Жаңа Вавилон

Главная » Рефераттар » Жаңа Вавилон

I Саргон ежелгі Вавилон мемлекетінің негізін қалап, оның ұрпақтары (Хаммурапи) мемлекет негізін нығайтып, шекаралық аймақтарын ұлғайтқанымен, б.д.д. XVI ғасыр шамасында ол көршілерінің шабуылдары мен ішкі бүліктердің эсерінен кішігірім элсіз мемлекетке айналады. Оны Кіші Азия жерінен келген жауын-гер хеттер жаулап алып, Қосөзен аймағына кең тараған Ежелгі Вави-лон билігіне шек қояды. Хеттер жаңа жер аумақтарын қосып алуға, оларды ұзақ билеп тұруға қызығушылық білдірмей, Вавилонды түк қалдырмай тонаумен қоса, қырғынға ұшыратып, бірнеше ғасырға дейін бас көтере алмайтын жағдайға жеткізеді.
Цезарь мен Тацит еңбектерінде хеттер германдықтарға ұқсас үнді-еуропалық көшпенді тайпалар ретінде эрқашан қозғалыста, жауынгерлік жорықтарда жүрген халық ретінде бейнеленеді. Бүлардың өз мүмкіндіктерін жаулап алу соғыстарына ғана жүмсаған, қала қорғандары мен жер асты үңгір жолдарын қазғаннан басқаны білмеген, ғылым, өнер салаларына қызықпаған, оны өз абыздарының үлесі деп есептегенін тарихи деректер жеткізеді. Де-генмен, үлкен аймақтарды жаулап алу барысында, басқа елдердің озық мәдениеттеріне жолығып, оларды біртіндеп қабылдай бастай-ды. Оған Вавилонның билік заңдары мен жазу өнерін мысал ретінде келтіруге болады.
Хеттерден соң Вавилон жеріне қазіргі Батыс Иран аймағынан шыққан касситтер келеді. Касситтер Вавилонға 600 жылдай билік жүргізеді. Зерттеушілер екінші вавилондық эулет аталған бүл та-рихи дәуір туралы мэліметтердің өте мардымсыз екенін көрсетеді. Тек Наци-нугаш (б.д.д. 1350-1345 жж.), Наци-марруташ (б.д.д. 1323-1298 жж.) жэне Каштилиаш (б.д.д. 1242-1235 жж.) тэрізді эйгілі патшалардың ғана есімдері жеткен тэрізді. Тарихи эдебиеттерде деректердің аздығына соғыстардың себеп болғаны жайлы жорамал-дар жасалған.
Жаңа Вавилон дэуірі б.д.д. 605 жылдан 538 жылға дейін созыла-ды. Ассирия мемлекеті талқандалғаннан кейін, оның негізін халдей-лер қалаған.
Навуходоносор патша шын мэнінде қирап жатқан астананы мүраға алып, көрегендігімен, жігерлі эрекеттерімен оны Қосөзен өңірі астанасына айналдырады. Қайта жаңғырған, қалпына келген Вавилон жайлы Тауратта: «Өзінің бұзақылыққа итермелейтін ашу-лы шарабымен барлық халықты тойдырды», — деп жазылған. Жаңа Вавилонның негізін қалаған Набопаласардың: «Вавилон ғибадатхана мүнарасы маған дейін тозған, бүзылған еді. Оны Жер жүрегінде жаңартуға, оның мүнарасын көкке жеткізуге Мардук қүдай бүйрық берді. Мен іске кірістім, қам кесектерді дайындап, отқа күйдірдім… Мен аспаннан жауған жаңбыр, аққан өзен тэрізді өлшеусіз қара май-ды Арабтудан алдырдым… Мен қыш кесектер астына алтын мен күміс, таулар мен мүхиттардың қымбат бағалы тастарын тастадым… Мен ием Мардук алдында басымды идім, киімдерімді шешіп, кесек тас пен саз тасыдым. Түңғышым, жүрегім қалаған Навуходоносорға өзіме бағыныштылармен бірге тасаттық жасайтын шараптар мен майларды алып жүруге бүйрық бердім», — деген сөзінен патша мен тақ мүрагерінің ғибадатхана қүрылысына атсалысқанын түсінеміз.
Патша б.д.д. 605 жылы баласы Навуходоносорды мысырлықтарға қарсы жорыққа аттандырады. Соғыста жеңіске жеткен жас эскербасы, экесінің өлгені жайлы хабар алысымен, тез арада Вавилонға келуге мэжбүр болады. Таққа отырған II Навуходоносор бірнеше жылдан кейін Шығыс Жерорта теңізі аймағында жаулап алу соғыстарын жүргізеді. Соғыс нэтижесінде азып-тозған Вавилон қиратындысын қайта жаңғыртуға қажетті көп қазына түседі. Жаулап алынған жер-лерден қүлдыққа айдалып келгендер ортасында қолөнершілер, құрылысшылар, ағаш үсталары, тас қалаушылар, мүсіншілер болды. II Навуходоносордың ел астанасында үлкен қүрылыс жүмыстарын бастауына, бэлкім, осылар себепкер болса керек. Уақыт сынына төтеп беріп, осы күнге жеткен ғимараттардың қираған қалдықтары көрген жанның бэріне ерекше эсер қалдырады. Үлкен қала қорғанмен қоршалып, алып тас бүқалар үстіне Евфраттың екі жағасын қосқан көпірлер салынады. II Навуходоносор қүдайлардың қүрметіне ең бір ғажап ғимараттарды түрғызған. Грек тарихшыларының жазуынша, Вавилон екі түрлі сэулет өнері жетістігін — қала қорғаны мен аспалы бағын мақтан түтқан.
Археологиялық қазба жү_мыстары қаланың екі бекініспен бекітілгенін, сыртқы қорғанның биіктігі 50 фут (1 фут = 304,801 мм), ені 10 фут екенін көрсетті. Қорғанның ішкі жағынан қүрылысшылар аумағы 25 фут болатын кеңістік, ашық жер қалдырған. Ол эскери шеру өтетін, қорғанды қарауылдайтын жауынгерлердің жиналатын алаңы болуы мүмкін. Содан соң біріншісінен де қабырғасы қалың, ені 20 фут екінші қорған түрғызылған.
Тарихи дэуірде Евфрат өзені қаланы екіге бөліп ағып жатқан. Үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің шығыс жағында қаланың ескі бөлігі, ал батысында жаңа бөлігі орналасқан. Осы өзен суын пайда-ланып, жаудың қайықпен қалаға кіріп кетуі мүмкін екенін ойлаған Навуходоносор арықтар қаздырып, суды терең жыраларға бүрғызып, қорғанның элсіз түстарын бекіттірген. Қаланың қақ ортасындағы На-вуходоносор сарайы — негізгі саяси орталық, Мардук қүдайға арнап түрғызылған ғибадатханада діни рэсімдер өткізілетін орын болған.
Ежелгі тарихшылар қала орталығында «Аспалы бақтың» да болғанын мэлімдейді. Оның барынша толық, егжей-тегжейлі сипа-тын берген Диодор Сицилийский: «Бақтың үзындығы да, ені де 100 фут; ол театрға үқсас қатарлардың үстіне орналасқан. Ең жоғарғы бөліктің жерден биіктігі — 75 фут. Бақтың төбесіндегі шатырлары үзындығы 16 фут болатын тас бөренелерден қүрастырылды; оларды алдымен қамыспен жауып, үстіне сүйық қара май қүйған, сосын це-ментпен екі қатар күйген қыш кірпіш қаланған; оның үсті су өтпеуі үшін қорғасынмен қапталған. Осыдан кейін, төбенің үстіне тамыр-лары берік үлкен ағаштар отырғызуға болатындай қалың қүнарлы топырақтар төгілген. Тегістелген төбелерге әртүрлі ағаштар барын-ша жиі, күн жақсы түсетіндей етіп отырғызылған… Бүлар өзен су-ымен суарылған, алайда оның қалай істелгенін ешкім көрген жоқ» [43.194 б.]
Әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептелетін «Аспалы бақ» зерттеушілердің қызығушылығын оятып, оның шынымен өмірде болғаны жайлы айғақтарды іздеуге итермелейді. «Аспалы бақты» ынталана іздеген Роберт Кольдевей Вавилонның оңтүстік бөлігінен төбе тэрізді ғимаратты тауып, «Аспалы бақ» сол деген қорытынды жасайды. Өйткені, тіреулерінен басқасының бэрі тастан тұрғызылған жалғыз құрылыс сол болатын. Бұған қоса, құрылыс жанынан бір-біріне шахта арқылы қосылған үш қү_дық табылған, олардың ортасындағысы — шаршы түрінде, екі жағындағысы — тік бұрышты. Зерттеуші «Аспалы бақ» осы қүдықтардың суынан нэр алды деген болжам жасайды.
Вавилон мұнарасы әртүрлі халықтардың аңыздары мен эңгімелеріне арқау болды. Халдейлер Вавилоны элдеқашан жермен-жексен болып, топыраққа көміліп қалғанына мыңдаған жылдар өтсе де, элі күнге естен шыққан жоқ. Шеру жолының қабырғалары қиял-ғажайып жануарлар бейнеленген түрлі-түсті жарқыраған израз-ецтермен безендірілді. Вавилонның ең эйгілі қүрылыс, ғимараты -осыдан жүз жылдан аса уақыт бүрын неміс археологтары тапқан Иштар қүдай қақпасы.
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басында Вавилон өзінде қазба жүмыстары жүргізілу ін күткен маңызды қалалард ың бірі болды. Неміс археологтары мұнда қазба жұмыстарын 15 жыл бойына жүргізеді. 1902 жылдың көктемінде археологтар Вавилонның Шеру жолы мен Иштар құдай қақпасын табады. Экспедиция жетекшісі Роберт Коль-девей жалпы жұрттың назарын аударған маңызды жетістіктерді жа-риялайды. Биіктігі 40 фут, ғаламат үлкен Иштар құдай қақпасы ту-ралы айтылатын дақпырт ақиқатқа сәйкес келеді. Ол қала мерекесі кезінде Мардук құдайдың мүсінін алып жүретін Шеру жолының бойында асқақтап тұрған. Әсіресе, қақпа тас пен саздан тұратын сұрқай әлемде түрлі-түсті бояулар барын дэлелдеп, жүртшылық на-зарын өзіне аударып, үлкен эсер еткен. Шеру жолы мен Иштар құдай қақпасын қалпына келтіру туралы мэтінде Навуходоносордың қала қақпасы да барша жүртты таңырқататындай заңғар айбынды бо-луы үшін, қам кесектер мен қыш кесектерге жылтыр бояулы сыр-мен айбынды бұқалар, жолбарыстар мен айдаьарлардың суреттерін (барлығы 600) салу туралы бұйрық бергені мэлімделген.
Набопаласардың елшілік көрегендігі мен Навуходоносордың табы-сты эскери жорықтары нэтижесінде өмірге келген империя Амель-Мар-дук кезінде құлдырауға үшырайды. Вавилон тарихшысы Берос оның экесі Навуходоносорға лайық ұл болмағанын жеткізеді. Әлемдегі ең бір алынбайтын қамал деп есептелген қаланы б.д.д. 583 жылы парсы эскерлерін бастап келген ¥лы Кир басып алады. Оқиғаға куэ болған, қаланың құлағанын өз көзімен көрген кісілердің сөздерін негізге алған Геродоттың пікірінше, қорған қабырғаларының мықтылығынан Кир оны ұзақ уақыт ала алмай, қоршап түрған. Ақыр соңында, парсылардың алдыңғы эскер тобы оңтүстік пен солтүстік жақтан су жолдары — Евфраттың салалары арқылы қалаға кіреді. Грек тарих-шысы қаланың үлкен болғаны соншалықты, жау қалаға басып кіріп, шет жағын жаулап алғанда, қала орталығындағылар одан бейхабар боп, көңілді мереке, ойын-сауықтарын жалғастыра бергенін жазады. Геродоттың мэліметінше, парсылар қорған қабырғаларын, қақпаларды қиратқанымен, ғимараттар мен ғибадатханаларға тимеген.
Қала тұрғындары еркіндік үшін кетеріліске бірнеше рет шыққанымен, олар сэтсіз аяқталады. ¥зақ уақыт Қосөзен аймағының экономикалық орталығы болған Вавилонды кезекті бір көтерілістен кейін парсы патшасы Ксеркс [б.д.д. 486-465 жж.] қиратып, бас ғибадатхананы бұзып, онда тұрған Мардук мүсінін алып кетуге бұйрық береді. Бұл бұйрықтың өзіндік мэні болды. Тарихи дэуірде халықтың жайлы тұрмысы ғибадатхананың амандығы, бас құдайдың ризалығымен тығыз байланыста қарастырылды. Мысалы, белгісіз автор: «Қиратылған Урды жоқтауында» аса құрметті орьшның мазақ боп, қорлануы қайғылы салдарға үшыратты», — дейді. Онда эскердің ойсырай жеңілуі, нашар қолбасшылық немесе жеңілістің өзіндік себептері өзекті мэселе ретінде қарастырылмайды. Автордың пікірінше, халық қасіреті құдайлар үйінің қорлануы, мазақ болуы-мен байланысты.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.