Жүйке жүйесінің нәрлендіруші (трофикалық) қызметі

Home » Рефераттар » Жүйке жүйесінің нәрлендіруші (трофикалық) қызметі
Рефераттар Комментариев нет

Жүйке жүйесінің орталық немесе шеткі бөлімі зақымдалса, әркез ұлпаның нәрленуі бұзылады. Оның салдарынан ет семеді, түктің өсуі нашарлайды, кілегейлі қабықта, теріде әртүрлі жаралар, т.б. ауытқулар байқалады. Осымен байланысты жүйке жүйесінің, нэрлендіруші әсері жайлы мағлұматтар біртіндеп жеке органдар мен ұлпалардағы зат алмасу қарқынын реттейтін ерекше жүйке талшықтары — нәрлендіруші жүйкелер, жайлы ұғымға ұласты. Өткен ғасырдың ортасына дейін дәрігерлер мен физиологтар арнаулы нәрлендіруші жүйке талшықтары болады деген болжамда болды. Дегенмен, ондай жүйкелерді іздеу толық нәтиже бермеді, арнаулы нәрлендіруші жүйкелер табылмады. Осымен байланысты бірнеше жылдар бойына нэрлендіруші жүйке жайлы қағида ұмыт болды. Тек И. П. Павлов зерттеулері нәрлендіруші жүйке жайлы идеяны қайта жандандырды. Ол орталықтан тепкіш жүйкелердің жүрек жұмысына әсерін зерттей келе, жүрек қызметінің өзгерулерінің негізінде жүрек етінің қозғыштық, өткізгіштік жэне жиырылғыштық сияқты қасиеттерінің өзгерістері жатады деген тұжырымға келді. Ал, жүрек етінің аталған қасиеттері зат алмасу процесінің қарқынына байланысты екені ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

И. П. Павлов іліміне сәйкес кез келген органда үш түрлі жүйке талшықтары ұшырасады. Олар бірі органға тән әрекеттерді, екіншісі — қан тамырларының физиологиялық күйін (қоректік заттардың жеткізілуін), ал үшіншісі — нәрлену процесін реттеп отырады. Орган тиісті қызметін дұрыс атқару үшін қажетті мөлшерде қоректік заттармен қамтамасыз етіліп қана қоймай, органға жеткізілген сол заттар орынды, тиімді пайдаланылып, ағза дұрыс қоректену керек. Бұл процесс жүйке жүйесінің нэрлендіруші қызметінің арқасында атқарылады. И. П. Павлов идеялары Л. А. Орбели мен оның шәкірттерінің еңбектерінде эрі қарай дамуын тапты. XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін қаңқа еттері вегетативтік жүйкелермен жабдықталмайды деген көзқарас қалыптасқан болатын. Ал Л. А. Орбели қаңқа еттерінің симпатикалық талшықтармен жүйкеленетінін анықтап, олардың да қос жақты бақылауды болатынын дәлелдеді. Оның зерттеулеріне сәйкес қаңқа еттері тек сомалық жүйкелермен ғана емес, симпатикалық жүйкелермен де жабдықталады.

Симпатикалық жүйкелер ет талшықтарының эрекетіне тікелей эсер етпейді, бірақ олардың функционалдық күйін өзгертеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде еттің жиырылу күші артып, тіпті, қажыған ет талшықтарының да жұмыс қабілеті жоғарылайды. Бұлшық етке келетін симпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде ет талшықтарының серпімділік қасиеті артып, ондағы қуат көзінің (аденозинүшфосфор қышқылы, креатинфосфат, гликоген) қоры көбейеді, ол оттегіні мол сіңіре бастайды. Бұл құбылыстардың негізінде симпатикалық жүйкелердің нэрлендіруші әсері жатады. Сипатикалық жүйке орталық жүйке жүйесінің функционалдық күйін де өзгертеді. Оны тітіркендіргенде жұлынның рефлекстік қызметі күшейеді, ал симпатикалық шекаралық баған түйіндерін алып тастағаннан соң И. М. Сеченов тежелуі байқалмайды. Симпатикалық жүйкелердің әсерімен зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін ферменттердің белсенділігі артады. Жоғарыда баяндалған фактілердің негізінде Л. А. Орбели симпатикалық жүйке жүйесінің бейімдеу — нәрлендіру әсері жайлы ілімнің негізін салды. Бұл ілімнің негізгі қағидалары организмнің барлық ұлпалары мен мүшелеріне, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріне, ми жарты шарлары қыртысына да тән. Жүйке жүйесінің бейімдеу эсері ағзаның қозғыштық қасиетін жоғарылату, не төмендету арқылы жүреді жэне бүл процесс симпатикалық жүйке жүйесінің органдағы зат алмасу процесінің қарқынын өзгертуі (нэрлендіруші әсер) арқылы атқарылады. Нэрлендіру нэтижесінде функционалдық жүйкелердің әрекеті үшін қажет қолайлы жағдайлар туғызылады.
Зерттеулер нәрлендіруші және функционалдық жүйкелерді бір-бірінен айқын шектеуге болмайтынын байқатты. Қозғағыш жүйкелер де белгілі мөлшерде нәрлендіруші әсер көрсетеді. Олар қиылса немесе зақымданса бұлшық еттегі зат алмасу процесі бүзылып, оның қүрылымы өзгереді, ауқымы кішірейеді.

Нәрлендіруші әсер сезімтал жүйкелерге де тән. А. Д. Сперанский тәжірибелерінде жүлынның дорсальдық түбіршіктеріне келетін жүйкелерді қиып тастағанда немесе олар зақымданғанда теріні жара басып, дененің бас және аяқ бөліктерінің нэрленуінде ауытқулар байқалған. Демек, нәрлендіруші әсер организмнің бүкіл жүйке жүйесіне тэн ортақ қасиет.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.