Жұмысcыздық мәселесі туралы реферат

Главная » Рефераттар » Жұмысcыздық мәселесі туралы реферат

Жоспар:

1. Жұмысбастылық және жұмыссыздық.

2. Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрлері.

.

3. Әлеуметтік саясаттың көрсеткіштері.

I. Жұмысбастылық — елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш елдегі мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруалардың, фермерлердің, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда, жеке шаруа қожалықтарында жұмыспен айналысатын адамдардың, т.б. жалпы санын сипаттайды. Негізгі жұмыс орны бойынша еңбек ететіндер саны бастапқы жұмыспен қамтылғандар, негізгі жұмыстан бос уақыттағы еңбекпен айналысушылар саны қосалқы жұмыспен қамтылғандар деп аталады. Ал, елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс жұмыссыздық деп танылады. Жұмыс күшінің немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санына қатынасы жұмыссыздық коэффициентін құрайды. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты уақытша, құрылымдық, циклдық болып бөлінеді.

.

Уақытша жұмыссыздық (фрикциондық) — бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық. Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді. Жаңа құрылымды жұмыс орнында жұмыс күші құрылымы сәйкес келмейді. Осыдан өндірістердегі жұмыскерлердің бір бөлігін жұмыстан ығыстырады, бұл (жұмыс күші) құрылымдық жұмыссыздықты құрайды. Құрылымдық жұмыссыздық деп жұмыс күші құрылымы жұмыс орны құрылымына сәйкес емес жұмыссыздықты айтады. Жұмыссыздықтың айқындалған бір түрі нарықтық шаруашылықтың ауытқу сипатына байланысты туындайтын циклдық жұмыссыздық. Циклдық жұмыссыздық деп экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздық түрін айтады. Бұл -елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұраныстың күрт азаюы салдарынан пайда болатын құбылыс. Жұмысбастылық толық болғанда жұмыссыздық деңгейі «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп айтылады. Әлемдік тәжірбиеде Оукен заңы қолданылады. Жұмыссыздың деңгейінің көтерілуі табиғи жұмыссыздықтан 1% жоғары болса, салыстырғанда ЖҰӨ 2,5% -ға төмендейді. Жұмыссыздық деңгейінің мөлшері жалпы жұмыссыз санының жұмыс күші санына пайыздың түрдегі қатынасын сипаттайды.

Жұмыссыздың мөлшері = жұмыссыздың саны. Жұмыс күшінің саны — 100 %. Жұмыссыздықтың экономикалық-әлеуметгік салдары. 1. Қоғамда бар болатын әлеуетті мүмкіндіктер көлемімен салыстырғандағы ЖҰӨ көлемі артта қалып жатады. 2. Халықтардың әр түрлі әлеуметтік топтарында жұмыссыздың көлемі тепе-тең бөлінбейді. 3. Жоғарғы дәрежелі маман жұмысшылар жоғалады. Еңбек нарығын мемлекеттік зерттеу үш бағытта жүзеге асады: 1. Бос халықты еңбекпен қамту және көмек көрсету, еңбек биржалары арқылы қайта дайындау. 2. Икемді еңбек нарығын білімге ынталандыру, әр түрлі әлеуметтік топтарын толық есептеу (әйелдер, зейнеткерлер, жастар). Еңбек қатынастарын құқықпен қамту. 3. Жұмыссыздықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.

II. Нарықтың қатынастар алғаш орнай бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатында ең маңызды міндеттердің бірі — еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болды. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде XX ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын. Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты -жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі жүйеден тұрады: 1. Өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады. 2. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады. Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады: жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі жұмыс берушілер есебінен болады. Жоғарыда көрсетілгендей, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының бірі — жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету. Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны құрудың негізгі көзі жұмыскерлердің жұмыспен қамтылған кездегі өздерінің қаржылық аудармасы болып табылады. Олардың құрылуы мен жұмсалуы қамсыздандырудың қор жинау жүйесіне ұқсас болып келеді. Олар жұмыссыздық басқа түскен кезде «қамсыздандырулық төлем» болып саналады. Мұндай қамсыздандыру төлемі уақытша материалдық есеп қайтару ретінде кімдер алдын ала жарнама жасаса немесе олар үшін бұл жарнаманы басқалар жасаса, ол сондай-ақ, кімде-кім жұмыс істеуге ықылас білдірсе, қабілеті болса және жұмыс іздесе төленеді. Егер осы аталған факторлар болмаса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы өзінің шын мәніндегі мазмұнын жоғалтады және ол төленуі тиіс емес. Егер де жұмыссыз адам өзі жұмыс істегісі келмесе, жұмыс істеуге ықыласы болмаса, онда ол өз еркімен өзінің еңбекке деген конституциялық құқығынан бас тартқаны болып саналады және осыған байланысты жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өз құқығын жоғалтады. Жұмыссыздықтан қорғаудың жүйесінде бір-біріне бағынышсыз үш түрлі қызмет бағыты бар.

1. Жұмыспен қамтуды (жаңа жұмыс орындарын құру) кеңейтудің жағдайы мен мүмкіншіліктерін жақсартуды қаржыландыру.

2. Кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру.

.

3. Жұмыссыздарға жұмыс іздеуде ұтқыр қоныс аударуға мүмкіншілік тудыру.

III. Республикада Статистика жөніндегі агенттіктің ресми деректері бойынша көп жылдар бойы жұмыссыздар деп жұмысқа орналастыру органдарында есепке тұрған адамдар саны көрсетіліп, ол жыл сайын 250 мың адам немесе 3,8-4,0 пайыз шамасында болып келді. Мәселен, жұмыссыздардың жалпы саны 1996 жылы 970,6 мың адам болды, ол экономикалық белсенді халықтың 13% -ын құрайды делінген, ал 1998 жылы 282,4 мың адам ресми тіркелген, жұмыссыздық деңгейі (экономикалық белсенді халыққа ) 4,2% деп көрсетілген, 1999 жылы тиісінше 251,4 мың адам және 3,9%. Жұмыссыздық деңгейін аймақтар бойынша алып қарасаң, республика бойынша 10,4%-бен салыстырғанда оның төменгі деңгейі Шығыс Қазақстан (7,3), Солтүстік Қазақстан (8.9) , Қарағанды (9,2), Павлодар (9,2) облыстарында және Астана қаласында, ал жоғарғы деңгей Қызылорда (13.9) , Атырау (13,9), Жамбыл (12,7), Батыс Қазақстан (12,5) облыстарында байқалады. 2000 ж. елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда бір пайзға (0,2% -ға) төмендеді. Әдетте халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту үшін, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Статистика деректері бойынша республикада 2003 жылғы ақпан айының басында бизнеспен айналысатын 103,7 мың шағын кәсіпорын тіркелген. Олардың ішінде 78,5 мың кәсіпорын (яғни 75% ) жұмыс істеп тұрғандар, соның ішінде 39,9 мыңы белсенді түрде жұмыс істеп тұрғандар деп саналады. Жұмыссыздықтан арылудың тағы бір бағыты — импортты алмастыру саясатын парасатты жүргізіп, қазба байлықты игеріп жатқан салаларда соларға қажетті өнімді шеттен әкелмей, өзімізде шығару.

 

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.