Жасушаның құрылысы

Home » Рефераттар » Жасушаның құрылысы
Рефераттар Комментариев нет

Жасушаның құрылысы

Жасушаның құрылысы және оның негізгі құрамы

Жасушалардың бөлімдері. Әдеттегі эукариот жасуша үш бөліктен: қабықша, цитоплазма жөне ядродан тұратыны естеріңде болар. Прокариот жасушаларда ядро болмайды, сондықтан ол қабықшадан және цитоплазмадан тұрады. Демек, барлық жасушалар үшін қабықша және цитоплазманың болуы міндетті болып табылады. Цитоплазма құрамында жасушалардың барлық құрылымдары болады. Сондай-ақ тіршілікті сақтайтын үдерістердің құрамдас бөліктері өтіп жатады. Қабықша жасушаны қоршаған ортадан шектейді. Жасушалық қабықша ұғымын айқындап, нақтылауды қажет етеді. «Жасушалық қабықша» ұғымы мүлде әр түрлі дербес құрылымдармен үқсас болуы мүмкін немесе «жасуша қабықшасы» деп аталады. Бұл — жасуша қабырғасы және жасушаның сыртқы жарғақшасы (плазмалық жарғақша, плазмалемма).

39a958ee2b45f65fe15b237bed0315ffЖануарлар жасушаларының жасуша қабырғасы болмайды. Сондықтан көпжасушалы жануарлар бұлшықет жасушаларының жиырылуы есебінде қозғала алады, ал саңырауқұлақтар және өсімдіктер олай жасай алмайды. Қазір жарғақшаның   үш өлшемді екені дәлме-дәл  анықталған.   Ортасында  бір фосфолипидтердің екі молекулалы қабаты (билипидті қабат) болады. Фосфолипидтердің екі карқышқылынан тұратын ерімей- «қүйрықтары»   және фосфор қышқылынан тұратын еритін «кішкене бастары»  болатыны естеріңде болар. Жасуша заттарды тасымалдауға энергия шығындай ма, Фосфолипидтің сызбанұсқасы: I — химиялық формула; II — полярлы кішкене басы бар және гидрофобты құйрықты молекула;  III — судағы фосфолипид жоқ па, соған назар аударып, бүл жағдайды екіге: белсенді тасымал-дау және бәсең тасымалдау деп бөлуге болады. Тек қана иондарды тасымалдау емес, ірі молекулаларды немесе тіпті басқа жасуша-ларды да белсенді тасымалдайды. Белсенді тасымалдауға амебалар жөне лейкоциттер фагоцитозы мысал бола алады. Фагоцитоздың ірі бөлшектерді ілгері созылған — жалғанаяқтардың жәрдемімен жарғақшаның қармауы екенін еске түсірейік. Бөсең тасымалдау үдерісі — жұту (пиноцитоз). Тек қана жасуша жарғақшасы жұтқан кезде ілгері сыртқа қарай созылмай, «ішке қарай созылып», қатты затты қармамай, сүйықтықты жұтады (диффузия үдерісі). Мәселен, пайдалы еріген заттар тамшысы цитоплазмаға «жұтылатын көпіршіктер» түрінде түседі.

Заттардың жасушалық тасымалдануын тек қана әнергия шығыны бойынша емес, бағыты бойынша да бөлуге болады. Егер заттар жасушадан бөлінсе, бүл экзоцитоз құбылысы болып табылады. Оған тынысалу кезіндегі С02 диффузиясы, ішкі секреция безді жасушалардың қанға гормон бөлуі мысал бола алады. Егер заттар жасушаға сіңген болса, бұл эндоцитоз. Мысал, фагоцитоз немесе пиноцитоз.

Органоидтар дегеніміз — тұрақты құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын жасушаның бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектері. Органоидтар цитоплазмада жүзіп жүреді. Цитоплазма дегеніміз — бұл жасушаны толтыратын сұйықтық, тұтқыр ішкі орта. Цитоплазманың органоидтарсыз сұйық бөлігі «гиалоплазма» деп аталады.

Рибосомалар — екі: үлкен және кіші төменгі өлшембірліктен түратын жарғақшасыз органоидтар. Төменгі өлшембірліктердің пішіні — дөңгелек. Сондықтан рибосомалар дүрыс емес сегіздікке үқсас жөне оның астыңғы шеңбері жоғарғысынан әлдеқайда үлкен болады. Бүл — ең маңызды органоид. Рибосомалар барлық тірі ағзалардың: саңырауқұлақтар, жануарлар, өсімдіктер және бактериялардың жасушаларына тән органоидтар. Рибосомалар нәруыздарды синтездейді. Егер тіршілік болса, онда нәруыз болуы қажет. Ал егер нәруыз болса, онда рибосомалардың болуы керек. Жасушалық орталық немесе центриолдар — жасуша көбейген уақытта қызмет атқаратын жарғақшасыз органоид. Жасуша бөліне бастағанда және екі еншілес жасушалар түзілгенде негізінен оларға хромосомалардың тең мөлшерде түсуінің маңызы бар.

Мәселен, егер адамда дене жасушаларының ядроларында қалыпты 46 хромосома болса, онда олардың еншілес жасушаларында да 46-дан болуы керек. Бөлінуі алдында хромо-сомалар санының екі еселенуі репли-кация үдерісін қамтамасыз етеді. Адам жасушасының репликациясы соңында ДНҚ-ның 92 молекуласы болады, ол хроматидтер деп аталады. Жасушалық орталық бөлінетін жасушада «бөліну шүйкесін» — еншілес жасушаларға ДНҚ молекулаларын тең бөліп орна-ластыруды қамтамасыз ететін қүрылым түзіледі.

Егер де бүл тетік бүзылса, онда еншілес жасуша немесе сөз жыныс жасушаларының қалыптасуы туралы болса, ағза тіршілігін жойған болар еді. Егер ұрпақтардың бір бөлігі қажетті көлемде тұқымқуалау ақпаратын ала алмаса, онда шарасыз тіршілігін жояды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде центроилдар болмайды, олардың қызметін қалпақша деп аталатын ұқсас органоидтар атқарады.

 

 

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.