Жасуша патологиясы

Главная » Рефераттар » Жасуша патологиясы

Жай микроскоппен қарағанда организмнің ең кіші кұрылымы жасуша болып есептеледі. Неміс ғалымдары Шлейден және Шван (1838) барлық тірі организмдер жасушалардан түзілген, жаңа жасушалар тек жасушалардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады, тірі организмдердін өніп-өсуі, дамуы осы жасушаларға байланысты деген «жасушалық теория» негізін қалаған болатын. Атақты неміс патологы Р. Вирхов (1858) организмнің барлық ауруларының негізінде жасуша патологиясы жатады деп есептеген. Р. Вирховтың бұл даналық пікірі осы күнге дейін өз манызын жойған жоқ. Бірақ Р. Вирхов дэуірінде жасушаның өзін жан-жақты ғылыми тексеру мүмкіншілігі жоқ еді.

Жасушада болатын өте күрделі өзгерістер, оның ультра құрылымы көп жылдардан кейін электрондық микроскоп жәрдемімен ғана анықталды. Электрондық микроскоп жасушаны екінші рет қайта «ашты» деуге толық негіз бар. Организмді біртүтас жүйе деп қарасақ, жасуша — соның бір бөлігі. Организммен жасуша арасында эрдайым өзара қарым-қатынас, өзара эсерлену жэне қызметтерін реттеу, үздіксіз жүріп жатады. Сол үшін жасушаны организмнің бір бөлігі деп қана емес, оны белгілі бір қызмет атқаратын ең қарапайым тірі жүйе деп қарау керек. Жасуша қүрылысын негізінен цитология пәні үйретеді, бірақ та жасушаның өте нәзік құрылымдарының әр түрлі патологиялық, өзгерістерін білу көптеген аурулардың патогенезін анықтау үшін ауадай қажет, демек, патологоанатом жасушаларды ультрақұрылым деңгейінде тексеріп, оның нәтижесін ғылыми-зерттеу жүргізуге немесе өзінің күнделікті жұмысында пайдалануға міндетті. Жасушаларды электрондық микроскоппен тексеру әдісі кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда жасушаның жалпы патологиясын зерттеуден жасуша құрамындағы өте нәзік құрылымдарды — органеллаларды зерттеуге өту кезеңі басталды деп толық айтуға болады. Ал жасуша мембраналарының құрылысын және патологиясын зерттеу өз алдына «мембранология» ғылымы болып бөлініп шықты. Сонымен жасушаларды зерттеуді оларды қоршап тұрған және оның сыртқы қабығы болып есептелетін плазмолемманың өзгерістерінен бастаймыз.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.