Жұлын және оның құрылысы

Главная » Рефераттар » Жұлын және оның құрылысы

Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады. Ересек адамдарда оның ұзындығы — 45 см, ені— 15 см, салмағы — 36 г. Жұлын жоғарғы жағынан ауыз омыртқаның (атлант) тұсынан сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы II бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып, негізгі жіпшесі II құйымшақ омыртқасына дейін жетеді де сол жерге бекиді. Құрсақтағы нөрестенің бір айлық кезінде жұлынның ұзындығы омыртқа жотасымен бірдей болады. Өсе келе омыртқадағы жұлын жаңа тауылған нәрестеде III бел омыртқа тұсында болса, ересек адамдарда II бел омыртқа тұсына дейін қысқарады. Жұлынның жуандығы біркелкі емес. Оның бас жағы жуандап, миға жалғасады, ал құйрық жағы жіңішкеріп, тармақталып кетеді. Жұлынның екі жері жуандап, буылтыққа айналған: біреуі— жұлынның VI мойын омыртқа тұсында, екі қолға кететін жүйке басталар бөлігінде — оны жұлынның мойын буылтығы, ал екіншісі IX—XII арқа омыртқасының тұсындағы жуандық белігін жұлынның белсегізкез буылтығы деп атайды. Бұл буылтықтар қол және аяқ мүшесінің сезім және қимыл нейрондар денесінің шоғырлануы өсерінен пайда болған.

Жұлынның алдыңғы және артқы жағында бойлай созылатын екі жүлге болады. Алдыңғы терең жүлгесі алдыңғы орталық сай, ал артқы жіңішке, таяздау жүлгесі артқы орталық жүлге деп аталады. Жұлынның осы сайы мен жүлгесі жұлынның денесін тең етіп оң және сол жақ бөлікке бөледі. Жұлынның алдыңғы түбірі мен артқы түбірлерінің жұлынынан шыққан жерінде ұзына бойына созылған түбір атымен аталатын оң және сол жақ бөлігінде бүйір жүлгелері болады. Осыған орай жұлынның өрбір бөлігіндегі ақ заттарды бойлай созылған үш (алдыңғы, бүйір, арткы) арқаншаға (будаға) бөлінеді. Бұлар туралы жұлынның ішкі кұрылысында баяндалады.  Жұлынның денесі 31 жұп мөлтектен түзіледі. Өрбір мөлтектен жұлынның жүйке түбірі (алдыңғы және артқы) шығып, ол омыртканың тесігіне бағыттала орналасады. Сөйтіп, жұлыннан 31 жұп жүйке таралады. Оның 8 жұбы — мойын, 12 жұбы — көкірек, 5 жұбы — бел, 5 жұбы — сегізкөз және 1 жұбы  кұйымшақ жүйкесі деп аталады.

Ішкі құрылысы. Жұлынның ортасында өте тар тесігі — болады, ол ортақ езек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісі сұр және ақ заттан түзілгені анық байқалады. Сұр зат жұлынның орталық бөлігіндегі өзекті қаптайды. Сұр зат қанатын жазған көбелекке ұқсас болады. Сұр дененің алға қарай шығып тұрған бөлігі — алдыңғы аша, ал артқы бөлігі артқы аша деп аталады. Жұлынның әрбір бөлігіндегі алдыңғы және артқы ашаларының арасы, яғни жұлын өзегінің төңірегіндегі зат орталықтағы аралық зат деп аталады. Бұл жерде аралық нейрондар жатады. Олар әрбір алдыңғы жөне артқы ашадағы нейрондарды жалғастырып тұрады. Жұлынның кекірек болігінде алдыңғы жөне артқы ашалардан басқа бүйір ашасы орналасады. Сұр затта алдыңғы бағана (соішшіа аптегіог) және артқы бағана болады.

.

Сұр зат дегеніміз — тек жүйке жасушаларынан құралған жүйке денесі. Сұр заттың алдыңғы ашасында қимыл күшейтетін ірі нейрондар бар. Оның жұлыннан шығатын нейриттерінен алдыңғы түбір пайда болады. Артқы ашада майда сезімтал рецепторлық нейрондары орналасады. Бұл нейрондардың жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан артқы түбір түзіледі. Бұл екі ашаның аралығындағы бүйір ашаларында қозғылы жүйке жүйесінің симпатикалық жүйкелерінің нейрондары орналасады. Нейрондардың талшықтары жұлынның алдыңғы ашасынан таралады. Сөйтіп, жұлыннан қиян және ерекше жүйке жүйелерінің жүйкелері басталады.

.

Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады. Жұлынның ақ зат жүйке талшықтарынан жөне невриттерден түзіледі. Жұлынның ак затын жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай созылған орасан көп жүйке талшықтарынан түзілген буда немесе арқанша деп қарастыруға болады. Жоғарыда айтқанымыздай, жұлынның ак заты үш жұп жүйке арқаншасына бөлінеді. Алдыңғы будасы — жұлынның алдыңғы сайы мен алдыңғы түбір аралығында ақ зат, артқы   будасы — артқы түбір мен артқы жүлге аралығындағы ақ зат, ал бүйірлік будасы алдыңғы жөне артқы аша аралығында орналасқан ақ зат болып саналады. Жұлынның ұзындығы 45 см екені бізге бұрыннан мәлім. Осыған орай жұлынның ақ заты да, сұр заты да бүкіл денесін бойлай созылады. Жұлынның үш жұп будасынан түзілген ақ заттары жүйке талшықтары екенін білеміз. Бұл жүйке талшықтары жұлынды ағзадағы мүшелермен және жұлынды мимен де жалғастырады. Жұлынның денедегі мүшелермен жалғасқан жүйке жолы жұлынның рефлекс доғасы екенін жоғарыда айтқанбыз. Ал жұлынның мимен жалғасқан жүйке жолы, оның өткізгіштік жолы деп аталады. Жұлын мен мидың аралығындағы өткізгіш жолдарға мидың құрылысымен танысқан кезде тоқталамыз.

Жұлынды қоректендіретін тамырлар. Қабыртқа аралық және бел артериялары, сондай-ақ бұғана асты тамырының омыртқа артериясы жұлынды қанмен жабдықтайтын тамырлар болып саналады. Омыртқа артериясы ми сауытының қуысын тесігімен шыға бере екі жұп алдыңғы және артқы жұлын артериясына бөледі. Оның алдыңғы артериясы жұлынның алдыңғы сайын бойлай жатады, ол артқы артерия жұлынның артқы түбіріне дейін жетеді. Бұл артериялар бір-бірімен өте көптеген қосылыстармен (анастомозбен) байланысады. Жұлынның ақ затына қарағанда сұр зат қанмен көп қамтамасыз етіледі. Артериямен аттас және вена тамырларына жиналған қан қатты қабықшаның үстіндегі жұлынның қуысындағы веналық өрімге құяды.

Жұлынның қызметі. Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі — тітіркендіргішке рефлекс доғасының жолымен жауап беру, яғни рефлексті екіншісі — алшақ аймақтан жұлынға келген қозуды тек езі қабылдап қоймай, оларды миға жөне мидан қайтып алшақ аймақтағы мүшелерге өткізіп беру, яғни өткізгіштік қызметі бар.