Жұтқыншақ

Home » Рефераттар » Жұтқыншақ
Рефераттар Комментариев нет

Жұтқыншақ (pharynx) мойын омыртқаның алдында орналасады. Ол ауыз қуысын өңешке, мұрын қуысын көмейге жалғастырып тұрады. Асқорыту жолы жұтқыншақта тыныс жолымен айқасады. Жұтқыншақтың үстіңгі жағынан бас қаңқасы бекіп, VII мойын омыртқа тұсында өңеш жалғасады. Жұтқыншақтың артындағы омыртқа жотасының аралығында болбыр дәнекер ұлпаға толы кеңістік – жұтқыншақ арты болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің кеңеюіне жағдай жасайды. Жұтқыншақта жеті тесік бар. Олар: мұрын жағындағы екі хоана тесігі, құлаққа баратын екі Евтахиев түтігінің тесігі, ауыз тесігі, өңештің ауызы, және көмейдің ауызы. Жұтқыншақ – бұлшықеттерден түзілген ұзынша қалташа.

Жұтқыншақ қабырғасы көлденең жолақты сығымдайтын үш жұп бұлшықеттен: жұтқыншақтың жоғарғы сығым бұлшық еті жұтқыншақтың оратаңғы сығым бұлшық еті және жұтқыншақтың төменгі сығым бұлшық еті деп ажыратылады. Жоғарғы сығым бұлшық еттері сына сүйегінің ортаңғы қанат тәрізді өсіндісінен, астыңғы жақсүйектің жиегінен және тілдің түбірінен басталып, жұтқыншақтың артқы бетіне екі жақтан келіп бекиді. Ортаңғысы — құрмаудың үлкен және кіші ашаларынан басталып, шашыраңқы түрде оларда жұтқыншақтың артқы бетіне бекиді. Ал төменгі сығым бұлшық еттері көмейдің қалқан және сақина шеміршектерінің бүйірінен басталып, сол арада шашырап барып жұтқыншақтың артына және өңештің басталар бөлігіне жетіп бекиді. Бұл бұлшықеттер жұп болғандықтан, олардың бір—бірімен біріккен жерінде (жұтқыншақтың артқы ортасында) жұтқыншақ жігі болады.

zhutkynshakБұлардан басқа жұтқыншақты көтеретін үзынша бұлшық еттер: бізжұтқыншақ және таңдай—жұтқыншақ бұлшықеттері де бар. Олар өздеріне аттас жерден басталып жұтқыншақтың қабырғасына бекиді. Жұтқыншақтың сығымдайтын және оны көтеріп тұратын бұлшық еттерінің өзара сәйкестеніп жиырылу нәтижесінде жұту пайда болады. Жұтқыншақтың ұзындығы — 12—14 см. Жұтқыншақ ауыз қуысы, мұрын қуысы көмейге шектелетіндіктен үш бөлікке бөлінеді. Оларға: мұрын-жұтқыншақ, ауыз-жұтқыншақ және көмей бөліктері жатады.

Мұрын-жүтқыншақ бөлігі немесе анқа — құрылысы өте күрделі бөлік. Ол хоаналар арқылы мұрын қуысымен қатынасып, ауыз қуысынан жұмсақ таңдай арқылы бөлінеді. Тыныс кезінде тіл түбіріне қатты жабысып, ал жұтынған кезде-мұрын-жұтқыншақ бөлігін басқа бөліктен бөліп тұрады. Мұрын-жұтқыншақтың екі бүйіріне ортаңғы құлақтың қысымын реттеп тұратын Евстахиев түтігі ашылуы арқылы құлақ куысымен де жалғасады. Ауыз-жүтқыншақ бөлігі (рагв огаііз) тамақ тесігіндегі өсін арқылы ауыз қуысымен жалғасып түрады. Оның артқы қабырғасы III мойын омыртқа түсында жатады.

Жүтқыншақтың көмей бөлігі сір қабатпен қапталып, көмейдің артқы қабырғасына мекем бірігеді. Жұтқыншақ жіңішкеріп барып, көмейге жалғасады. Ол кілегей қабатымен қапталып, көмейдің артқы қабырғасына тығыз бірігіп кетеді. Жұтқыншақтың көмей бөлігінің түбі көмей шеміршектеріне керіліп тұратындықтан, жұтқыншақ түбінде екі кең қуыс пайда болады. Оның пішіні алмұртқа ұқсайды. Көмей шеміршек-терінің ортасында көмей тесігі бар. Жұтқыншақ осылай жіңішкере келіп, өңешке жалғасады. Жұтқыншақтың ішкі қабырғасындағы сарысуда майда тармақтар таралады. Мұрын жұтқыншақ пен ауыз жұтқыншақтың басталар жері 6 бадамшалармен қоршалған, олар: екі таңдай бадамшасы, екі түтік бадамшасы, бір тіл бадамшасы және бір жұтқыншақ бадамшасы. Бұларды Пирогов немесе сарысу-эпителий сақинасы деп те атайды. Бұл бездердің қорғаныштық маңызы зор. Ересектерге қарағанда жас балаларда бадамшалар (миндалиналар) тез зақымданады. Бадамшалардың тез үлкеюі баспа (ангина), скарлатина ауруларының алғашқы белгілері.

Жоғарыда айтқанымыздай, ауыздағы тағам жұтқыншаққа түсісімен жұтқыншақтағы бұлшық еттердің барлығы жиырылып, құрысады. Жұтқыншақтың кеңейген қуысы тарылады. Тіл көтеріліп, қатты таңдайға жабысып қалады да ауыз бен жұтқыншақ арасындағы ауыз тесігі бітеледі. Осылай пайда болған қуыс арқылы жұтқыншақтың қысылуынан тағам жылжып өңешке өтеді. Жұтқыншаққа түскен ас қайтарылмайды.


 

Ми қызметі басқаратындықтан, жұтыну адамның еркінен тыс жүзеге асады. Ауыздағы ас немесе сілекей жұтқыншаққа барып, ондағы жүйке ұштарын тітіркендірмесе, жұтқыншақтың бұлшықеттері жиырылмайды. Ауызды әбден құрғатып сүртіп отырса, адам жұтына алмайды. Жұтыну жұтқыншаққа түкіріктің (сілекейдің) жиналуынан пайда болады.

Нәрестенің жұтқыншағы өте келте, ұзындығы —3 см, ені 2—2,5 см, ол III— IV мойын омыртқа тұсында орналасады. Оның ауыз-мұрын бөлігі кеңдеу, ал көмей бөлігі пішіні бойынша сүйірленіп бітеді. Жұтқыншақтың мұрын бөлігі 2 жаста екі есе үлкейеді. Бадамшалары 2 жасқа дейін өте тез өседі, одан кейін өсуі баяулап, 20 жаста өсуін тоқтатады. Нәрестенің есту өзегінің (Евстахиев) жұтқыншақ тесігі кең ашық саңылауланып, қатты таңдай тұсына ашылады. Сондықтан құлаққа есту өзегі арқылы суық тез тиеді.

Өңеш— асқазан қуысын жұтқыншаққа жалғастыратын бұлшық етті түтік. Өңеш VI мойын омыртқаның тұсынан басталып, көмей мен кеңірдектің сыртынан көкірек қуысына келіп, қолқа доғасының сыртымен кекеттен өтіп, XI—XII арқа омырткасы тұсында асқазанға жалғасады. Өңештің қабырғасы үш қабаттан тұрады. Оның кілегейлі кабаты майда безді қатқабатты эпителийден тұрады, ол ұзына бойы қатпарланып жатады. Қатпары көлденең кесіндісінен жұлдыз тәрізді болып көрінеді. Кілегей қабаттың астындағы борпылдақ дәнекер ұлпалы қабаттың жақсы жетілуі ас өткенде өңештің кеңеюіне жағдай жасалады. Жұтқан ас түйірі өңешпен жылжығанда өңеш кеңейіп отырады. Кілегейлі бездердің сұйықтығы ас түйірін оңай жылжытады. Бұлшық етті қабат өңештің мойын бөлігінде көлденең жолақты, ал орта тұсынан бастап бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады. Бұл қабаттың өзі ішкі сақиналы және сыртқы ұзына бойына кеткен бұлшықет қабаттардан құралады. Сыртқы қабаты болбыр дәнекер ұлпалардан түзіліп, басқа мүшелерге жалғасып жатады. Көкеттен өткен соң өңештің сырты сір қабатымен, ішпердемен қапталады.