Қызу басқыш дәрілік заттар

Home » Рефераттар » Қызу басқыш дәрілік заттар
Рефераттар Комментариев нет

Көптеген ауруларда жоғары температура организмді әлсіретіп, арықтатады, ал кейбір асқынулар кезінде тіпті өлімге душар еткізуі де мүмкін. Сондықтан да ауру тудыратын себептерді жоюмен бірге жоғары температураны да қалпына түсіру керек. Ол үшін қызу басқыш заттар — антипиретиктерді қолданған шарт. Қозу басқыш заттардың әсер ету механизмі. Әртүрлі қызу басқыш заттардың әсер ету механизмі әртүрлі болғанымен, ең негізгісі температураны реттеу қызметін қалпына келтіру болып табылады. Бұл рефлекторлы түрде (шеттік жұйкелердің орталықтары арқьшы) температураның пайда болуын азайтады. Сонымен бірге терінің қан тамырларын кеңейтіп, жылу алмасуын күшейтеді, ал кейбір антипиретиктер қан тамырларына тікелей әсер етіп, олардың диаметрін кеңейтеді. Үлкен мөлшерде қызу басқыш заттар температураны реттейтін орталықты жөне барлық жұйке жуйесін әлсіретеді.

Қызу басқыш заттардың бір тобы температураны реттейтін орталықкд әсер етуімен қатар, уытты затгарға, бактерияларға қар-сы әсер етіп, температураны көтеретін себептерді жояды. Қызу-ды басумен қатар, ауырсыну сезімділігін әлсірететін әсерін де байқауға болады. Олар температураны реттейтін орталыкқа әсер еткендей, қозған ауырсыну сезімділігінің орталығын әлсіретіп, шеттік рецепторлардың сезімталдылығын баяулатады. Антипиретиктерді екінші рет қайтара қолданғанда олардың емдік қасиеті (әсіресе анальгетикалық) әлсіреп, ал уыттылығы біршама артады. Антипиретиктер қызуы көтерілген жануарлардың ғана қызуын басады. Сау малға бұл бағытта, тек үлкен мөлшерде ғана әсер етеді, ал қызуы төмендейтін патологиялық жағдайларда, қайта қызуын көтереді. Бір қызығы, жоғары мөлшерде сау малға қолданған кезде антипиретиктер олардың ішкі секреция бездерінің кңзметін бұзып, тері пигментінің дамуын баяулатады. Бұған қарама-қарсы — қызуы көтерілген малдың қорғаныс қабілеттілігін арттырады. Ең негізгі қызу басатын заттарға парааминдіфенол, пиразолон және салицил қышқылының туындылары жатады.

Парааминдіфенол туындылары. Бензол сақинасындағы сутектің бір атомын гидроксиль тобымен (С2Н5ОН) ауыстыру қосындыларға қызу басқыштық қасиет береді. Егер бензолдағы гидроксилді топтың орнына амин тобын (анилин — C6H5*NH2) немесе амин тобы мен гидроксилді (ацетиламинофенол -C6H5(OH)*NH2 бірдей қосу, оның бүл қасиетін едәуір арттырады. Алайда, бұл қосындылар қызу басумен катар, өте уытты болып келетіндіктен, емдік мақсаттар үшін қолданылмайды. Амин тобындағы сутектің бір атомын қышқыл қалдығымен алмастыру препараттың уыттылығын төмендетіп қана қоймай, оның қызу басқыш қасиетін де күрт арттырады. Егер амин тобынан басқа гидроксил тобындағы сутекті алкогольмен (фенацетин) алмастырса препараттың уыттылығы онан әрі төмеңдейді. Бұл топтағы препараттардың әсер ету механизміне келетін болсақ, олар температураны реттейтін орталықгы әлсіретіп, қан тамырларын кеңейтеді.

Фенацетин (парацетофенетидин) — Phenacetinum. 1-этокси — 4 -ацетиламиндібензол. Түссіз, жылтыр қабыршақты кристаддар немесе ұсақ кристадды иіссіз, аздап ащы дәмі бар ұнтақ зат. Салқын судың 1400 бөлігінде, кайнап тұрған судың 70 бөлігінде және спирттің 16 бөлігінде ериді. Судағы ерітінділерінің реакциясы бейтарапты. Ұнтақ және таблеткалар түрінде (0,25 г) таза күйінде немесе кофеинмен өртүрлі арақатынаста шығарылады. Фенацетиннің қызу басатын өсері 20-30 минуттан кейін басталып, 5-6 сағатқа дейін созылады. Егер препараттың мөлшері қызу басатын әсерінен 2-3 есе көп болса, онда ауырсыну сезімділігінде басатын әсері басталады. Фенацетинді жоғары мөлшерде ұзақ уақыт қодданған кезде организмге қолайсыз әсер етеді. Бұл кезде жүректің жүмысы әлсіреп, қанда метгемоглобиндердің мөлшері кебейеді, эритроциттер ыдырай бастайды. Фенацетинді қызу басуға және ауырсыну сезімділігін әлсіретуге қолданады.

Парацетамол — Paracetamolum. Пара — Ацетаминофенол, ақ түсті қоңырқай немесе кұлгін түстес ұнтақ. Спиртте жақсы ериді, ал суда ерімейді. Қызу басатын әсері фенацетинге ұқсас болғанымен, әлсіз, әрі ұзақ болады. Керісінше, ауырсыну сезімділігін әлсірететін және қабынуға қарсы әсері басымдырақ. Уыттылығы онша емес.

Пиразолон туындылары. Пиразолон — циклінде бірінші және екінші қалыпта орналаскан екі азот бар, бес қүрамдас бөліктен тұратын гетероцикпдік байланыс. Пиразолон бірқалыпты, қысқа мерзімді антипиретикалық жене анальгетикалық әсер етеді. Егер оның молекуласына әртүрлі радикалдар қосьшса, онда оның әсері едәуір артады. Пиразолон туындьшарының өсері фенацетинге ұқсас болғанымен біршама әлсіздеу, бірақ жануарлар үшін уыттылығы аз. Бүл топтың барлық препараттарының орталық және шеттік ауырсыну сезімділігін әлсірететін қасиеті бар, ал оның кейбіреулері (анальгин) анальгетиктер ретінде де қолданылады.

Антипирин — Antipyrinum. Иіссіз, аздап ащы демі бар, ақ түсті немесе түссіз кристалды үнтақ. Судың 1 бөлігінде немесе спирттің 1,5 бөлігінде ериді. Судағы ерітінділерінің реакциясы бейтарап. Антипирин қызуды реттейтін және қан тамырларын қозғайтын орталықты әлсіретеді. Бұл температураның төмендеуіне әкеліп соғады. Антипириннің әсері қабылданғаннан соң 15-20 минуттан кейін басталып, 3-12 сағатқа дейін созылады. Ұсақ малда ол ұзақ және күшті әсер етеді. Антипирин жергілікті жерді алғашқыда аздап тітіркендіріп әсер етеді де, сонан соң ауырсыну сезімділігін әлсіретеді. Осы бағытта оны әртүрлі қабынулар кезінде, куықты, ауыз және мұрын куыстарын жуып-шаюуға (З-Ю-% ерітіндісі) қолданады. Барлық пиразолон туындылары тәрізді жергілікті жердегі қан тоқтататын әсері болатындықтан, оны паренхиматозды мүшелердің қан кетулері кезінде де қолдануға болады. Оны иттерде болатын бұлшық ет жөне буын ревматизімінде өртүрлі ауырсынуларда, күйісті малдың ішектері жүрмей қалғанда, жануарлардың невралгиялары кезінде қолдану жақсы нәтижелер береді. Антипирин үнтақ және концентрациялық ерітінді күйіңде бактериялардың өсіп-өнуін тоқгатады. Препараттың осы қасиетін және ауырсыну сезімділігін әлсірететін әсерін ескере отырып, оны ауырсыну сезімділігімен қатар жүретін жануарлардың әртүрлі ауруларын емдеу үшін қолданады.

Амидопирин — Amidopyrinum. Түссіз немесе аздап сарғыштау келген үсақ кристалды зат. Иісі жоқ, аздап ащы дәмі бар, судың 20, ал спирттің 2 бөлігінде ериді. Қызу басқыш әсері антипиринге қарағанда күштірек. Ауырсыну сезімділігін бәсендетеді. Ми және жүрек қан тамырларын кеңейтеді. Ұлпаларды қабындырмайды. Жоғары мөлшерде жиі қолданғанда мысықтар мен күйісті малдарда агранулацитоз пайда болады. Амидопиринге ұқсас бутадион және верадон деп аталатын препараттары бар.

Анальгин — Analginum. Ақ немесе аздап сарғыштау түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы (1:1,5), этил спиртінде нашар ериді, ал эфирде мүлдем ерімейді. Судағы ерітіндісі түссіз, реакциясы бейтарап. Ұзақ сақталғанда сарғаяды, бірақ өзінің активтілігін төмендетпейді. Анальгиннің ауырсыну сезімділігін өлсірететін, ревматизмге қарсы және қызуды басатын әсері бар. Жергілікті жерге оның тітіркендіргіш әсері болмайтындықган, оны парентеральды түрде жиі қолданады, әсіресе буын ревматизмін емдеу кезінде ол ауырсыну сезімділігін әлсіретіп, температураны төмендетіп, ісіктердегі экссудаттың таралып кетуіне септігін тигізеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.