленка мен цемент өндіруден Қытай бірінші орында. Халық тұтынатын тауарларга келетін болсақ, онда ҚХР мақтадан, жүннен жасалған маталарды өндіруден, кездемелерден киім тігуден, велосипед, кір жуу машиналары, телевизор және шыныдан тұрмыстық заттар жасаудан дүние жүзінің барлық елдерінің алдында. Одан өзге болат, түсті металдар қорытудан, химиялық талшық, шұға кездемесін, химиялық тыңайтқыштар өндіруден, электр энергиясын өндіруден Қытай өлемдік аса ірі өндіргіш күштер арасынан орын алды. Қазіргі Қытай тек қана өзінің техникалық күштеріне арқа сүйей отырып, ауыр индустрияның ірі тау-кен, энергетикалық, металлургиялық, химиялық, автомобиль, кеме жасау кәсіпорындарына кешенді құрал-жабдық өндіруге шамасы жетеді. Сонымен қатар білім беру, ғылым және мөдениет салаларында да үлкен жетістіктерге жетті. Халықтың тұрмысы айтарлықтай жақсарды. Осы жетістіктер Қытай ерекшеліктері бар социалистік модернизацияны іске асыру үшін материалдық техникалық базаға негіз болды.

1949 жылдан кейін өнеркәсіп, банк, көлік, сыртқы сауда мемлекет қарамағына алынған болатын. Аграрлық реформа помещиктер табын жойды, шаруалар жер алды. 1958 жылга қарай шаруа қожалықтары түгелдей дерлік кооперативтерге біріктірілген еді. ҚХР шаруашылықты қалпына келтіруді аяқтап, экономикалық құрылысқа кеңінен кірісті. 1953—1957 бірінші бесжылдық жоспарды ойдағыдай орындады.

Өнеркәсіп 2,3 есе өсті және құны жағынан ауыл шаруашылығы өндірісінен асып түсті. Қазіргі заманғы индустрияның негізі қаланды. Солтүстік және батыс провинцияларда жаңадан ірі өнеркәсіп аудандары мен орталықтары пайда болды. Жұмысшы табының саны өсті. Социалистік елдер, оның ішінде әсіресе Кеңестер Одағы Қытай Халық Республикасына зор көмек қолын үсыңды. Қытай КСРО-дан мөлшері 1,8 млрд сомнан (рубль) астам несие, ең жаңа техникалық қүжаттар алды. Кеңес Одағы ҚХР-ға 260-тан аса ірі өнеркәсіп орнын салуға, мамандар дайындауға көмектесті.

1960—1970 жылдардагы ҚХР-дың сыртқы және ішкі саяси бағыты халықаралық қатынаста болсын, ел экономикасында болсын қолайсыз зардаптарға әкеліп тіреді. XX ғасырдьщ 70-жылдарьшың ортасынан бастап ҚХР- дың жаңа басшылары біртіндеп елдің ішкі жөне сыртқы саясатын өзгертті. Ауыл шаруашылыгын, жеңіл жөне тамақ өнеркәсібін дамытуға, халықтың тұрмыс жагдайын жақсартуға бұрынғыға қарағанда көбірек көңіл бөліне бастады. Ауыл шаруашылығында шаруалардың жеке бастамаларын (жеке жөне отбасылық мердігерлік, т.б.) ұлғайтуға бағыт алды. Өнеркөсіптің бір бөлігі шетел капиталын қатыстыру арқылы дамуда. 1980 жылдары ҚХР өнеркөсібі жоғары қарқынмен дамыды. Осы жылдары бірқатар шетелдермен (оның ішінде Қазақстан да бар) сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мөдени байланыстары ойдағыдай дами бастады.

pic_1358611869Өнеркәсібі. ҚХР өнеркөсібінің құрылымында ауыр индустрияның маңызы зор. Ауыр өнеркөсіп салаларының ішінде отын-энергетика, әсіресе елдегі энергияның негізгі көзі болып есептелетін тас көмір, мұнай өндіру маңызды рөл атқарады. Басты бассейндері: Солтүстік-Шығыс пен Солтүстік және Солтүстік-Батыс Қытайда. Көмір әңдіру жұмысы шахталық жөне ашықәдіспен жүргізіледі. Осы жерлерден көмір көптеген өнеркөсіп орталықтарына жеткізіледі. Мұнай өнеркәсібі Солтүстік-Батыстың шөлдері мен тауларында (Шыңжан, Қарамай), Қызыл бассейнде (Сычуань провинциясы), сондай-ақ елдің солтүстік-шығысында, шығысында қалыптасып келеді. Электр энергиясы көбінесе Солтүстік-Шығыс пен Солтүстік Қытайда, сол сияқты теңіз жағаларындағы ірі қалаларда орналасқан ЖЭС-та басымырақ өндіріледі.

1979 жылдан бастап Қытай өнеркөсібі тұрақты түрде жоғары қарқынмен дамуда. Бүгінде Қытай ұшақ, кемелер мен автомобильдерді ғана жасап қоймай, жердің жасанды серіктерін, өнеркөсіп үшін қазіргі заманға сай жабдықтарды жасай алады. Қытайдағы экономикалық инфрақұрылымның негізі XX ғасырдың 50-жылдары Кеңес Одағьшың (оның ішінде Қазақстан да бар) көмегімен қаланған болатын. Алайда реформалар саясатын жүргізудің басталуына байланысты Қытай енеркөсіпке айтарлықтай шетел инвестицияларын тартты, оларды ескі көсіпорындарды модернизациялауға және түрлі салалардағы қазіргі заманға сай жаңа көсіпорындарды құруға бағыттады. Бүгінде Қытайда төуелсіз, айтарлықтай толыққанды индустриялы кешен құрылған. Олардың техникалық деңгейінің сипаты жеткілікті дәрежеде.

Қара металлургия. Қытайдың қара металлургиясының кәсіпорындары Аньшань, Тайюань, Пекин, Тяньцзинь, Шанхай, Ухань, Баотоу, Паньчжихуа, Үрімші, Цзюцюан, Чунцин, Чэнду, т.б. қалаларда орналасқан. Елдің 21 метал-лургиялық көсіпорындары әрқайсысы жылына 1 млн т-дан астам болат қорыта-тын қуатқа ие. Егер Қытай XX ғасырдың 50-жылдары болаттың 100-ден аса түрін, прокаттың 400-дей түрін өндірсе, бүгін елде болаттың 1400-дей сорты балқытылып, прокаттың 20 мыңнан астам түрі шығарылады.

Солтүстік-шығыста және басқа аудандарда түсті металлургия зауыттары (мыс, қорғасын, алюминий, магний) бар. Оңтүстікте жөне оңтүстік-батыста түсті металдар кені өндіріледі, мыс, қорғасын, вольфрам, қалайы және сурьма қорытылады.

Машина жасау жөне электронды өнеркәсіп. Бұл салалар шаруашылық салаларының ірі масштабты базалық саласына жатады жөне онда маңызды орын алады. Қазіргі кезде Қытайдың машина жасау жөне электронды өнеркәсібі шаруашылығының барлық салаларын түгелдей жоғары сапалы кешенді жабдықтармен (домна пештері үшін жабдықтар, үздіксіз күю машиналары, кешенді әнергетика жабдықтары, тау-кен жөне байыту жабдықтары, мүнай барлауға және алуға арналған қондырғылар, мүнай өңдеу жөне химиялық көсіпорындар үшін кешенді қүралдар, радарлар, байланыс қүралдары, навигация даярлау үшін қондырғылар, радиотарату жөне теледидар, ЭЕМ және оларды программалық қамтамасыз ету жөне элементтер, электронды өнім өндіру) қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Машина жасау жөне электронды өнеркөсіптің өнімдері экспортқа шығарылатын тауарлардың негізгісіне айналып отыр.

Энергетикалык өнеркәсіп. Қытайдың бүл саласының бастысы — көмір, мүнай жөне электр энергиясын-өндіру. Осы салалар бойынша ҚХР өлемдегі алғашқы орындарды иемденеді. Қазіргі кезде Қытайда Ресей компанияларының қатысуымен елдегі атом энергетикасының бастауы болатын Линьюнган атом электр станциясы салынуда.

Авиациялыц және гарыштыц өнеркәсіп. Бүл саланың бастауы XX ғасырдың 50-жылдарында салынған болатын. Бүгінде бүл салада жойғыш-үшақтар, бомбалаушы, барлаушы үшақтар, пассажирлік жөне келіктік үшақтар мен тікүшақтар жасалады. Қытай ©ндірісінен шыққан азаматтық үшақтар дүние жүзінің 10-нан аса елдері мен аймақтарына шығарылады.

Тоқыма өнеркәсібі. Мақтадан, жүннен жөне жасанды талшықтардан мата тоқу және бояу, тоқыма мата, киім-кешек дайындау, т.б. өндіріс салалары кіреді. Қазіргі кезде жібек, тоқыма заттар жөне дайын киім Қытай экспортының аса маңызды бәлігі болып табылады.

Жеңіл өнеркәсіп 44 саланы қамтиды және 200 мың түрлі тауар шығарады. Оларға қағаз, түрмыстық машиналар, ас түзын, тамақ өнімдерін, түрмысқа арналған силикаттар, электр жарықтандырушы аппаратуралар, түрмыстық химия онімдерін, тері бүйымдарын, коркем бүйымдарды, түрмыстық электр қүралдарын, темекі және т.б. өндіру жатады. Қытай жеңіл өнеркөсібінің кептеген тауарлары: фарфор, сағат, шамадан, былғары бүйымдары, өсіресе аяқкиім, ойыншық, металл бүйымдар, шамдалдар, көзілдірік, т.б. әлемнің 100-ден астам елдері мен аймақтарына экспортқа шығарылады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы Қытайдың шаруашылық салаларының негізі болып табылады. Реформалардың басталуымен Қытайда ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жабдықталуы айтарлықтай жақсарды. Қазіргі кезде мүңца жоғары ондірісті, жоғары сапалы жөне тиімділігі жоғары ауыл шаруашылығы өндірісінё көшу іске асырылуда.

Егін шаруашылыгы. Қытайда егіншілікке жарамды жердің мөлшері шектеулі екендігіне қарамастан, жеткілікті дәрежеде тиімді пайдаланылады. Астық дақылдарынан Қытайда күріш, бидай, жүгері, бүршақ түқымдастары және төтті картоп (батат) өсіріледі. Суда өсетін күріш — ең басты астық дақылы, оның астық өндірудегі үлесі 40%-ға тең. Басты күріш өсіруші аудандар: Янцзы алабы, Оңтүстік Қытай, Юньнан-Гуйчжоу үстірті. Бидайдың үлесіне астық-өндірісінің 21,9 %-ы тиесілі. Бидай жаппай тараған дақыл, оны өндіретін басты аудандар: Хэнань, Шаньдун, Анохой, Шэньси, Цзянсу, Хубэй, Сычуань провинциялары. Жалпы астық өндірісінің шамамен 24%-ы жүгеріге тиесілі. Оны өндіретін басты аудандар: Солтүстік-Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік-Батыс Қытай. Бүршак түқымдастары Қытайдың Солтүстік-Шығыс жөне Хуанхэ-Хуайхэ жазыктарында өсіріледі. Ал төтті картоп жаппай өсіріледі. Төтті картоптың ең басты егістіктері Чжуцзян өзенінің алабында, Янцзы өзенінің орта жөне төменгі ағыстарында, Хуанхэ өзенінің теменгі ағысының алабында жөне Сычуань ойысында орналасқан.

Техникалық дақылдардан: мақта, жержаңғақ, рапс, күнжіт, қант қүрағы, шай, темекі, жібек қүрты ©сіріледі. Хуанхэ алабы, Янцзы өзенінің орта және төменгі ағыстарындағы аудандар және Манас өзенінің алабы (Синьцзян-Үйғыр автономиялық ауданы) басты мақта өсіруші аудандар болып табылады. Жержаңғақты әсіретін аудандар Шаньдун, Гуаньдун, Гуанси жөне Ляоянде орналаскан. Рапсты, негізінен, Янцзы алабыңда, оньщ орта және төменгі ағысында жөне Сычуань ойысында өсіреді. Қант қүрағын Оңтүстік Қытайда, ал қант қызылшасын Хэйлунцзян, Цзилинь провинцияларында жөне Ішкі Монғолияда өсіреді.

Малшаруашылыгы. Қытай аумағында 313,33 млн га далалық жерлер мал бағуға пайдаланылады. Ол жерлер, негізінен, Ішкі Монғолияда, Синьцзян шегіндегі Төңіртау мен Алтай таулары қоршаған ойпатта және Цинхай-Тибет таулы үстіртінде орналасқан. Қытайда 400-ден астам үй жануарларының түрі бар. 1979 жылдан бастап мал шаруашылығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Ет, қүс, жүмыртқа, сүт, былғары өнімдері және өзге де мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бірнеше есе өсті, олар шетелдерге көптеп экспортқа шығарылады.

Көлік пен байланыс. Қытайда көліктің барлық түрлері тең дәрежеде жақсы дамыған. Олар: темір жол, автомобиль, авиация, су. Өсіресе соңғы кездерде автомобиль жөне авиация көліктері жылдам қарқынмен дамуда.

1995 жылы темір жолдың жалпы үзындығы — шамамен 68 000 км, ал автомобиль жолдарының жалпы үзындығы — 1,4 млн км болса, оның 2141 км-і жылдам автотрассалар жөне 14000-дай км-і жоғары категориялы арнайы автомобиль жолдары.

Пекин қаласы ішкі авиабағыттар жүйесінің орталық торабы больш табылады. Пекиннен үшақтар барлык провинцияларға, автономды аудандарға, орталыкка бағынышты қалаларға, аса маңызды ашық және туристік калаларға және шеткі аудандарға қатынайды.

Халықаралық бағыттар Қытайды Токио, Бангкок, Сингапур, Сеул, Карачи, Лондон, Париж, Берлин, Франкфурт, Вена, Брюссель, Милан, Мәскеу, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Жакарта, Алматы, Ташкент жөне т.б. қалалармен, барлығы 50-ден астам қалалармен байланыстырады. Қытайдың азаматтық өуе компаниялары қазіргі заманға сай қолайлы үшақтарға ие. Олардың ішінде: «Боинг — 67», «—757», «—747», «—737» және «МП— 82» үшақтары бар.

Елде оптикалык-талшықты, сандық-микротолқыңды, жерсеріктік, мобильдік байланысқа және бағдарламалық басқарудағы коммутаторлык байланысқа негізделген кешенді байланыс түрлері қалыптасты. Бүл байланыс бүкіл елді қамтамасыз етеді жөне оны бүкіл дүние жүзімен байланыстырады. Қазіргі кезде Қытайдың барлық ірі жөне орташа қалаларында халықаралық экспреспошта жүмыс істейді. Біркатар калаларда тікелей телетайп байланысының, сандык акпарат беру, жылдам өрекет ететін факс байланысы жөне халықаралық телебағ-дарламалар трансляциялау жүйесі кызметі үйымдастырылған. Пекинде, Шанхайда жөне басқа да ірі қалаларда Үнді және Тынық мүхит үстіндегі халықаралық байланыс жер серігінің көмегімен д үние жүзінің барлық елдерімен байланыс жасауға болады. Пейджер мен мобильдік телефон Қытай түрғындарының айтарлыктай белігіне күнделікті пайдаланылатын затқа айналды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.