Жайық қалашығы туралы мәлімет

Главная » Рефераттар » Жайық қалашығы туралы мәлімет

Жайық қалашығы 2001 жылы табылды. Орал қаласының оңтүстік-батысынан 12 шақырым қашықтықта Жайық өзенінің 2 жайылма үсті терассасында орналасқан. Қалашықтың 50 га дейінгі, ал некропольдің 300 га-ға дейінгі аудандары сақталған. Бірқабатты. Қалашықтың өмір сүрген уақыты ХІІІ ғасырмен XV ғасырдың бірінші жартысы. Қазба жұмыстары кезінде төмендегідей нысандар табылды: кірпіш күйдіретін пеш, шығыс моншасы, 3 тұрғын-үй жайы, 2 кесене және басқа да кұрылыс орындары. 2009 жылы некропольда 2 обада қазба жұмыстары жұргізілді, оның бірінен Қазақстан бойынша сирек кездесетін қола айна мен күміс тиын ақша табылды. Бұл жерге ашық аспан астында тарихи-мәдени және табиғи-ландшафттық Мұражай-қорық ашу жоспарлануда. Ашылған орта ғасырлық Жайық қалашығының маңызы, бұл қазіргі Орал қаласының орнында қала мәдениетінің болғанын нақты дәлелдейді, Көптеген уақыттар бойы Орал қаласының құрылуы 1613 жылдан бастау алады деп есептелді. Десек те, соңғы уақыттарда өлкетанушылар оны 1598 жыл деп жүр. Екі жағдайда да зерттеушілер тек бір жазба құжаттарға ғана сүйенеді. XX ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ бұл кең көлемдегі дерек көздерінің мәліметі күдік тудырғаны белгілі. Тәжірибе жүзінде көптеген археология, этнография, топонимика сияқты тарихи пәндер жетістіктері есепке алынбады. Орал қаласы бойынша тарихи зерттеулерде маңызды кемшіліктер болса, олар араб авторлары құжаттәрының есепке алынбауы еді. Араб зерттеушілері құжаттарының дерек көздері Алтын Орда тарихы негізінде қалыптасты. Бірінші болып қазіргі Орал орнына қалалықгардың орналасуы туралы мәселе көтерген оралдық белгілі ғалым Г. Кушаев болатын. Зерттеу негіздеріне сүйене отырып, ол Орал өзені жагалауындағы 2 телімді ескі қала орналасқан жер деп болжайды. Оп — әлде Орал қаласының ескі бөлігі орналасқан куреней аумағы немесе бұрынғы Жайық қалашығы, әлде Орал өзеніне жақын орналасқан Орал қаласы аумағы. Қазба жумыстары кезінде оларға Дарьинск ауылына және Барбастау ауылына жақын орналасқан жерлерден қызғылықты қазбалар табылған. ГА. Кушаевтың өз болжамы бойынша көрсетілген аудандарда табылған археологиялық қазбалар негізделген. Оның пікірінше, жаңа заманғы зерттеулер міндетті түрде жүргізіледі, бірақ жүргізілген жұмыстар қаланың негізгі атауына байланысты қабылданады. Археологтардың ескі қаланың пайда болу мәселелері туралы пікірлері тәжіриебеде Г.А. Кушаевтың тұжырымдарымен толыктай сәйкес келеді. Енді бірнеше ежелгі авторлардың жұмыстарына назар аударып қарасақ, қаланың пайда болуы моңғол за-манына дейінгі және моңғол кезендерінде араб және парсы шығармаларының дерек көздерінде кездеседі. Ахмед ибн Фадланның «Путешествия в Волжскую Булгарию» (X ғасыр) және Абу-Хамид ал Гарнатидің «Шығыс және Орталық Европаға саяхат» (XII ғасыр) атты еңбегінде қала туралы мәліметтер, Батыс Қазақстан арқылы ететін сауда және керуен жолдары беріледі. Араб саяхатшысы, жазушы ибн-Фадлан 921-922 жылдары халифат елшілігімен Волж — Болгариясында болғанда оныңжолы Орал өзені арқылы өткен. Көңес зерттеушісі, шығыстанушы А.П. Ковалевский өзінің ибн-Фадланның белгілі аударма кітабында елшілік жолының картасын келтіреді, Ол ибн-Фадланның езөнңің сол жағынан оң жағына өтуін, яғни Азиядан Европаға өтуін, қазіргі кездегі Оралдың ескі бәлігін көрсетеді. X ғасырда ибн-Фадланның көрсетуі бойынша осы жөрде қалалық тұрғындар өмір сүрген. Араб саяхатшыларының мәліметтерін нақты сол кездегі тарихи оқиғалармен қоса қарауға болады. Х-ХІ ғасырларды Батыс Қазақстан өлкесі Оғыз қағанаты аумағының құрамында болған. Бул өте күшті және әскери мемлекет. Осы кездө сауда-саттық жұмыстары да дамыған, керуен жолдары Орал өзені арқылы өтіп, Хорезм мен Поволжье және Русьті қосып отырған. 965-985 жылдары Киев Русімен бір одақта болған оғыздар Хазария және Волж Бұлғарларын талқандаған және осы елкеге өздерінің үстемдіктөрін жүргізген. Ибн-Фадланның саяхаты да оғыз мемлекетінің гүлдену кезеңіне тұспа-тұс келеді. Олардың көрші мемлекеттері дамыған және ірі қалалар болатын. Қағанат географиялық орналасуы жағынан Орта Азия мен Европа елшісі болыл, саудасын және қала тұрғындарының білімін кеңейту мақсатында тиімді пайдаланды. Міне, осы мәселелер араб саяхатшысы шығармаларьінда көрініс береді. Екінші мыңжылдыктың басында араб мемлекеттері және Орал мен Еділ арасындағы хәлықтар арасында үнемі байланыс орнаған.Шығыс географтары осы алыс өлкені жақсы деңгейде қарастырған. 1154 жылы араб географы әл-Идриси Руза езенін, нактырақ айтсақ, көптеген пікірлер бола тұрса да, Жайық-Орал өзенін Даранда езенімен салыстыра отырып сипаттаған. Ал Рашид-ад-Дин, ибн-Сайд, Абул-Фаид және басқа да араб-парсы авторларының шығармаларында қаланың пайда болуы туралы үзікүзік мәліметтер беріледі. Хі ғасырда «Диуани-лұғат ат-түрк» атты белгілі еңбегінде Махмуд Қашқари халықтардың орналасуы және жұмыстары туралы жазған.
Европалық зерттеушілер және 13-14 ғасыр саяхат-шылары бірнеше рет өздерінің жазбаларында Жайық езені туралы көп жазған. Олардың арасында Рим папасының елшісі 4-Иннокентий Джовани Плано Карпини (1249), сондай-ақ француз корольдігінің елшісі IX Людовик Гильом де Рубрук (1253) та бар. Франческо Бальдучи Пөгалоттидің «Практика тор-говли» атты шығармасында Тан мен Сарайшық арасындағы жолдың ерекшелігін, жергілікті тұрғындармен есептесудің оңай тәсілі ақша және өтімді тауарлар сипатын айта отырып, Қырымнан Жайық өзені арқылы Шығысқа өтетін жолды жазады. 1333 жылы Орал өзенін бөлгілі араб саяхатшысы, Мароккалық көпес Ибн Батута кесіп өтеді. ХІV-ғасырда Алтын Орданың гүлдену кезеңінде Батыс Қазақстанда Моңғолияға миссионерлік қызмет және сауда байланыстарын орнату үшін бірнеше елшілер келеді. Бұл елшіліктің Джованни Мариньолли (1338-1353 ж.ж.), Пасхалия шырақшысы (1335-1339 ж.ж.), ағайынды кепестер Франциско мен Доминико Пицигиндер (1367 ж.) болды. Сонымен қатар испандық шырақшы Пасхалия 1336 жылы Сарайшық қаласын және оның солтүстігіндегі атаусыз қаланы көрсетеді. Шамамен 30 жылдан кейін осы қалалар туралы ағайынды көпестер жазады, ал екінші атаусыз қала жоғары жақта Орал өзенінің Сарайшыктан жоғары жақта екендігін айтады.
Осы туралы Антония Дженкинсонның белгілі картасы да дәлелдейді, оң жақ бетінде Сарайшық қаласы көрсетілген, ал солтүстік бетінде, яғни осы жағалауда Шакафни қаласы орналасқанын көрсетеді. Акаде-мик Б.А. Рыбаков ағылшындар саяхатшыларының жазбаларын, карталарын оқи және зерттей отырыл, төмендегідей қорытындыға келеді. Дженкинсонның картасы осы екі қала туралы мәлімет беретін 1497 жылы жасалған ескі картаның бір нұсқасы екендігін дәлелдейді. Сарайшық және атаусыз қала картада бірдей белгілермен, яғни «татар қалалары» деп белгіленген. Сондықтан да солтүстіктегі қаланы XIV ғасырда пайда болды деп айтуға толық негіз бар. Оның маңызы және көлемі белгілі Сарайшық қаласымен бірдей болған. Барлық X — ХІV-ғасыр миссионерлері мен көпестері, саяхатшылар шығармалары мен зерттеулерінде Орал мен Еділ өзені аралығындағы және Орал өзені жағалауындағы қалалардың желісін көрсетөді. Олардың саны 8-ден 30-ға дейін жеткен. Шығармаларда ХІ\/-ғасырда белгілі Сарайшық қаласының, Орал өзенінің жоғары жағында тағы бір қаланың болғанын, онда тас үйлердің болғанын және қазіргі Орал аумағында орналасқанын көрсетеді. XVIII — ХІХғасырдағы орыс зерттеушілері де Орал өзені жағасында орта ғасырлық қала болғанын дәлелдейді. Орыс карталарының алғашқыларының бірі, XVI-ғасырда құрастырылған «Үлкен сызба» деген атпен белгілі карта барлық мемлекет аумағын көрсетеді. Кейін бұл карта жарамсыз болып, осы көлемде жаңа сызба жасау керек болды жән онда түсініктеме кең көлемде берілді. Сонымен «Үлкен сызба кітабы» әзірленді. Ол картаның өзі бізге жетпесе де, оның түсінігі бірнеше тізімдерде сақталған және ол Петр за-манына дейінгі Ресей туралы жалғыз географиялық шығарма болып табылады. Онда Орал өзенінің орта және төменгі ағыстары берілген. Картада, оның суреттелуі де толық болмады. Сонымен қатар онда әр түрлі уақыттарда бірнеше көшірмелері жасалды. Әрбіреуі жаңа бір нақсыздықты көрсетті. Ка-спий теңізінің солтүстік және шығыс жағалаулары сол белгісіз дүниелердің қатарында қалған. Бірақ қайсы бір карталарда Орал өзені үлкен ағын сулы өзендердің қатарында көрсетілсе, енді бірінде елеусіздеу өзен ғана. Бірнеше карталарда қазіргі кезде белгісіз Рязань қаласы белгіленген, ал оның солтүстігінде Шакашик көрсетілген. Бұл уақытта жойылып кеткен Сарайшық қаласы да мәліметтерде көрсетілген. 1692 жылы Аврилем жасап шығарған картаның көшірмесінің бірінде, Орал қаласының қазіргі орнында Метжет атты қоныс, ал солтүстігінде Елек пен Оралдың бір арнаға құйылар жерінде Солянское елді мекені көрсетілген. Деректерде көрсеткендей: «Жайыктың оң жағында Алтын Орда мен Ноғай, ал сол жағында — Қалмактар» орналасқан, казактар туралы мүлде сөз болмаған. Бұл карта Мәскеу канцеляриясында сақтаулы нұсқалықтан көшіріліп алынған. 1700 жылғы француз астрономы Делиля құрастырған картада да осы елді-мекендер көрсетілген. Демек, «Үлкен сызбаның кітабына» қарамастан, деректерге сүйене отырып, Батыс Қазақстан жерінің орнында бұрын бірнеше қалалар мен елді мекендер болған деп түйіндеуге болады. 1748 жылғы П.И.Рычковтың әйгілі «Топография Оренбургской губернии» атты еңбегінде Орал өзені бойында қалалардың болғандығы туралы көптеген мысалдар мен деректер келтіреді. Соның ішінде; 1. Қырғыз-қәйсақ кіші ордасында, Илецкінің тұз өндіретін алқабынан бастап, Елек өзенінің арғы жағалауында кірпіштен тұрғызылған елді мекеннің аз еместігі айтылады. 2. Сол құрылыстан бір күндік жердегі Үлкен Қобда мен Байтақ мекенінде ескі қаланың белгілері бар. Бұган дәлел қазылған каналдар мен нан пісіретін орындардың сүрлеулері. 3. Аты Ұлы өзеннен 1 күндік жерде қырғыздар әулие деп атаған Мәулім-Берді мекенінде ескі қаланың болғандыгын бұзылып жатқан 30-40 ғимаратқа қарап білуге болады. Бұған дәлел боларлық басқа да тұрмыстық бұйымдар жетерлік. 4. Сол жерден Сағыз өзеніне бір күндік жерден ескі құрылыстардыңорнын кептеп кездестіруге болады. Мұны Бақшы, Зина; Мұғалджар тіршілік көздері болып саналған сулы мекендерден табылған басқа да тарихи жәдігерлер айғактәй түседі. Олардың қатарын табылған алтын, күмістермен қатар қару жарақтар, құрал саймандар және адам сүйектері толыктыра түседі. б.Хиуа жолының Ирняк атты биік тау шатқалдарында, Гурук мекендерінде ұзын биіктерде 2 адамның мәйті көмілген, ал олардың бас жағында 10-15 адам шаққа кетере алатын алып тастар орналасқан. 6. Сол таудың Билюли — Атай шатқалында үлкен қақпалы алқап ауләлар орналасқан, Олардың ішінде мешіттер және бірнеше мәйітханалар бар. Барлығы да кірпіштен тұрғызылған. Қақпа жанында терең құдықтың бар екені деректерде дәлелденген. Ертеректе пактар Астрахань қаласынан Каспий арқылы кемеде жүктерімен бірге Арал теңізінің елді-мекендеріне көшіп, сол арқылы Хиваға және басқа мекендерге сауда жасау мақсатында барып келіп жүрген. Бұл деректердің құндылығы сөзсіз. Рычков П.И. бұл жерлерде біртутас дамыған елді-мекендер мен қалалардың болғандығы айтады. Қалалар шығыс мәдениеті бойынша теңіз жағалауында кірпіштерден тұрғызылған. Бұл арқылы мынадай тұжырымға келеміз; қалалар саудагерлер үшін сауда орталығымен мәдениөттің ошағы болған. Автордың айтуы бойынша, олар бір-біріне жақын орналасқан. Олардыңкөптігі, бір мемлекеттің астында бейбіт өмір сүргендігін көрсетеді. Сақталған деректердегі қалашықтарға қарап, бұл мемлекеттің тек Алтын Орда болуы мүмкін деген шешімдер бар.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.