Жүннен жасалған ұлттық бұйымдардың дайындау технологиясы

Главная » Рефераттар » Жүннен жасалған ұлттық бұйымдардың дайындау технологиясы

Жүннен жасалатын ұлттық бұйымдардың жасалу технологиясын зерттеу, ескіні қайта жаңғырту, жүннен жасалатын бұйымдардың дайындалу əдістері мен олардың ерекшеліктері қарастыру, заманауи сəн үлгісіне сəйкес бұйымды безендірудің жаңа əдісін анықтау өзекті мəселе болып табылады. Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дəстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қолөнер — қашаннан халықтың күнделікті тұрмыстық қамтамасыз етуге қызмет атқарады. XIX ғасырда жəне XX ғасырдың басында қазақ халқының дəстүрлі қолөнерінің ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу кең өрістеді. Бір ғажабы осы уақытта жастарға арнап- ертұрман, белдік, қыз келішектерге арнап- сəукеле, шашбау, білезік, сырға жасауға сұраным артты. Жалпы қазақ қолөнерінің дамуында əр дəуірдің өзіндік табы бар. Кез-келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат.

Қазір еліміз саяси тəуелсіздік алып, ұлттық сана, салт- дəстүріміз қайта жаңғыртып жатқан шақта ұлттық қолөнер кəсібін дамыту, оны жаңа жағдайға үндестіру, халқымыздың дəстүрлі қолөнерінің көркем туындылары импортқа, экспортқа шығару бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр деген сұрақ туады. Өкінішке орай, оған сындарлы жауап табу оңай болмай отыр. Əрине, адамзат қоғамы алға жылжыған сайын қазақ халқаның дəстүрлі қолөнерінің бірқатары жаңа түрге ие болып, кейбірі күнделікті тұрмысқа қажет болмай қалғаны да ақиқат. Бүгінгі күнде фарфордан, тот баспайтын металдан, эмаль жалатылған темірден, пласмассадан жасалған сəнді жихаз, табиғи талшықтармен қатар жасанды талшықтардан жасалған бұйымдар өте көп. Халқымыз ғасырлар бойы тұтынып келген, көптеген мүліктердің түрлері мен сапасы да үсті-үстіне жаңартылған. Бірақ, қазақ қолөнері мұнымен халық тұрмысында өзінің ежелгі маңызын жоғалтып отырған жоқ. Олай болса, қазақ халқы қолөнердің бай мұраларына қазіргі заманға сай жаңаша сипат бере отырып, оларды жетілдірудің техникалық жүйесін қалыптастыру қажет-ақ.

Біздің зерттеуімізге арқау болған көп зерттеулер текстиль саласындағы болашақ маманның кəсіби дайындығына арналған. Ал жастарға қолөнер бұйымдарының жасау технологиясын үйрету арқылы олардың шеберлігін қалыптастыру мəселелері жеткілікті түрде толығымен зерттелмегені анықталды. Осыған орай, аса маңызды міндетінің бірі – жүннен жасалатын ұлттық бұйымдар дайындау əдістерін анықтау арқылы болашақ шеберлердің шеберлігін қалыптастыруға үлес қосу үшін зерттеу жүргізу қажеттігін ғылыми түрде айқындауға тырыстық. Табиғи текстиль талшықтары мақта, зығыр, жүн, кендір, сонымен қатар жібек, табиғи шарттарда қалыптасады. Жүн – жануар терісінен алынатын талшықты материал. Жүн сыртқы түріне, қасиетіне жəне түзілуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: түбіт жүн (мамық) – ең жіңішке, қалыңдығы 30 мкм жүн талшығын айтамыз; мамық (түбіт) жүн өте бағалы, сол себепті оны жоғары сапалы бұйымдарды алуда қолданады; қылшықты талшық – аз иректелген, кейде түзу талшықтың қалыңдығы 50-150 мкм, 3 қабаттан тұрады; өтпелі талшық – бұл талшық түрі 3 қабаттан тұрады, бірақ өзекті қабаты тұтас болмайды, қалыңдығы 30-50 мкм; өлі талшық – дөрек талшықтан құралған өзекті талшығы өте күшті дамыған талшық, бірақ əлсіз, сынғыш болып келеді жəне боялмайды [1].

Жүннің қасиетіне жəне сипаттамалық белгілеріне байланысты оның қолданылуымен жүн бұйымдарын өңдеу кезінде белгіленуін жүннің түрі дейміз. Белгіленуіне байланысты жүн 5 түрге бөлінеді: табиғи, қылшықты, қырқылған, қырқылмаған, зауыттық. Жүн талшығының құрылымы мен негізгі қасиеттеріне келетін болсақ, жүн талшығы майда, микроскопиялық өлшемнен, əртүрлі формадағы тор көздерден, құрылымнан жəне қасиеттерден тұрады. Осы тор көздердің орналасуына байланысты жүн талшықтарында мынандай қабаттар болады: қабыршықты, қыртысты жəне өзекті. Қабыршықты жəне қыртысты қабаттар барлық талшықтарда болады, ал өзекті қабат тек кейбір талшықтарда ғана болады. Талшықтың қабыршақты қабаты, қылшықты бір қабатпен жауып тұратын əртүрлі формадағы қабыршық түріндегі жіңішке жазық мүйіз тəрізді тор көздерден тұрады.

Жүннің барлық қасиеттері – физика-механикалық, технологиялық жəне химиялық болып үшке бөлінеді. Технологиялық қасиеттеріне: жүннің шығымы, иіру қабілеттілігі, илеу қабілеттілігі жатады. Физика-механикалық қасиеттеріне: жіңішкелік, ұзындық, гигроскопиялық, беріктілігі, түсі, жылтырлығы жəне тығыздығы жатады [2]. Осы жұмыста сырмақ жасау технологиясы, кілем дайындау технологиясы, киіз бұйымдарын — текемет дайындау секілді бірнеше технологиялары қарастырылды. Қазақтың қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі жəне ең бастысы- жүн болды. Материалды терең зерттеп, оның бар сырын, бар мүмкіндіктерін аша білу – маман үшін өте маңызды. Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дəстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі – киіз басу өнері. Киіз басу үшін желсіз ашық күн таңдалады; мол күзем жүн қажет; 4-6 қанатқа дейін ақ ши дайындалады. Ерекше жағдайда 9 -10 қанат ши керек; шабақтайтын сабау; қайнаған су; жүн шабақтайтын, жүн тартатын 5-6 əйел, шиге орап ыспалайтын, білектейтін 5-6 адам; буатын арқан жəне тізгін жіп, немесе бір дана бақан не сырық. Осы дайындықтар біткен соң жүн басатын отбасы тегіс əрі таза жер таңдап, қанат шилерді екіден қатарлап төрт немесе алты шиге дейін екі-үш шиден жұптап біріне-бірін жалғап көктейді. Шилердің үзыны мен көлденеңін басылатын киізх жетерліктеи етіп қүрап алады. Содан соң жасалатын бүйымның түрлеріне қарай (туырлыM, узік, сырмакMа) қажет жүн таңдалып алынады.

Жүн сабау — туырлық үшін шиге алдымен кер қызыл жүн шабақталады. Сабалаған жүнді киіз басатын шидің үстіне сабаумен көпіртіп біртегіс қиып шығу жүн «шабақтау» делінеді. Жүн сабақтауға 2 -3 əйел қатар отырып жайылған шидің бір басынан 2-басына дейін жүнді шабақтап жайып шығады. Жүн шабақталып біткен соң бір басына бастап осы қызыл жүннің үстінен 2-рет ақ жүн тартылады. Жүн тарту-сабалаған жүннің үстіне ақ жүн шүйкесін біртегіс қатарлап үзіп жатқызып тартуды «жүн тарту» дейді. Ақ жүннің бір бөлігін алып, жұмырла шидегі шабақталған жүннің бір басына тастап үстіне тартады, оң қолдың қырымен басып, сол қолмен шүйкені үзіп алып, үзілген шүйкені қайта əлгі үзіп тасталған жүннің қатарына салып, та ғы да əлгіндегідей үзіп алу қимылын қайталаймыз. Осылай көлденең қатарды толтырып (əркім sз алдындагы бsліктерін біріне-бірін жалгастырып істейді) содан соң алдыңғы үзіліп қалдырылған шүйкенің шетін бастыра тағы шүйке салып, үзік жүн тартылады. Бұл жүн тарту қимылы табақталған жүннің үсті толғанша жүргізіледі. Жүн бір жері жұқа, бір жері қалың болмай тегіс тартылуы керек. Сондықтан жүн тартатын адам ысылған шебер адам болуы қажет. Жүн тартуды екі не үш əйел қатар отырып істейді. Өйткені, жүн шабақтау, жүн тарту ісін бірнеше адам жабыла істеп тез бітірмесе, «үп» еткен жел бұл жұмысқа кедергі болады. Жел ұшырмау үшін тартылған жүн үстіне сабағы жіңішке ағаштар бастырылады. Жүн шабақтап, жүн тартушылар тартылатын киіздің шамасына қарай жүн қалың, не жүқа етіп тепстеп отырады. Туырлық, үзікке 6 — 7 см қалыңдықта жүн тартылады. Сырмақ киіздеріне 4 см қалыңдықта жүн салынады. Ал үзік жəне сырмақ киізіне асты- үстіне бірдей ақ жүн салынады. Сырмақ киізі жұқалау басылады. Астарлық киіздерге де кер қызыл жүн жұқалап қосылып басылады.

Су себу — жүндер тартылып болған соң 80°-тан жоғары ыстық су себіліп, жүн бастырылады. Суды əдетте төңкерілген шөміштің үстінен құю арқылы шашыратып себу керек. Немесе шүмегіне темір тесікшелер орнатылған су бүріккіш құмандармен сепсе де тегіс себіледі. Су жүнге біркелкі сіңуі шарт. Тазартқыш ұнтақ салу — су себу барысында тағы бір адам су себушінің артынан ілесе, екі шилік көлемдегі жүнге бір қалта есебіндегі, төрт шилікке екі, алты шилікке үш қалта, тоғыз шилікке төрт-бес қалта тазартқыш ұнтақты жүннің үстіне тегіс шашып шығады. Тебу- егер бір шилік жүн болса, онда бір адам шидің белінен бір арқанды тұйықтап салып өзіне қарай домалатып отырады да, артынан 2-3 адам қатарласып шиді аяқтарымен теуіп ілгерілейді. Бұл да жүнді біріктіру үшін жасалады . Егер тартылған жүн үш қанат ши көлемінде салынып, 9-12 шилік үзік киізі болса, онда оның басына тізгін жіптің орнына (жүнге тигізбей) бақан, не тіреуіш салынып, шиыршықталады да жүн тартылған ши буылғанда, бақанның екі басынан жіп салып қаңтарып байлайды. Ыспалау, тебу, немесе көлікпен шиді домалату тəсілінің қай-қайсысы қолданылса да, жүннің бірігуіне біраз уақьт жұмсалады. Бұл жұмысты керекті мөлшеріне жеткізбей тоқтатуға болмайды.

Тоқтату — шидің сыртына жүн қылшық-тарының шыққан-шықпағанымен белгіленеді. Жүннің қылшығы шидің сыртына шыға бастаса шиді дереу шешу керек. Егер, жұмыс жалғастырыла берсе, жүн шиге байланып ажырамай қояды. Егер жүннің қалшығы шидің сыртына шықпай алынса, жүн біріне-бірі бірікпей, жұмыс шала істелген болады. Жүннің қылшығы шидің сыртына шыққан кез жүннің бірігіп, шиден шығарып алуға болатын уақыты. Бұл кезде жүн ұстауға келетін талдырмаға айналады. Осыдан кейін оны шешіп алып, білектеу керек [3].

Киіз білектеу (басу) –7-8 адам қатарынан тізерлеп отыра қалып, текеметті білегімен əрі-бері ырғап ұрғылау, шиден шешілген киізді бостау шиыр-шықтап арқанмен бір басынан бастап белдеулеп 6-7 жерден байланады. Қанат шидің үзын бойына талдырманы көлде-нең салып, талдырманың екі басы тірелетін мөлшеріне ши астынан тиянақ (шектеу, тірек) қойып, онан соң талдырманың екі басын кезек көтеріп, шөмішпен шашып қайнаған су қүйылады. Сонан соң көлденең буылған арқанның əрбір белдеуінен бірден адам ұстап киіз басуға түсіп білектей бастайды. Адамдар қолдарын киіз беліндегі жіптен айырмайды, осылайша 10-15 минут білектелгеннен кейін киізді шешіп, ішкі бетін сыртына қаратып аударып қайта байлап, қайта білектейді. Осылайша оң беті, сол беті кезек аударылып төрт рет шешіп буып білектегеннен кейін жəне екі рет аударып төңкеріп, білектеп киізді ұзындайды.

«Ұзындау» дегеніміз — киіздің ұзынын жазып шиыршықтап алып басу деген сөз. Киіз шымыр болуы үшін қарпылады. «Қарпу» дегеніміз — киізді жазып ұзынынан екі бүктеп, екі басын біріктіре дөңгелектеп шуда жіппен тігеді де киіз басқан он шақты адам дөңгелене отырып, тұйықталған киізді қоршай үстап, оңнан солға қарай қолмен қарпи үстап айналдыра дөңгелентіп жүргізеді. Киіздің бүктеуін əр кезек ауыстырып отырады. Міне, бұл «қарпу» делінеді. Текемет киізге қарағанда азырақ қарпылады. Қарпылған киіз қыл-қыбырынан тазаланады. Киіз басылып болған соң кірленуі керек. Кірлеу – «кірлеу» дегеніміз — басылып болып, төгілген киізді ұзынынан төрт қабаттап бүктеп, бір басынан бастап шиыршықтап дөңгелектеп, белінен жіппен буып дөңес жерге немесе ағаш тақтай үстіне, өзен-бүлақ басына таяу жерге қойып су қүйып тазарту. Су киіз əбден тазарғанша, оған салынған үнтақ көбігі кеткенше, қүйыл-ған су тазарып шыққанша құйылады. Кірленген киіздің шуашы, кірі кетіп өңі ашылады. Киіздің суы сорғыған соң, күн көзіне жайып кептіру керек. Кепкен соң бір мезгіл төселіп үсталады да, киіз сəл босап, болбырайды. Осыдан соң киізді екі рет қайта басады. Бұны «киіз пісіру» дейді. Киіз пісіру — басылған киізді шымырлап, беріктей түсу үшін белгілі уақыт өткеннен кейін қайтадан басуды — «киіз пісіру» деп атайды. Текеметті түр ойыстырып басу немесе түрді шүйкелеп салу деп екі түрлі əдіспен алады. Түр ойыстырып басатын текеметтің астыңғы бетін киіз басудағыдай етіп бөлек дайындап алады. Киізге қарағанда жүні тегіс əрі жұқалау болады. Бұл жұмысты кей жерлерде талдыру деп атайды. Үстіңгі бетін, яғни түрін бөлек, алдын ала талдырып, кептіріп алады. Содан соң əркімнің қалауы бойынша үлгілермен қиып дайындалған оюды текеметтің астыңғы беті деп аталатын талдырылған киіздің үстіне рет-ретімен орналастырып, су себелеп, шиге орайды да киіз басу одан əрі жалғастырылады. Текеметтің бетіне түрлі түсті өрнектер орналастыру төменде көрсетілген.

Жұмыс барысында, текеметті безендіру кезінде бірнеше əдістердің қолданылуы анықталды. 1. Түрді (ою өрнекті) шүйкелеп салу əдісі – боялған жүнді күні бұрын біркелкі шүйкелеп созады. Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта жайған кезед əлгі шүйкеленген түрде нт ездетіп қалаған ою-өрнекті келтіріп, су себелеп орайды. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстық су себіледі. Одан əрі қарай киіз басу процесі қайталанады. 2. Кірлеу əдісі — текемет басудағы біраз жұмыстар көбіне жалпы киіз басуды туырлық, үзік, түндік, ақ киіздер жəне сырмаққа арналған киіздерде қайталанады. Кірлеу əдісі ақ-қара түсті текеметтер басуда қолданылады. Боялған жүннен түр салған текеметтерге бұл əдісті қолданбаған жөн. Өйткені, химиялық бояулар (анилин) кірлеу кезінде ыстық су құйғанда ыстық сумен бірге ағып кетеді де, бұйым тез оңады. Текеметке түр салуға қызыл, сары, жасыл, қара бояулар пайдаланылып келген. Осы тұста айтатынымыз, қазіргі заманға бұйымдардың дизайнын өзгерту мақсатында, текеметке түр салу барысында аталған түстерден басқа өте айқын қанық түстерді яғни, қанық көк, қызғылт, фиолет түстерді пайдалануға болады. Бүгінгі күнге текеметке сəн талаптарына сəйкес өрнектерді қолдану қажет [4]. 3. Талдырма салу əдісі – қазақстанның көптеген облыстарында кең тараған. Ол үшін əр алуан түске боялған жүнді жеке –жеке жұқа əрі босаң етіп киіз басу əдісімен басып алады да, одан ою ояды. Дайын оюды шидің үстіне шабақталып, біртегіс тартып салынған жүннің үстіне орналастырады да, жоғарыда айтылған əдіс бойынша текемет басып шығады. Жоғарыда келтірілген əдістердің кемшілігі текеметтің бетіне салынған өрнектер тек бір жағына ғана түсірілетінін анықтап, осыған орай тұрмыста қолдану барысында тиімді болатын, жəне кірлену кезінде екінші бетін де қолдануға болатын, текеметтің екі жақ бетіне ою салу əдісінің тиімділігі анықталды. Ол үшін алдымен шидің үстіне басқа түске боялған жүннен өрнек саламыз, оның үстіне бір қабат жүн тартамыз. Содан соң жүнді сабаумен шабақтап аламыз да қайтадан жүн тартып салып, текеметтің негізгі түрі салынады. Текемет əбден басылып болғанда оның екі жақ беті бірдей өрнекті болып шығады. Əсіресе текеметтің негізгі бетінің өрнегі əдемі, көркемдік безендірілуі басым болып келеді. Текемет бетіне басқа түске боялған түр көбіне шүйкелеген жүннен созып салынады. Бұл түр текеметке ерекше сəн беріп тұрады. Текемет түрінің бояуларының үйлесе жайылған жиектері акварель бояулары секілді, заттың көркемдік дəрежесін арттыра түседі. Бұл əдіс тек қазақ текеметтеріне ғана тəн. Осы əдістермен дайындалған текемет бұйымының бетіне өрнек орналастырудың бірнеше түрлері бар. Бірінші тvрі бойынша ортаңғы бөлікті айқындап, жиек оюлары түсіру. Ол төменгідей тəртіппен орналастырылады. Текеметтің орталық бөлігіне бірнеше ромбы (екі, үш немесе төртке дейін ) түсіріп өрнектеледі. Сондай – ақ осы орталық бөліктегі ромбы орнына дөңгелек шеңбер де түсіруге болады. Шеңбер іші бірнеше қатар кесте оюлары секілді сəл ұсақтау əртүрлі оюлармен толтырылады. Екінші тvрі – жиек оюын түсірмей, текемет бетіне тұтастай бір ғана өте ірі ою тармағын түсіру. Мұндай тармақ түйіні текеметтің орталық нүктесінен тарайды. Текемет беті екі үш қатар тізбектелген ағаш бұтасы секілді ою тармақпен де безендіріледі. Өрнек басуда екі əдісті салыстыра келе, текеметтің екі жақ бетіне ою- өрнек салу кезінде бірінші əдісті қолданған жөн [5]. Текеметке салынатын ою өрнектер туралы тоқталсақ, жалпы қазақ қолөнерінде кездесетін ою-өрнектер бірнеше топтарға бөлінеді: 1. Жан-жануарлар дүниесін білдіретін ою-өрнектер; 2. Геометриялық ою-өрнектер; 3. Аспан əлемін жер дүние сырын суреттейтін ою-өрнектер. Ою-өрнектердің түрлері жалпы жүннен жасалатын бұйымдарда кең қолданылатыны белгілі болды. Осыған орай біздің ұсынып отырған текеметтің екі жақ бетіне ою-өрнек салу кезінде өсімдік тəрізді ою-өрнектермен əсемдегеде, оны əдемі гүлді өрнектермен əсемдей отырып бұйымымызды өте сəнді ерекше безендірілген етіп жасауға болады. Əрине, əрбір шебер туып-өскен жерінде кездесетін өсімдіктерді қолөнер бұйымдарын безендіруге қолданады. Бірақ, бүгінгі күнге дейін текемет ою-өрнектерінде өсімдік тəрізді өрнектер кездеспейді. Сондықтан да бұл өсімдік тəрізді өрнек түрін қолданған қазіргі заман талабына да сай болар еді. Текеметке екі жағынан бірдей ою түсірілгенде гүлді оюлар текеметтің теріс бетіне салынған өсімдік тəрізді өрнектеледі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.