Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы жайында

Главная » Рефераттар » Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы жайында

Жан Пиаже ойлау психологиясында беделі мойындалған тұлға болып табылады. Пиаже ойлауды зерттеудің жаңа əдісін ойлау дамуының заңдылықтарын жəне қызмет етуін зерттеуге бағытталған клиникалық əңгімелесу əдісін ұсынады. Психологтың ойынша əңгімелесу баланың ойлауын зерттеуге мүмкіндік береді, өйткені ересектің сұрақтарына баланың берген жауаптары зерттеушіге ойлаудың тірі үдерісін ашады. Ж. Пиаженің ойынша əңгімелесу əдісі келесі талаптар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: ересектің сұрақтары баланың тəжірибесінен бөлек болуы тиіс. Білімдерге, дағдыларға, іскерліктерге қатысты сұрақтарды қоюға болмайды; əңгімелесу эксперимент ретінде ұйымдастырылуы тиіс. Зерттеуші балаға сұрақ қойғанда ойлаудың факторларымен себептері жайында қайсыбір болжамын тексереді, ал жауабын алғанда ол сол болжамды дəлелдейді не жоққа шығарады. Сол себепті клиникалық əңгімелесу əдісінде сұрақ қоюдың қатаң, стандартты реті болмайды. Олар баланың жауаптарына байланысты жəне зерттеушімен верификацияланатын болжамның түрленуіне сəйкес икемді өзгеріп отырады.

Ж. Пиаженің ойынша, бала ойлауының дамуы – бұл эгоцентризмнен децентрацияға ұласатын ой операцияларының алмасуы. Зерттеуші ол үдерістің үш кезеңін көрсетеді: субъекті мен объектінің теңдестірілуі, өзін жəне қоршаған əлемді ажырата алмаушылық; эгоцентризм – дербес ұстанымы бойынша əлемді тану, пəнге қатысты əртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық; Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да ықтималды көзқарастармен реттеу. Пиаженің бала ойлауының эгоцентрлігі жайлы феноменді ашуы оның ең үлкен жаңалығы болды. Эгоцентризм – бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған əлемге қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы. Бала ойлауының дамуы өзара байланысқан үш бағытта жүзеге асады. Біріншісі – əлемнің объективті жəне субъективті қабылдау түріне ажыратылуы. Екіншісі – субъектінің ақыл-ой ұстанымының шексізденуінен ықтималды ұстанымдардың қатарын реттеуге дейін ақыл-ой ұстанымының дамуы. Үшінші бағыт ойлаудың дамуын жеке заттарды қабылдаудан олардың арасындағы байланыстарды қабылдауға қозғалыс ретінде сипаттайды.

Ж. Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойлау туралы жəне оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дəуірді құрайды. Олардың тарихи мəні өте зор. Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу əдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін əдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен жəне кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді.

Баланың ойлау мəселесін сапалық тұрғыда қою Пиажені бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тенденциясына қарама-қарсылыққа алып келеді деп айтуға болады. Дəстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз сипатта қарастырады. Ж. Пиаже бала ойлауының сапалық өзгешелігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі туралы білгілері келді жəне бала ойлауының ерекшеліктері оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құрауға, мағыналарды біріктіруге, т.б. өз ойын қорытуға қабілетсіздігімен анықталды. Жаңа зерттеулерде негізгі көңіл балада не бар, баланың ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мəселелерге аударылады.

Бала ойлауының əртүрлі ерекшеліктерін біріктіріп тұратын орталық тізбектің мəні неде? Ол Ж. Пиаже теориясының негізгі көзқарасы тұрғысынан, бала ойлауының эгоцентризмінен тұрады. Бұл – оның барлық жүйесінің негізгі жүйкесі, бұл – оның барлық құрылысының басты бөлігі. Ж. Пиаже бала логикасына тəн белгілердің көп бірлігін эгоцентризмге жатқызуға тырысады. Барлық белгілер жиынтықты құрады, ал ол өз кезегінде баланың логикасын анықтайды. Бұл жиынтықтың негізінде бала ойлау мен баланың іс-əрекетінің эгоцентрлік сипаты жатыр. Бала ойлауының басқа да ерекшеліктері осы негізгі ерекшеліктерінен туындап отырады жəне оның дəлелдеуіне немесе жоққа шығарылуына байланысты бала логикасының əркелкі белгілерін біртұтас етіп біріктіріп, ұғындырып, мағыналап, тұруға ұмтылатын теориялық жалпылауға көмек беретін барлық жіптер үзіледі немесе беки түседі. Мəселен, автор синкретизмді бала эгоцентризмнің тікелей нəтижесі дейді.

Л. С. Выготский ересек адам ойымен  салыстырғанда, бала ойлауының сапалы өзінділігінің жинағын құрастырып, тұратын басқа ерекшеліктерімен байланыстағы бала ойлауының эгоцентристік сипатына көңіл бөлген. Ж. Пиаже эгоцентрлік ойлауды генетикалық, функционалдық жəне құрылымдық көзқарас тұрғысынан аутистикалық ой мен бағытталған ақылды ойлаудың арасынан орын алған өтпелі, аралық ойлаудың даму тарихындағы аралық құрылым. Ойлаудың бірінші түрі – əлеуметтік. Ол дами отырып, тəжірибе мен таза логика заңдарына бағынады. Аты көрсеткендей, аутистік ойлау индивидуалды жəне арнайы заңдар жинағына бағынады. Осы аралық түрлердің ішіндегі ең бастысын эгоцентрлік ойлау, яғни ол – балалардың ойлауы сияқты, шынайы ақиқат дүниеге бейімделуге тырысатын ойлау.

Ж. Пиаже бала ойлауы дамуын төмендегідей жіктейді: Аутистік ойлау — 0 – 2-3 жас шамасы; Эгоцентрлік ойлау — 2-3 – 11-12 жас шамасы; Əлеуметтік тұрғыдағы ойлау — 12 жастан кейін. Ойлаудың дамуы табиғилықтың ығыстырылып, əлеуметтікпен алмасуы арқылы жүзеге асырылады. Екінші кезең сол ығыстырудың нəтижесін білдіретін аралық, өтпелі кезең болып табылады. Эгоцентрлік  ойлау  аутистік  жəне  əлеуметтенген ойлау қасиеттерінің өзіндік үйлесімін, біріншісінің екіншісімен ығыстырылуын білдіреді. Əлеуметтену табиғилықтың күштеп ығыстырылуы жəне оның əлеуметтікпен алмастырылуы. Ойлаудың аутистік түрінен əлеуметтенген түріне ауысуын түсіну үшін баланың қатынастары мен қарым-қатынасының ерекшеліктерін талдау қажет. Күштеу қатынастары аутистік ойлаудың ығыстырылып, эгоцентрлік ойлаумен алмасуына əкеледі. Кооперация мен серіктестік қатынастары эгоцентризм мен децентра- цияны жеңіп, əлеуметтенген тұрғыдағы ойлауға көшуді білдіреді. Бала 2-3 жасқа келгенде ересек оған ойлаудың нақты сөйлеу амал- дарын жəне дайын конструкцияларды үйретуге тырысып, аутистік ойлауды ығыстырады. 11-12 жаста ақырғы децентрация орын алып, əлеуметтенген ойлау қалыптасады. Ж. Пиаженің тұжырымдамасында бала танымы мен интеллектісінің дамуы серіктестік үдерісінде жүзеге асырылатыны айтылады. Ж. Пиаже ізбасарларының  зерттеулерінде, атап айтқанда А. Перре-Клеймонның еңбектерінде (1991) бала ойлауының дамуындағы əлеуметтік өзара əрекеттестіктердің рөлі зерттелінген. Əлеуметтік-танымдық қақтығыстың, яғни танымдық міндетті бірлесіп шешкен балалардың көзқарастары мен ұстанымдарының арасындағы қарама-қайшылықтың танымдық эгоцентризм мен децентрацияны жеңуге ықпал ететіні көрсетілген.

Эгоцентрлік ойлау мен сөйлеу мəселесі

Эгоцентрлік ойлау серіктесіне бағытталмайды жəне оған түсінікті болмайды. Пиаже эгоцентрлік ойлаудың бірнеше ерекшеліктерін көрсетеді. Эгоцентрлік ойлаудың жас ұлғайған сайын өзгеру динамикасын бағалау үшін Ж. Пиаже «эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті» ұғымын енгізеді. Оны мына формула арқылы есептеуге болады: Эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті = баланың эгоцентрлік сөздері/сөздердің  жалпы  саны.  Осылайша,  егер  эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті бірге жақындаса, бала тілінің барлығы тұтастай эгоцентрлік деп саналады, ал егер 0-ге жақындаса – эгоцентрлік ойлау мүлде жоқ деген сөз.

Əрбір мəдениетте эгоцентрлік сөйлеудің өзіндік сандық сипаттамасы бар. Егер мəдениет баланың даралығын жəне өз бетінше айналысуын құптаса, онда эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті жоғары болады, ал егер ұжымшылдық пен іс-əрекеттің біріккен түрлері орын алса, онда көрсеткіші төмен болады. Эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті үш жастан кейін біртіндеп артып, 4-5 жас шамасында шырқау шегіне жетеді. Жеті жастан кейін төмендегенімен, ешқашан нөлге түспейді. Ж. Пиаже эгоцентрлік ойлаудың анықталған динамикасын ойлаудың дамуына қатысты ұсынған жіктеуіне жеткілікті дəлел деп есептеді. Л. С. Выготский эгоцентрлік сөйлеудің феноменін түсіндіретін жаңа модельді ұсынады. Ол модельдің негізінде ол əлемдік психологияда эгоцентрлік сөйлеудің бірегей теориясының авторы ретінде сөзсіз мойындалды. Зерттеуші бірқатар сын ескертпелерді құрастырды: Аутистік ойлау сатысы бала ойлауының дамуында бастапқы кезең болмайды. Бұл тұста Л. С. Выготский Ж. Пиаже теорияларын сынағандардың көзқарастарымен келіседі. Бала ойлауының дамуында, оның заттық тəжірибелік іс-əрекетінің жеткілікті дəрежеде ескерілмеуі. Л. С. Выготский эгоцентрлік сөйлеудің қызметі мен дамуының табиғаты жайлы өзіндік пікірін ұсынды. Эгоцентрлік сөйлеу қатынасу қызметін атқаратын сыртқы, əлеуметтік сөйлеуден, ойлаудың ішкі тəсілі ретінде анықталатын, бала іс-əрекетін жоспарлау жəне реттеу қызметін атқаратын ішкі, дербес сөйлеуге көшудің өтпелі формасы болып табылады.

Л. С. Выготскийдің болжамы жоғары психикалық қызметтердің дамуы жайлы жалпы заңның, интериоризация заңының нақтылануы болып табылады. Ұсынылған болжамды дəлелдеу үшін эгоцентрлік сөйлеудің өтпелі сипатының негізінде қатынасу жəне ішкі сөйлеудің қасиеттері мен қызметін қамтитынын дəлелдеуге бағытталған бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Біріншіден, бала жанындағы құрдастарының оның өзін түсінбейтініне (өзге тілде сөйлейтін балалар, немесе серіктесін естуге мүмкіндік бермейтін əйнектелген қабырға) көзі жеткенде,      эгоцентрлік  ойлау  коэффицентінің  күрт төмендейтіні көрсетілген. Осылайша, эгоцентрлік ойлаудың қатынасу қызметін атқаратындығы дəлелденді.

Екіншіден, іс-əрекетте қиындықтар туындағанда (мысалы, сурет салғанда бір объектіні салу үшін балаға түрлі- түсті қарындаштардың жетпей қалуы) эгоцентрлік ойлау коэффицентінің артатындығы көрсетілген. Соның негізінде эгоцентрлік сөйлеудің жоспарлаушы жəне реттеуші қызметтерді атқаратындығы дəлелденді. Бес жастан кейін баланың іс-əрекеті ерікті сипатқа ие болғанда жəне ол көзделген мақсатқа сай жоспарланғанда баланың сөйлеуі реттеле бастайды.

Ж. Пиаже Л. С. Выготскийдің сынымен тек 1966 жылдары ғана таныса алды. Ол уақытта Л. С. Выготский дүние салып, Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы жайлы тұжырымдамасының көптеген тұрғыларын түбегейлі өзгерткен болатын. Мəселен, швед психологының сөйлеудің тікелей ойды білдіретіні жайлы түсінігі өзгерді. Ж. Пиаже Л. С. Выготкийдің төмендегідей сынымен келісті: аутистік ойлау бала ойлауының дамуында бастапқы кезең емес; бала ойлауының дамуында оның заттық тəжірибелік іс-əрекеті ескерілуі тиіс; сөйлеу мен ойлаудың арасында тікелей байланыс жоқ, ал сөйлеу мен ойлау едəуір күрделі қатынастар арқылы байланысады. Л. С. Выготский бойынша эгоцентрлік сөйлеу – сөйлеу кезеңдерінің интериоризациясы ретінде анықталса, Ж.Пиаже үшін сөйлеу баланың ерекше танымдық ұстанымын анықтайтын үдеріс болып қала берді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.