Зат алмасу. Энергия алу типтері

Home » Рефераттар » Зат алмасу. Энергия алу типтері
Рефераттар Комментариев нет

Зат алмасу дегеніміз – бұл ағза мен қоршаған орта арасында өтетін заттардың түсу және бөліп шығару тұрақты үдерісі. Ғаламшарда өмір сүретін тірі ағзалардың барлығының, тіпті вирустардың денесі қоршаған ортадан алынатын химиялық құрам бөліктерден құралады.

Өзіне меншікті ағзалық заттарды синтездеу жөне ағза ішіндегі тұрақты химиялық құрамдас, температураны және басқа көрсеткіштерді сақтап қалу үшін энергия қажет. Тіпті бір жасушаның сіңіру және бөліп шығару үдерісіне энергия керек. Сондықтан ағза қоршаған ортадан заттарды тұтыну үдерісінен басқа энергияны да тұтынуы тиісті.

Зат алмасуға байланысты барлық жиынтық үдерістер метаболизм деп аталады. Өйткені зат алмасуға химиялық құрамбөлікті — заттар да, сондай-ақ түбегейлі өзгеру де, энергияның өзара өзгеруі де қосылады. Оны үйлесімді энергетикалық алмасуға бөледі. Кейде энергетикалық алмасу үдерісін катаболизм немесе диссимиляция деп атайды. Катаболизм (диссимиляция) ұғымы ағзаның энергия алу мен оны тіршілікке жұмсау үдерістеріне біріктіреді. Қарама-қарсы ұғым — үйлесімді алмасу, оны анаболизм немесе ассимиляция терминдерімен белгілейді. Бұл ұғымдар заттарды тұтыну, олардың меншікті ағза заттарында түбегейлі өзгеру және содан соңғы жи-налу үдерістерін біріктіреді. Яғни ассимиляция немесе анаболизм дегеніміз тағамның химиялық құрамболіктерінен меншікті ағза заттарын синтездеуге және жинақтауға бағытталған реакциялар болып табылады.

Алайда анаболизм жөне катаболизмге шартты түрде болінеді. Өйткені шынында тағамдық заттардың энергиясы ретінде тірі жүйеге қосылған сәттен бастап бұл ұғымдарды шектеу мүмкін емес. Энергия тірі жүйелерде негізінде ағзаны құрайтын АТФ құрамбеліктері мен басқа ағзалық заттар арасындағы химиялық байланыстар түрінде қатысады. Энергия жылықандыларда (құстар және сүтқоректілер) ағзалардан жылу түрінде; электрлі жұпбалық сияқты ағзаларда механикалық қозғалыс энергиясы немесе биосәулеленетін ағзаларда (жарқырауық қоңыздар, кейбір балықтар, медузалар және саңырауқұлақтар) жарық энергиясы түрінде бөлінеді. Сонымен бірге ағзалардың көпшілігінде химиялық энергия және тіршілік үдерісінде жоғалатын, ағза денесін құрайтын заттар түріндегі энергия бөлінеді. Мұның түскен жапырақ, түлеген тері, шаш, қабыршақтанған тырнақ түрінде, жыл сайын тастайтын кейбір бұғы түрлерінің мүйізі, түлеу кезінде буынаяқтылардың және жорғалаушылардың алмастыратын жабыны түрінде, т.б. болуы мүмкін.

Энергия тірі жүйелерге үш түрлі жолмен түсе алады. Олар: 1) қоректік заттардың — нәруыздар, майлар және көмірсулардың химиялық энергиясы түрінде; 2) күн энергиясы түрінде; 3) бейағзалық заттардың химиялық энергиясы түрінде түседі. Осы негізде барлық тірі ағзаларды гетеротрофтар, фототрофтар жөне хемотрофтар  бөледі.

Тағы бір маңызды топтама — тірі ағзалардың бейағзалық заттардан ағзалы заттарды синтездеуге бейімдігі. Яғни олардың көмірқышқыл газдан, судан жөне құрамында азоты бар қосылыстардан нәруыз, май және көмірсуларды ала ала ма, жоқ па? Осының негізінде барлық тірі азғаларды екі үлкен топқа: автотрофты жене гетеротрофты топтарға бөледі.

Автотрофтар латыншадан аударғанда — өздігінен қоректену (авто — дербес (өз бетімен), трофос — қоректену) дегенді білдіреді. Бұл ағзалар даяр ағзалы заттарға зәру емес. Яғни «автотрофтар» терминін латыншадан еркін аударғанда «азықтандыруды қажетсінбейтін, асқа мұқтаж емес ағза» дегенді пайымдайды. Автотрофтар жай бейағзалық заттардан нәруыздарды, майларды және көмірсуларды өз бетімен синтездей алады. Автотрофтардың барлығы энергия-ны нәруыздан, майлардан және көмірсулардан алмайды. Олар фототрофтарға жөне хемотрофторға бөлінеді. Фототрофтар немесе фотосинтездеушілер энергияны фотосинтез кезінде күн жарығынан алады. Мұның барлығы жасыл өсімдіктер (паразиттерден басқа) жэне көкжасыл балдырлар — цианбактериялар. Хемотрофтар немесе хемосинтетиктер хемосинтез жолымен бейағзалық заттардың химиялық энергиясын пайдаланады. Тек қана хемосинтездеуші бактериялар хемотрофтар болуы мүмкін.

Гетеротрофтар латыншадан аударғанда «басқалармен қоректенушілер» зат алмасу (гетеро — басқа, әр түрлі, трофос — қоректену) дегенді білдіреді. Бұл — бейағзалық заттардан ағзалық заттарды синтездей алмайтын ағзалар. Олар меншікті заттарын синтездеу үшін де, энергия алу үшін де даяр ағзалық заттарға — нәруыздар, майлар және көмірсулы азыққа зәру. Гетеротрофтарға барлық саңырауқұлақтар мен жануарлар, көптеген бактериялар, мысалы, шіріткіш бактерия-лар мен паразит өсімдіктер жатады. Дәлірек айтқанда гетеротрофтар мен хемосинтетиктерді химиялық энергия пайдаланатын ағзалар тобына біріктіруге болады. Мұндағы айырмашылық жануарлар, саңырауқұлақтар, сапрофитті және пара-зит бактериялар бұл энергияны ағзалық заттардан алады. Яғни олар басқа ағзаларды жейді не солардың қалдықтары мен бөлінділерін қорек етеді. Ал хемосинтездеуші бактериялар энергияны бейағзалық заттардан алады, көбінесе басқа тіршілік иелерімен көршілес болуды қажетсінеді.

Фотосинтез — бұл көмірқышқыл газ және судан жарық энергиясы есебінде ағзалық заттар синтездеу үдерісі. Фотосинтезді іске асырушы ағзалардың барлығының құрамында міндетті түрде арнайы пигменттер болуы қажет. Бұл — көбінесе хлорофилл, алайда ағзаларда әдетте қосалқы пигменттер де қатысады. Ал қызыл, қоңыр балдырларда және кейбір цианбактерияларда хлорофилден гөрі қосымша пигменттер көбірек болады. Фотосинтез кезінде көбінесе оттегі бөлінеді. Барлық өсімдіктер мен көптеген цианбактерияларда осылай іске асады. Фотосинтез үдерісінде судың орнына күкіртті пайдаланатын кейбір фотосинтездеуші бактерияларда бұл ереже өзгеше жүреді.

Хемосинтез — бұл энергияны химиялық қосылыстардан алатын үдеріс. Алайда термин «хемосинтез» бейағзалық заттар тотыққан кезде бөлінетін энергияны пайдаланатын үдеріс болып табылады. Топырақ микроорганизмдерімен өткізілген төжірибелерде бейағзалық заттарды қорек түрінде пайдалана алатын бактериялардың әлдебір класының өмір сүретінін дәлелдеу үшін осы үдеріс пайдаланылды.

Гетеротрофты ағзалар энергияны тағаммен бірге түсетін ағзалық заттарды оттегі әсерімен көмірқышқыл газ және суға ыдырату кезінде алады.

Гетеротрофтар тірі немесе өлі ағзатекті тұтынуына байланыс-ты сапрофиттер, шөпқоректілер, жыртқыштар немесе пара-зиттер болып бөлінеді. Тіршілік иелерінің қалдықтары немесе бөлінділерімен қоректенетін ағзалар сапрофиттер немесе сапротроф-тар деп аталады. Олар өлексені, шіріген ағзалық заттарды және топырақ қарашірігін жей алады. Оларға зең саңырауқұлақтары, топырақ, сүтқышқылдық және шіріткіш бактериялар, көң қоңыздар, шұбалшаңдар, тазқаралар, шибөрілер және т.б. жатады.

Өсімдікқоректілер — өсімдіктермен қоректенетін, алайда паразиттік етпейтін ағзалар. Бұған барлық тұяқтылар, кеміруші-лердің көпшілігі және т.б. жатады.

Паразиттер дегеніміз басқа тіршілік иелерінің ұлпасымен қоректенетін ағзалар. Ауру тудыратын микроорганизмдерге: паразит құрттар, масалар, бүргелер, саңырауқұлақтар (қастауыш, теміреткі, т.б.) жатады. Арамсояу, сұңғылалар — паразит өсімдіктер болып есептелінеді. Жыртқыштар мен паразиттер арасындағы айырмашылық — паразиттер қоректік ағзаны дереу өлтірмейді. Па-разит ағза — иесімен неғұрлым ұзақ бірге тұрса, паразитке соғұрлым жайлырақ болады. Өйткені иесі өліп қалса, паразиттің де өлуі мүмкін немесе бұл аралық ие болмай, негізгі ие болған жағдайда жаңадан ие іздеуге тура келеді. Паразиттерден айырмашылығы — жыртқыштар ез қорегін лезде өлтіреді. Сондықтан «ие» сияқты терминдердің лексикалық мөні барынша алуан түрлі қолданылады. Дегенмен кейбір ғалымдар паразиттік тіршілікті жыртқыштықтың ерекше түрі ретінде пайымдайды.

Тірі ағзалар энергияны барлық алуан түрлі амалдармен алуына қарамастан, олардың барлығы бұл энергияны тіршілік үдерістерін сақтау үшін пайдаланады. Энергия көзі неғұрлым қолжетімді және мол болса, ағзалардың ұзақ эволюциялық уақыт ағымында сақталып қалуына мүмкіншілік көбірек болады. Фотосинтездеуші және хемо-синтездеуші бактериялар біздің ғаламшарымызда 4 миллионға жуық жылдар бойы өмір сүруде.

Тақырып бойынша қорытынды

  1. Тірі ағзалардың барлығы қоршаған ортадан химиялық заттар мен энергия алады. Ағза мен қоршаған орта арасындағы зат алмасу үдерісі метаболизм деп аталады.
  2. Заттарды тұтыну, олардан меншікті заттар құрамбөліктерін синтездеп, жинақтау үйлесімді алмасу, ассимиляция немесе ана-болизм деп аталады. Энергия алу жене пайдалану мақсатында заттардың ыдырау үдерісі энергетикалық алмасу, диссимиляция немесе катаболизм деп аталады.
  3. Даяр ағзаларды қажет етуші ағзалардың барлығы гетеротроф-тар деп аталады. Олар бейағзалық заттардан өздігінен заттар синтез-дей алмайды да, азықтағы нәруыздарды, майларды және көмірсу-ларды энергия көзі және өз денесін құрайтын құрылыс материалы ретінде пайдаланады.
  4. Автотрофтар дегеніміз — қарапайым бейағзалық заттардан нәруыздар, майлар жөне көмірсуларды өздігінен синтездей ала-тын ағзалар. Автотрофтардың барлығы энергияны не фотосинтез есебінде күн жарығынан, не хемосинтез есебінде бейағзалық зат-тардан алады.
  5. Барлық жасыл өсімдіктер және цианбактериялар фототрофтар-ға немесе фотосинтетиктерге жатады. Хемотрофтар немесе хемосин-тетиктерге тек қана хемотрофты бактериялар жатады. Фотосинтез және хемосинтезге бейім емес жануарлар, саңырауқұлақтар және бактериялар гетеротрофтарға жатады. Гетеротрофтарды сапрофиттерге, паразиттерге, жыртқыштарға және өсімдікқоректілерге бөлуге болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.