Жануарлардың қоршаған орта температурасына бейімделуі

Главная » Рефераттар » Жануарлардың қоршаған орта температурасына бейімделуі

Сыртқы орта температурасы — жануарлардың әлемде таралуын реттеп, шектеп отыратын маңызды экологиялық фактордың бірі. Жануарлар әлемінің көптеген түрі өз өмірінің белгілі кезеңінде қоршаған ортаның қолайсыз температуралық ауытқуларына жолығып отырады. Оған организмді бейімдеп отыратын арнаулы механизмдер болмаса, тіршілік тоқтаған болар еді. Үй жануарлары сыртқы орта температурасының үлкен ауытқулары жағдайында тіршілік етеді. Жер шарының ортаңғы полюсында сыртқы орта температурасының деңгейі -35 пен +35 С аралығында жатады. Мұндай жағдайда өнім беру үшін мал ызғарлы аяз бен аптаған ыстыққа төзімді болу керек. Дене температурасы тұрақты болған жағдайда ғана ұлпалар мен торшаларда зат алмасу процесі қалыпты деңгейде жүреді. Ал дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық жылу реттеу механизмдері қызметінің арқасында сақталады. Өз кезегінде олар организмнің тіршілік жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Түлік түріне, төлдің жасына сай ортаның температуралық оптимумы болады. Мысалы, жаңа туған бұзау үшін ол 16-18 С, бір-екі жасар торпақ үшін — 3-5°С, ал сауынды сиыр үшін °С. Сыртқы орта температурасының аз мөлшерге жоғарлауының өзі бейімделу механизмін іске қосуға түрткі болады. Осының нәтижесінде организм жылудың артық мөлшерінен құтылады. Ыстық ауа райы жағдайында ірі қара үшін жылу теңдестігін сақтаудың маңызды тетігі — тыныс жиілігі. Ауа температурасы жогарылаған сайын тыныс жиілей береді. Ауа температурасы 26,7-37,8°С-ға жеткенде тыныс айтарлықтай жиілеп, 37,8-40,6°С аралығында өзінің ең жоғарғы шегіне жетеді. Ірі қара, қой-ешкіде полипноэ (тыныстың жиілеуі) тәуліктің бүкіл ыстық кезінде байқалады. Осы ерекшелік аталған түлік түрлерінің ыстық күн астында ұзақ уақыт қала беруіне мүмкіндік береді. Тыныс жиілегенде организмде жиналған жылу организм жүтқан ауаны жылытуға шығындалады және тыныс жолының беткейінен буланады. Тыныс жолынан булану процесінің эсіресе, ірі қара үшін маңызы зор. С.Броди деректеріне сәйкес сиырдың джерсей және голланд түқымдары ауа температурасы 35°С-ға жеткенде бөлген жылудың 26 пайызы тыныс жолдарынан буланған сүйық арқылы шығады. Тыныс жиілігі сиреген сайын тыныс жолдарынан булану арқылы шығарылатын жылу мөлшері азая түседі. Ауа температурасы +10°С болса, жалпы бөлінген жылудың 10-11 %, ал — 10°С-да, шамамен 4% тыныс жолынан булану нэтижесінде шығарылады. Денеден жылу шығаруда тер бөлу процесі де маңызды рөл атқарды. Денеден буланған судың әр граммы 2,4 кДж энергия әкетеді. Жылқы, сиыр, қой тер түрінде көп мөлшерде су бөледі.

Ірі қарада жылу балансын сақтау үшін дененің жеке бөліктеріндегі қан айналым қарқынының өзгеруі маңызды рөл атқарады. И.Бикли жылу реттеуде құлақ пен аяқтардың қан тамырларының маңызы зор деп түжырымдайды. Сыртқы температура ауытқуларына желіннің қан тамырлары күшті реакция береді. Сыртқы орта температурасы 12°С-ға дейін жетсе, онда құлақ қалқаны терісінің температурасы 21 °С-тан 3 5°С-қа дейін көтеріледі. Мүше температурасындағы мұндай ауытқулар құлақтағы қан айналым қарқыны 20 есе артқан жағдайда ғана мүмкін болатын жайт. Демек, құлақ қалқанына қанның көп келуінің нәтижесінде белгілі дәрежеде жылу бөлу қарқыны реттелінеді.

Ыстық ауа райы жағдайында дене температурасының тұрақтылығын сақтауда малдың түсі де белгілі рөл атқарады. Түсі ақшыл мал күн сәулесінің 20 пайызын сіңірсе, түсі қара мал оны толығымен -100% сіңіреді. Ыстық ауа райына жақсы бейімделген жануарлардың түсі ақшыл, бозғылт келеді. Түгі қысқа және сирек жануарлар да ыстыққа шыдамды болады. Ыстық ауа райына тап болғанда малдың еуропалық тұқымдарының физиологиялық көрсеткіштері Орта Азиялық мал тұқымдарымен салыстырғанда, көбірек ауытқиды. Қуаң аймақтарға бейімделген жануарлардың өкпесі суды аз буландырады. Олар сілекейді аз бөледі. Мұндай жануарлардың ащы ішегінде сөл көп бөлініп, тоқ ішегінде судың кері сорылу қарқыны күшейеді. Бүйрек қызметінде де елеулі өзгерістер байқалады, иірімді түтіктердегі кері сору процесі күшейіп, зэрдің концентрациясы жоғарылайды, қандағы несепнэрдің деңгейі артады, ұлпалардың оттегіні пайдалану қабілеті төмендейді.

Кейбір жануарлар мен малдың жеке тұқымдары су тапшылығына өте төзімді келеді. Мұндай жануарлар денесінде май көп жинақталады (мысалы, түйе, қойдың қүйрықты түқымдары). Түйенің өркешінде 100 кг дейін май жиналады. Осы май су жетіспеген кезде тотығып, 40-50 л су бөлінеді. Сондықтан түйе 10-12 күн су ішпей жүре береді. Балауса азық қабылдаған кезде түйе тіпті, су ішпейді. Жазғы жайлым кезінде ол 3-4 күнде бір рет су ішеді. Су тапшылығы кезінде түйе денесінің температурасы 5°С-ға дейін жоғарлайды және мұндай мөлшердегі ауытқу олардың ұлпаларының күйіне айтарлықтай теріс эсер етпейді. Жылқы, сиыр, мәліш қойлардың дене температурасы дэл осындай мөлшерге жоғарласа, олар өліп қалған болар еді.
Жануарлар суыққа да бейімделеді. Мұндай жағдайда жылу шығыны ең алдымен тынысты сирету арқылы азаяды. Дене мұздаған кезде бүлшық еттер дірілдеп, жылу түзу процесі күшейеді. Жылдың суық маусымында түк ұзарып, тығыздалады. Суық ауаның әсерімен терінің тамырлары тарылады да, жылу бөлу кемиді. Шошқада тері тамырларының тарылуы нэтижесінде жылу жоғалту 70 пайызға дейін кемиді. Суық кезде қан тері капилярларында іркіледі де, тері бозарып, көкшіл тартады. Мұндай қанда оттегі мөлшері азаяды, қанның ағу жылдамдығы баяулайды.

Шошқа терісінің барлық беткейінде температура бірдей болмайды және бұл көрсеткіш қоршаған орта температурамен байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, қоршаған ауа температурасы 5?С тең болса, дененің шығыңқы бөліктерінің (құлақ, құйрық) температурасы тік ішек температурасынан 18-20°С төмен болады. Дененің басқа бөліктерінде бұл айырма 10-12°С шамасында сақталады. Қоршаған орта температурасының ауытқулары аз болса, шошқа организмінде жылу жақсы сақталады, шошқа оған оңайырақ бейімделеді. Жылу балансын сақтауда күйісті малдардың мес қарны зор рөл атқарады. Мес қарында биохимиялық жэне микробиологиялық процестер өте қарқынды жүреді, сондықтан онда температура жоғарырақ болады. Осының нэтижесінде сыртқы орта температурасының төмендеуіне күйісті мал төзімдірек келеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.