Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық театр

Главная » Рефераттар » Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық театр

Павлодар өңірі атақты әнші сазгер, атақты драматург Жүсіпбек Аймауытов, артист Иса Байзақов, өнер дүлдүлдері Естай, Майра, Жаяу Мұса, тұңғыш кәсіби театр режиссері Жұмат Шанин, әйгілі кинорежиссер, ақиық актер Шәкен Айманов, арқалы да аруақты опера әншісі, сан қырлы өнер иесі Кәукен Кенжетаев, қазақтың біртуар ғұлама ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев дүниеге келген топырақ. Өнер мен ғылымға, әдебиет пен мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан киелі өлке. Өзен-көлдері мен тау-тастары, аршалары мен шыршалары аңызға айналған әдемі мекен. Сол бір көздің жауын аларлық ғажайып өңірде, өткен ғасырдың 90-шы жылының 7-ші желтоқсанында қазақ елі үшін ұмытылмас ерекше де нақты мәдени қадам жасалды. Иә, бұл шын мәніндегі құтты қадам еді. Егемендік туы желбірер алдындағы сәтті күндердің бірі еді. Бұл сәт — кәсіби тұрғыдағы ұлттық өнеріміздің жаңару, жаңғыру, жасаңғыру тұсы еді. Еліміздің егемендік алар сәтке иек арткан тұсында шынайы құбылыс болды. 1990-шы жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының сол кездегі бас режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі сахна қайраткері Ерсайын Тәпенов жаңа қазак театрын ұйымдастырып, әрі оның шымылдығын ашу үшін Кереку шаһарына арнайы шақырылды. Сондай-ақ, басрежиссерге ілесіп, Қарағандыдан Сейітжан, Роза Тәжібаевтар, Сансызбай, Алма Бекболатовтар және Амангелді Жүкелер Павлодарға келді. Жезқазғаннан ҚР-ның еңбек сіңірген артисі М.Манапов келіп қосылды. Театрдың тұңғыш директоры болып Б.Тапалшинов бекітілді.

Сол кездергі Т.Жүргенов атындағы Алматы театр және көркемсурет институтының басшылығы (аталған оқу орнының ректоры сол жылдарда осы жолдардың авторы болатын) бұл театрға музыкалық комедия және драма бөлімдерінің бітіруші студенттерін арнайы жолдамамен Павлодарға жіберіп, үлкен қолдау көрсеткен-ді. Тұңғыш рет институт бітірушілер дипломдық жүмыстарын тікелей театр сахнасында даярлауға қол жеткізді. Мамандық бойынша дэріс берер ұстаздары да коп күндік іссапарға аттандырылды. К.Кенжетаев, Е.Сегізбаев, М.Жүнісов, П.Ильдаров сынды тэжірибелі доцент, профессорлар өз шәкірттерін театр өндірісімен нақтылы түрде таныстырған еді.

.

Г.Әбдірахимова, Қ.Болманов, Р.Ерэсілова, Қ.Жүнісов, Б.Иманқожаев, Л.Ықтымбаева, С.Мұсахметова, Ә.Сейтімбекова, А.Сейтімбекова, Б.Сүлейменов, А.Тастаева, С.Күлдәулетова, Б.¥ябаевалар жаңа театр сахнасының алғашқы қарлығаштары. Кейінірек, 90-жылдардың орта шеніне қарай театр құрамы Данияр, Ақмарал Абдрахмановтар, Қ.Мүсанова, Б.Қүрбанова, Т.Атанбек, Қ.Балтабаева, Б.Ондасов, Р.Нығманов сынды жас артистермен толықты.
Бірінші маусымның түсаукесер шымылдығы заңғар жазушы-драматург М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» атты музыкалық комедиясымен ашылды. Өзінің ішкі қуатымен, ойнақы мазмүиымен «Айман-Шолпан» пьесасы жас театр маусымын бастауға лайық деп танылып, жаңа өнер отауының алғашқы қойылымына жастықтың жалыны, асау албырттық, қызу энтузиазм барынша тэн болды. Туынды симфониялық оркестрмен сүйемелденді. (дирижері Болат Рахымжанов). Жас артистер тобы өз дипломдық жұмыстарын осылайша іс жүзіне асырды. Театрдың алғашқы премьерасына катысып, қуана қол соққанын осы жолдардың иесі де күні бүгінге дейін зор мақтаныш тұтады. Өйткені, ол күндерде театр және көркемсурет институтының ректоры екендігімді жоғарыда айтып өткенмін. Мәдениет министрінің сол кездергі орынбасары Т.Әлпиев, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Ә.Мәмбетов, белгілі режиссер Ж.Омаров, Қ.Жетпісбаев, К.Кенжетаевтар және басқа да облыс орталықтарынан келген сахна қайраткерлері Кереку театрының ашылу салтанатына белсене араласты. Өзара құтты болсын айтысып, бір-бірлеріне жақсы ниет танытқан еді. Көп кешікпей жас театр үжымы У.Ғаджыбековтің «Аршин-мал-Аланын», К.Кенжетаевтың «Алдар көсесін», У.Исмагиловтың «Қүдашасын» тәп-тәуір меңгеріп, шығармашылық күрделі сындардан сүрінбей өтті. Сырбаз да сыршыл суреткер Ғабит Мүсіреповтің драматургиясына да тиеселі назар аударылды. «Қозы көрпеш — Баян сүлу», «Акан сері — Ақтоқты» туындылары сэтімен сахналанды.

.

Уақыт өте келе театр репертуары М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасымен толықтырылды. Әйгілі трагедияның табиғи кілтін өзінше іздеген тәжірибелі режиссер Бэйтен Омаров біршама табыстарға қол жеткізді. Зерек ұжым, тағы да Мүсірепов мүраларына қайта соқты. ¥лы қаламгердің жүз жылдық мерейтойына арналып, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қойылды. Бұл сапар театр артистерінің эншілік қабілеттері таразыға түсіп, артист-эншілер бүл сайыста да дес бермей, көрермендердің үлкен ықыласына бөленді. Бірте-бірте батылдық сүрлеуіне түскен керекуліктер Ж.Аймауытовтың «Шернияз», Ә.Тәжібаевтың «Майра», Т.Ахтановтың «Махаббат мүңы», «Күшік -күйеу», Д.Исабековтің «Әпке», «Ескі үйдегі екі кездесу», С.Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз», т.б. отандық дүниелерді безбендеп көрді. Сонымен бірге элемдік драматургия мүраларына да мойын бүруды үмытпады. УШекспирдің «Король лирі», А.П.Чеховтың «Шағаласы», Еврипидтің «Медея», Ф.Эрвенің «Түлкі бикеші», кэсіби деңгейде жарық көрген сэтті шығармалар болды. Бұл қойылымдарда ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, тәжірибелі сахна шебері Ш.Байғабылованың көсіле қайрат көрсеткеніне тікелей куэ болдық. Казақ тілінде тұңғыш қойылған И.Кальманның «Сильвасы», И.Штраустың «Жарқанат» оперетталары да театр репертуарынан лайықты орындарын еншіледі.

.

Осы уақыттар аралығында аталмыш театр Астана, Петропавл, Мәскеу, Санкт-Пертербург, Омбы шаһарларына гастрольдік сапармен барып, өнер көрсетіп оралды. Еліміз тәуелсіздігінің он жылдығына орай М.Байсеркеұлының «Абылай ханның ақырғы күндері» (реж. Е.Тэпенов), «Хан кене», (реж. М.Байсеркеүлы), М.Шахановтың «Отырар дастаны» (реж. Е.Тэпенов), атты қойылымдар да көрермен қауым жүрегіне жол тартты. Театр ұжымы республикалық фестивальдерге ғана қатысып қоймай, халықаралық шеңбердегі (Түркия, Египет) фестивальдерге де қатысып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бұл ретте, жиырма жылға жуық театр ұжымының көркемдік жагын суреткерлікпен басқарып келген (ол бұған дейін сондай-ақ, Семей, Торғай, Қарағанды театрларының да өсіп дамуына өлшеусіз үлес қосқан) белгілі сахна қайраткері, ізденімпаз режиссер Ерсайын Тәпеновтің белсенді еңбегін ерекше атап өткен жөн.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.