Қытайдың сыртқы саясаты

Главная » Рефераттар » Қытайдың сыртқы саясаты

Қазіргі кезеңдегі сыртқы саясат геосаясатта Қытай Халық Республикасына теңдесі жоқ экономикалық өсу есебімен құрылуда. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында Қытай жалпы ұлттық өнімнің көлемі бойынша АҚШ-ты басып озады деген жорамал бар. «Үлкен Қытайдың» (ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып түсті. Қытайдың қаржы резерв көрсеткіштері (403,3 млрд доллар) дүние жүзі бойынша тек қана Жапония мен Тайваньға орын береді. Қытайдың глобальды стратегиясының басымдылығында жақын көршілерімен қарым-қатынас тұрақтандыру және глобальды лидерлермен бейбіт қарым-қатынаста болуын ескере отырып, қытайлық реформалар мен ашық саясат жүргізуде халықаралық қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету орын алады. Ху Цзиньтао жаңа басшылығымен ҚХР-ң алдында «тарихи әділеттілікті қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру» міндеті тұр. Сонымен қатар әскери-саяси міндеті – Отан аясына Тайваньды қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын көшіру. Сол арқылы, ҚХР сыртқы саясаты тікелей елдің ішкісаяси және экономикалық дамуымен байланысты. Теңдесі жоқ Қытайды экономикалық деңгейі Пекиннің сыртқы саяси және геосаяси амбициясын ынталандырады. Шын мәнінде, бұл процесс басталды. Осы курс жұмысымыздың өзектілігі – экономикалық және саяси қатынастарда глобальды және аумақтық жүйеде ҚХР рөлі өсуі қазіргі таңда өте актуалды. Курс жұмысты жазу барысында осындай тарихнамалық базаға сүйендік: «Современные международные отношения» , «Мировая политика после 1945г.» және «Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы» , сонымен қатар «Преодоление» кітаптарындағы мағлұматтармен және көптеген авторлардың «ҚХР сыртқы саясаты туралы» мақала-зерттеулерімен толық таныстық.

Қазіргі кезде ҚХР сыртқы саяси бағытын үшке бөлуге болады:

  1. Глобальды – Қытайдың глобализацияны бағалауы және өз орны мен мәнін анықтау; қытай-американ қарым-қатынасы; Батыс пен ҚХР қарым-қатынасы, БҰҰ және халықаралық сауда, геоэкономикалық мәселелер, Азия-Тынық Аумағындағы (АТА) ҚХР стратегиясы, қауіпсіздіктің Қытай саясаты.
  2. Азиядағы ҚХР саясаты – Қытай-Үндістан, Қытай-Пакистан қарым-қатынастары, ҚХР-ң сыртқы саяси стратегиясындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, Солтүстік-Шығыс Азия мен Қытай мүдделері, Орта және Таяу Шығыс.
  3. Қытай мен Евразия – Қытай-Ресей қарым-қатынастары, Орта Азиядағы Қытай стратегиясы, ішкі Евразиядағы энергетикалық пен коммуникациялық жобалары.

Курстық жұмысымыздың мақсаты — осы ҚХР-ң үш сыртқы саяси бағыттарына сипаттама беру.

.

Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: тарихнамалық базаны қолдана отырып, ҚХР сыртқы саясатынының даму барысына жан жақты талдау жасау. Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды және қолдыналғын әдебиеттер тізімінен тұрады. І тарауында Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі туралы, ІІ тауарында Қытай және Батыс қарым-қатынастары туралы, ІІІ тарауында Қытайдың Азиялық стратегиясы туралы, IV тарауында Евразиядағы ҚХР стратегиясы туралы мәселелер қарастырылған.

Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі

Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси доктринасы

Қытайдың қазіргі сыртқы саясаты елдің қазіргі ішкі саясаты мен стратегиялық міндеттерімен тығыз байланысты. Өзгеріс сипаты төмендігі жағдайлармен сипатталады.

Бірінші. Қытай жаңа басшылық бағытының басты мақсаты экономикалық деңгейінің жоғарғы темпін сақтаумен қатар қоғамның әлеуметтік рухани-өркениетті құрылымын сапалы жетілдіру, «реформа мен ашық» саясатты тереңдету және жалғастыру.

Екінші. Бүкіләлемдік экономикалық жүйеге белсенді түрде интеграцияға және жаһандық ортақ дүниежүзілік тенденциясына енуі. 2001 жылы ҚХР ресми түрде Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) мүше болды. ХХІ ғасырдың бірінші жылдары Қытай экономикасы үшін сәтті болды.

2002-2003 жылдары болжамда көрсетілгендерден ерекше қолайлы болды. Ең алдымен, экономикалық деңгейдің (жылдық өсім 8,7% және 9,1%), сыртқы сауда көлемі мен сыртқы сауда балансының сальдосының, тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың, валюта резерв көлемі мен басқа көрсеткіштердің өсу қарқынымен байланысты. Мысалы, жалпы ішкі өнім 2003 жылы 11,67 трлн юань, сыртқы сауда айналымы 851,2 млрд долл, жылдық өсім – 37 % және осы көрсеткіш бойынша ҚХР дүниежүзінде 4 орынға ие. Осының бәрі реформа мен ашық сәтті саясатының нәтижесінде Қытай мен дүниежүзінің өзара тәуелділігінің тереңдей түсуін дәлелдейді.

Үшінші. Халықаралық жағдайға баға бере отырып, Қытай басшылары қазіргі кездегі дүниежүзлік саясаттың көзі бейбітшілік пен даму мәселесінде деп түсінеді. Яғни, халықаралық жағдай разрядка тенденциясын толығымен көрсетеді, басты державалар арасында қарым-қатынас тұрақтандыру жағына дамуда және саяси диалог пен ынтымақтастық негізі бірте-бірте нығаюда.

2003 жылдың соңындағы Компартияның Орталық Комитетінің жаңа мақсаттарымен қатар 2005 жылы ресми түрде жаңа басшылық елдің бейбіт түрде жандану туралы жаңа сыртқы саяси концепциясын жарияланды. Қытай қайтадан тек бейбіт жолмен жандана алады. Соңғы жартымыңжылдықта басты державалардың (мысалы, Испания, Ұлыбритания, СССР мен АҚШ, т.б.) көтерілуі мен құлдырау тарихына салыстырмалы анализ жасай отырып, Қытай сарапшылары осы державалардың соғыс нәтижесінде өз гегемондықтарын жаулап алды және жоғалтты деген шешімге келді. Қытай қазіргі кездегі бейбітшіл халықаралық жағдайдағы мүмкіндіктерді қадірлеуі керек. Оның алдында екітұтас міндеті тұр: өз экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы түрде дамуына осы мүмкіндіктерді қолдануға тиіс, сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға барлық күшін салуға тиіс.

Қытай дамуының тірегі — өзінің жеке күші. Ол ішкі және сыртқы саясаттың кең көлемді ішкі қытай нарығына, жұмыс күшінің таусылмацтын резервтеріне, тұрғындармен жиналған валютаның үлкен қорына, жаңа социалистік тәртіптің тиімділігіне және Қытай халқының мықты шығармашылық күшіне сүйене отырып, бағыты мен тәуелсіз түрде даму жолын таңдауы керек. Қытай өзін-өзі изоляция аясатын жүргізбеуі керек.

Төртінші. 80 жылдардан бастап Қытай белсенді түрде бейбіт сыртқы саясат жүргізе бастады. Оның жағдайы мен мүмкіндіктеріне байланысты халықаралық рөлін нығайтуға ниет етті. Қытай үкіметінің сыртқы саясатының ұзақ мерзімді мақсаты елдің модернизациясын сәтті алға басуындағы бейбіт халықаралық жағдайын сақтау болып табылады.

Азия-Тынық аумағында (АТА) көпжақты дипломатияның принциптеріне сүйене отырып, қытай үкіметі «бейбіт жандану» стратегиялық концепцияның басты бөлімі – қытай-американ қарым-қатынасының дамуы. Бейбіт жандану процесінде таяудағы 20-50 жыл Қытайға американ инвестицияларын, американ нарығына шығу мүмкіндіктерін, ғылым мен техниканың басты жетістіктерін, экономикалық дамудың тәжірибесін қолдану қажет. АҚШ-ң жау мемлекетке айналдыру ҚХР үшін қолайлы емес. Осы мәселе ІІ тарауда қарастырылады.

Халықаралық қатынастардағы проблемалы мәселелер: Пекин позициясы

ҚХР мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға маңызды кедергілер бар, олар:

  1. Вашингтон мен Пекин арасындағы саяси-идеологиялық келіспеушілік. АҚШ-тың дәстүрлі антикоммунизмі адам құқығы, сөз бен дін бостандығы, т.б. түсініктердің интерпретациясы туралы баяғыдан дискуссиялардан көрініп жатыр.
  2. Қытай экономикасының динамикалық дамуы мен ішкі жалпы өнімнің тез өсуімен қатар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қақтығыстар, әсіресе юанның конверсиялау мәселесімен қатар дами түсуде.
  3. Тайвань мәселесі бойынша келіспеушілік. Пекин бейбіт бірлестікке ұмтылады, ал Тайбэй «бейбіт бөліну».

Қытай үкіметі Жапония қарым-қатынастарындағы үш мәселе бойынша қарама-қайшылықтары:

  1. Қытай мамандарының ойынша Жапония агрессиясының мысалы болып келетін әскери тарих эпизодтарының жапон интерпретациямен Қытай келісе алмайды.
  2. Дяоюйдао (Сэнкаку) аралы маңындағы территория шиеленісі. Тарих бойынша, сонымен қатар халықаралық құқық нормаға сәйкес бұл қытай территориясы болып табылады. 1951 жылы АҚШ Қытай халқын кемсіту мақсатында заңсыз түрде Жапонияға берді.
  3. Тайвань статусы жөніндегі мәселеде Жапонияның тұрақты және жүйелі болмауы.

Сонымен қатар, Қытайдың оңтүстік-шығыс көршілерімен қарым-қатынасының территориялық дауына жататын тағы бір проблема бар. Бұл шиелініс — халықаралық қатынастар туралы әдибиетте Спратли аралдары деп аталатын аралдарының тиістілігі. Тарихи тұрғыда бұл аралдар ҚХР-ға жатады. Аумақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін Қытай тәуелсіздік туралы дауды тоқтатып, ресурстарды өзара эксплуатациялауды ұсынды.

ҚХР-дағы сыртқы саяси шешімдерді жете зерттеудегі ықпал етуші топтар

Таяу жылдары ҚХР-ң сыртқы саясатының стратегиясын жете зерттеуге өз ықпалын мемлекет басшылығындағы үш негізгі топ тигізе алады: Цзэн Цинхун: Қытай Компартиясың 16 съезі, Орталық Комитетінің бірінші пленумының шешімі бойынша Цзэн Цинхун ҚКПОК тұрақты комитеті Политбюрода халықаралық қатынастарға жауап береді. Сонымен қатар, оныншы шақырудың ВСНП бірінші сессиясында ол ҚХР төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл Пекиндегі шетел дипломатиялық корпус өкілдерімен қатынаса отырып, мемлекеттің сыртқы саясатына ықпал ету мүмкіндігін береді.

Вэнь Цзябао: Мемлекеттік Кеңес премьерінен Вэнь Цзябао сыртқы экономикалық саясатын жүргізуге өкілдік берілді. 28-30 сәуірде 2003 жылы пневмония мәселесі бойынша Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы (АСЕАН) мемлекеттері Қытай басшыларының төтенше саммитіне қатысу үшін Бангкокқа визиті болды. Осы форумда Вэнь Цзябао жаңа Қытай үкіметінің «Қытай –АСЕАН» еркін саудаға біртұтас зона құрылуының жоспарларын қолдайтындығы және «Оңтүстік-Шығыс Азиядағы достық және ынтымақтастық туралы келісімге» қосылатындығы жайында мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ әкімшілігінің басшыларымен қарым-қатынас жүргізу Вэнь Цзябао басшылығында. Ол сянгандағы (Гонконг) демократиялық қозғалыстың басшыларымен өзара қарым-қатынас мәселесін қарастырады.

.

Цянь Цичэнь:

Сыртқы Істер Министрлігіне ықпалы бар, халықаралық қатынастарға жауапты, Мемлекеттік Кеңес премьерінің орынбасары қызметін 2003 жылдың наурызынан бастап атқарып келе жатыр. Ол 2003 жылдың қараша айында қытай делегациясын басқарып ресми емес американ-қытай диалогы шеңберінде Тайвань мәселесін талқылауға АҚШ-қа визиті болды.

Қытай және жаһандану проблемалары

Сыртқы саяси басымдылықтарды анықтауда қытай лидерлерінің қазіргі кездегі тәсілдерінің негізінде жаһандануға деген прагматикалық қатынас жатыр. Глобализацияға деген қытай тәсілі екі жақты қабылдау негізінде құрылған. Бір жағынан, реформа мүддесінде глобализация мүмкіндіктерін қолдануға ұмтылу, екінші жағынан – оның қытай экономикасы мен әлеуметтік-саяси тұрақтылығына деген қаупінен қауіпсіздендіру. Бұл тәсіл саясат пен экономиканы бөлу принципіне негізделген. Глобализаця процесіне ҚХР-ң тарту бағыттарының бірі аумақтандыруға қатысу, бұл интеграцияға бағытталған экономикалық глобализация этапын көрсетеді. Қытай аумақтық және субаумақтық ынтымақтастыққа, әсіресе мемлекеттің шығыс азиат тобының жұмысына қосылуы керек. Осылай, глобализация жағдайында Қытай өзінің шекарасы шеңберіндегі жағдайды тұрақтанлдыру мен қарым-қатынас орнатылмаған мемлекеттермен дипломатиялық келісімдер жүргізу және басқа елдермен, әсіресе Ресеймен жақсы қарым-қатынасты қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.

Экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық тәуелсіздік қорғау мақсатында қытай келесі жаңа сыртқы-экономикалық принциптерді ұстанады: Бірінші принцип: дамып жатқан елдер Оңтүстік линиясы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, яғни өсу деңгейінің жеке ресурстарын қолдана отырып, глобализацияның қатеріне жауап бере алу.

.

Екінші принцип: Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша қарым-қатынасты дамыту. Сонымен қатар Қытай бысшылығының айтуынша кедей мемлекетіндегі тұрмыс жағдайын жақсаруы барлық елдердің, ең алдымен дамыған қамқорлығы болып табылады.

Үшінші принцип: Адал бәсекелестік пен теңдік негізіндегі халықаралық істерде барлық мемлекеттердің қатысуын болжайды. Төртінші принцип: Теңсіздік пен өзара пайда мүддесінде тұраты әріптестіктің ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату. Глобализация жағдайында, сыртқы саясаттың басты міндеті мемлекеттік тәуелсіздікді қорғау болып табылады.

Шын мәніндегі жаңа жаһанданып келе жатқан Қытаймен АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Корея өз қарым-қатынастарының стратегиясын өзгертуге объективті түрде міндетті. Яғни, олардың Қытай мемлекетінің өсіп келе жатқан экономикалық пен саяси роліне деген әсер тигізуіндегі бағыттары. Дүниежүзілік саясатта қазіргі күннің өзінде де халықаралық режимдер мен механизмдердің құрылуын қиындататын батыс деморкатиясына жат болса да, Қытай өз аумақтық және глобальды мүдделерін ескеруді міндеттей отырып мықты күшке айналуда.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.