Жақып Әбілтаев өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Жақып Әбілтаев өмірбаяны

Елімізде театр өнерінің бастауы әуесқой өнерпаздар ұйымдастырған үйірмелер мен халық театрлары болып саналады. Елді-мекендердегі тұрғындардың рухани болмысына ықпал етуде мұндай өнер ошақтарының бүгінгі күнде де маңызы зор. Арнайы театрлық білімі болмаса да дарынды, өнерге жақын жастардың басын қосып, ұлттық мәдениетке елеулі үлес қосқан талант иесі — Жақып Әбілтаевтың есімі халық театрларымен тығыз байланысты. Ол -іргетасы Талдықорғанда қаланған Қызылорда театрының тұңғыш режиссері, Абай атындағы Семей облыстық қазақ музыкалық драматеатрында (1937-1947), Қаратал колхоз-совхоз театрында (1948-1955) және Талдықорған көшпелі драма театрында (1955-1960) актер әрі режиссер болып қызмет еткен сахна саңлағы. 1965 жылдан Талдықорған (қазіргі Алматы) облысының К.Маркс атындағы ұжымшардағы халық театрының көркемдік жетекшісі болған. Шүбар, Ақсу, т.б. халық театрларын ұйымдастыруға ат салысқан ол осы өнер шаңырақтарының шығармашылық түрғыда өркендеп, өрлеуіне мол үлес қосты.
Ж.Әбілтаев Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 12-ауылда дү-ниеге келген. Семей музыкалық драма театры жанынан ашылған студияны 1941 жылы режиссер Л.В.Леонов-Вендровскийдің класынан бітіріп шыққан жас жігіттің осы студияға дейінгі алғашқы шығармашылық қадамы Семейдегі Риддер жұмысшы жастар театры сахнасында қойылған Е.Ерданаевтың «Малқамбай» комедиясындағы Малқамбай бейнесін жасаудан басталған болатын.
Семей театрында он жыл еңбек еткен Ж.Әбілтаевтың актерлік шеберлігі Қараменде (М.Әуезов «Еңлік — Кебек»), Нарымбет (А.Жүбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының драмалық нұсқасында), Степан (Гоголь «Үйлену»), Жалмүқан (Ғ.Мүсірепов «Ақан сері — Ақтоқты»), т.б. рольдерінде жарқырай көрінді. Осы театрдың алғашқы қалыптасу кезеңінде режиссер кадрларының жетіспеуіне байланысты Леонт Владимирович Леонов жас актерлерді режиссура өнеріне баулып, өзі қойған спектакльдерге кө-мекші-ассисент етіп алып отырғанын Семей театры тарихынан білеміз. Л.В.Леонов оларды театр теориясымен таныстырып, білімдерін жетілдіруге үнемі көмектесіп отырған. Осындай талантты да тәжірибелі ұстаздан бағыт-бағдар алған Ж.Әбілтаевтың зеректігі, білімділігі, ой-қиялының үшқырлығы драмалық шығармаларды өз бетінше сахналауда байқалды. Облыстық және халық театрларын-да қойған көптеген спектакльдері көрерменнің рухани-әстетикалық талғамын арттырып, сахна үтымды мизансценалармен, мазмүнды декорациялық безендірулермен өрнектеліп отырған.
Ж.Әбілтаев Семей театрының сахнасында Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббат» пьесасында екіжүзді, өркөкірек, тек атақ-даңқты бақыт санайтын іші қуыс Мырқалдың бейшара мінезін әшкерелеп береді. Ол кейіпкерінің жағымсыз қырларын аша отырып, пайда-сынан гөрі моральдық зияны мол мұндайлардың қоғамдық іске залал тигізетінін баса көрсеткен. Осы жолда Ж.Әбілтаев өз ортасында орнын білмейтін Мырқалдың характерін күлкіге айналдырады. Кейіпкердің шынайы мінезі Нүрланға жалған айып тағылғанда жақыным деуге қорқып, өз інісінен теріс айналуынан байқалып, адамдық қасиеттің ең төменгі деңгейіне жетеді. Бұл жерде актер сәулесіз, күдікке толы көзқарасымен қайткенде өзін мүндай іс-терден сақтап қалу жолында барын аямайтын Мырқалдың ішкі дүниесіндегі арамдық пен пасықтықты ашып берген.
Ж.Әбілтаев актер ретінде бүдан басқа Есен, Абыз (М.Әуезов «Еңлік — Кебек»), Балуан, Жантық, Бекежан (Ғ.Мүсірепов «Ақан сері — Ақтоқты», «Қозы Көрпеш — Баян сүлу», «Қыз Жібек»), Ыбырай Жақаев (О.Бодықов «Қайдасың әке?»), Фурманов (Д.Фур-манов «Бұліншілік»), Әбіш (Б.Майлин «ТТТүға»), Грициан (А.Алек-сандров «Малиновкадағы той»), т.б. рольдерде ойнаса, режис-серлік жүмыстары — Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» (1947 ж., Семей облыстық музыкалық драма театрында; 1948 ж., Қаратал колхоз-совхоз театрында), «Ақан сері — Ақтоқты» (1955 ж., Талдықорған көшпелі драма театрында) және тағы басқалар.
Негізінен оның шығармашылық ерекшелігі көбіне Бекежан, Жалмүқан, Нарымбет, Фурманов тәрізді өткір мінезді қаһарман-дарды шынайы сомдай білуінде және идеялық мәні терең клас-сикалық дүниелердің үрпақ үшін маңыздылығын саралай алуын-да болса керек. Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» траге-диясындағы Жалмүқанның өзіндік орнын тап басуы актерді шы-ғармашылық табысқа жеткізді. Жалмүқан — Әбілтаевтың алғаш хазіретке дау айта келгендегі өшпенділігі Ақтоқты арудың өзіне берілетінін естігенде өзгеріп шыға келеді. Әділет жолын таңдап, халқына тек ән арнаған Ақанның Ақтоқтыны үзату тойына келе жатқанын естігенде, сері мен Ақтоқты арасындағы ғашықтық се-зімді білгенде Жалмүқанның ішкі дүниесін үрей билеп алады. Актер Науан хазіреттің айтқанымен жүретін, өз басының билігі жоқ кейіпкерін тартыстың негізгі күшіне айналдырған. Айбаты болғанмен айтар сөзі, істер ісі өзгеге тәуелді Жалмұқанның ха-рактеріне терең бойлау актердің басты мақсаты болыпты. Жалпы Ж.Әбілтаев ұлттық классикалық шығармаларда роль орындауда немесе сахналауда сол дүниенің идеясына қарай салмақты ой, дәуір тынысына сай жаңа үн қосып отырған.
Жалмүқан бейнесін сомдау арқылы «Ақан сері — Ақтоқты» пьесасының мазмүнын, мүндағы драмалық тартыстың әлеуметтік мәнін түсінген Ж.Әбілтаев трагедияны 1960 жылдары Қызылорда театрының сахнасына қойып, ең алдымен Ақан мен Ақтоқтының түлғалық болмысына, олардың шынайы махаббатына назар ауда-рады. Ақаннан бірбеткейліктің, сезім шынайылығының, Ақтоқтыдан сұлулықтың, нәзіктік пен адалдықтың табылуына мән берген. Бүған режиссер Ақан серінің «Сырымбет» әнін қолдану арқылы жол тауыпты. Спектакльде драмалық тартыс сахнаға Ақан шығатын алғашқы көріністен-ақ басталып, бірте-бірте тереңдей түседі және шығарманың діни астары кең мағынада өріс алып отырады. Ж.Әбілтаев махаббат пен дін тартысында орындаушылық шеберліктің шыңын талап ететін психологиялық күрделі кейіпкер-лер Ақан, Қоңқай, балуан рольдеріне лайықты актерлерді олардың суреткерлік қабілетіне қарай таңдай білген.
Негізінен драматургиялық шығармалардың барлығында негіз-гі күш-екпін басты кейіпкерлерге түсетіні анық. Оқиға соның тө-ңірегінде өтіп, автор идеясы көрерменге сол кейіпкердің характері, әлеуметтік орны арқылы жетіп отырады. Көркем өнердегі осы үрдісті Ж.Әбілтаев басты үстанымына айналдырған. Семей теа-трында Ғ.Мүсіреповтің «Аманкелді» пьесасын қойған ол мүнда да бас кейіпкер Аманкелдінің түлғасын бірінші планға шығарып, өзі Алексей Логиновтың ролін өте сәтті ойнап шығады. Ол ре-жиссер ретінде азаттық-теңдік күресіндегі қазақ халқының ерлігі-не, әсіресе Аманкелдінің батырлығына ерекше мән берсе, актер ретінде К.С.Станиславскийдің «Сахнада жауды ойнасаң, оның ұнамды қасиетін іздестір» деген қагидасына сай бейне жасаған. Ж.Әбілтаев ояз бастығының озбырлығын үтымды да үтқыр штрих-тармен ашып береді. Шығармада Алексей Логинов пен інісі Петр Логиновтың идеялық көзқарасы екі түрлі суреттелген. Алексей ақ патшаға барлық жан-тәнімен берілсе, Петр керісінше, кедей-шаруалардың мүддесін қорғаушы, кеңес өкіметінің орнап, теңдікке қол жеткізу принципін үстанған жаңа заман өкілі. Кеңес өкіметі-нің күрылуына тосқауыл болған, ішкі ойы, өзіндік жоспары бар Алексейдің жауыздығы інісіне оқ ату көрінісінде шегіне жетеді. Әскерге алынатын қазақтардың тізімін жасау түсында даланың би-болыстарына әмірін жүргізген Алексей — Әбілтаевта оларды менсінбеушілік басым түскен. Актер кейіпкерінің озбыр да қатал мінезін орыс ұлтына тән қызуқандылықпен білдірсе, бүйрық-сөздерінде тәкаппарлық танытып, патшалық үкіметке арқа сүйеген сыңай байқатып отырады.
¥лттық театр өнерін кәсіби деңгейге көтеру мен өзі қызмет ет-кен әр театрдың репертуар саясатына сындарлы көзқараспен ке-луде Ж.Әбілтаевтың еңбегі мүнымен шектелмейді. Ол өзі қойған пьесалардың идеясына, тақырып өзектілігіне, шығармаларда адам мінезінің түрлі қырларының ашылуына өзінің бар суреткерлік мүмкіндігін арнаған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі (1947 ж.) Жақып Әбілтаевтың өнер майданындағы орасан еңбегінің ізі қазақ театры тарихында сайрап жатыр. Ұлттық өнерді, оның ішінде халық театрларын қалыптастыруда шығармашылық қиын белестерді бағындырған режиссер-суреткердің есімі сол тарихпен мәңгі бірге.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.