Жұмат Шанин

Home » Рефераттар » Жұмат Шанин
Рефераттар Комментариев нет

Тұңғыш ұйымдасқан қазақ театрының көптеген қиыншылықтарын жеңіп, шығармалық сапарының сәтті болуы Жұмат Шаниннің атымен байланысты. Режиссер, актер, драматург Жұмат Шанин — қазақ театрының туып, дамуына мол үлес қосқан ірі өнер қайраткері. Ол театр ұйымдастырылғаннан кейін 1926 жылдың 5 қазанынан бастап директор, әрі ұжымның көркемдік жетекшісі болып тағайындалады. Тұңғыш театрдың спектакль қойып, көруші қауымға өз өнерін көрсете бастағанына жыл толып қалғанымен, оның жүмысында элі орны толмаған олқылықтар, ірі кемшіліктер бар еді. Спектакль жасаудағы негізгі шығармалық ауыртпалықта-рын бір топ халық таланттары көтеріп келді. Әйтсе де оларға өз бетімен, өздерінің күшімен театр жүмысын кэсіби жолға қою қиын еді. Театрдың дамуы фольклорлық, этнографиялық жэне халықтық өнер аясымен ғана шектелуі мүмкін емес-ті. Ондай өнердің өресі тар, ғүмыры қысқа болмақ. Дэуір тынысына, өмір талабына ілесе отырып, көруші қауымның мэдени-эстетикалық талғамын ақтау театрдан үлкен шығармалық ізденістерді, тың бейнелеу тэсілдерін қарастыруды, көркемдік жинақтылықты талап етті. Актерлер та-лантқа, шеберлікке қоса білімді, жоғары мәдениетті меңгеруі қа-жет еді. Демек, сахна өнері — халық өнерінің көшірмесі емес, ол алуан салалы шығармалық адамдарының бірлестігінен туатын ерекше өнердің түрі. Сондықтан оған талантпен бірге арнайы мамандық, терең білім, мэдениеттілік қажет. Жаңа үйымдасқан жас үжым театр өнерін жетік білетін үйымдастырушыға мүқтаж болатын. Ондай көркемдік жетекшілікке Жүмат Шанин сай келді.
Ол арнайы эдеби, немесе өнер оқу орнын бітірмесе де, замана талабына қарай, өнер өрісін кең таныды. Бойындағы талантына, өнерге деген күштарлығына қоса, асқан зеректігінің арқасында жалпы білім шеңберімен бірге, өнер білімін де өз бетінше ке-ңейтеді. Осының нэтижесінде профессионалдық режиссураның озық үлгілерін, ілгері елдер театрының тарихын, драматургия тео-рияларын өз бетінше оқып үйренеді, соларды өзінің шығармалық жүмыстарына пайдаланды. Қарқаралы, Зайсан, Семей жағында жауапты қызметте жүріп, ол театр өнеріне мейлінше беріліп ара-ласты. Сондықтан қазақ театры үйымдастырыларда Қазақстан ағарту комиссары С.Сэдуақасов Ж.Шаниннің есімін алдымен ере-кше атап, оның келешегінен мол жеміс күтті. Мэскеудің Көркем театрының негізін қалаушылар К.С.Стани-славский мен Вл.Немиович-Данченко режиссердің шығармалық міндеттерімен бірге оның үйымдастырушылық жүмыстарына көп ден қойган. Станиславскийдің «театр киім ілгіштен бастала-ды» деген қанатты сөзі сахналық өнерде режиссер көзінен таса қалатын жүмыстың болмайтындығын ескеретін сияқты. Аңғарып қарасақ, қазақ театрында Жүмат Шанин жүргізген үйымдастыру-шығармалық жүмыстар көркем театр жетекшілігінің тәжірибесін еске түсіреді. Қазақтың түңғыш режиссері өзінің театрлық қыз-метінде орыстың озық өнер тэжірибесін үлгі түтқан. Қазан төң-керісінен кейін өмірге келген көптеген театрлар өздерінің алғашқы үйымдастыру кезеңінде Мэскеудегі Көркем театрдың тәжірибесіне сүйенгенін, оның игілікті эсері болғанын талай өнер қайраткерлері кезінде жазды. Демек, Көркем театр еліміздегі басқа театрларға революция жеңісін жырлаудың үлгісін көрсетті. Ол қай жагынан болса да сол уақыттағы театр мэдениетінің жоғарғы көркемдік са-тысынан көрінген үжым. Сондықтан оның тэжірибесін үйреніп, өнеге алу еліміздің басқа театрларының дэстүріне айналды.
Жүмат Шанин қазақ театрының реформасын оның ішкі тэр-тібін нығайтуды, шығармалық жүмысты жоспарлы, саналы түрде жүргізуден, репертуарға пьеса дайындаудан бастады. Әуелі үжым мүшелерінің шығармалық шама-шарқын, репертуар жайын, ма-териалдық мүмкіншіліктерін толық анықтап алды. Қазақ драма-тургиясын зерттеуші Рымғали Нүрғалиев «Талант тағдыры» деген кітабында Ж.Шанин туралы архив қойнауларынан тапқан қызық деректер келтірген. Актерлердің апталық жүмыстарының кесте-сін, театрдағы реквизит заттарының тізімін, бір-екі бүйрықтардың үзінділерін берген. Шынында ол бүл жүмыстарды спектакльдің көркемдік сапасын көтерудегі басты шарт деп жедел қолға алған.
Ол кезде транспорт пен жол қиындығын, көшпелі театрдың өмірінде кездесетін толып атқан олқылықтарды ескерсек, гастроль-дік сапар да оңайға түскен жоқ. Гастроль кезінде актер труппасын жиі-жиі іріктеуге тура келді. Дегенмен жоғарыдағы аталған актер-лер тобы, солардың өнері түңғыш театрдың шығармалық келбеті мен келешегін анықтаған. Кейін үжым арнаулы білімі бар кэсіби орыс режиссерлері келгенде де қазақ актерлерінің шығармалық келбеті, үлттық ерекшеліктері өзгермеген. Олар қазақ актерлерінің шеберлігі мен мэдениетін көтеріп, рөл үстінде жүмыс істеу, пьеса-ны, кейіпкер эрекетін түсінудің, сахна өнерінің кәсіби тәсілдерін үйреткен. Ж.Шаниннің ендігі бір баса көңіл аударған мэселесі -сахналық көркемдеу мен киім-кешек, реквизит саймандары. Халық ағарту комиссариатында, түрлі мэжілістерде, баспасөз бетінде де-корация мен костюм жайын да ол үнемі көтеріп отырған. Театрға келісімен-ақ, Ж.Шанин пьесадағы өтетін оқиғаның орнын дэлірек анықтап, дэуір тынысын, замана бедерін беретін декорация қол-дануды көздейді. Киімнің кейіпкердің характеріне, сахналық эре-кетіне, бейнелік ерекшелігіне қарай тігілуін талап еткен. Қысқасы, ол декорациялық көркемдеуден спектакльдің сыртқы бейнелік шешім табуын мақсат түтқан. Осы мақсатын орындау ниетімен ол көп үзамай сахнаға қойылатын пьесалар оқиғасының ортақ орнын, жинақты көрінісін беретін декорациялар жасатып, киімдер тіккі-зуді қолға алған.
Бүл — эрине театрдың бүрынғы күйіне қарағанда үлкен жетістік. Ж.Шанин экелген жаңалық, көп ізденістің, талпыныстың нэтижесі. Сонымен бірге бүл декорациялар мен костюмдер элі де болса жоқтың қасы. Әрбір пьесаның өзіндік көркемдік ерекшелігінен, терең режиссерлік-қоюшылық ой-түжырымнан туатын сахна жа-сау мен декорациялық шешім элі дамымаған. Кәсіби суретшінің, қаражаттың тапшылығы, өндіріс цехтарының үйымдастырылмауы режиссер ойын тежеп, спектакльдің көркемдеу мэселесін шығар-малық түрғыдан шешуге толық мүмкіндік бермеді. Ж.Шаниннің тікелей басшылығымен жасалған сахналық бүйымдар ауыстыру-сыз барлық спектакльдерге үнемі пайдаланылып келген.
Ж.Шанин театр репертуарын жасауға үлт тілінде жазылған пьесалармен бірге басқа тілден аударылып қойылатын драмалық шығармаларға да ден қойған. Театрға түскен пьесаларды өзі оқып шығып, мүмкіндігі келгенше соларды жөндеп, сахнаға жаратуға үмтылған. Сонымен бірге өзі де пьеса жазуға кірісіп, бірнеше үлкенді-кішілі драмалық шығармаларды сахнаға қойды. Ол музы-ка өнеріне де ерекше көңіл аударып, театрда музыка мэдениетін көтеруге көп күш салды. Ең алдымен артистерге музыка сауатын үйретіп, белгілі кесте бойынша сабақ жүргізуді жолға қойған.
Міне, осы сияқты толып жатқан күрделі үйымдастыру-шы-ғармалық жүмыстардың нэтижесінде түңғыш қазақ театры алғашқы жылдағысынан элдеқайда ілгерілеп, сахна өнерінің ішкі сырына терең бойламаса да оның жалпы жобасын, кейбір өзіндік ерекшеліктерін танып, кәсіби үйрену процесіне енді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.