Өзбекстандағы қазақтар

Home » Рефераттар » Өзбекстандағы қазақтар
Рефераттар Комментариев нет

flag_uzbekistan_enlҚазақтар ең көп орналасқан елдердің бірі — Өзбекстан Республикасы. Қазір бұл елде 1,5 миллионнан астам қазақтар тұрады. Олардың ең көбі (350 мыңдай) Қарақалпақстан автономиялы Республикасында орналасқан. Сондай-ақ Ташкент, Жызақ, Бұқара, Науаи сияқты облыстарда тұтас ауыл, аудан болып отырған қазақтар баршылық. Бұл ағайындардың қазіргі кезде ұлттық рухани-мәдени жағдайы жаман емес деп айтуға болады. Ең алдымен, Өзбекстанда қазақ мектептері әзірге баршылық. «Нұрлы жол» атты қазақ тілінде республикалық газет шығады. Өзбек теледидарынан «Замандас» атты қазақша хабар соңғы уақытта тұрақты көрсетіле бастады. «Асыл мұра» атты қазақша кітаптар шығаратын арнайы редакция бар. Нүкісте «Бес қала» атты қазақ театры, Бостандық ауданында қазақ музыкалық комедия театры ашылған. Бірнеше педагогикалық институтта қазақ тілі мен әдебиеттің бөлімі шәкірттер тәрбиелейді. Жыл сайын Өзбекстандағы қазақ ақындарының халықаралық айтысы да жүйелі түрде өткізіліп тұрады, басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылады. Бұл жүмыстардың негізгі ұйтқыларының бірі — Өзбекстандағы республикалық қазақ мәдени орталығы. Мәдени орталық Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеуінен өтіп, заңды ұйым құқығын иеленген. Дегенмен, Өзбекстан қазақтарының ұлт ретінде болашақ өсіп-өркендеуінде, Қазақстанмен 67d4eb221921байланыс жасауында соңғы уақытта біраз өзекті мәселелер бой көтере бастады. Бұл өзекті мәселелердің ең бастысы — оқу-білім саласы. Бұрын Өзбекстандағы қазақ мектептерінде оқыту жүйесі Қазақстандағы оқу бағдарламасына сәйкес жүргізілетін. Өзбекстандағы қазақ мектептерінде ұстаз кадрлар, оқу құралдары Қазақстаннан керегінше жіберіліп тұратын. Өзбекстан қазақтарының Қазақстанға келіп білім алуында ешқандай кедергі жоқ еді. Ал қазір осының бәрі үлкен қиындықтарға айналып отыр. Біріншіден, Өзбекстанда білім берудің өзінше бағдарламасы бар, Қазақстанға ұқсамайды. Латын жазуына да көшу қызу жүргізілуде. Соған орай Өзбекстандағы қазақ мектептерінің оқыту бағдарламасы Қазақстандағыдан жыл өткен сайын алшақтап барады. Сондықтан Өзбекстандағы қазақ мектебін бітіргендер Қазақстанның оқу орындарына түсе алмауы әбден мүмкін. Түскен күнде де біздегі жоғары оқу орындарының дипломы Өзбекстаңға жарамайтын болып отыр. Өзбекстанда тест бойынша қазақша қабылдау емтиханынан өту де киын. Міне осының нәтижесінде Өзбекстанда қазақша мектеп бітіргендер Қазақстанның да, Өзбекстанның да оқу орындарына түсуге жарамай, айдалада қалайын деп тұр. Мұның өзі келе-келе photo_63792Өзбекстандағы қазақ мектептерініңң жабылуына әкеліп соғуы анық. Қазақ мектептерінің күрт азаюы осының салдары және де Өзбекстандағы қазақ мектептеріңде ұстаз кадрлары мен оқушыларының көрнекі құралдардың, қазақша қөркем әдебиеттердің жеткіліксіз болуы да бұл республикадағы казақтар үшін күрделі мәселеге айналған. Сондай-ақ Өзбекстанның орта және жоғары оқу орындарың бітіргендердің құжаттарын нострификациялау қажет деген ереже шықты. Бұл да төтенше қиындық тудырып отыр. Соған орай ҚР Білім және ғылым министрлігі Өзбекстандағы өз әрекеттерімен осындай мәселелер жөнінде келісім-шарт жасасуы қажет.

Өзбекстаңдағы қазақтардың екінші бір мәселесі — акпарат құралдарына байланысты. Бұрынғы кезде Қазақстаннан шығатын газет-журналдар Өзбекстанға сан мыңдап тарайтын. Қазіргі кезде Қазақстан басылымдары Өзбекстандағы баспа-сөзге жазылу каталогына кірмейді. Соған орай Өзбекстанда оларды жаздыртып алу мүмкін емес. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Өзбекстан республикалық қазақ мәдени орталығы арқылы газет-журналдар, кітаптар таратуды үзбей 888871bed634f1186bcce54df77e85eaжүзеге асырып келеді. Кейбір жеке кісілер де Өзбекстанға қазақша басылымдар, кітап апарып сатуға әрекеттенуде. Бірақ, екі ел арасында ақша өткізудің күрделілігі және Қазақстандағы басылымдардың Өзбекстандағы жағдаймен салыстырғаңда біраз қымбаттығы бұл талаптың ілгері басып кетуіне кедергі келтіруде. Бұрын Өзбекстанға Қазақстанның жоғары оқу орындары арнайы комиссия жіберіп, абитуренттер қабылдайтын еді. Қазір бұл тоқтады. Мұның өзі Өзбекстандағы сан мыңдаған қазақ жастарының Қазақстанға келіп окуын біржолата тоқтатуына себеп болып отыр. Бұл қазақ халқының болашағына үлкен зиянын тигізер жағдай. Жасыратыны жоқ, осы қалпымен тұра берсе, Өзбеқстандағы қазақтардың уақыт өте өз ана тілін, ұлттық ерекшелігін жоғалтуы әбден мүмкін. Тағы бір атап өтетін жағдай, Өзбекстанда, әсіресе, соңғы кездері қазақ кадрларына деген көзқарас та өзгере бастады. Жалпы, Өзбекстанда оқыған азаматтар да, ақын-жазушылар да, ғалымдар да, түрлі басқару органдарында еңбек еткен азаматтар да аз емес. Социалистік Еңбек ерлері, ғылым докторлары, Республика Ғылым академиясының корреспондент-мүшелері, белгілі акын-жазушылар баршылық. Жалпы екі ел арасында кейінгі кезде сәл ғана салқындық, түсініспеуішлік қандастарымызға зиянын тигізбесе екен.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.