Қыздар институты қандай болуы тиіс ?

Home » Рефераттар » Қыздар институты қандай болуы тиіс ?
Рефераттар Комментариев нет

Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Гүлбаршын, Құртқа, Қарашаш сияқты қазағымыздың кешегі өткен ару қыздары біздер үшін мақтаныш қана емес, үлгі-өнеге. Сұлулыққа қүштар адам өмірге де құштар болып өседі. Алайда, қазақтың асыл қыздары әңгіме бола қалса, көбіне өткен ғасырлардан мысал іздеп әуреге түсіп жатамыз. Бәлкім, дұрыс та шығар, дегенмен, ол қазіргі қазақ қыздарының ішінде ауызға алуға тұрарлығы жоқ деген сөзді меңземесе керек. Бұл орайда тек қазақ қызының шын бейнесін таныта алмай жүрген ақын-жазушы ағаларымызға өкпе айтуға тура келетін сияқты. Бірақ, менің айтпағым ол емес. Негізінен, қазақ қыздары ғана оқитын бірден-бір институтын «ЖенПИ» деп сүп-сүйкімсіз етіп атап жүрміз. Неге? Асыл аруларымыздың бірінің атын осы оқу орнына беруге болмас па еді? Аты аңызға айналар болашақ аруларымызды, қазақ қыздарымыздың түлетер орын институты тек осы ғана болуға тиіс деп ойлаймын. Сондықтан, бұл оқу орны да өз атына лайық болуы керек. Осы тұрғыда ой өрбітіп көрсек қайтеді ? Тіліміздің, салт-дәстүріміздің, жалпы мәдениетіміздің — қазіргі таңдағы хал-жайы, қоғамдағы орны жайында ой өрбіткен ма-қалаларды республика баспасөзінің бетінен жиі көруге болады. Бұл, әрине, халқымыз үшін үлкен тарихи қажеттіліктен туындап отыр. Мұның бәрі де, түптеп келгенде, ұрпақ қамы. Ал, ұрпақ қамын, оның тәлім-тәрбиесін тілге тиек еткен түста болашақ аналар жайында әңгімелей кету мүмкін емес. Себебі, халық, көпшілік жекелеген адамдардан құралады. Ендеше әрбір адам өзін халықпын, ұлтпын деп есептеуге және сол атқа титтей де көлеңке түсірмеуге, кір келтірмеуге тиіс. Әсіресе, әрбір жасөспірімнің бойында үлтымызға тән барлық қасиет болуы керек. Міне, сонда ғана біз өзіміздің елдігімізді өз дәрежесінде сақтап қала алмақпыз. Жасөспірімнің халықтық атқа лайық болып бой түзеуі қоршаған қоғамнан гөрі семья тәрбиесіне көп байланысты. Ал, семьядағы ананың рөлін дәлелдеп жатқанымыз басы артық әңгіме. Сонау патшалық Ресейдің қазақ жеріне үстемдік құрып тұрған кезеңінің өзінде, орыс миссионерлерінің бұратана халықты шоқындыруға батыл бет алған уағында да патша ағзамның адал қызметшілері бала тэрбиесіндегі, жалпы қоғамдағы әйел орнын дәл көре білген. Тәрбие басының, яғни кең даланы шоқындырудың шаңырақ астынан бастау алатындығын ашып айтпаса да, осы мақсатта жұмыс жүргізуге бел байлаған. Тарихшыларымыз айтып жүргендей, олардың қазақ қыздарына «жаны ашығандықтан» қыздар мектебін де ашқандығын сол мақсаттағы бір ғана жұмыс десек, қателеспегендігіміз.
Болашақ ана тәрбиесіне біздің халқымыз да салғырттықпен қараған емес. Қыздарының болашақ шаңырақтарының берік болуына, семьядағы негізгі тұлғаның біріне айнала білуіне қаршадай кезінен-ақ көңіл бөлген. Өткен дәуірлердегі мұндай міндеттердің, көбіне, жеңгелерге жүктелгендігі аян. Бұл мәселе қазіргі таңда қалай болып отыр? Қазақ зиялыларын ғана емес, барша халықты толғандыратын мәселенің бірі де осы. Оның шығар күндей шындық, айдай анық екендігіне, жоғарыда келтірілген екі хаттың өзін айтсақ та, жеткілікті деген ойдамыз. Қыздарымыздың қазіргі тәрбиесіне мүқият көңіл бөліп, байыппен қараған адамға оның үлдар тәрбиесінен титтей де өзгешелігі жоқтығы байқалады. Шындығы да солай. ¥лдар мен қыздар тэрбиесінің айырмашылықтарын санамалап айтып шығуға кім де болса кібіртіктеп қалады. Әрине, мүны еліміздегі етек жайған тең құқылықпен шатастыруга болмай-ды. Негізі, «Қазақ қыздарына Совет өкімеіі түсында ғана тең-дік тиді» деп айтылып қалып жататын пікірлерге қосыла кету де қиын. Ел ішінде кездесіп қалатын бірлі-жарым ғана оқиғалар болмаса, қазақ қыз-келіншектері әуел бастан-ақ еркіндікті еншілеген. Тіпті, ерлермен қатар қадам басып, ел билігіне де араласқандары жоқ емес. Алайда, ондай жандардың қайсыбірі де, бүкіл қыздарымыз да өз орнын біле білген. Ибалықтан, әдептен аттамаған. Қыздарымыздың қазіргі еркіндігі де ерек-ше. Тәрбие беру де үлдарға қарағанда көптеу болмаса, кем емес. Алайда, соңғы уақытта әдептілік, ибалық, нәзіктіктен аздап ажыратып алғандаймыз. Оның себептері қандай? Қазіргі заманымызда, шынымен-ақ? ұл мен қыз тәрбиелерінің айырмашылығы болмағаны ма? Өкінішке орай, солай болып отыр. Иә, негізгі айтар әңгімемізге де енді келгендейміз. «Қазақтың қыздар педагогикалық институты қоғам алдындағы өз міндетін атқарды. Оқимын деген қыздарға өзге педагогика институттары да жетеді. Оның үстіне, бұл оқу орны қыздардың әдептен аттап, суық жүрістерге салынудың ордасына айналып бара-ды. Қысқасы, институттың жабылатын уақыты жетті», — деген сөздер, расында да? айтылмай жүрген жоқ. Мүндай пікірдің шығуының да өзіндік себептері бар. Түкпір-түкпірдегі, алыс аудандар мен шалғай шаруашылықтардағы қазақ қыздарының көзін ашу, халықты оқу-ағартуға араластыру мақсаттарымен қиын-қыстау күндерде ашылған оқу орны, бір қараған адамға, шынында да, өз мақсат-міндеттерін, орындап үлгерген секілді. Оның үстіне, республикамыздағы мектептер мен мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелердегі 258024 педагог кадрдың 204 мың 368-і, яғни 7992 пайызы әйелдер екен. Мұның белгілі бір дәрежеде ұрпақ тәрбиесіне көлеңкесін түсіретіні де құпия емес. Соңғы уақытта ұлдар тәрбиесі әңгімеге айнала қалса, осы айтылған деректер келтірілуде. Орынды айтылып жататын ой-лардан аттап кету де қиын. Өйткені, балалар бақшасынан бастап ұл-қыздарымыз бірдей, негізінен, әйелдер қолында тәрбиеленеді. Таусылмас тірліктерден мойын бұруға мүршасы бола бермейтін әкелердің бала тәрбиесімен айналысуға уақыттары жете қоймайды. Мұны әкелер ісін ақтағандықтан емес, өмірдегі шындықты жақтағандықтан айтып отырмыз. Қысқасы, тек қана әйел тәрбиесін көріп өскен ұлдардың қыз мінездес, жасқаншақтау болып келетіні, олардың бойында ерлерге тән мінез-құлықтың кемшіндеу соғып жататыны дәлелдену үстінде. Еліміздің ертеңгі қорғамы болатын ұлдар тәрбиесі жайлы әңгіменің жөні бөлек.
Енді «қыздардың әдептен аттап, суық жүрістерге салынар ордасы» дегенге келейік. Бұл орайда, көбінесе, астанамыздағы балалар үйі (жетімхана) тілге тиек етіліп жүр. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» дегендей, некесіз бала тапқандар ішінде институт қыздарының үлесі қомақтылана көрсетілуде. Бүл айтылғандардың кімді болса да бей-жай қалдырмасы белгілі. «Қыздар педагогика институтын жабу керек» дегендер де кім біледі, күйінгендіктен айтатын шығар. Алайда, жоғарыда айтылған көлеңкелі көріністер мен күйдіргі кемшіліктердің шығу себептері неде? Одан қайтсек арыламыз? Институтты жабудан өзге жолдың болмаға-ны ма? Міне, осы тақылеттес сауалдардың жауапсыз қала беретіні қиын-ақ. Қисыны келсін-келмесін, алыпқашпа сөздердің түрліше құбылып, қаулап сала берері белгілі. Онан-мұнан деректер жинап, институтты жабу туралы әңгімелеу де қазақ қыздарына жаны ашығандық емес. Педагог кадрларының арасында әйелдер үлесі басым болып бара жатса, немесе республикамыздағы педагогика институттары көптік етіп жатса, Қыздар педагогика инс-титутына біршама өзгерістер енгізу қажет сияқты. Ол үшін ең алдымен, институттағы «педагогика» деген сөзді алып тастау керек. Жай ғана «Қыздар институты» деп атап, онда тек қана педагогтарды емес, қазіргі танда қажетті болып отырған сала мамандарын дайындап шығаратын факультеттерді де ашқан жөн. Бұл процесс, әрине, «қажетсіз» саналған факультеттерді жабу арқылы ғана жүзеге аспақ. Енді институттың қазіргі оқу-тәрбие мәселесіне келейік. Қазіргі кезде бұл оқу орнының күндізгі бөлімінде 3142 студент оқып, білім алуда. Биыл бітірушілер саны — 583. Оларды алда не күтіп түр? «Келінім -жоғары оқу орнын бітірген маман. Бірақ қолынан дұрыстап тамақ пісіру де келмейді. Осы оқуларында не оқытып-үйретеді?» деп сыр ақтарғаны бар бірде ауылдас үлкен әжейдің. Әлгі айтылған 583-тің ішінде осындай болашақ келіндердің жоқ еместігіне күмәнім бар. Өйткені, институт студенттеріне асханалық талон беріледі. Мәз болмаса да (күніне 1 сом 58 тиын-ақ!..), әзір ас-қа — тік қасық. Әйтеуір, жан қиналып жатқан жоқ. Қысқартып айтар болсақ, институт тек жақсы маман даярлап шығаруды ғана қанағат түтатын сияқты. Ал, біздіңше, қыздарға арналған жалғыз жоғары оқу орны тек маман емес, әйел, ана тәрбиелеп шығаруға тиіс. Салт-дәстүріміздің, еліміздің өркен жаюы, міне, осы шаңырақтан бастау алып жатса, құба-құп. Өйткені, маман кадрлар қатарын ұлдар есебінен де толықтыра алуымыз мүмкін, ал берік шаңыраққа негіз болатын әйелдер қатарын солардың өздерінен басқа еш нәрсемен де алмастыра алмаймыз. Сондықтан да, оқу орны тек білім беріп қоймай, өзінің негізгі мақсаты ретінде нәзіктік, сезімталдық, адалдық, әдептілік бойына сіңген қазақ қызын, болашақ ананы тәрбиелеп шығарғаны жөн. Әйтпесе, білім ғана бойына сіңген қыздардың жолы ауырлау болып қала бермек. Бұл орайда ас пісіру, киім тігу және тоқу, үлттық дәстүр деген сияқты тағы басқа әйелдер үшін қажетті дәрістерді үйірме негізінде емес, оқу бағдарламасына ендіру арқылы қыздар көкейіне қондыра білсе. Түсінікті тілмен айтар болсақ, бұл оқу орны білім алушыларды ғана емес, тұрмысқа шығушыларды да әзірлеуі керек.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.