Жаңа ақпараттық коммуникациялық технология

Главная » Рефераттар » Жаңа ақпараттық коммуникациялық технология

Қазақстан алдыңғы 10 жыл уақытта бәсекеге қабілетті әлемнің ең дамыған 50 мемлекетінің қатарына енуі үшін халқымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеттері жоғары болуы қажет. Білімнің айырықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Өресі биік адамдар ғана мемлекеттің экономикалық даму деңгейін анықтайды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – мемлекеттің әлеуметтік және кәсіптік мәселелерін өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын бәсекеге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында «2005 жылдың аяғына дейін мектептердегі компьютердің саны 37:1 қатынасындай, яғни 37 оқушыға 1 компьютерден келеді, ал 2010 жылдың аяғына дейін бұл 20 оқушыға 1 компьютерден келеді» деп атап көрсетілген-ді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министры Ж.Түймебаевтың «білім сапасы білікті кадрға тәуелді» атты 1 құркүйек – білім күніне арналған баяндамасына сүйенсек, білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасы жаңартылуда: 2900- ден астам мультимедиалық лингафондық кабинеттер жасақталды; 3821 мектеп интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етілді; on – line оқыту студиясы құрылып бір компьютерге 20 оқушыдан келеді; Білім беру ұйымдарының 98% интернет желісіне қосылған.

.

Ал бұл оқу – тәрбие үдерісінде компьютерлерді, жаңа коммуникациялық оқу технологияларын, электрондық оқулықтарды кеңінен пайдалануға зор мүмкіндік ашады. Ақпараттық ғасырда интелектуалды қызметтің дамуы компютер және қазіргі коммуникация құралдарымен тығыз байланысты. Бұл ақпараттық технологияландыру адамның іскерлік белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда, ғылымның дамуына түбегейлі әсер етеді. Ақпараттық технология білімді өңдеумен анықталып, қоғамның материялдық және рухани жағдайын өзгертеді. Ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемнен алынған сыртқы ортадағы кездейсоқтық үдерістерге бейімделу және осы ортадағы өмір сүру әрекетінің мазмұнды белгісі, белгісіздің сырын ашатын жаңалық, хабарлама. Ақпараттың негізгі маңызды жағы сапалы және сандық байланыстың анықтылығында. ЮНЕСКО-ның зерттеуінде ХХ ғасырдың 90-жылдарының өзінде де Еуропада халықтың 70%-ы кәсіби аұпараттарды ақпараттық банктерден алуды қаласа, тек 3%- кітапханадан алуды қанағат тұтады. Америка мен Еуропа мемлекеттерінде әртүрлі мамандықтар бойынша мәліметтер жинақтайтын арнайы ақпараттық банктер жұмыс жасайды, солардың бірі – педагогикалық ақпараттық банктер.

.

Ресейдің білім саласы қызыметкерлерінің білімін көтеру институтының құжаттарына сүйенсек, Ресейдің ақпараттық банктері бар Тамбов, киров, ярославль, қалаларында 1990-1994 жылдардың өзінде-ақ ақпараттық тапсырыс беретіндердің саны 1,5 – 2 есе артқан. И.А.мегалова өзінің «Ресей мен шетел ЖОО-да шетел тілінің құзыретін қалыптастырудағы жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологиялары (салыстырмалы анализ)»  зерттеу жұмысындап қазіргі кезеңде шет тілінің құзіреттілігін қалыптастырудағы жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану жолдарын, атап айтқанда медиа модуль әдісі мен қашықтықтан оқытуды қарастырады. Педагогика теориясында жаңа ақпараттық комуникациялық технологияға 1980 жылы С.Пейперт ( S.Papert ) ұсынған 3 көзқарас тиесілі : сыншылдық; скептикалық; оптимистік

«Критикалық» көзқарастағы сыншылдар оқытудағы жаңа ақпараттық комуникациялық технологиялардың (ЖАКТ) кері әсерлерін басып айтады: видео адам белсенділігіне кері әсер етеді, ЭВМ терең ойлауды тежейді, компьютерлендіру үдерісі қоғамды ізгілендіруге кері әсерін тигізеді, өйткені адамның жасайтын барлық іс — әрекетін компьютер жасайды да, адамның ойының, ой-санасының өсуіне кедергі жасайды.

Скептиктер компьютерлендіру идеясына оң көзқарас білдіреді, олардың ойынша, жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялар оқыту үдерісін жақсартады, оқушының ойлау іс-әрекетін арттырады. Оптимистер ЖАКТ келешегінен үлкен үміт күтеді, олар ЖАКТ оқушылардың ойлау үдерісін, ақпарат алу үдерісін және де оқыту үдерісін, ақпарат алу әдісін және де оқыту үдерісін түбегейлі өзгертеді деп санайды. 1998 жылдың қазан айында Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Халықаралық конференциясы жоғары білім беру саласында оқу үрдісіне ЖАКТ ендіруде кедергіболатын төмендегідей мәселелерді атап өтті: мәдени дәстүрлерге байланысты аспектілер; жаңа технологиялар – дербес компьютерлер, электрондық пошта, қашықтықтан оқыту, виртуалды жүйелері әжептәур инвестиция – қаржы көзін талап етеді; өнімдірек жұмыс жасайтын өндіріс үдерістерінің қоршаған орта тигізетін әсері.

Жаңа ақпараттық технология – мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге , оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға , оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге, оқу үдерісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс стеуге шексіз мүмкіншілік туғызады. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды мектептің оқу- тәрбие үдерісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: Өз пәні бойынша оқу — әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web – сайттар ашу; Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау (мультимедиялық және гипермәтіндік технологиялар); қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. Оқу – тәрбие үдерісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар. Оқушылар мен мұғалімдерді желімен жұмыс жасауға үйрету. Дайын телекоммуникациялық жобалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру, пәндік әдәстемелік Web-сайттар, Web-бетін құру. Телекоммуникациялық технологияларды қолдану мұғалімнің білімін өздігінен жетілдіруге көмектеседі, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі артады, сондай-ақ оқушылардың шығармашылықтарының қалыптасуына өз үлесін қосады, олар әр түрлі телекоммуникациялық жобалар байқауына қатысуына мүмкіндік алады. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылықтары бар: білім мазмұнының заман талабына сай болу; болашақта қажетті білімді толығымен алу: білімді өздігінен меңгеру; өзін — өзі басқара алуы; өз күшіне сенімділіктің болуы; өз жетістігін көре алуы; оқушының ізденіске, шығармашылыққа бағыттауы.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияда оқыту құралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сай «оқушы – электронды оқулық» және «мектеп-интернет» жүйесін құруға болады. Оқушылар үшін электрондық оқулық – мектеп қабырғасында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырпманы қызыға орындайды.

ЖАКТ жағдайында оқушыға экран арқылы компьютер жаңа сабақты түсіндіріп, оқу үрдісін өзі атқаруымен сипатталады, қашықтықтан оқытуды да жүзеге асыруға болады. Қашықтықтан оқыту технологиясы белгілі бір қашықтықта отырып, компеьютерлік телекоммуникация және басқа байланыс орталықтары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара тәжірибе алмасу тәсіліне негізделген.

Қашықтықтан оқыту электрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану арқылы оқу-танымдық қызметтері әдістемелік тұрғыдан жан – жақты және жеке тұлғаны дамыту барысындағы алыстағы білім беру мекемелеріндегі ұйымдастырылған оқыту үдерісі болып табылады. Бұндай оқыту оқу үдерісіндегі құралдар, әдәстер, формалар арқылы педагогикалық қарым – қатынас мұғалім мен үйренуші арасында жүретіндігімен ерекшеленеді. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарына электрондық және мультимедиялық оқулықтар мен оқу – құралдары, теле, бейнедәрістер және т.б. оқу-танымдық қызметі ұйымдастырудың формалары жатады.

.

Ал қашықтан оқытудың ақпараттық технологияларына оқу материалдарын жасақтау, құру, беру және оларды сақтау қашықтан оқу үдерісін ұйымдастыру мен оны жүргізу жатады, сондай-ақ қашықтан оқытудың педагогикалық технологияларына қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиялары жатады. Қазіргі заман қоғамын ақпараттандырудың басты бір бағыты білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Бұл үдеріс автоматтандырылған ғылыми педагогикалық банктер деректерін, ақпараттық әдістемелік метериалдарды, сонымен қатар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беру жүйесін жетілдіруге көмегін тигізеді.

Білім мазмұнын жаңалау үдерісінде оқушыларға дайын білімді беріп қана қоймай білімді өздігінен игерудің әдіс жолдарын меңгерту, оның процессуалдық және дамытушылық жақтарына басымдылық беру қарастырылған. Білім мазмұнына қойылатын бұл жаңа талап оқулық теориясына да жаңа талаптар қояды. Сөйтіп, оқулық кәдімгі тек ақпарат беріп қана қоятын білім көзінен оқушы өз бетімен танымдық қызмет істеуге жетелейтін дамыту құралына айналуы тиіс. Ал, бұл мәселе оқу тәрбие үдерісіне электронды оқулықтарды пайдаланумен және мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырумен шешіледі. Мектептің оқу тәрбие үдерісінде электронды оқулықтарды кеңінен пайдалану оқыту мазмұны мен әдістерінің интенсивтілігін, оқудың тиімділігін күшейтеді, мұғалімнің инновациялық даярлығын арттырады.

ЖАКТ-ны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру 3 кезеңнен тұрады: 1 – кезең: компьютердегі бар жекеленген тақырып, тақырыпшаларды, гипермәтінді қолдану, яғни «сіңіру» технологиясы. 2 –кезең: оқушының өзіне қажетті мәліметтерді алу, яғни «жинақтау» технологиясы. 3 –кезең: монотехнология, яғни барлық оқыту, басқару, бақылау тек қана компьютерге сүйенеді. ЖАКТ-ның тұжырымдық ережелері: оқыту –оқушының компьютермен жұмыс стеуі; бейімдеу –компьютерлік бағдарламаны баланың жеке ерекшеліктеріне қарай ыңғайлау; диалогтық сұхбаттасу –оқушының компьютермен өзара қатынасы; басқару –кез  келген уақыттағы оқытушының енгізген түзетуі; оқытушының нұсқау беруі, сыныпішілік желіні басқару; дидактикалық басқару – жеке және топтық жұмыстың тиімді үйлестіруң; психологиялық басқару – оқушының компьютермен жұмысы кезінде қолайлы жағдай туғызу; бағалау – оқушылардың алған білім дәрежесін анықтау. ЖАКТ жағдайындағы оқу үдерісі – электронды оқулықтар мен интернет желісін қолдана отырып білімді, іскерлікті және қашықтықты меңгертетін күрделі үдеріс, ол оқушының ой»-өрісін,жігерін, күш-қайратын қажет етеді және олардың дамуына жағдай жасайды . Оқу – алға қойған мақсатқа жетуге бағытталғын педагог пен оқушының арасындағы белгіленген тәртіппен жүргізілентін қарым қатынас. Оқыту үдерісін ақпараттандыру барысында оқушылардың өз бетімен білім алу жолы ерекше орын алады деуге болады. 49-суретте ЖАКТ-ның бағыттары көрсетіледі.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.