Жануарлар физиологиясының Қазақстанда дамуы

Главная » Рефераттар » Жануарлар физиологиясының Қазақстанда дамуы

1800-1913 жылдар аралығында бүкіл қазақ елінде 200 ғана малдәрігерлік мекеме болып, онда 460 мал маманы қызмет атқарған. Елімізде ветеринария саласының, сонымен бірге физиологияның дамуына гельминтология ғылымының негізін салушы — академик К. И. Скрябин еңбектері зор ықпал етті.
Қазақстанда физиология ғылымы арнаулы жоғары оқу орындарының — Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік (1929 ж.), Алматы мемлекеттік медициналық институттар (1931 ж.), Қазақ мемлекеттік университетінің (1934 ж.) ашылуына байланысты дамыды. Аталған жоғары оқу орындарында арнаулы кафедралар ашылып, профессорлар М. П. Калмыков, Б. И. Ильин-Какуев, И. А. Барышников басшылықтарымен физиолог мамандар дайындала бастады.

Елімізде физиология ғылымы 1944 жылы КСРО FA-ның Қазақ филиалында арнаулы физиология бөлімінің ашылуына байланысты зор қарқынмен дамыды. 1945 жылы аталған бөлім Қазақ ССР FA-сының Физиология институтына айналып, онда Қазақ КСР ҒА-ның академигі А. П. Полосухиннің басшылығымен жан-жақты ғылымы-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Республика ғалымдары қан және лимфа айналым процестерін реттеуде интеро-жэне экстерорецептивтік әсерлердің маңызын зерттеуде (А. П. Полосухин, А. М. Бекетаев, М. И. Коханина, I. А. Бірімжанова, Л. Е. Бөлекбаева), қан және лимфа айналым жүйелерінің осмостық қысымды реттеу рефлекстерінде атқара-тын рөлін (X. Қ. Сэтбаева), жас төлдердің тіршіліктік маңызды функцияларын (тыныс алу, қан айналым) реттеу механизмдерін зерттеуде (М. Ф. Архангельская, Н. О. Базанова) үлкен үлес қосты. Қазақстанда жануарлар физиологиясын дамытуға қыруар ең-бек етіп, қомақты із қалдырған ғалым — Н. О. Базанова. Оның алғашқы ғылымы еңбектері жас төлдердің қан айналым жэне ты-ныс алу жүйелерінің жүмысын реттеу тетіктерінің қүпияларына арналған. 50-жылдардан бастап академик Н. О. Базанова күйіс малының ас қорыту жэне зат алмасу ерекшеліктерін зерттеумен айналысып, бұл процестерді реттеуде симпатикалык жэне парасимпатикалық жүйкелердің рөлі туралы құнды еңбектер жазды. Н. О. Базанова Мәскеу қаласында орыс тілінде жарық көрген мал физиологиясы оқулығы авторларының бірі.

Жануарлар физиологиясын Қазақстанда дамытуда Ұлттық ғылым академиясының академигі К. Т. Тәшенов, профессорлар Т. О. Измаилов, X. Дүйсембин, т.б. үлкен үлес қосуда. Академик К. Т. Тэшеновтың күйіс малының ас қорыту ерекшеліктерін, ас қорыту органдары мен желін қызметіндегі арабайланысты және оны реттеудегі ішкі секрециялы бездердің маңызы жайлы еңбектерінің ғылыми мэні өте зор. Ол И. П. Павловтың созылмалы тәжірибе жайындағы қағидаларын кеңіннен қолдана отырып, малдың ас қорыту процестерін зерттеуге бағытталған бірнеше хирургиялық тәсілдер ұсынды. Т. О. Измаилов академик Н. О. Базанованың басшылығымен күйіс малы жас төлдерінің (бұзаудың) ас қорыту органдарына, оның ішінде қарынның түрлі бөлімдеріне ас қорытудың мембраналық механизмінің тән екенін дәлелдеді. Оның басшы-лығымен жүргізілген жан-жақты зерттеулер (P. M. Сейфуллина, И. А. Күнтасов, Е. Б. Бегаилов, т.б.) ас қорытудың мембраналық механизмі бүкіл ас қорыту органдарында (қарында, ішекте) орын теуіп, түрлі мал (жылқы, ірі қара, қой, шошқа) мен қүсқа да тән құбылыс екенін анықтады. Профессор X. Дүйсембин зерттеулері организмнің күрделі қүбылыстарының бірі — сүттену кұпияларына, желіннің қызметін реттеу механизмдерін анықтауға бағытталған. Оның еңбектері қолданбалы физиология үшін ғана маңызды болып коймай, организм функцияларын жүйкемен және гуморальды реттеу тетіктерінің сырын ашуда да айтарлықтай үлес қосты. Жануарлар физиологиясын қалыптастырып дамытуда Алматы, Қарағанды, Семей және т.б. қалалардағы жоғары оқу орындары ғалымдары айтарлықтай үлес қосып, әртүрлі вегетативтік функциялар мен оларды реттеу тетіктерінің сыры, мал өнімділігінің физиологиялық негіздері ашылуда.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.