Жапон театры

Главная » Рефераттар » Жапон театры

Жапон театры тарихы елдің тарихи-әлеуметтік дамуының түрлі кезеңдерінде туындаған үш негізгі театр жанрларымен байланысты келеді. Ерте феодализм дәуірі (VІІ-ХІІ ғғ.) тұтас бірқатар халықтық көрініс-билердің өркендеуі және Гигаку — негізінен, сарайда қолданылатын болған музыкалық-би көріністерінің пайда болуымен нышандалады. Кейінгі феодалдық дворяндық өз театры — XIV жүзжылдықтың екінші жарты-сында рәсімделген Но театрын қүрды; сонымсн бір мезгілде халықтық фарс (яғни, мазмүны тайыз, жалаң комедия жанры) — кегэн пайда болды. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. феодалдық қала халқы өзінің театр түрлеріне ие болды — қуыршақтар (марионеткалар) театры (Дзерури) және актср театры (Кабуки). Жапон театры тарихын үш ірі жікке бөлуге болады. Алайда, бүл өзгеше қарастырылуы да мүмкін. Тұтастай алғандағы жапон тсатрының бүкіл тарихы бір үздіксіз жіп ретінде, жалпы театр өнерінің бірізді дамуының, бірде сол жолдағы келесі кезеңге ілгерілеуден бірде өзге формаларға өтуден көрініс табатын, бірақ, ешқашан өзінің жекелеген бөліктері арасындағы айтулы байланысты жоғалтпайтын дамуьпіың үздіксіз суреті ретіңде қарастырыла алады. Бұндай тұрғыдан қарастыруда не үлкен жанрлардың қалыптасуы ісінде дайындаушылық роль атқаруына тура келген формалар да, не, біресе, тартыса, біресс, ықпалдаса бірнеше театр формалары қатар тіршілік еткен дәуірлер де бақылаушы назарына шалынбай қалмайды. Бұндай қарастыруда ілгерідегі жанрдың келесісінің қалыптасуы үшін болған маңызын дәл есепке алу да мүмкін болмақ. Осындай көзқарас түрғыеынан жапон театры тарихын әрқайсысы жалпы дамудағы өзіндік кезенді танытатын бес үлкен дәуірге бөлуге болады. Бірінші кезең хронологиялық тұрғыда ерте феодализм дәуірімен — Жапонияда, оның тарихының ерекшеліктеріне орай, салыстырмалы орталықтандырьшған мемлекетгік құрылыс дамуымен ілес жүрген Нара-Хэйан кезеңімен (VII-XII ғғ.) сәйкес келеді. Бұл кезең халық ортасында туындап, бастапқыда сол ортада дамыған және кейін, негізінен, алдымен, Нара қаласында, сосын Хэйан (Киото) қаласында — бір мемлекеттің бірінен соң бірі болған осы екі астанасындағы сарайда шоғырланған феодалдық аристократия ортасына енген алғашқы театр формаларының өркен жаюы уақыты ретінде сипаттала алады. Бұл ерте театрлық формалар сол кезде музыка сүйемелдеуіндегі жеңіл-желпі театрландырылған би, сәл-пәл сахналық безендірілген музыкалық-ән нөмері немесе карабайыр пантомима шеңберінен шықпаған. Батыс Еуропа театры тарихьшдағы «мистериялар» мен «мираклдер» іспеттес, храмдық көріністер — Кагура жекелей дамыды.
Екінші кезең — Камакура кезеңі (ХІІ-ХIV.), яғни, Жа~ понияда жекелеген фоедалдық иеліктері дамуының бас-талуымен ілес жүрген жапон феодализмінің екінші дәуірі — театр жанрларының түзілуі уақыты ретінде, бүкіл әрекетті әлдебір сюжеттік негізге қүру үмтылысы бар элементар да болса, бірақ, белгілі бір нақты драмалық мәтіннің пайда болған уақыты ретінде сипатталады. Үшінші кезең — Муромати және Асикага кезеңі (XIV-XVI ғғ.), жапон феодализмінің үшінші кезеңі, феодалдық бытыраңқылық дәуірі — түңғыш ірі театр жанры — күллі ілгерідегі кіші жанрлар материалы негізінде қалыптасқан, оларды — үлкен театры өнері саласьшда — былайша айтқаңда, біржола қорытындылаған Но театрының қүрылуы кезі болып табылады. Бүнымен бір мезгілде халықтық фарс — квгэн қалыптаеты. Төртінші кезең — Токугава кезеңі (ХVIІ-ХІХ ғғ.), жапон феодализмі тарихындағы соңғы кезең, мәдени бастама ендігі «үшінші қоғамдық топ» — қалалықтардың, яғни, феодализм жағдайында-ақ дамыған ерте буржуазияның қолына көше бастаған феодалдық абсолютизм дәуірі, бір жағынан — Но театрының гүлденуімен, екінші жағынан, жаңа жанрлар — Дзерури театры және Кабуки театрының құрылуымен нышандалған дәуір. Елдің әлеуметтік бейнесі театр саласында былай көрініс тапты: саяси тұрғыдан әлі үстемдік етуші, бірақ, экономикалық тұрғыдан құлдырау үстіндегі феодалдық дворяндық пен экономикалық өрлеуші буржуазияның, сол кезде әлі феодалдық бюргерліктің қатар тіршілік етуі екі театр түрінің: ескі — Но және жас — Дзерури мен Кабукидің үзеңгілес дамуына жағдай жасады. Бесінші кезең ендігі біздің көз алдымызда — буржуазиялық-капиталистік құрылыс жағдайында өтуде. Жапон театр өнері тарихының осы кезенінің басы ретінде — ХІХ-ғ.еуропалық театр өнерімен ортақ тигггі — театр жанрларыньгң қүрылуы белгілері айқындалған өткен гасырдың соңғы онжылдықтарын санаган жөн.
XI ғ. ақыны Фудзивара Акихира бізге өз отаньшың театр өнері туралы алғашқы мәліметтерді береді. «Жиырма жасар кезімнен мен біздің екі — шығыс және батыс — астанамызда болып жатқанның барлығын бақылап келемін, бірақ, не бұрын, не кейінгі уакытта бүгін кешке өзім көрген Саругаку көріністерінен қызықты ешқашан ештеңе болған емес»,— дейді ол өзінің «Жаңа Саругакулер туралы» жазбаларында. Сөйтіп, өзі сол кезде көргендерінің баршасының атауларын егжей-тегжейлі келтіреді. Бүнда «ауылдық көріністер» (Цэнгаку), қуыршақтар (марионеткалар), атлеттикалық актілер де; бұнда әңгімесін бивада ойнауымен сүйемелдеп отыратын рапсодтардың баяндары да; бұнда «Монах әйел Меконың ішкөйлек сұрауы», «Шет аймақ тұрғынының астана қалаға бірінші рет келуі», «Ішу — демек, мың жыл өмір сүру» және т.с.с. көріністері де бар. Автор, өкіншке орай, ешқандай нақтылықтар келтірмейді; хор болды ма, көрініс қандай аспаптармен сүйемелденді, онда қанша адам қатысты, барлық көріністер бимен қосылған пантомималар ғана болды ма, біз білмейміз?! Бір нәрсені сенімді түрде айтуға болады: Акихираның көргенінің барлығының қомақты үлесін тұрмыстық және сол уақыт үшін танымал сюжеттерге құрылған күрделі емес комедиялық көріністер тобына жатқызу керек. Әсілі, шалғай «Шығыстың», яғни, Хонсю аралының солтүстік-шыгыс бәлігінің түкпірдегі шет аймақтарынан шыққан, Хонсю аралының онтүстік-батыс бөлігіңдегі жарқ-жұрқ еткен астана Хэйан (Киото) қаласының өзі үшін таңсық жағдайында абдырап-сасқан мешеу қара халық бейнесі бекзат хэйандық сарай тұсындағылар тарапынан небір әжуа-сықақтарға тап болған. Шамамен осы уақытта, XI жүзжылдықтың ортасында әлде, тіпті, біршама ертерек «дуашылар» (дзуси) көріністері күшті даму алды. Бұл дуашылар ол заманда емшілердің орнына жүріп, солардың іс-қызметін атқарған: оларды науқасқа шақыртып, сосын олар өздерінің дуаларымен оның бойынан дерт жын-перілерін қуатын болған. Дуашылар немесе дуахандар рецитацияларының өз ерекше сазды суреті, өзіндік ерекше ырғағы болды, олардың өз ерекше мәнері болды, содан да, көне Хэйан мекендеушілерінің өздеріне алыстан жетіп жататын осы дуашылардың (дуахан) дауыстарына құлак түретін эстетикалық эмоциялары әбден түсінікті. X ғ. бастап бұндай дуашылардың ендігі жерде үлкен буддизмдік храмдарда кызметте болғанын білеміз, онда олар — өлдебір салтанатты көделер немесе рәсімдерден кейін — тәуап етушілердің көңілін көтеру үшін өзіндік концерттік дивертисмент орын-даушылары ретінде өнер көрсеткен. Дуашылар күміс жөне алтын жіптермен кестеленген қымбат әрі әсем маталы арнаулы киімдерін киіп, хасирида (сөзбе-сөз «жүгіргіштер») аталатын жанрдағы өз номерлерін орындаған. Бізге дейін осы көрініс-тердің кейбіреуі, соньщ Ішінде, «Рютэн», «Бисямон» (қүдірет иелерінің есімдері), «Жын-пері» деп аталған көріністер туралы естеліктер жетті, бірақ, оларды не деп танылғанын — ендД кесіп айту қиын. Кейінгі комедиялардағы жүрнақтарьша қарағанда, дуашылар құдірет иесін немесе жын-періні бейнелеген, бүл ретте, көрініс сол құдірет иесінің көрермен-дерге небір түрлі игіліктерді жіберуін кескіндеуі тиіс еді. Бүл көріністер, сірә, арасында сарай аристократиясы өкілдері де аз болмаған тәуап етушілердің зор ықыласына боленген. Дуашылар өнері тудырған қызығушылық көп үзамай-ақ дзуси-саругаку, сол кезде осылай аталған көріністердің зеріккен сарай кызметшілерінің көңілш көтеру үшін сарайға да көшірілуіне алып келді. «Бау ішінде орындаушыларға арнап, бес үзын төсеніш жайыльш, өншілер үшін үш өрме тасталды; музыканттарға сарайлық бас киім киюге рұқсат берілді. Бишілер: үшеуі — жай адам, үшеуі — монах». Осы сипаттамадан дуашылардың көріністері сарайға көшірілген шақта ендігі айқындалған формаға ие болғандығы мәлім болып шығады: орындауға арналған ерекше орын — сахна алаңы пайда болған, ерекше мәтіндік бөлікті орын-даушылар — әншілер, яғни, хор, музыканттар — яғни, оркестр және, ең ақырында, негізгі көрініс иелері — биші-актерлер пайда болған; осымен қатар әншілердің сөздік материалынан көрініс тапқан әлдебір сюжеттік элемент пайда болған. Мәтіннің өзі тап сол жерде суырыпсалушылық дәстүрден туындаған ба, болмаса, әлдебір мөлшерде даяр мәтін болған ба, ол беймәлім күйі қалады. Айта кетері, бұндай көріністердің қатысушылары ересектер де, олардың басым бөлігі буддизмдік монахтар, жасөспірім — ұл балалар да болған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.