Жүрек қызметінің реттелуі

Главная » Рефераттар » Жүрек қызметінің реттелуі

Жүректің нервтік реттелуі орталық нерв жүйесінен келетін нерв импульстарымен парасимпатикалық және симпатикалық нервтер арқылы іске асады. Тұңғыш рет жүрекке парасимпатикалық нервтердің әсерін 1845 жылы ағайынды Веберлер анықтады. Жүрекке келетін парасимпатикалық нервті электр тоғымен тітіркендіргенде жүректің жұмысы баяулай бастап, тоқтауға дейін барған.

Парасимпатикалық нервтердің ұшын электр тоғымен тітіркендіргендегі эффект тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Берілетін токтың күші әлсіз болғанда жүрек етінің тартылып жиырылуы баяулай бастайды, оны теріс хронотропты эффект дейді. Онымен қатар жүрек еті  жиырылуының амплитудасы азаяды, ол теріс инотропты эффект деп аталады. Электр тоғының күшін күшейткенде, жүректің жұмысы токтауға дейін барады, осы уақытта жүрек етінің қозғыштығы төмендейді, оны теріс батмотрофты эффект дейді, Жүрек етінің өткізгіштігі де төмендейді теріс дромотрофты эффект деп аталады.

Алғашқы рет жүрекке симпатикалық нервтердің тигізетін әсерін зерттеген 1867 жылы И.Ф.Цион, одан кейін И.П.Павлов болды. Жүректің симпатикалық нервісін тітіркендіргенде парасимпатиқалық нервке қарама-қарсы эффект береді. Симпатикалық нервтерді тітіркендіргенде жүректің қызметі күшейе бастайды оң хронотропты эффект, жүрек ритмі күшейместен оның етінің жиырылуы күшейеді оң инотропты эффект жүрек етінің қозғыштығы жақсарады- оң батмотропты эффект. Жүрек етінің өткізгіштігі жоғарлайды — оң дромотропты эффект.

Рефлекторлык реттелу. Сопақша ми, арқа ми нерв орталықтарымен қатар жүрек жұмысының реттелуіне бас миының басқа бөліктері де қатысады. Аралық мидың гипоталамикалық ядросын тітіркендіргенде жүректің қызметі күшейе бастайды, Сол сияқты үлкен жарты шар ми қыртысы мен мишықты тітіркендіргенде де жүректің қызметі өзгереді. Жүрек қызметінің рефлекторлық өзгеруі организмнің әр түрлі жерлерінде орналасқан рецепторларды тітіркендіргенде де байқалады. Әсіресе жүрек жұмысының реттелуінде ерекше маңызды роль атқаратын тамыр жүйесінің кейбір жерлерінде орналасқан рецепторлар. Ол рецепторлар тамырлар бойындағы қан қысымының өзгеруінен қозу жағдайына келіп отырады. Осы рецепторлардың шоғырланып орналасқан жерін тамырлардың рефлексогенді зонасы деп аталады. Әсіресе маңызды роль атқаратын ұйқы артериясының бұтақтанған жерінде орналасқан рефлексогенді зона. Бұл рефлексогенді зонаны тітіркендіргенде жүрек етінің тартылып жиырылуы рефлекторлы түрде баяулайды. Ол рецептор нерв клеткалар нерв талшықтарының ұшын прессорецепторлар деп аталады. Прессорецепторлардың табиғи тітіркендіргіштері сол рефлексогенді зонада орналасқан тамырлардағы қан қысымының жоғарлауынан қан тамыры қабырғасының керілуі. Қан қысымы жоғарлағанда прессорецепторында қозу импульсы пайда болады да афферентті импульс ретінде парасимпатикалық нервтің орталығындағы оның тонусын жоғарлатады, ол одан әрі жүректің жұмысын баяулатады. Сонымен бірге рефлексогенді зона оң жақ жүрекше аумағындағы орналасқан жоғарғы қуыс вена тамырында да бар. Рецепторлардың жүректің өзінде де (эндокардта, микардте, эпикардта) болатыны анықталған. Осындай рецепторлар рецептор клеткалары ішектің бойында да болады. Мысалы, бақаның ішектерін қозғағанда, оның жүрегі тоқтап қалуға дейін барған. Сол сияқты көз алмасын түбіне, қарай итеріп әсер бергенде, жүректің соуғы 10-20-ға дейін азайған.

Гуморальдык реттелу. Зат алмасу процессінің нәтижесінде түзілген әр түрлі биологиялық және химиялық активті заттар жүректің жұмысына гуморальды әсер береді кейбіреулері күшейтіледі, екінші біреулері баяулатады. Бұл тұрғыдан алғанда әсіресе маңызды роль аткаратын ішкі секреция бездерінің активті заттары — гормондар. Сондай активті заттардың бірі адреналин (бүйрек үсті безінің) симпатикалық нерв жүйесіндей әсер береді. Жүректің соғу ритмін күшейтеді. Қан тамырындағы кальций және калий иондарының белгілі бір концкентрациясы да жүректің қызметіне гуморальды әсер береді. Қан құрамындағы кальцийдың концентрациясы жоғарлағанда жүрек автоматиясы күшейеді, ал калийдің концентрациясы жоғарлағанда керісінше жүректің жұмысы баяулайды.

Қан тамырларының нервтік реттелуі. Қан тамырлар қызметі де парасимпатикалық және симпатикалық нервтер арқылы реттеледі. Симпатикалық нерв системасы қан тамырларының радиусын тарылтады, ол нервтің осындай әсерін тұңғыш рет тәжірибе жүзінде аныктаған А.Л.Вальтер болды. Вальтер 1842 жылы тәжірибені бақаға жүргізеді, ал одан кейін 1852 жылы К.Бернар қоянның құлағына зерттеу жүргізеді.

К.Бернар үй қоянының құлағына келетін симпатикалық нервті тітіркендіргенде сол тітіркендірілген жағындағы құлағының сұрғылттана бастағанын байқаған яғни симпатикалық нервті тітіркендіргеннен артерия және фтериолдың радиусы тарылып құлаққа келетін қанның ағысы баяулайды. Парасимпатикалық нервтердің бірнеше бұтақтарын тітіркендіру арқылы олардың қан тамырларының радиусын кеңейтетініне көз жеткізілген, Мысалы, жақ асты сілекей безіне, тілге келетін парасимпатикалық нервтерді тітіркендіргенде бұл аталған органдарға ағып келетін канның ағысы күшейіп, қан айналуы жақсарған.

Тамырдың гуморальдык реттелуі. Кейбір биологиялық және химиялық активті заттар қан тамырларын тарылтады, не кеңейтеді. Қан тамырының радиусын тарылатын заттарға бүйрек үсті безінің гормоны адреналин мен гипофиздің артқы бөлігінің активті заты вазопрессин жатады. Адреналин негізінен терінің, скелет бұлшық еттерінің, құрсақ бөлігіндегі мүшелердің, екпенің артерия және артериол қан тамырларын тарылтады. Ал вазопрессин көбінесе артериаолдар мен капиллярларға әсер етеді.

Қан тамырларын кеңейтетін заттарға — барлық парасимпатикалық нерв талшықтар ұшында жасақталып отыратын ацетилхолин заты жатады. Негізінен ацетилхолин ұсақ артерия қан тамырларын кеңейтеді. Ол қанда тез бұзылады, сондықтан олардың тигізетін әсері белгілі бір физиологиялық жағдайда байқалады яғни бір тек шектеулі жердегі нерв талшығындағы жасакталатын ацетилхолиннің әсерінен. Қарын мен шектердің қабырғаларының жанында жасақталатын гистамин деген зат, капиляр қан тамырларын кеңейтеді. Сонымен қатар гисгамин әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен болатын терінің қызару реакциясына да қатысады, мысалы, теріні тырмалағанда, жылудың әсері кезінде , күлгін көк сәуленің әсерінен.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.