Жалпы азаматтық және құқықтық тәрбие

Home » Рефераттар » Жалпы азаматтық және құқықтық тәрбие
Рефераттар Комментариев нет

Адамгершіліктің шеңбері өте ауңымды, ол азаматтықпен толығып жатыр. Бүкіл тәрбие салалары осы адамгершіліктің, азаматтықтың төңірегіне топтасып жатады. Ал отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбиелердің шеңбері жалпы адам баласына тән азаматтың тәрбиеден тарлау. Отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбие азаматтың тәрбиенің құрамды бөлігі ғана болып табылады. Жер-ана — бүкіл адамзатқа ортақ. Сондықтан да бүкіл адам баласына тән азаматтың тәрбие осы ортақ ғаламшар, ортаң жер-анаға байланысты туындайды. Қазір бұрынғы Кеңес өкіметіндегідей бүкіл мемлекеттерді, солардың халықтарын үшке бөліп: социализм, капитализм, дамып келе жатқан ел, мемлекет демей, ортақ жер, ортақ ғаламшар деп қарағанымыз жөн. 2001 жылы 11 қыркүйекте Америкада болған терактыға байланысты дүниежүзі халықтарының ойы — ғаламшар, жер-ананың ортаң екенін тағы да қадап айтты емес пе? Бұл жағдайды бүгінде кімде-кім болса да сезінгендей көрінеді. Себебі қырғи-қабақ соғысқа, терактыға, дүниежүзілік күйзеліске, апатқа, экологиялық қиыншылыққа, нашақорлыққа, сауатсыздыққа, ғарыштың мәселеге ортаң көзңараспен қарауда. Осы маңсатта дүниежүзілік халыңтар қауымдастығы ңүрылып, саяси экономикалық мәдени ңарым-қатынас жасауда. Осы тұрғыдан біздің егемен Қазаңстанымыз да өз үлесін қосып, ұлы көшке ілесіп келеді. Бұл қуантарлық жайт. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы қауымдастыңңа мүрындың болып көп мәселелерді шешуде: ядролық жарылысты тоқтату, сынақ жүргізбеу, соғысып жатқан елдер арасына араша түсу, әкологиялың апатңа қарсы тосқауыл қою, т.б.

Қазаңстандың жас жеткіншектерді осы атқарылып жатқан істермен таныстырып, қазақстандықтардың осыған қатысы барын баса айтып, жалпы адамзатңа тән адамгершілік-ке, азаматтыққа тәрбиелеу. Ол үшін алдымен Отанын, ұлтын сүю, сол Отанда өмір сүріп жатңан халыңтарға мейірім-ділікпен ңарауды түсіндіру. Бұл мәселеде ңазақ азаматтарының атқаратын ісінде шек жоқ. Олар осы істің бастау-шысы болуы керек, басңа халың өкілдерін осы сезімге тәрбиелеп, Қазаңстан ортаң Отан деп, сол ортаң Отаннан үлкен жер-ана, планета деген кеңістікке құлаш сермеп, бүкіл адам баласына деген таза сезімде тәрбиелеуіміз керек.

Отансүйгіштік, ұлтжандылық бүкіл адамзатңа тән нәрсе, ол сезімнен туындайды. Ол үшін бүкіл дүниежүзілік халықтардың мәдениетінен мәлімет алып, үйреніп, байланыс жасап, барып-келіп араласңанымыз жөн. Осы-ны жасап та жүрміз. Қазақстанның көптеген жастары сырт мемлекеттерге барып, достарын елге шақырып араласуда. Мүндай жағдай мектеп оңушыларының арасында да кездеседі. Әрине бұл мәселенің де өзіндік ңырла-ры бар: ұлтшылдық, фашизм, нашақорлық, т.б. Одан арылудың жолы — пән сабақтары, кештер, іс-шаралар арңылы оқушылар арасында бүкіл адам баласына тән азаматтық тәрбиені насихаттау.

Ңүқықтық тәрбие — азаматтық тәрбиенің бір бөлігі, адамгершілік, азаматтық тәрбиесінің шектеуші, реттеу-ші түрі. Саяси-идеялық, отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбиелер азаматтық тәрбиенің негізгі бөліктері болса, сезім арқылы қалыптасса, қүқықтық тәрбие сол сезімді реттеуші, шектеуші. Бұрын қүқықтық тәрбиені көп на-сихаттамайтынбыз. Себебі мүны ңүқық қорғау орында-рының қызметі деп педагогикаға онша қоса бермейтінбіз. Құқықтық тәрбие туралы педагог-ғалымдар Лихачев Б.Т., Харламов И.Ф., Керімов Л.К., т.б. 90 жылдардан кейін ғана жаза бастады. Құқықтың тәрбиенің көптеген тәрбие салаларындай маңсаты, міндеті, мазмүны, жүйесі, әдісі, қүралы бар. Біз соған қысқаша тоқталайық. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының жағдайында, бұрынғы жүйе ыдырап жаңа жүйе аяғынан енді түрып келе жатқан мезгілде, ұлтшылдың пен ұлтжандылықты шатастырып алмау үшін, көп ұлтты республиканы дұрыс дамыту үшін тәрбиенің бұл саласы керек. Құқықтық тәрбиенің мазмүнын белгілеуде оның аза-маттың, адамгершілік, құқықтық аспектілерін айңындауда А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский идеяларын бас-шылықңа аламыз. Қандай бір ңүқықтың тәрбие болма-сын, егер белгілі бір маңсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мүқтаждығына негізделсе, оңушылар үжым-дық жүмыстарға бар ынтасымен қатысса, соғүрлым ал-дыңғы буындардың өлеуметтік-құқықтық жетістік-терін, тәжірибелерін ңабылдап, өз мінез-құлықтарын ңалыптастырады. Құқықтық тәрбие төңірегінде, әсіресе ңиын балалармен жүмыс жүргізгенде еңбек жазып, ізденіс жасаған азаматтар, оның ішінде мәскеуліктер Л.Ю.Гордин, Ю.В.Гербеев, Г.П.Давыдов, қазақстандың-тар: С.Сартаев, Ә.С.Сапарғалиев, К.Б.Бегалиев, Г.А.Ума-нов, В.В.Трифонов, В.Г.Баженов, Л.К.Керімов, Э.И.Шы-ныбекова, Т.Б.Бегалиев, Л,Ә.Байсеркеев, т.б. баршылық. Құқықтың тәрбие мәселелері үшан-теңіз. Ол ңай қоғам-да болмасын баршылың. Кеңес дәуірінде бұл мәселе ше-шілген деп бүркемелеп, мән бермей келдік.

Әсіресе нарың экономикасына байланысты тәрбиенің бұл саласы тереңірек зерттеуді ңажет етеді. Жастар ара-сында қылмыстың түрлері де, саны да күн сайын өсуде: ұрлық, рэкет, алдау, зорлық жасау, адам өлтіру, нашақор-лық, маскүнемдік, жезөкшелік, тастанды балалар, т.б. Сондықтан бүгінгі мектептің, мүғалімдердің, ұстаздардың, ата-аналардың, көрші-туыстардың алдында түрған мін-деттердің бірі — оқу-тәрбие жұмысының барлық құрамды салаларында құқықтың тәрбие беруге қызмет ету. Осыдан туындайтын мәселе — оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырудың жауапкершілік сезімін көтерудің, үйымшылдың пен тәртіптілікті нығайтудың тиімді жолдары мен тәсілдерін қолдана білу. Құқықтық сана- сезімді қалыптастыру керек. Ол — қоғамдық сананың ерекше түрі.

Құқықтық тәрбиенің негізгі мәніне келетін болсаң, ол — жас мемлекетіміздегі маңызды ңатынастарды реттей отырып ңоғамға пайдалы, ңажетті қатынастардың дамуына жағдай туғызып ңорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын ңүрал. Құқықтың араласпайтын жері жоқ. Ол экономика, қатынас, денсаулық, білім, өндіріс, ауылшарушылық, т.б. салаларға ңатысты. Бүкіл қатынас ңүқықтың заң арқылы реттеледі. Заң -қорғаушы және жазалаушы күш. Құқықтың нормалар адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары қоғамдық мүддеге, белгілі тәртіпке, қабылданған ережелерге сай келуін міндеттейді. Қазақстандың мектеп ұстаздарының алдына қойылған мақсаттар: — жасөспірімдерді Республика заңдары мен құқықтық тәртіпті шексіз сыйлау рухында тәрбиелеу;- мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде ат салысу, Отанды ңорғауға, Әнүранын, рөміздерін, Президентті сыйлауға дайындау, еліміздің материалдық, рухани байлығын сақтап, оны молайтуға күш-жігерін жүмсайтын азаматтарды тәрбиелеу.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.