Жүйке (нерв) физиологиясы

Главная » Рефераттар » Жүйке (нерв) физиологиясы

Жүйке жүйенің реттеуші қызметінің арқасында, организм әрекеті сыртқы орта жағдайына сәйкес бейімделе өзгеріп, қоршаған орта мен организм арасында өзара байланыс, сәйкестік қалыптасады.

Жүйкенің құрылысы және жіктелуі. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлендіру (трофикалық) қызметін атқарады. Жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік (функционалдық) негізі нейрон болып табылады. Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінен тұратын құрылымды айтады. Нейронның ядролы тұлғасы және одан жан-жаққа тарайтын көптеген өсінділері болады. Соңғылар денриттер — қысқа өсінділер және аксон — ұзын өсінді болып бөлінеді. Әр нейронда бірнеше дендрит жэне жалғыз нейрит болады. Дендриттер сырттан келетін тітіркеністерді өз үштарымен қабылдап, нейрон денесіне өткізетін өсінділер. Аксон — нейрон денесінде пай-да болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттеріне немесе атқарушы органға өткізетін өсінді. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйкеге (нервке) айналады. Жүйке организмдегі телефон кабелі іспеттес қүрылым. Олардың негізгі қызметі — тітіркеністі (импульсті) өткізу. Тітіркеніс деп тітіркендіру нәтижесінде туған жүйкелік процесті айтады. Бір жүйке құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады. Демек, жүйке жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Мысалы, тек көру жүйкесі қүрамында 1 млн 200 мың жүйке талшықтары болатын көрінеді. Құрылысы жағынан жүйке паранхималық құрылым. Ол екі құрамадан — стромадан (төсеміктен) және паренхимадан (ішкі ұлпадан) тұрады. Жүйке паренхимасын оның құрамына енетін жүйке талшықтары құрайды. Ал, оларды бір-бірімен біріктіріп тұратын борпылдақ және дәнекер ұлпа жүйкенің стромасын түзеді. Жүйкені сыртынан қоршап түратын дәнекер ұлпаны — эндоневрий, ал оларды бір-бірімен байланыстырып, талшықтар будасын құрайтын дэнекер үлпаны — периневрий және осы талшықтар будаларын бір-бірімен байланыстырып, сыртынан қоршай келе жүйкеге айналдыратын дәнекер ұлпаны — эпиневрий деп атайды.

Құрылым ерекшеліктеріне қарай жүйкелер үлпекті (миелинді) жэне үлпексіз (миелинсіз) болып бөлінеді. Миелинді жүйке талшықтары жуандау, олардың диаметрі 1-25 мкм шамасында болады да, миеленсіз талшықтар жіңішке (0,5-2,0 мкм) келеді. Миелинді талшықтар миелин және шван қабықтарымен қапталған, ал миелинсіз талшықтарда тек шван қабығы болады. Миелинді талшықтың ортаңғы цилиндрі — оқтығы болады да, оның айналасында миелин қабығы және тізбектеле Шван торшалары орналасады. Миелин қабығы электр изоляторы рөлін және нәрлендіру қызметін атқарады. Шван қабығы біртұтас құрылым емес, оның тіркес жатқан екі торшаларының арасы қылталана үзіліп, Ранвъе үзілімін — қылтасын құрайды.

.

Орталық цилиндр ішінде өте жіңішке (диаметрі 10-40 нм) бойлай орналасқан нейрофибриллалар мен микротүтікшелер жэне аксоплазма болады. Аксоплазмада көп мөлшерде митохондриялар, микросомалар және тасымалдаушы филаменттер орналасады. Соңғы құрылымдар актин белогынан, ал нейрофибриллалар мен микротүтікшелер — миозиннен құрылған. Құрылысы мен қызметіне қарай миелинді жүйке талшықтары үш топқа — А, В, С, бөлінеді. А тобының талшықтары жуан, диаметрі 4-20 мкм шамасында болады. Бұл топқа қаңқа еттерінің қозғалтқыш жүйке талшықтары мен жанасу, қысым және ет пен буын рецепторларынан басталатын орталыққа тепкіш жүйке талшықтары жатады. В тобы диаметрі 3 мкм шамасындағы жіңішке талшықтар. Бұл топқа афференттік талшықтар мен вегетативтік жүйкелер талшығы жатады. С тобының талшықтары жұқа миелин қабығымен қапталған. Олардың диаметрі 2 мкм шамасында. Бұл топқа ауырсыну мен температура әсерін өткізетін афференттік талшықтар жатады.

Жүйке талшықтарының құрамалары әртүрлі қызмет атқарады. Жүйке импульстерінің туындауы мен таралуын орталық цилиндрдің плазмалық мембранасы қамтамасыз етеді. Миелинді қабық электр изоляторының және нәр беру қызметін атқарады. Ол қозу толқынын орталық цилиндр мембранасының ұзына бойында туындатпай, тек Ранвье үзілімдерінде ғана тудырып отырады. Миелин қабығының нәрлендіруші қызметі оның орталық цилиндрдегі зат алмасу процесіне қатысатын физиологиялық белсенді заттарды түзуімен байланысты. Нейрофибриллалар, микротүтікшелер және тасымалдаушы филаменттер әртүрлі заттарды (белоктарды), торшаның кейбір қосындыларын митохондрияларды жүйке талшықтары бойымен нейрон денесінен рецепторларға және кері бағытта тасымалдау процесіне қатысады.

.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері

Жүйке талшықтарына қозғыштық, құбылмалылық, қозу толқынын даралап және қос бағытта өткізу тағы басқа қасиеттер тән. Қозғыштық. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда, қозғыш келеді. Мәселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы 0,05-0,2 мс болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. созылады. Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда, шапшаң пайда болып, тез өшеді. Демек, шеткі жүйкелерде қозу толқыны аз ғана уақытқа созылады, сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал оптимальдық ырғақ секундына 10-12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін максимальдық ырғақ секундына 300-500 тітіркеніс болеа, оптималдық ырғақ 100-175 тітіркеніс шамасында. Миелинді жүйкелердің лабильділігі миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мысалы, миелинді жүйке талшықтары секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады.

.

Қозуды жеке-дара өткізу. Әрбір жүйке көптеген талшықтардың құралған, бірақ қозу импульсін әрбір талшық жеке-дара өткізеді, іргелес жатқан талшыққа таратпайды. Осымен байланысты жүйке импульсі тек қозған талшықпен түйісетін құрылымға ғана беріледі. Жүйкенің бұл қасиеті миелин қабығының болуымен байланысты. Жүйкенің өткізгіштігі неғүрлым жоғары болса, оның миелин қабығы соғүрлым қалың келеді. Оның себебі қозуды өткізу жылдамдығы жоғарылаған сайын, эрекет тогының күші арта түседі. Миелинсіз талшықтарда қозу толқыны баяу таралады, әрекет потенциалы элсіз болады. Жүйке талшығының қабығы жүқа болғанының өзінде жүйке талшығын қоршап жатқан сүйықтың кедергісінің төмендігімен байланысты қозу толқыны дараланып өткізіледі. Бұл жағдайда айналмалы токтың негізгі тұзақтары қатар жатқан талшыққа берілмей, талшықаралық саңылаудағы сүйық арқылы өтіп отырады.

Тұтастық зандылығы. Қозу импульсі жүйке талшықтарымен оның анатомиялық тұтастығы мен талшық мембранасының қалыпты функционалдық белсенділігі сақталған жағдайда ғана өткізіледі. Жүйке талшықтарын механикалық жолмен зақымдау немесе натрий арналарын арнаулы заттармен тығындау (блокадалау) жүйкенің өткізгіштік қасиетін жояды. Қозуды қос бағытта өткізу. Қалыпты жағдайда жүйкенің қозған учаскесінде рефрактерлік құбылыстың дамуымен байланысты қозу толқыны кері бағытта таралмайды. Дегенмен, аксонның қозғыштығы жоғары (триггерлік) бастапқы сегменттерінде қозу толқыны қос бағытта — аксон ұшына және нейрон денесіне қарай таралады. Жүйкедегі зат алмасу Жүйке талшықтарындағы қозудың жалпылама белгілерінің бірі — зат алмасу процесінің күшеюі. Қозған жүйкеде оттегі шығыны артып, көмір қышқыл газы көп бөлінеді, энергияға бай фосфорлы қосылыстардың (АТФ, КФ) шығыны артып, сүт қышқылының, аммиактың түзілуі көбейеді. Қозу салдарынан аксон үшында медиаторлар бөлінеді, жылу түзу қарқыны орта есеппен 20-30 пайызға артады. Бірақ жалпы алғанда, қозу үстіндегі талшықтар онша көп энергия шығындамайды. Ол энергияны тек натрий — калийлік сораптың жүмысын қамтамасыз ету үшін ғана пайдаланады.

Жүйкенің қажымауы. Жүйке қалыпты жағдайда қажымайды. Оның себебі зат алмасу процесі қарқынының төмен болуында және қайта синтездеу процестерінің шапшаң жүруінде. Н. Е. Вве-денский бірнеше сағат бойына жүйкені ырғақты тітіркендіргеннің өзінде оның қозуды өткізу қабілетінің жоғалмайтынын, демек жүйкенің баяу қажитынын дәлелдеген. Жүйкенің қажымау себебінің бірі — оның лабильділігінің жоғарылығында. Қалыпты жағдайда жүйке торшалары секундына 50-100 импульс тудырып үлгерсе, жүйке талшықтары одан әлдеқайда көп импульстерді өткізіп үлгеруге бейімделген.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.