Қызылорда облысы туралы мәлімет

Главная » Рефераттар » Қызылорда облысы туралы мәлімет

kyzylordinskaya_oblastЕліміздің оңтүстігінде орналасқан Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Жері 228,1 мың шаршы шақырым. Халқы — 650 мың адам. Солтүстік-батысында — Ақтөбе, солтүстігінде — Жезқазған, шығысында және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. 8 ауылдық әкімшілік ауданы, 3 қаласы, 12 қала үлгісіндегі қыстағы бар. Орталығы — Қызылорда қаласы. Облыстың аумағы батысында Арал теңізімен және шығысында Қаратаудың сілемдерімен шектеседі. Климаты тым континенттік. Қысы негізінен жұмсақ, жазы аңызақты ыстық. Климатының мұндай жағдайлары облыс жерін Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпатының қоршай орналасуы әсеріне қалыптасады. Ауаның орташа температурасы қаңтарда 7-13°С, шілдеде 26-28°С. Облыс жерімен Сырдария өзенінің 1 мың шақырымға жуық төмснгі ағысы өтеді. Егемен еліміздің халқының 4 проценті тұратын бұл өлкеде негізінен қазақтар және орыс, украин, корей, белорус: түрік т. б. жүзге тарта ұлт өкілдері өмір сүреді. Облыс жерінде әйгілі Байқоңыр ғарыш айлагы орналасқан. Алайда кереғарлық сол — адамның ақыл-ойының үздік жетістігі осылайша көрініс тауып, ғылыми-техникалық прогрестің озық тәжірибесі жүзеге асқан бұл өлкеде тағы да сол адамзаттың өзімшілдігі, бір жақты тайыз ойлаушылығы мен қомағайлығы салдарынан бір ұрпақтың көз алдында Арал сияқты үлкен теңіз жойылып, Сырдария суы мен айнала теңірек уланып, тұрғындарға зор қасірет шектіруде. Облыс жерін Батыс Қазақстан темір жолының құрамына енетін жалпы ұзындыгы 763 шақырымдық Орынбор-Ташкент темір жолының бөлігі басып өтеді. Автомобиль жолының ұзындығы 3,0 мың шақырым, оның ішінде асфальт төселгені 2,3 мың шақырым. Басты авто-магистралы: Ақтөбе — Қызылорда, Шымкент — Қызылорда, Алматы — Қызылорда әуе қатынасының ірі торабы, еліміздің ірі 19 қаласымен тұрақты байланысы бар.

.

Қызылорда облысының экономикалық-әлеуметтік жағдайы. Облыс экономикасының негізгі саласы — ауыл шаруашылығы. Оның ішінде ел ырысы атанған Сыр күрішінің үлес салмағы басым. Жалпы күріш егістігі 70 мың гектардың үстінде. Ал, соңғы кезде оның көлемі қысқарып, суды аз қажет ететін бидай, жүгері, картоп пен көкөніс жеміс-жидек, асқатықтық май өндіретін және мал азығындық дақылдар егу кеңінен қолға алынуда. Келешекте бұл өңірде өз жағдайында анағұрлым тиімді де пайдалы саналатын егіншілік салаларын тұрақты бағыт ұсталмақшы. Елді мекендерде диірме наубайхана мен өсімдік майын, шұжық, кәмпит, шарап шығаратын, тері илеп, тон тігетін, тұрмыстық бұйымдар өндіретін цехтардың, шағын ұқсатушы кәсіпорындардың қатары артып келеді. Ұлттық қолөнерді күшті қарқынмен жандандыруға жаппай бетбұрыс жасалды. Жеке қожалықтар мен еңбек ұжымдары азық-түлік өндіру және нарықтық қатынастарды игеруге кірісті. Сөйтіп, өзін-өзі қамтамасыз ету бүкілхалықтық іске айналып отыр. Сырдың жері қашаннан-ақ малды өңір. Қызылқұм мен Қарақұмның қойнауында, Сарысу мен Бетпақдала жазығында, Қаратаудың құнарлы баурайында төрт түлік мал мен бағалы аң-құстың бәрі өседі. Оның ішінде қаракөл қойын көптеп өсіру өндірістік негізге қойылған. Еркін дамуына жағдай туғызып, тиісті қамқорлық көрсету жеке азаматтардың қарауындағы мал басының жедел артуына оң ықпалын тигізуде. Алайда, өмірлік ақиқат сол негізінен аграрлы сипатта болып, өнеркәсібінің өз дәрежесінде өркендемеуі Қызылорда облысы экономикасының артта қалуының басты себебіне айналып отыр. Бұл тұйықтан шығу үшін облыс әкімшілігі өңірді қуатты индустриялы-аграрлы аймаққа айналдыру міндетін қолға алды. Ол үшін мұнда қолайлы потенциалды мүмкіндік те, жер байлығы да, оілікті кадрлар да жеткілікті. Мысалы, қазірдің өзінде облыс республикада өндірілетін күріштің 70, ас тұзының 60 процентін қатырма қағаз өнімдерінің жартысына жуығын шығарады. Жеңіл өнеркәсіп тәп-тәуір қанат жайған. Мұнай-газ және қорғасын-мырыш кеніштері игерілуде. Қызылорда облысының жер қойнауы зәру табиғи қазба байлықтарға тұнып тұр. Мұнай шикізатының 300-350 млн. тонна, газдың 80-100 млрд. текше метр мөлшердегі қорына барлау жасалды. Жаңа кен көздерін ашудың жақсы болашағының бар екендігі анықталып, қошқыл көмір мен жанғыш тақта тас орындары табылып отыр. Темір тастың, фосфориттің, молибден-ваннадий және циркон-титан кендерінің, шыны оисркәсібі үшін жоғары сапалы кварц құмының, әр алуан қүры-ль с материалдарының қоры жеткілікті. Жеріміз алтын мен кұміске де кенде емес деген болжам бар. Мол байлықты ел игілігіне айналдыру мақсатында қазірдің өзінде өнеркәсіптің мүлде жаңа мұнай-газ, тау-кен электроника сулары құрылып, дамытылуда. Аталған бағытта, әсіресе, жақын арада дербес шаңырақ көтерген «Оңтүстік мұнай-газ» бірлестігі пәрменді жұмыс атқаруда. Оған шетел қаржысы тартылып, Канада және Германия фирмаларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Түсті металл өндіретін Шалқия кеніші және № 6 кен басқармасының келешегінен үміт мол. Облыстың болашағы осы кешендердің қызметімен тығыз сабақтас.
Облыс әкімшілігі мен республика Көлік министрлігінің арасындағы келісім-шарт теміржолдың қызметінде ауқымды да сапалы бетбұрысқа жол ашты. Кәсіпорындарды қайтадан кәсіби бағдарлау арқылы мұнда бүкіл Қазақстанның теміржол көлігінің индустриялық базасы жасалуда. Өмірдің барлық саласын қамтыған жекешелендіру процесі — нарықтық қатынастарды игеруге, сауданың үрдіс өркендеуіне жол ашады. Адамдардың денінің сау болуы салауатты тұрмыс кешуі үшін ең бірінші кезекте медициналық мекемелер мен спорт кешендерінің қатарын көбейтіп, жұмысын сапалы жолға қоюға жанашырлықпен көңіл бөлінеді. Әсіресе, бұл осы экологиялық апат аймағындағы облыс үшін өте-мөте маңызды да көкейкесті жайт. Облыста өмірлік дамудың барлық саласын қамтитың, жан-жақты тұжырымдалып жасалған нақтылы бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Қызылорда облысының рухани-мәдени дамуы. Қазіргі уақыттың қиыншылықтары қаншама аяққа оралғы болғанымен, рухани дамуда бұрыннан еншілеген жетістіктерді одан әрі жалғастырып, өркениетті елдердің деңгейіне көтерілуге бағыт ұсталуда. Облыстағы 289 мектепке дейінгі мекеме, 287 мектеп, 16 кәсіптік-техникалық училище: 7 арнаулы орта, 2 жоғары оқу орындары және жаңадан ашылған факультеттер, бөлімдер, колледж, гимназия, лицейлер сол ұлы мақсатқа қызмет етеді. Сыр өңірі ежелден-ақ тарихқа бай. Мұнда 504 сәулет, қазба және мәдениет ескерткіштері бар. Оның ішінде 21-і республикалық маңызға ие. Осынау ұлағатты мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізіп, одан татымды тағылым үйрену және елдің Қорқыт Атадан бастау алатын ірі тұлғаларының баршасына лайықты ықылас-құрмет көрсету ұдайы назарда ұсталуда. Облыс тарихы «Мемлекеттік идеологияның өзекті мәселелері» (Алматы, Атамұра», 1994. — 160 бет) деген кітапта жазылды. «Сыр өңірі» атты деректі фильм түсірілді. 1941-1945 жылдардағы соғыста бейбіт өмір үшін құрбан болған арыстарымызды есте қалдыруға арналған «Боздақтар» кітабының шығуы да адамшылық парыздың шағын ғана өтеуі. Бұл өңірді мекендейтін жүзге тарта ұлт өкілдерінің баршасының өнері мен мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі саусақтың саласындай қатар өсіп жетіліп келеді. Сырдың елі — жырдың елі. Мұнда небір аузымен құс тістеген күміс көмей жыршы, жырау, термеші, ақын, шайыр, Сыр сүлейлері және әдебиетіміздің заңғар алыптары дүниеге келген. Өнер мен мәдениеттің мерейінің үстем болуына облыстағы драма театры филармония, ондаған мәдениет ошақтарының қызметі және бүкілхалықтық сипатта ұйымдасгырылатын «Наурыз», «Алтын дән», «Тіл мерекесі». «Гүл мерекесі» секілді бүкілхалықтық мейрамдар игі ықпал жасауда. «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері, жергілікті радио мен басқа ақпарат құралдары жұртшылық көкейіндегі толғақты мәселелерді көтеріп, адамдардың рухани танымдық, ақпараттық сұранысын қанағаттаңдыруға қызмет етеді. Қызылорда облысының өз теледидарының дүниеге келуі де мәдени өмірдегі елеулі оқиға болды.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.