Жалғыздықтың әлеуметтік — мәдени негіздері

Home » Рефераттар » Жалғыздықтың әлеуметтік — мәдени негіздері
Рефераттар Комментариев нет

Өткен ғасыр адамдар теңдігі идеясының шарықтау ғасыры болды. Ол идеяның жүзеге асуымен қауымдық ағайындылық мүмкіндік елесі кең тарады. Көпшілік қоғамдағы таптық және әлеуметтік ерекшеліктер адамдардың бір- бірін түсінуіне, бір-бірін жақсы көрінуіне кедергі болады деп айтады. Бірақ, ол елесті өмір шындығы жоққа шығарады. Теңдіктің өздігінен болмаса да, бөлінген тәуелсіз, қосылмайтын индивидтердің өмір сүруі шартында ғана мүмкін болаты- ны түсінікті болды. Теңдік әр адамның басқалардан жатсынуына әкеп соқты. Негізінде соңғы екі жүз жылдықтың бастапқы элемент есебіндегі жандардың дәстүрлі мәселесі «Мен» және «Сеннің» ажыратылып, қарама- қайшы қойылуына себеп болды. Бірақ, «Мен» индивидуалды тұлға ретінде адам болмысының алғашқы психологиялық формасы болып табылмайды. Тарихи тұрғыда қарастыратын болсақ, адам өзін жеке тұлға ретінде санамаған. Жеке адам санасы табиғаты жағынан ұжымдық болған және толығымен индивидтің оның әлеуметтік тобына (ру тайпа, қауым т.б.) жатсынуымен анықталған.

Сананың мұндай формасы «Біз-сана» атына ие болды. Оның шеңберінде нақты адам, индивид тек ұжымдық ру-тайпалық дүниетанымның нормалар мен құндылықтардың көрсеткіші және оны ұстанушы бейнесінде көрінеді. Осы бағытта индивид екінші индивидке қарсы тұрмайды. Мұндай жағдайда өмір барысына индивидтің әлеуметтік қауымдастықтан жатсынуы болмаған және жалғыздық әлеуметік те, психологиялық та құбылыс ретінде болмаған. Тек антикалық дәуірден бастап сана құрылымына өзгерістер біртіндеп еніп, оның ерекше формасы –«Мен-сана» пайда болды. Бірақ бұл әлі тұлғаның өзіндік сана деңгейіне жетуін білдірмейді. Адам өзін ерекше және қайталанбас деп емес, басқалармен бірдей белгілері бар, олармен тең деп есептейді. Оның «Мені»кандайда бір қасиетінің даму деңгейін бағалауға негізделген. Антикалық кейіпкер – қатардағының бірі бірақ, қатардағы кереметтісі.

Тек қайта өрлеу дәуірінен бастап, индивидуалдық адамдардың психологиялық сипаты мен санасы ретінде көріне бастады. Ерекше қасиеттері мен белгілерінің болуы құндылыққа айналып, «Мен сана» айқындала бастады. Басында айтып кеткендей, осы дәуірде жалғыздық мәселесі пайда болды. Бірақ ол шығармашылық пен индивидуалдылықтың калыптасуының қажетті шарты мен игілік ретінде түсіндірілді.Жаңа заманда ғана (соңғы 300 жыл) тұлғаның жекелене бастағанда «Мен-сана» бірінші орынға шыға бастады. Қазіргі адамдардың ерекшеленуге, жекеленуге, өз тұлғасын мойындатуға ұмтылуы,тұрмыста да, ғылыми зерттеулерде де «Мен» құрылымына айрықша назар аудартып отыр. Сонда «Біз-сана» қайда қалды ? Ол мүлде жойылып кетті ме, әлде басқа ерекше формада қазіргі адамға тән бе? «Біз-сананын» құрылымы мен мазмұны тарихи жағынанөзгермелі келеді. Жалпы 19 ғ аяғы мен 20 ғ басы «Біз-сананың»құрылымында түбегейлі өзгерістерімен сипатталады. Ол ескідәстүрдің тез жоғалып, жаңа дәстүрдің пайда болуынан байқалады. Мұндай жағдай ұрпақтар арасындағы алыстықты, әке мен балаконфликтілерін, түсінбеушілікті шиеленістіреді. Мұның бәрі тұлғалық жатсыну менжалғыздыққа ұшырататын факторлардың күштісінқұрайды.

Бірақ, әйткенмен де «біз-сананы» сипаттайтын жалпы тенденцияныбөліп көрсете аламыз. «Меннің» жекелену жолындағы әрбір қадам «Біздің» кеңеюі мен толықтыруларына әкеледі. Кеңес Одағында «Біз-сана» Батыс Еуроопа немесе Америкаға қарағанда Ұлы Отан соғысындағы шығындарға байланысты 15-20 жылға көп сақталған. Бірақ бүкіл Еуропаның мәдениетіндегі тенденция жалпы болып қала бермек. «Біз» компонентінің адамдар санасында ыдырауы бұқаралық жатсыну сезімін, адамдар әлемінен сыртқа тебілген тұлғалық жалғыздықты тудырған психологиялық негізге айналды. Сондықтан, 50-80жж. жалғыздық таңбасымен белгіленген.

Бірақ табиғат бостықты жақсы көрмейтіні белгілі. Біздің көз алдымызда «Біз-сананың» жаңа формаларының қалыптасуы мен дамуы жүреді. Ондай қалыптасудың бірінші кезеңі болып табылатын ескі, жаксы таныс формаларды жандандыру. Соңғы онжылдықта біздің қоғамда бақыланып жүрген ең архаикалық ( ру-тайпалық) компоненттерді өзіне қосатын және ұлттыққа сана сезімнің көрінісіне дейін баратын ұлттық сана-сезімінің қарқынды дамуы осы құбылыспен түсіндірілетін тәрізді.Бірақ, бұның бәрі уакытша нәрсе. Тарихи перспектива ( болашақ, келешек шамасы ұлттық қана емес, таптық та, тіпті мемлекеттік шеңберден шығатын «Біздің» қалыптасуына негізделген. «Біз-сананың» мазмұны мен құрылымының тарихи өзгерістері, ескі формалардан бас тартып, жаңаның пайда болуы көптеген әлеуметтік және экономикалық факторларға байланысты. Оған мысал, дәстүрлі әлемнің іргесін шайқалтып, қоғам тіршілігінің барлық саласында түбегейлі өзгерістердің негізін салған, екінші дүниежүзіліксоғыстан кейін «әркім жалғыз өледі» формуласы пайда болды.

Әрине, соғыс кезінде ерекше адамдық қауымдастық«Біз-сана» пайда болады. Бірақ Ремарктың айтуы бойынша, ол бірлік соғыста көмектескенмен, бейбітшілік орнағанда индивидтің қалыпты әлеуметтік құрылымдар мен қатынастарға кіру қиынға түседі. «Олар» жаудың жойылуы ауқымды «Біз» сезімінің де ыдырауы тұлға үшін кері әсер етеді. Біз-сананың,, жаңа формаларының қалыптасуында сенімінің беделін түсіру және діни сананың ыдырауы үлкен роль ойнады. Адам діни бірліктен құр қалып қана қоймай, болмыстың жоғарғы мәнінің қайнары, жаратушы ретінде қүдайды қабыл алмады. Нәтижесінде, адам өз тіршілігін «Мен – бүкіләлем» катаң қарама- қайшылығындағы болмыс түрінде кеше бастады. Адамның әлемдегі орны туралы көзқарас өзгерді. Ол өзін әлемге тасталған, ешбір мәні жоқ деп түсінді. Өлетін сәтте жалғыз қалуға болмыс пен қорқыныш трагизмін индивидуалы түрде бастан кешу проблемасы пайда бола бастады. Бұл үрей қарттар үшін жалғыздық мәселесін өршітті. 40-50 жылдарда жеке адам жалғыздығы мәселесі жастарды да қамтыды. Адамдардың тіршілігінің өзі енді кездейсоқтық және сырттан оған міндеттелген дүние түрінде көрінді. Адам енді мәңгі емес екенін, яғни діни дүниетанымның шеңберіне сыймайтын нақты, кері қайтарылмайтын, мәңгі емес екенін түсінді. Болмыс шектілігі өлім алдында, бейболмыс алдында қорқынышты тудырды. Және де бұл қорқыныш нағыз діндер адамдардың өлімімен байланысты қорқыныш емес, діни сана шеңберінде, өлім алдында қорқыныш ең алдымен өмірді рефлексивті түрде түсінумен және өзі үшін о дүниеде қайда баратынын шешумен байланысты болып шығады. Өлім туралы діни түсініктің рефлексивтілігінің өзі адамдарды өз басының өткен болмысы ойландырып қана қоймай, өлімге апаратын, бірақ жаны мен тұлғасын кемелдендіретін іс-әрекеттерді жасауына негіз болуы мүмкін. Жазушы Юлий Даниэльдің пікірінде, «Адам қандай жағдайға ұшыраса да руханилығын сақтауы қажет ”- деп жазылған.[1].

Діни сенім ғасырлар бойы адамдарды көптеген жеке қайғы- қасіреттерінен қорғап, сонымен қатар, оған үміт отын ұялатып, өмірінің мәнін толтырып отырды. ХХ- ғасырдыңерекшеліктерінің бірі-коғамдық санада діни сенімді сенімніңформаларымен ауыстыруға тырысты. Бірақ, дінжалпы адами мәдениеттің қуатты бөлшегі болғаны соншалық, тарихтан сызып тастау мүмкін емес, болып шықты,ал сенімадамдық сананың қажетті элементі. Бірақ, діни сенім басқа сенім формаларының алдында үстем болды. Біріншіден, ол терең тұлғалық бағыттылық. Дінғасырлар бойы әр бір нақты индивидті адамдар қауымына енгізуді және өмірлік қиындықтарды жеңуге көмек берудіқамтамасыз ететін сенімді механизмдер жасаған. Діннің негізгі мақсаты әр адамның өмірінде кездесетін жалғыздық пен түнілудің бетін ары қылуы. Мысалы,ислам дінінде жылаушылар институты бар. Жақындары өлген адамдардың қайғыруының бірінші сатысы шок тәрізді барлық күйік іште түйіліп, жас шықпай қалады. Сол сәтте басқалардыңжылауы, жақындардың сол күйден шығуына көмектеседі.

Барлық дінде, намаз сияқты құдаймен әңгімелесу формасы міндетті түрде бар. Адам жер бетінде қаншалықты жалғыз қалса да,кашан да онымен бірге неғұрлым дамыған формаларда құдаймен сұхбаттасу нағыз тұлғалық қарым-қатынасқа айналады. Ең жалғыз адам жалғыз қалмай, құдаймен оңаша қалады. Дін жүбаныш пен үміт береді, үміт үзушілік пенжалғыздықты жеңуге мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы адам өмірін философиялық жағынан түсінуге ықпал етеді. Болмыстың өлімнен жоғары шығуы және болмысты өлімнің өзі көтеруі, индивидтың өлімнен жатсынуы тұлғалық жеңудің дүниетанымдық негізін береді. Бірақ ондай дүниетанымды қабылдау біздің санамызда қалыптасып калған түсініктермен және ең бастысы ойлау әдісімізбен киындатылған [2]. Н.А.Бердяев пікірінше, индивидуализм жаңа тарихта өз мүмкіндіктерін толық тауысты, онда еш қуат калмаған, ол патетикалық түрде кешілмейді. Негізінде Бердяев жаңа христиандық бағытта жүреді. Бердяевтің пікірінше жаңа тарих орнына жаңа христос шіркеуінің нағыз болмысы, адамдарға адамдардың өзі мақсат бола алмайтын тән ортағасыр орнайды. Индивидуалдықты сынай отырып, Н.А.Бердяев метатарих туралы эсхатологиялық идеяларларында жаратылмаған еркіндік туралы айтады[3]. Тұлға-психологиялық феномен емес, метатарихи және діни діни феномен. Шын мәнінде «мені жойылған» ол қандай тұлға? Дзенбуддистер тәрізді менді мүлде терістейтін тұлға. Мәдениеттанушылық түрғыда тұлға – жас ұғым: ол тек жаңазаманда пайда болды. Тұлға- адамдардың өздігінен жүріс-тұрысына қожа болуын қамтамасыз ететін адамдардағы инстанция. Ортағасырда адамдар жүріс-тұрысы қауымға,сонымен қатар шіркеу іліміне сүйеніп қалыптасқан. Адам әрекетіқұдаймен қатынасы арқылы шешілген, бірақ құдай туралы түсінікқауымдық болды. Жаңа заманда адамдар, бір жағынан, өз жүріс-тұрысын өзі реттеуге, екінші жағынан басқа адамдарға бағдарлануға мәжбүр болды. Ол үшін Жаңа Заман адамы өз бейнесін өзі құрып, соған негізделді. Ол бейненің басты белгісі – адамдарға құдайылық қасиеттер жатқызу, әлемдегі орталық орын, табиғатқа билік жүргізу, ақыл-парасат, тұлға және ерікті-ерік. Осы жаңа бейне шеңберінде адамдар өзін өзгелермен салыстырып, өз әрекеттерін жоспарлап, өз тәжірибесінқұттап, өз күй кешулерін түсінуге тырысады. Міне, бұл жаңа еуропалық түлға. Осы түсіндірме тұрғысынан тұлғаныңажырамас қасиеттерін былай түсінуге болады. «Мен» — өзін жүріс- тұрысықұрайтын адамдар ретінде түсіну. Басқаларға қарағанда ерікті «Мен» — болашақпен өткенді байланыстырушы көпір. «Мен»өзін әлемнен табады. Басқалар өз бейнесінен басқа адамдардың көзімен көреді. Соңында, әлем – өз бейнесінен бір жағынан адамдарға қарама-қарсы, басқа жағынан өзіне қосатын дүниені түсіну болып табылады. Тұлғаның маңызды тағы екі белгісі бар: барлық нәрсенің бастауы, ерік, өмірөзінде жатыр; екіншісі- тұлға тіршілігінің шарты ретіндегі тұлғамен әлем тұрақты және өзгермейді. Соңғысы адамдар жүріс-тұрысы болып табылады және ол өзгермейді, адамдар жүріс-тұрысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Суфизмде жаратушыны тану жолында Алланы тану идеясы -олар үшін адамдардың түтастығын сезіну. Алланың дидарына ғашық болудың ең жогарғы формасы тылсым, тақуалық суфизмнің ұғымдары, сенім,таным және ғылым. Суфизмнің тарихы екі ұғымға негізделген. Олар мистика және аскетизм. Жалғыздық сезімі психологиялық белгіге, ал оны бастан кешудіадамзаттың ауқымды мәселесіне айналдырудың үлкенсебептерінің бірі қазіргі ғылыми ойлаудың жан-жақты жетістіктері болып отыр. Өмірге ғылым тұрғысынан келу 17-18 ғғ қалыптасса да, ХХ-ғ. басында ғана ол адам өмірінің барлық саласына өтіп, әлемді ғана емес, адамдардың өзін де танудың негізгі формасына айналды. Қазіргі ғылым таза аналитикалық болып табылады. Олбарлығын құрама бөлшектерге, тәуелсіз элементтерге бөлуге және оларды обьективті ретінде анықтауға тырысты. Адам болса,әлемнің ғылыми бейнесінде барлық заттармен қатар орындыиеленді. Адам табиғаттың қандай да бір құбылысы тәріздіғылыми зерттеудің обьектісіне айналды. Адам құрамабөлшектерге аналитикалық жағынан бөлінді. Әсіресе ол психологиядаайқын көрінді. Психология жан туралы ғылым болудан қалып, түйсіктер, қабылдаулар, ойлау, сезімдер және психиканың басқапроцестермен қүбылыстары формасындағыадамдардың обьективті шынайылықтың белсенді бейнелеу процесстерінзерттейтін ғылымға айналды. Ғылым техникамен жақындасып,адамнан алшақтады. Ғылым аналитикалығы бұқаралық санадағы адамның қайталанбастығы мен бүтіндігі туралы түсініктің жоғалуына әкеп сокты. Ол құм теңізіндегі бір түйіршік болып қалды. Бірақ, әрбір түйіршіктің өзінің ішкі әлемі бар, басқалармен қайталанбас байланысы бар және оны түсінуге ұмтылады. Ғылым болса, бұл жеке мәселелерден алшақ қалды. Адам өлсе, онымен оның алғашқы қары, алғашқы сезімі, алғашқы жеңісі бірге өледі. Адам жалғыз қалады. Бірақ тарих тәжірибесі бірқалыпты: әлеуметік-мәдени дамуы жоқ ғылыми техникалық прогресс мәнсіз болып табылады. Әлеуметтік прогресс болса, ең алдымен адам болмысының жеке белгілерінің емес, адам қамын ойлау бірінші орынға шыққанда ғана болмақ.

Автор: Абылханова Б.К. Астана қ., Қазақстан

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.