Жас өспірімдерге патриоттық тәрбие беру

Home » Рефераттар » Жас өспірімдерге патриоттық тәрбие беру
Рефераттар Комментариев нет

аскерТақырыбымыздың өзекті мәселесі — Жас өспірімдерге патриоттық тәлім тәрбие беру. «Патриот» «патриотизм» сөздері грек тілінен алынған (аудармасы — патриотик — жерлес, отандас) яғни өз Отанын сүюші, өз еліне, жеріне шын берілген деген мағынаны береді екен. Халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан, қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, мәдениеті бар ел екендігі белгілі. Сонымен қатар қазақ халқы жас ұрпақ тәрбиесіне орасан зор мән берген, «Сегіз қырлы, бір сырлы» отаншыл, шынайы патриот тәрбиелеудің талап-тілектерін белгілеп, ұлттық патриоттық тәрбиенің нормасын анықтаған. Бүгінгі күннің талабына сай жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша, «ұлттық патриотизм» туралы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесін негізге алмасқа болмайды. Осы орайда, философия ғылымының кандидаты Дәулетбек Раевтың ‘Қазақстандық патриотизм және гуманизм» (Ақиқат, №8-9, 2000 ж.) мақаласында «… Отан — адамның бойында патриоттық сезімді туғызудың қажетті шарты, объективті негізі. Отан — ел — жұрт алдындағы азаматтық парыз бен борышты атқаруға негіз болатын халықтық рухани құндылықтың бірі — ар-намыс. Ар-намыс — адамның патриотизм хақындағы өз іс-әрекеті үшін өзінің моральдық жауапкершілігін түсіну, сезіну, сонымен қатар, әділетті болуға деген ішкі ниеті. Ар-намыс — азаматтың патриоттық қызметін атқарудағы іс-әрекеті мен мінез-кұлқын реттеуші күш. Ар-намысқа өжеттілік, қайсарлық, жүректілік сияқты қасиеттер ықпалын тигізеді.» — делінген. Міне, осы аталған қағидалары ескерілсе, жас өспірімдерге патриоттық тәрбие берудің негізгі мақсаттары айқындалады. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен жері, басқа да қазақстандықтардың Отаны — Қазақстан (оның үстіне Қазақстан — қазақ халқының ата мекені). Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға крсылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Осы орайда, көп ұлтты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі алдыға қойған айқын мақсатын атап кетуімізге болады. Біз Қазақстанның барлық азаматтарының Отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз». (Қазақстан-2030. Стратегаялық бағдарлама). Бүгінгі таңда, біздің елімізде жас өспірімдерге патриоттық тәрбие беру ең келелі мәселелердің бірі болып отыр. Колледжде окушыларға біпгім берумен қатар, оку-тәрбие жұмыстары бірге жүргізіледі. Колледж оку-тәрбие жұмыстары сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта өткізілетін тәрбие сағаттарында, салтанатты жиындарда жүзеге асырылады. 7 мамыр — «Қазақстан сарбаздарының күні». Халық даналығында Отан оттан да ыстық деп айтылатындай, біз ата-анамызды, ұлтымызды таңдай алмайтындай, Отанымызды да таңдай алмаймыз. Отанды сүйп, құрметтеу, қадірлеуге, жас өспірімдердің бойына мектепке алғаш аяқ басқаннан Отанды қорғау жауапкершілігімен астастырып, сіңіру қажет. Осы айтулы күнге байланысты колледжде өткізілетін салтанапы шеру дәстүрге айналуда. Колледж окушылары алғашқы әскери дайындық пәнінен оку жылы бойындағы алған теориялық білімдерін көрсетеді: саптық дайындықтан топпен жүріп келе жатып сәлемдесу, саппен ән айтып өту 9 мамыр — «Жеңіс күніне» арналған іс-шаралар салтанатты жиын, тәрбие сағаттары түрінде өткізіледі. Осы іс-шаралардың колледж окушыларын патриотизмге тәрбиелеудегі маңызы орасан зор болады. Колледж топтарының кураторымен қаланың орталық алаңына шығып, соғыс ардагерлерінің алдында, сарбаздар шеруін көруі, теледидардан Ұлы Отан соғысы туралы фильмдерді көруі, ой-өрістерін кеңейтіп, сабақтардағы алған білімдерін толықтырады. Олардың патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.