Жаңа діни ұйымдардың қалыптасуы

Главная » Рефераттар » Жаңа діни ұйымдардың қалыптасуы

Жаңа типті діни ұйымдардың пайда болуы XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап белгілі бола бастады. Бірақ оларды жүйелі түрде зерттеу он шақты жылдан соң ғана басталды. Формальды түрде нашар біріккен, «дәстүрлі діннен» өзге ілімге сенетін діни топтардың барлығы анықталды. Олардың ілімдері синкреттікпен ерекшеленіп, әр діни және философиялық жүйелердің элементтерін эклектикалық түрде біріктірді, бұл ерекшелік оларды «постмодернистік» деп атауға негіз берді. Жаңа діни ағымдар (ЖДА) немесе дәстүрден тыс діни қозғалыстар бұл дін немесе шіркеу, деноминация ретінде қоғамда орын алмаған діни топтар. ЖДА термині академиялық және нейтральды ұғым болып есептеледі. Бұл ұғым «секта» және «культ» терминдерін алмастыру үшін ғылыми қолданысқа енгізілді. Қазіргі ғылымда жаңа діни ағымдарды зерттеуде объективті және әділ бағытты ұстану мақсатында «секта», «тоталитарлық секта», «культ», «деструктивтік культ» терминдерін эмоциональды ауыр және діни көзқарасқа тән деп қолданбауға тырысады. XX ғасырдың соңында бұл терминдерді ауыстыратын «альтернативтік діндер», «маргинальдық діни топтар» т.б. терминдер ұсынылған болатын. Солардын ішінде жана діни ағымдар (ЖДА) терминінің кең тарауы ағылшын социологы профессор Айлин Баркердін енбегінің нәтижесі болды. «Жаңа» сөзінің мағынасы нақтылы зерттеушіге және зерттелетін елге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы Жапон елінде жаңа діни ұйымдар көбінесе ХІХ ғасырдың соңында пайда болған топтарды атайды. Айлин Баркер «жаңа» деп Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және нақтылы дәстүрлі мәдениеттерге қатысты қозғалыстарды айтады. Басқа терминдерге қарағанда ЖДА өзгешелігі бұнда фактылық аспект емес, хронологиялық аспект негізгі орын алады. Жалпы алғанда «жаңа діни ағымдарға» жеке алынған қоғамда дәстүрлі деп мойындалмаған (немесе әлі мойындала қоймаған) кез келген діни топ жатады. Осыған сай ЖДА тізімі зерттеушілердің уақытша қабылдаған өлшемдері мен нактылы қоғамның ЖДА қатынасына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы индуистік бағыттағы діни ағымдар Батыс елдері үшін «жаңа» болса, кейбір Батыстағы деноминация ретінде тіркелген протестанттық діни ағымдар Азия елдері үшін «жаңа» ағым ретінде қабылданады. Профессор Массимо Интровиньенің ойынша «ғылымдар «секта» және «культ» деген кемсітетін сездерді қолданбау үшін бұл терминдерді қуана қабылдап, оларды қолдана бастаған. Біреулер бұл топқа тек XX гасырда пайда болған ағымдарды кіргізсе; біреулер XIX ғасырдан бастап қосады. Біреулер тек хронологиялық өлшемдерді алса, біреулер доктириналдық парадигмаларды жоғары қойды. Осыған орай ете күрделі шешілетін мәселелер туындады. Кейбір ағымдар «жаңа діни ағымдар» немесе «жаңа діндер» — бар болғаны «секта» және «культ» сөздерінің синонимі, олар «құрметті» діндерге қатысты біздің өзгешелігімізді белгілейді деген наразылық білдірді. XXI ғасырдың басында Франция, Ресей, Қытай өкіметінің культтерге қарсы жүргізген акцияларына наразылықтың барысында «жаңа діни ағымдар» немесе «жаңа діндер» терминдерінен де бас тартып, діни және рухани топ «отбасылары» туралы айту ұсынылды». Жаңа діни ағымдардың саны ХХІ-ші ғасырда алдыңғы ғасырларға қарағанда көбеймесе, кеміген жоқ. Жаңа діни ағымдардың пайда болу мәселесін (бір діннен белініп шыққан секта ретінде ғана қабылдамай) дінтану, әлеуметтану және психология салаларында зерттеуді қайта қарау қазіргі заман талабы десе болады. Қазіргі секта тануда негізінен радикалды инновация нәтижесінде пайда болғақ яғни, өздерін қоршаған діни ортадан фундаменталды бөлінген культтерге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа діни ағымдардың пайда болуы діндегі «сектанттық тенденцияның» яғни, біраз уақытқа созылатын даму процесінің нәтижесі болып табылады, Осылайша діни ағымның формапьды түрде құрылуы, оның ресми құжат (сол ағымның ешқандай басқа дінге кірмейтіндігін куәландырады ) қабылдауымен басталады. Көбінесе дәстүрлі діндердің басқару органдары өз аймақтарында пайда болған топтардың қызметтері жайлы біліп отырады, бірақ оларды анафемаға беріп, (бұл жерде христиан дініне байланысты айтылып отыр) діннен алыстатуға асықпайды. Керісінше олармен тіл табысуға тырысады. Мұндай саясат көбінесе сәтті аяқталып, дәстүрлі діндер қоғамдық қактығыстардың алдын алады. Жаңа діни ағымдардың пайда болу нәтижесіне қарап, олардың көбінесе дәстүрлі діндерден емес, діни ұйымдардың басқа түрінен: деноминациялардан, культтерден және басқа секталардан бөлініп шыққанын көреміз.
Кез келген діни ұйымдарда сектанттық тенденциялардың пайда болуының онтологиялық негізі оларға іштей тән, олардың өздерін қоршаған қоғамның өзгеру жағдайына қарай ыңғайлану қажеттігі туып отырды. Діни қауымдастықтың мүшелері өз ілімдерінің қоршаған ортаға сәйкестігін немесе өзектілігін көруден қалады, яғни діни ілім олардың ойындағы талаптарға сай жауап бермейді, осылайша жаңа «белсенді» діни толғаныс пен түсініктердің ізденісі басталады. Алғашында олар бүл формаларды өз діни топтарының ілімдерінің және практикаларының шеңберінде табуға тырысады. Егер іздегендері табылмаса, онда олар дәстүрді өзгертудің инциативасын өз қолдарына алып, жаңа сектанттық тенденцияның даму процесін бастайды. Дәстүрлерді зерттеуші белгілі ғалым Эдвард Шилстың айтуынша «бар діни канонды тусіндіру оның іштей жаңаруы болып есептеледі, бұл дәстүрдің арнайы түрде емес, өзіндік жаңаруы. Оның негізгі функциясы қандай жағдай болса да дәстурді сақтап қалу болып табылады».
Діни дәстүрлердің мәтінін талдау және түсіндіру сол діни дәстүр өкілдері арқылы жургізіліп отырса, бұл сол діни дәстүрді өзгертуге тырысқан сырткы және ішкі талпыныетардың кез-келген түріне қарсы тұра алатын күш болады. Бірақ, дәстүрдің бұлай жаңарып отыруы өте баяу процесс, қанша айтқанмен де қоғамдағы өзгерістер дәстүрлер мен канондарға жаңаша түсінік беруді қажет етеді. Осылайша. әлемдегі барлық діни ұйымдардың өзінде сектанттық тенденциялардың пайда болу және даму потенциалы пайда болады. Бұл потенциалдың жүзеге асуы әр түрлі жағдайлық факторларға (мысалы, ұйымдағы харизиматикалық көшбасшының болуы, діни ұйым мүшелерінің бір ауыздылығына, тағы да басқа белгілерге) байланысты, Бұл әсіресе ез ішінде сектанттық тенденциялар көп туындайтын, нәтижесінде кезекті бөлініске ұшырайтын жаңа діни ағымдарға тікелей байланысты.
Діндердегі іштей жаңару процессі бастапқыда саналы түрде сыртқы әсерге қарсы діни дәстүрдің өзінде болуы мүмкін немесе спонтанды пайда болады, Діни ұйымдардың өзінің ішінде діни ілімдердегі кейбір мәселеге байланысты «шынайы» түсінікті «жалған» түсініктен айыратын өлшемдерін жаңартуға талпыныстарды көруге болады. Бұған католик шіркеуінің кардиналы Джон Генри Ньгоманның «Шіркеудегі идеяның дамуының жеті шынайы белгісі», Халықаралық Кришна Санасы қоғамының негізін салушы Бһахтиведанта Свами Прабхупаданың Бхагавад-Гитаға берген түсініктері мысал бола алады. Есімдері аталған діндарлардың әр қайсы да қалыптасқан көне діни дәстүрлерді сактай отырып, заман талабына сай өздерінше жаңартулар кіргізді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.