Жағда Өгізбаев өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Жағда Өгізбаев өмірбаяны

Жағда (Жаһуда) Ордабайұлы Өгізбаев Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге құштар оның шығармашылық жолы 1931 жылы Риддер (Лениногорск) жұмысшы жастар театрынан басталады. Көптеген режиссер мен актер өнерінің шарықтауына негіз болған Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы драма театрына Ж.Өгізбаевты 1933 жылы жа-зушы-драматург Ғабит Мүсірепов алып келген еді. Осы ұжымда өнер көрсете жүріп, 1935 жылы театр жанынан ашылған студияны бітіреді. Сол кездерден бастап өмірінің соңына дейін бас теа-тр сахнасында сомдаған Кебек, Жүніс, Сапар, Ербол, Алшағыр (М.Әуезов «Еңлік — Кебек» 1936; «Түнгі сарын» 1935; «Тас түлек» 1935; «Сын сағатта»; «Қарақыпшақ Қобыланды» 1946), ата-ман Анненков (М.Әуезов пен Ә.Тәжібаев «Ақ қайың» 1939), Ер-кебүлан (С.Сейфуллин «Қызыл сүңқарлар» 1936), Қүртымбет (Ә.Әбішев «Отан үшін» 1939), Лавров (Б.Чирсков «Жеңімпаздар» 1947), Айдос, Арман (Ә.Әбішев «Бір семья» 1949, «Гүлден дала»), Монтано (Шекспир «Отелло» 1939), Дуанбасы (Гоголь «Ревизор» 1946), Бубнов (М.Горький «Шыңырау түбі») Михаил Пластунов (Г.Мүсірепов «Аманкелді» 1952), Махамбет (М.Ақынжанов «Иса-тай — Махамбет» 1938), Кошкин (К.Тренев «Любовь Яровая»), Чибисов (Н.Погодин «Мылтықты адам»), Жанбозов (М.Әуезов пен Ә.Әбішев «Намыс гвардиясы»), т.б. Ж.Өгізбаевтың ірі шы-ғармашылық табыстары.
Өз кейіпкерін жеке-дара зерттеп алу актердің басты принципіне айналған. Қаһарманның трагедиялық халін немесе күлкі ту-ғызатын сәттерін көкірек көзімен көре де, сезе білетін қасиет Ж.Өгізбаевта жас кезінен-ақ байқалған. Мәселен, ұлттық клас-сикалық шығармалардың шырқау биігі М.Әуезовтің «Еңлік — Ке-бек» трагедиясында Кебек батырдың жалындаған жастығы мен албырттығын ерекше пафоспен сомдайды. Ол ең бірінші батырдың Еңлікке деген махаббатына көңіл бөлген. Бүл актердің жастығынан болса керек. Жалындаған Кебек — Өгізбаевтың Абызбен диало-гында аңғалдығы, дүшпан дегеннің не екенін білмейтін адалдығы көрінсе, Еңлікпен кездескенде актердің толқып, абыржуынан шын ғашықтығы байқалады. Актердің әдемі қоңыр даусымен айтылатын Кебек сөзі, сүйкімді түр-сипаты қыз жүрегін еріксіз жаулап алады. Спектакль финалында Еспембет, Кеңгірбай тәрізді азулы билердің қолына түскенде де Кебек — Өгізбаев келген ажалды жастық албырттықпен тайсалмай қарсы алады. Осы түстағы актердің қы-зуқанды әрекеті шығарманың жанрын түсінуден туындаған.
Ал, М.Ақынжановтың «Исатай — Махамбет» тарихи драмасын-да Махамбет бейнесін жалынды ақын, идеал етіп көрсетеді. Соны-мен қатар қолбасшы, әрі шеіпен, әрі батыр Махамбет Ж.Өгізбаев ойынында халыққа шынайы жанашыр, ойшыл ретінде де танылды. Батыр-ақынның оптимистік рухта жазылған әрбір өлең-сөздеріне поәтикалық сарын қосқан оның драманың тарихи шындығын ашу-дағы ізденісі айқын. Актер ойыны көтеріліс барысында ел арасы-нан шыққан халық жанашыры қарт шаруа Ырсақтың айтқан ақылы мен көрсеткен жолын парасаттылықпен қабылдап, ойлана әрекет етуге негізделді.
Тарихи шығармалардың шынайы болмысын айқын көрсетуде-гі сахналық тәжірибесі толығып, кемеліне келген түста ол Ғ.Мүсіреповтің «Аманкелді» тарихи драмасында қазақтың революция-шыл батыр ұлы Аманкелдінің ақылшы досы Михаил Пластуновтың адамгершілігін, ақыл-парасатын алдыңғы планға шығарады. Қоғамдық өзгерістер қарсаңында сынға түскен адамның адами қасиеті Ж.Өгізбаев ойынында айқын көрінеді. Актер орыс хал-қының достық сипатына, кейіпкерінің қазақ халқына деген жан ашуына және саяси жетекшілік қырына мән берген. Пластунов 1916 жылғы төңкерістің әлі де болса саяси астарын терең түсіну жолындағы қиындықтарда жол сүрауға жарайтын бірден-бір түлға болып шыққан.
1916 жылы үлт-азаттық көтерілісі тақырыбына арналған Б.Майлиннің «Біздің жігіттер» пьесасында (1935) сол кездегі тап тартысы, патша өкіметі мен кедей-шаруалардың саяси көзқарас-тары суреттелген. Мұнда Ж.Өгізбаев кеңес өкіметінің қас жауы, қазақтың би-шонжарларын жақтаушы Кереев характерін нанымды береді. Кереев — Өгізбаев өз ойын бірден білдірмейді, әмоцияға тез берілмейді. Қоғамда болып жатқан тарихи қүбылысты түсінген ол сыр алдырмай, әрбір сөзін астармен ғана білдіріп отырады. Боль-шевиктерге қояр тосқауылды да алдын-ала біліп отыратын Кереев -Өгізбаев арты не болар екен дегендей үнемі сақтықпен әрекет етеді. Актер күрделі тарихи шығармадағы автордың қоғамда жаңа өмір қүру идеясын, сол жолдағы түрлі түсінік пен түрлі көзқарасты ашып берді. Әр кездегі түрлі қоғамдық-тарихи өзгерістер, ел басын төнген зүлмат жылдар көптеген авторлардың шыгармаларына өзек болды. 1941 жылгы Ұлы Отан соғысы тақырыбына қалам тартпаған жа-зушы кемде-кем десек, соның бірі оптимистік-патриоттық рухты көтеруге күш салған ұлы классик М.Әуезов. Оның «Сын сағатта» пьесасының көптеген актерлік ойынға сын болғаны да рас. Осы түста бас кейіпкер Ербол Датовты сомдауда Ж.Өгізбаев шеберлігі оптимистік характерді нанымды берудің өзіндік қырын көрсете білді. Қиындық пен куанышты, қайғы-мұңды қайыспай қарсы ала-тын Ербол арқылы актер батырлық пен батылдықтың жиынтық характерін берген. Жас болса да еңбекқор, өнерге жақын Ербол -Өгізбаев халық басына түскен ауыр күндерде, яғни сын сағаттарда өзінің адамгершілігімен, ештеңеден қаймықпайтын адалдығымен көрермендер есінде қалды. Оқиғасы қаһармандық тақырыпқа не-гізделген шығарманың айтар ой-идеясы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ халқының ерлігі осы Ербол Датов бейнесі арқылы берілген. Осындай бар ғұмырын бейбіт өмір жолына ар-наған кейіпкерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілгенін ха-барлаган түста Ж.Өгізбаев қарапайымдылықтан аттамай, мүны бүкіл халықтың қуанышы ретінде қабылдайды. Актер шеберлігі Ербол характерін, істеген игі істерін қойылымның басынан аяғына дейін жүйелі түрде жеткізе білді.
Жағда Өгізбаев Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы шығарманың бірі аты аңызға айналған Панфиловшылар отрядының қайсарлығын, жауды жеңудегі ерен ерлігін суреттейтін М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы» — еліміздегі барлық театрлардың репертуары-нан орын алған оптимистік пьеса. Мұнда қазақ халқының ба-тыр үлдары Бауыржан Момышұлы мен Төлеген Тоқтаровтың ер-ліктері көркемдік түрғыда берілген. Пьесадағы өзінің Отанына, халқына, достарына деген адал сезімнің иесі — лейтенант Жан-бозов. Ж.Өгізбаев бойынан адамгершілігі мен парасаты айқын көрініп түратын Жанбозов характеріне батылдық, патриоттық рух қоса отырып нанымды шығарады. Жау қолына түскенде де Жанбозов — Өгізбаевтың рухы төмендемей, керісінше өмірге де-ген қүштарлығы арта түседі. Партизан қыз Нинаның оны қүтқару әрекеті кезінде де, бойжеткеннің лейтенантқа деген махаббатын сезгенде де актер оны ақкөңілділікпен, үлкен-кішіге бірдей мейірімімен түсіне біледі. Партнерлік қарым-қатынаста жақсы мен жаманды ажырата білетін кейіпкердің ашыну немесе терең ойға батуы актер мимикасымен, дауыс қүбылуымен беріледі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.