Қытайлықтардың табысқа жету құпиясы

Главная » Рефераттар » Қытайлықтардың табысқа жету құпиясы

Қытай халқында шетелдіктерге түсініксіз таңданарлық табысқа жетуінің бір ерекшелігі немесе құпиясы бар: ең керекті, құнды білімге толы кітаптар кенет із түссіз, ұшты-күйлі жоғалып кетеді де, көп уақыттан соң, тіпті мындаған жылдар өткеннен кейін де ойламаған жерден, тосын жағдайларда қайта табылады. Қытайлықтар өз канондарын кездейсоқ жоғалтып алып, оларды қайтадан оп-оңай қайта тауып алатын сияқты. Олар қытай данышпандарының өсиеттерінде жаңғырып, жан-жаққа таралған әркімге түсінікті халық болмысының шындығы іспетті. Оларда рухтың ұлы нұры қарапайым адам өмірінің ең терең қабаттарына өз сәулесін төгіп тұратын сияқты. Орыс тіліне алғаш рет аударылып отырған осы кішкентай кітапша да «рухтың осындай құпия канондары» ескерткіштерінің қатарына жатады. Оның (кітапшаның) пайда болу тарихы ертегіге көбірек ұқсайды, сөйтсе де оған таңдануға болмас, өйткені нағыз жаңалықтың ашылуы ертегіні талап етеді. Жапон басқыншыларына қарсы бағытталған соғыстың алғашқы жылы (1938 жылы) гоминьдан чиновнигі Чжэн Юаныуюге Ю Дэсюань деген біреу өз қолымен көшіріп алған «Отыз алты стратагема» деген мәтінді тапсырады. Ю Дэсюаньнің айтуынша ол бұл кішкентай трактатты өзі туған өскен ІПэньси провинциясында жарыққа шығатын көпшілікке белгісіз бір журналдан тапкан. «Отыз алты әскери әдістің ішіндегі ең жақсысы — қашу» деген ескі мәтелді Ю Дэсюань жас кезінде-ақ естіген еді. Сондықтан ол бұл әдістердің қалған отыз бесін түсіндіретін мақаланы назарынан тыс қалдыра алмады. Кітапты мұқият зер салып оқыған ол оның құпия қауымдардың астарлы жазбаларына ұқсас «қара тілмен» жазылғанын байқайды да одан әрі тереңдеп зерттемеуге шешім қабылдады. Бірақ екі жылдан соң сол өңірдегі Бинь-чжоу қалашығындағы кітап дүкенінде өзіне таныс «Отыз алты стратагема кітабі» қоса жапсарланған ұзақ өмір сүрудің көне рецептері жинағына тап болады. Соңғы беті жетіспейтін қол-жазбада оны көшіріп жазған көшірмеші әлде бір Ван Бихояның есімі де сақталған екен. Бұл жолы көне даолық өсиеттердің құпия трактатпен көршілес орналасуы Ю мырзаның бұл трактатқа ізгі ниетпен қарауға мәжбүр етті. Ол қатыгез жаумен өршіп тұрған соғыс кезінде бұл кітапша қытай әскеріне оң ықпал етер деген ойға келді. Чжэнь Юаньгуйде осындай пікірге тоқтады. Сөйтіп көп ұзамай кітапшаның алғаш басылымы жарық көрді. Бұл оқиға 1941 жылы орын алды. Осылайша қытай мәдениеті тағы бір құнды шығармамен толықты. Нағыз канондар сияқты бұл шығармада авторсыз анонимді шығарма еді. Оның шығу тегі туралы тек жорамалдап қана айтуға болады. «Отыз алты стратагема» деген сөз тіркесі қытай дерекнамаларында алғаш рет V ғ. кездеседі және бізге белгілі «отыз алты әскери әдістердің ең жақсысы» шегіну деген мәтелмен байланысты айтылады. Ю Дэсюань тапқан тізімде соғыс өнері жайлы көне қытай кітаптарында, атап айтқанда ежелгі заманның атақты қолбасшысы Сунь Биндікі деп саналатын «Суньцзы» трактатында баяндалатын соғыс өнерінің тәсілдері мен ережелері кездеседі. Бірақ кейінгі дереккөздерде стратагемалардың мазмұны туралы ешқандай мәліметтер сақталмаған. Ю Дэсюанның кітапшасында XII-ХIII ғ.ғ. оқиғалардың үзінділері аталады. Бұл қытай баспашыларына аталған шығарма Мин және Цин әулеттері аралығында, дәлірек айтқанда XVII ғ., қалыптасқан деп тапшылауға негіз болды. Мұндай композиция канонның дәстүрлі құрылымын жаңғыртады. Оның профанды, жалпыға түсінікті мәтіннен өзгешелігі баяндаудың қисынды жүйелілігіне бағынуында емес, керісінше түсіну деңгейлерінің үзіліп ажырауында, мағыналар шегімен басқарылуында немесе, қытай дәстүрінің тілімен айтқанда, шексіз іс-қимыл мүмкіндігіне толы тәжірибедегі «бостықпен» басқарылуында. Сондыктан да ол ежел-гі қытай даналары айтқандай, «он мың заттардың тамыры» болып табылады. Профандық ғылым «заттармен» істес болады. Ал канонда үяланған заттар табиғаты туралы интуитивті білім рәміздік типтерде, типтік немесе стильдік бітімдерде, афоризмдер немесе мақалдар сияқты бір уақытта жалпы ақиқатпен қатар болмыстың қайталанбас сапасын білдіретін тұрақты айқын тұжырымдамалар бітімінде көрініс табады. Осылайша, типтік құрылым (форма) өз бойында жеке мен тұтасты, ерекше мән әдеттегіні ұштастырады; ол шегін көрсетеді және сондай-ақ жалпылықпен жалғастырады. Канон өзгерістердегі тұрақтылықтың немесе, басқаша айтсақ, жасырын жатқан асыл рухтың мәңгі сабақтастықтың куәгерлігі. Ал канон мәтіні сарқылмайтын глоссалалиядай, әр сөз айтылмағанның түпсіз тұңғиығын ашатын шексіз тармақталатын метафорадай өрбиді. Бұл метафора кеңісті-гінде, Ницше сөзімен айтсақ, тек «жоғалған түп нұсқаның көшірмелері» ғана бар, онда бұлдыр сағымнан (иллюзиядан) басқа түк жоқ. Бірақ бұлдыр сағымнан (иллюзиядан) басқа түк болмаса, онда бұлдыр сағымның (иллюзияның) өзі шын-дыққа (ақиқатқа) айналады. Бұлдыр сағымның (иллюзия-ның) жазмыштылығы мен таралымдылығы белгісіз шын-дыққа сенуге итермелейді. Жеке стратагемалардың мағынасын қаншалықты түсіндірсек те, оның мән-мағынасындағы нюанстарға қаншалықты үңілсекте, біз әрқашан кенеттен әлем туралы айтуды тоқтатуды талап ететін үнсіздік қабырғасына тірелеміз, яғни ол өзімізді әлемнен шеттеткеннен гөрі өзімізді әлемге ашуға, өмірді толыққанды қабылдауға шақырады. Енді қытайлықтардың неліктен адам тәжірибесіндегі сыртқы мен ішкіні ажыратуды ерекше талап ететіндігі, құпияны ақиқаттың ең сенімді белгісі деп қарайтындығы түсінікті болды. Олардың әскери стратегияға — par excellence жаңылыстыру өнеріне, бірақ шындық заңдарын терең білуге сүйенген жаңылыстыруға, дәлірек айтсақ бір уақытта әрі шындық, болып табылмайтын құбылмалы дүниенің екі ұштылығын терең түсінуге негізделген білімге ерекше қызығушылық танытуында түсінікті болды. Өйткені жаңылыстыру тек өтіп жатқанның шынайлығын ақырына дейін сезінген жағдайда ғана мүмін болады. Белгілі мағынада бұлдыр сағым (иллюзия) дегеніміз шындықтың (ақиқаттың) ең сенімді куәсі. Қытай библиографтары деректерде әскери өнерге арналған шамамен мың үш жүздей болатын шығармалардың бар екендігін есептеп шығарды. Ал олардың шамамен үш жүздейі ғана бізге жетті. Оның ішінде ең танымалдары «Сунь-цзы» мен «У-цзы» трактаттары. Бұл шығармалардың авторлары қырқысқан патшалықтар дәуірінде (У-ІІІ ғғ.) өмір сүрген әйгілі қолбасшылар Сунь Бин және У Ци деп саналады. Қытай дәстүрінде стратагемалардың классикалық үлгілерін қолдану көбінесе дәл осы дөуірге, ежелгі Қытайдың бірнеше мемлекеттердің қиян-кескі майдан алаңына айналған уақытына сай келеді. «Отыз алты стратагемалар» өнері туралы оқырман қауымның қол жеткізген қытайлық соңғы шығарма болып табылады. Қытайлықтардың құлшылыққа деген құмарлығын еске алып отырып, кез-келген жағдайда, кез-келген жеңу сырын ашатын бұл кітап бастапқыда ежелгі Қытайда көп таралып, үлкен ықпалға ие болған құпия ұйым мүшелері арасында таралса керек деген болжам жасауға болады. Ю Дэсюанның да осыған меңзегенін естен шығармайық. Кейін тағы бір қытай ғалымы Чжу Линь осыған ұқсас стратагемалар тізімін Үлкен ағалар (Гэлаохой) атты есіммен де белгілі болған құпия Хуньмэнь қауымының құжаттарынан да тапты. Сонымен біз ұзақ уақыт бойы, тым құрығанда бірнеше ғасырлар бойы өзі де үлкен құпия болып келген билік сырлары туралы кітаппен істес болып отырмыз. Бұл құпия кітапта жаңа қытайдың өкіметінің назарын өзіне аудартқан-да, ол көпшілікке ашуға болмайтын аса маңызды деп табылды. 1961 жылы Қытай Ұлт-Азаттық армиясының қолбасшылары «Отыз алты стратагемалардың» арнайы, немесе, қытайда «ішкі пайдалануға» деп аталатын басылымын шығарды. Тек «мәдени революция» аяқталғаннан кейін ғана Қытайда, ал содан соң онымен шектес елдерде жұмбақ мәтіннің ашық басылымдары бірінен соң бірі шыға бастады. Қазіргі кезде «Отыз алты стратагемалар» Қытай мен Гонконгтың, Тайван мен Жапонияның кітап нарығында ең әйгілі басылымдар арасында бекем орнын алды. Олар Еуропа мен Америкада да оқырман сүйіп оқитын кітапқа айналды. Ресейде Швейцария синологы X. Фон Зенгер қаламына тиесілі стратагемалар туралы кітап жарық көрді. Бірақ онда тек алғашқы 18 стратагемалар ғана қарастырылады және түпнұсқа мәтіндегі оларға берілген түсіндірмелер кездеспейді. Осы аударма сол кемшіліктердің орнын толтырады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.