Жұқпалы аурулар туралы

Главная » Рефераттар » Жұқпалы аурулар туралы

Жұқпалы аурулар аяқ үстінде өтетін және тез жазылатын жеңіл-желпі сырқаттар, төсек тарттыратын қатаң, не болмаса бірде басылып, бірде қозатын созылмалы аурулардың қандайы болса да адамның денсаулығын күйретеді, еңбек қабілетін жояды, мүгедектікке ұшыратады. Бұдан аурудың қоғам үшін де зиянды екені байқалады. Біздің жыл санаумыздан бір ғасыр бұрын рим философы Лукреция Кара жұқпалы аурудың себебі тірі контагиозге, яғни жұқтырғыш тірі жәндікке байланысты деген пікір айтты. Рим философының бұл пікірі XVI— XVII ғасырларда итальян дәрігері Фракасторо мен ағылшын дәрігері Сиденгам еңбектерінде кеңітілді. Россиядан бұл пікірді дәрігер Данила Самойлович қостады.

.

Тек XIX хасырда жұқпалы аурулар туралы ілімнің іргесін қалаушылар Л. Пастер, Р. Кох, И. И. Мечникоп және баеқа ғалымдар болды. Осы ғалымдардың ғылыми табыстарының нәтижесінде адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларын таратушылар тек тірі қан сорғыш паразиттер екені дәлелденді. Паразиттердің көпшілігі жай көзге ілінбейтін микробтар екені анықталды. Олардың бірқатары өсімдіктегі өте ұсақ грибоктар болса, енді бірқатары жануарда болып шықты. Ал осы екі жән- дікше тобының арасында тағы бір вирустар тобы кездеседі. Осылармен бірге жұқпалы ауруды қоздыратын қан сорғыштар тобына ішек құрты (глисты), буыңды аяқ (членистоноги) және кене жатады.

Ауру жұқтыратын микробтар әр түрлі болғанымен олардың өмір сүретін ортасы адам мен жануарлардың организмі болып табылады. Жұқпалы ауру микробтары тіршілік етіп, тұқымын сақтау үшін әрқашан да ауру организмнен сау организмге ауысып отырады. Аурудан алдын ала сақтану әдісін білу үшін алдымен жұқпалы ауру микробының сау адамға жұғатын жолын білген жөн. Микробтардың ауру адамнан сау адамға жұғатын жолын індет тізбегі (эпидемическая цепь) дейміз. Ауру негізінде төрт жолмен жұғады. Осыған байланысты барлық жұқпалы ауруларды негізінен төрт жікке бөлеміз. Сүтті және басқа сұйық асты ішер алдында кемінде үш минут қайнатқан жөн. Қайнаған суды, пісірген сүт пен асты тек өздерінің піскен және қайнаған ыдыстарында ғана сақтаған жөн. Егер осы тағамдар тазалығы нашар ыдысқа құйылса, ондағы микробтар әлгі тағам- ды булдіреді. Олардың ішінде жұқпалы ауру қоздырғышы болуы да ғажап емес. Тегінде тағамдар беті жабық, салқын жерде сақталуға тиіс. Шыбынның араламайтын жері жоқ, сондықтан ауру қөздырғыш микробтарды қанатына, аяғына, тұмсығына жұққызып алып таратады. Сөйтіп шыбыннын көп жүретін жерлері: жуынды төгетін, қоқсық және мал көшін үйетін шұқырлардың беті жабық жасалсын. Бұл орындар таза күтілсін, оқтын-оқтын хлор әгі мен ДДТ препараты себіліп тұрылсын. Ауру адамның киім-кешегі бөлек жуылсын. Жуар алдында оларды 2% хлорамин ерітіндісіне салып, не басқа дәрімен дезинфекциялап алған жөн. Қиім-кешек кемінде 15 минут қайнатылсын. Кепкеннен кейін екі жағын бірдей жақсылап үтіктеу керек. Ауру адамның дәретін төгер алдында 2 процент хлорамин (не басқа дәрі) ерітіндісіне екі сағат салып қойып, содан кейін төккен дұрыс. Ауру қоздырғышының екінші түрі науқасты қоршаған сыртқы ортаға тыныс жолы арқылы бөлінеді. Айталық, ауру адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде сілекей және қақырық шашырандылары айналадағы ауаға тарайды, әрине олардыц ішінде ауру микробтары да көп. Осы ауамен сау адам дем алғанда әлгі микробтар тез жұғады. Осы жолмен қызылша, желшешек, тұмау-сүзек, қырылдауық, т. б. аурулар жұғады. Аурудың осы тобының микробтары ауа арқылы ұшып 20—30 метр жерге дейін тарала алады. Сондықтан бұл ауруларды тыныс жолы арқылы жұғатын «ұшпалы, шашыранды инфекция» дейміз. Аурудың үшінші түрінде микробтар тері мен сілекей қабықшадағы жараларды қоздырады. Адам терісі мен сілекей қабықшасының құрылысы бірдей емес. Сондықтан бұлардағы аурудың науқас адамнан сау адамға жұғу жолы да бірдей емес. Айталық, мерез және басқа да жіңішке аурулар тек жыныс қатынасы арқылы ғана жұғады, трахома (жұқпалы көз ауруы) науқас адамның орамалымен сүртінгенде жұғады, ал теміреткі адамдардың араласуынан жұғады. Бұл ауруларды дененің сыртқы жұқпалы ауруы дейміз. Аурудың төртінші тобына ұсақ жәндіктердің (шыбын-шіркей, кене, тышқан, т.б.) шағуы немесе тістеуі арқылы жұғатын аурулар жатады, Бірақ сол жәндіктердің организмі микробтар үшін өсіп, көбейетін немесе толығып пісетін ұя болады. Аурудың бұл тобын қанды (өйткені микробтар қан мен лимфада өседі) немесе трансмиссивтік (тасымалдаушы) жұқпалы ауру дейміз. Жұқпалы аурудың көпшілігі мысалы, іш сүзегі, қызылша, мерез, безгек, т. б. Бұлармен тек адам ғана ауырады, ал олар жануарларға жұқпайды. Сондықтан бұл секілді ауруларды адамға тән антропоз дейтін болсақ, жануарлардан адамға жұғатын ауруларды зооноз дейді. Сөйтіп, бруцеллез қой мен сиырдан жұғады, құтыруды ит пен қасқыр жұқтырады, кене энцефалитін тышқан кенелері жұқтырады, т. б. Жұқпалы ауру микробтары тіршілігін сақтауы үшін індет шынжыры үзілмеуге тиіс, яғни ол ауру адамнан сау адамға жұғып, созыла береді дедік. Індет тізбегі үш буыннан тұрады: 1. Инфекция көзі (ауру адам немесе мал); 2. Микробтарды жұқтыратын факторлар; 3. Организмнің ауруға берілгіштігі. Егер осы үш буынның бірі үзілсе, яғни болмай қалса, жұқпалы ауру тоқталады. Ғылымның жұқпалы аурулар мен күресте көздейтіні де осы. Сондықтан жұқпалы аурулармен күресу үшін індет тізбегінің бәрін, тым болмаса бір буынын жоюға тырысады. Оның үшін науқас адамды сау кісілерден бөледі, ауруханаға жатқызады, бұл — басты шара. Онан соң адамның организміңдегі жұқпалы микробтарды қыруға емдік шаралар істеледі. Ал індет малда болған күнде оны адамға қауіпсіз ету үшін малды бөлек бағады немесе өлтіріп, көмеді. Мысалы, іш сүзегімен ауырған адамды ауруханада жатқызса төңірегіндегі сау адамдарға ауру жұғу қаупі жойылады. Туберкулезді антибиотикпен емдеген соң ауру микробы қауіпсіз болады. Құтырған итті өлтіріп, көміп тастаса, адамға ауру жұқпайды. Індеттің таралатын екінші факторы — микробтарды жою үшін, айталық, қантышқақ адам пайдаланған аяқ-табақты және басқа да заттарды дезинфекциялау керек, сонда семья адамдарын ауру жұғудан сақтаймыз. Безгек масасын құртсақ, халық бұл аурудан аман болады. Шаштараз құралдарын пайдаланған сайын қайнайтып алып отырса, тері аурулары тарамайды. Жұқпалы аурудан сақтанудың үшінші жолы – халықты егіп, денесін пісіру. Бұл мақсатқа жету үшін вакцина және сыворотка егіледі. Айталық, шешекке қарсы егілсе, адам бірнеше жыл бойы онымен ауырмайды, ал егуді мезгілінде қайталап тұрса, онымен өмірінше ауырмайтын болады. Індет кезінде қызылшаға қарсы сыворотка ексе, баланың ауырмауына көбірек септігін тигізеді. Жұқпалы аурудан алдын-ала сақтану үшін дәрі де беріледі, мысалы, безгекті жерлер тұрғындарына плазмоцид немесе акрихин берсе, оларды безгек масасы шақса да адам ауырмайтын болады.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.