Жан Маре туралы

Главная » Рефераттар » Жан Маре туралы

Иә, Жан Коктодан артық айту мүмкін емес. Екі Жанның яғни, Маре мен Коктоның арасындағы нэзік иірімдерге толы адамдық ара қатынастарды тілмен айтып жеткізу аса қиын міндет. Ер азаматтар да дәл осындай көңіл жақындығына барарын (қанша ойлансаңыз да) миыңызға сыйдыра алмайсыз. Санаңызға сіңіре алмайсыз. Екеуі де талантты. Екеуі де руханият кеңістігінің нән алыптары. Екеуі де бармақтарынан бал тамған, саусақтарынан сыр сорғалаған суретші, сәулетші, ақынжанды сөз зергері, драматург, режиссер, актер, бүгінгі тілмен айтқанда продюсер… Бәлкім осы қасиеттері болар, оларды етене жақын еткен. Сырлас еткен. Мүңдас еткен. Мүдделес еткен. Әйтеуір, Жан Маре Жан Коктоны өлердей пір тұтқан. Туған әкесіндей, жатырлас бауырындай көрген. Олардың жиырма алты жылға созылған үлы достықтары отызыншы жылдардың ортасы мен алпысыншы жылдардың басын күрайды. О баста өмір сүру салттарына аса икемі жоқ кіші Жанды кездейсоқ көріп қалған ересек Жан элі ешкімге белгісіз жасөспірімнің жанарынан жасындай жарқылдаған ғажап бір үшқындарды аңғарғандай болған. Болғалы тұрған баланы бауырына тартып, күшағына алып, оған рухани тірек болуды ойластырады. Кіші Жанның да күткені осы еді. Төрт жылдай Коктоға жақындай алмай, оның сыртынан «ғашық» болып жүрген сезімтал Маре бүкіл Францияға «Ақындар ханзадасы» деген дақпыртпен аты жайылған әйгілі кісінің назарына түсіп үлгергеніне керемет қуанған-тын.
Париж консерваториясына үш мэртебе оқуға түсуге эрекет етіп, оның босағасынан аттау арман болған жасөспірім Жан Мареге актерлік өнер өзінің жалынан оңайлықпен ұстата қоймаған-тын. Соған қарамай, өзінше ізденуге эбден бел буған өжет Жан жергілікті «Аіеііег» театрының көпшілік сахналарына қатысып жүрді. Бұл ізгі қадам оган эжептэуір тэжірибе мектебін дарытты (жэне есебі тегін десе де болады). Атақты педагог Шарль Дюленнің актерлік шеберханасынан мол мағлұматтар алу бақытына ие болады. Ұлы хореограф Ролан Пети, даңқты режиссер Жан-Луи Барро және атақты комик актер Марсель Марсоны тәрбиелеп шығарған Шарльден ізденімпаз Жан жанталаса білім алып, мүмкіндігінше қабілет-карымын танытып қалуға барын салып бақты. Кешкілік қойылымдарда шағын эпизодтық рөлдер де ойнай бастады. «Юлий Цезарьда» қатарынан бес роль ойнаған кездері есінде. Сондай-ақ, ол Дюлен шеберханасынан тыс орыс кэсіби өнерінен де хабардар болды. «Соколов сынды орыс актерінен де еншілегенім аз болмады, ол өзі әйгілі Станиславскийдің шэкірті екен. Кэсіби өнердегі Станиславский жүйесін жіті меңгеруім, театр мен кинодағы актерлік жолымда ішкі жан-дүниемді сыртқы пішініммен қабыстыруда маған зор пайда берді», — деп жазды Жан Маре 1963-ші жылы «Искусство кино» жорналына берген сүхбатында. Ақырында, театр сахнасынан сығалауға бойы үйрене бастаған Жан жиырма жасынан кино алаңдарынан табылуды да әдетке айналдырды. Кинорежиссер Марсель Л’Эрбьенің бірнеше фильмдерінде ұсақ-түйек эпизодтармен көрінген қабілетті өнер иесі осы саланың тылсым құпияларына ессіз күмарта түсті. Әйтсе де, өнеріне өзі кұлай берілген «Ақындар ханзадасы» атанған даңқты Оскар Уайльдтің бірден-бір мүрагері сегіз қырлы, бір сырлы Коктоның төңірегінен алыстап кету мүмкін емес еді. Жан Кокто дәуірлеп тұрды. Поэзия, роман, пьеса жазудың хас шебері, кинофильмдер мен балет қоюда да алдына жан салмаған дарабоздың өзі еді. Бейнелеу өнеріндегі табыстары да өз алдына. Сымбатты да сүйкімді, кескін-келбетті, бойшаң да еңселі Жан Марені алғашқы күндерден-ақ ұнатқан Жан Кокто оны «Дөңгелек үстел айналасындағы серілер» деп аталатын пьесасы бойынша қойылған спектакльдің бас кейіпкерін бейнелеуге шақырады. Жүріс-тұрыс, ойлану, толғану процестерін Коктодан көп үйренген Жан өз кәсіби шеберлігін барынша шыңдай түседі. Тіпті, ол өзінің әлсіздеу һэм тым нэзіктеу дауысын жуандату мақсатында (Коктоның ақыл-кеңесімен) темекі шегуге де мэжбүр болады. Өйткені, образ табиғаты соны талап еткен. Сол бір сүйкімді үн қырылы Жан Маренің өзіндік актерлік ерекшелігін арттыра, байыта түскені белгілі. Жан Коктоны өскелең әдемі актер Жан Маре эке орнына әке түтты, ұстаз түтты, дос аға деп те оған қатты бауыр басты. Ең бір кісі құлағына, түрпідей тиерлік жағдай — олардың өзара бір-біріне өлердей ғашықтығы. Олар бір-біріне қыз бен жігіттей үздіге қиылды. Әріптестері арасында өсек-аяң өрттей қаулап жатты. Оған айылын жиған Кокто мен Маре қайсы? Пысқырмады да. Сондай сыпсың сөздерді қаулатқан әлдекімдер өжет те қарулы Мареден «төмпеш» те жеді. Өздерінің қызтекелік әлемінде ғажап қызық кешкен олардың жел сөзбен әуестенуге уақыттары да болмады. Керісінше, Кокто Марені Коко Шанель, Эдит Пияф, Лукино Висконти, Морис Шевалье сынды әлемдік өнер жүлдыздарымен етене таныстырды. Ұзақ жылдар бойына жүптары жазылмаған қос Жанның өзара бірде-бір тұс шайыспағандарын замандастары өз сұхбаттарында, күнделік-естеліктерінде күні бүгінге дейін тынымсыз айтып келе жатыр.

1938-ші жылы Жан Кокто Мареге арнап, небәрі сегіз күн аумағында өзінің «Қырсық ата-аналар» атты пьесасын жазып шықты. Ана мен бала арасындағы кикілжің әрекеттерді көрсетер осы пьесадағы басты рөлде көрінген Жан Маренің ең зор бақыты — оның сол кезгі аса атақты актриса Ивонн Де Бремен сахналас, серіктес болуы.Көп ұзамай, сүрапыл соғыс өрті бүрқ етіп, Жан Маре майданға аттанады. Онда бірер ай көлік жүргізушісі болған талантты актер қайтадан еліне оралады. Өнерді, тек қана өнерді көксеген Жан Маре өзін режиссура саласында сынап көрмекке талап қылады. «Құласаң нардан қүла» деген қазақ мақалына салып айтсақ, ол әйгілі Расиннің «Британник» және «Андромаха» атты дүниелеріне қол созады.Сахналықдүниелерсәтіменкөрінеді. Одан соң Коктоның «Жазу мәшіңкесі» пьесасындағы Паскаль мен Максимді сахналаған Жан Маре Ален Лебро есімді театр сыншысынан әбден «сыбағасын» да алады. Лебро оны өлімші етіп, мінеп-сынайды. Қызуқанды Маре одан жүдырық арқылы өшін алуға дейін барады. Нәтижесінде, 1941-ші жылы Жан Маре «Париждік ең нашар актер» атағын иеленеді. Әсіресе, 1943-ші жыл Кокто мен Маре үшін ең ауыр жылдар болды. Бәрі де Коктоның қаламынан туған «Рене мен Армида» пьесасы қойылымының төңірегінде өрбіген дау-дамай еді. Коктоны «есірткінің ессіз құлы», Марені «төсек арқылы түлеген» жын ретінде қарсыластары қарғап-сілеп жатты. Жандар-жұлтастығы оған мойыған жоқ.

.

Керісінше, Жан Маре әйгілі «Contedie Francaige» театрының труппасына шақырылды. Не керек, Коктоның драматургиясы бойынша қойылған спектакльдер мен оның сценарийлерінің негізінде қойылған көркемфильмдерде алма-кезек көрінуімен ел-жұртқа әбден танымал болған Жан Маре дүниежүзілік беделге ие бола түсті. Коктодан өзге кинорежиссерлер де оның орындаушылық талантын жоғары бағалады. Жан Баронселли, Кристиан — Жак, Ролан Тюал секілді ірі кинорежиссерлердің дұниелерінде кемел көрінген экран жұлдызы Жанның өршіл талантына әркімдер-ақ, таңдай қағысты.
Әсіресе, оның артистік даңқын әлемге жайған Тристан мен Изольданың баянсыз махаббатын сөз етер (Қазіргі Францияда бүгінгі көзқараспен түсірілген) тағы да Жан Коктоның сценарийі бойынша экрандалған «Мәңгілік ора-лу» фильмі таңғажайып табысқа ие болды. Изольда рөлінде ақаусыз көрінген бет біткеннің сұлуы Миле Парели Жан Маренің әлдеқалай бір жасырын жатқан сезім қылдарын дір еткізгендей болған. Еркек екені есіне түскен Жан Маре Парелидің көркіне, әсем де әдемілігіне едәуір емексігендей-ақ болған. Тіпті, олар Коктоның көз алдынан былайырақ кетіп, екі жылдай бірге тұрып та көрді. Әйтсе де, отбасылық өмірге икемсіз Маре сүйіктісі Миле Парелидің шалқыған көңілін бір сәтте су сепкендей басып та үлгерді. Баспасөз беттерінде өсек-аяңды бұршақша боратқан жорналшылар қайткенде де екі Жанның бөлек тұра алмайтыны жайында жа-рыса жазғандары, көп ұзамай, шындыққа айналды. Екеуінің шығармашылық ынтымағы бұрынғыша жалғасып жатты. «Сұлу мен құбыжық», «Екі басты бүркіт», «Орфей» атты пье-салар, сценарилер негізінде жасалған қойылымдар мен фильмдер тек Франция ғана емес, дүниежүзілік деңгейдегі рухани жетістіктер еді. Әсіресе, 2лемдік биіктерге иек артқан «Орфей» жер жүзі кинематографиясындағы кісінің қиялы жетпестей мздени құндылық еді.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.