«Жасыл» экономика Қазақстанның тұрақты дамудың кепілі

Главная » Рефераттар » «Жасыл» экономика Қазақстанның тұрақты дамудың кепілі

Адамзат баласы жаңа ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңдағы күн тəртібінде тұрған басты мəселелердің бірі — экологиялардың өндіріске көптеп енгізілуі, информатиканың қарыштап дамуы, инновацияның басымдық сипатқа ие болуы, адамдардың материалдық игіліктерге қажеттілігінің күн санап артуы табығат аясына, флора мен фаунаның қалыпты жағдайына теріс ықпалдарын тигізуде. Экологиялық апаттың қауіпі барған сайын артуда. Бұның өзі жер жүзі халықтары мен мемлекеттерінің көңілін алаңдатуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда мұхиттар деңгейінің көтеріле бастағанын, биік таулар басындағы мұздақтардың еруге бет алғандығын атап көрсетті. Экология саласындағы келеңсіз құбылыстар Қазақстан аумағында да орын алуда. Арал теңізінің таралып қалғандығы жұртшылыққа белгілі. Еліміздегі мұнай өндірісінің еселеп артуы, шетелдік компаниялардың қоршаған ортаны қорғауға салғырттығы Каспий аймағында да бұл мəселені күн тəртібіне қойып отыр. Балыққа бай Балқаш көлі де су деңгейінің төмендеуін бастан кетіруде. Республикадағы электр станцияларының 70 пайызы көмір пайдаланатындықтан ауаның ластануына мейлінше жол берілуіде. Соңғы 7 жылда ғана Қазақстанда автокөлік паркі 2 есеге артқан, тек Алматы қаласында 300 мың жеңіл көлік барлығы айтылуда. Ал парникті газдардың адам ағзасына қаншалықты зиян екендігі белгілі жайт. Қазақстанда атом қалдықтары да көп мөлшерде сақталған.

Еліміздің Семей өңірінде 1949 жылдан бастап қырық жыл ұзақ уақыт бойы ядролық сынақтардың өткізілгені əлемге аян. Қырық жылдық бойында кезеңде орын алған 500 жуық жарылыс қаситті Абай жеріне үлкен апат болып тиді, тұрғын халықтың өмірі мен денсаулығына орасан зор зиян тигізді. Ана мен бала өлімінің көбеюі, мүгедек жандардың еселеп артуы бұл өңірдегі экологиялық жағдайдың мүлде ұшығу салдарынан болатын. Тек қана Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1991 жылғы 28 тамыздағы Семей палигонын жабу жөніндегі тарихи жарлығы мұнай алапаттардың одан əрі өршіуіне тосқауыл қойды. Қазақстанның экология ғылымдары ел аумағында тазалық деңгейінің төмендігіне, ауаның уақыт өткен сайын ластана түсуіне алаңдаушылық білдіруде. Əсіресе, Шымкент, Алматы, Қарағанды жəне біздің тұрғылықты мекеніміз Тараз қаласында экологиялық келеңсіздік ерекше көзге ұрады. Аталмыш шаһарларда ауадағы зиянды заттар қалыпты мөлшерден 10-15 есе асып түседі. Мемлекеттік органдар мен жұртшылық тарапынан табиғат анаға деген немқұрайлық кездесуде. Мысалы, 2011- 2013 жылдары Алматы қаласында ғана 35 мың түп ағаш шауып тасталынған. Соңғы жылдары. Қазақстан аумағында температураның 0,75 градусқа көтерілуі де, алдағы болашақта табиғи катаклизмнің белең алып кету қаупін туғызуда. Мұның өзі кез-келген парасатты адам санасында ел мен жер тағдырына деген жауапкершілік сезімін оятады. Осы факторларды ескере отырып, ел Үкіметі экологиялық қауіпсіздік мəселелеріне зор көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында табиғатты қорғау мен табиғат ресурстардын тиімді пайдалану жөніндегі мемлекеттік реттеудің құқықтық негізіндері айқындалған Елімізде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ҚР-ның энергетика министірлігіне жүктелген бұл ведомство өз кезегінде жүйелі экологиялық саясат жүргізуге міндеттелген. Республикада экологиялық саясаттың заман талабына сай іске асырылуы үшін құқықтық-нормативтік негіз жасалған. Бұл жерде 2007 жылы қабылдаған ҚР-ның Экологиялық кодексінің маңыздылығын ерекше айтуға болады.

Соңғы жылдары ел көлемінде жүргізілген кең ауқымды, жүйелі іс шаралар өз жемісін беруде. Арал теңізіндегі су мөлшері біршама көбейді, барлық аулау кəсібі де жолға қойылуда. Елбасының тікелей басшылығымен Астана қаласының өз ішін, оның маңайын, Бурабайға барар жол жиегін көгалдандыру мен абаттандыру қолға алынған еді. Қазір аталмыш аймақта көлемі 70 мың гектарға созылған жасыл желек жайқалып тұр. Республикамызда қолға алынған іс-қимыл бағдардарламаларында жол көліктерінде отын ретінде бензин орнына күн батареясын немесе табиғи газды пайдалану да жоспарланған. Бүгінгі таңда Қазақстанда ел Президенті бекіткен «Жасыл» экономика тұжырымдамасы жүзеге асуда. Бұл құжатта экологиялық қал-ахуалды жақсартуда балама энергетикаға айрықша мəн берілген. Біздің Отанымыз табиғи ресурстарға өте бай. Мұның өзі күн жəне жел энергиясын пайдалану арқылы электр қуатын өндіруге зор мүмкіндік береді. Осындай жолмен алынған электр энергиясы материалдық шығындарды аз талап етеді, əрі ауа аз ластанады. Республикамыздың Алматы, Жамбыл, Ақмола жəне Қостанай облыстарында энергия көзі-жел болып табылатын жалпы қуаты 20 мегаватқа тең электр станциялары ел игілігі үшін жұмыс істеуде. 2020 жылға таман мұндай кəсіпорындар санын 30-ға жеткізу қарастырылған.

.
.

Атап өтерлік жайт, таяуда ғана ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың Манако мемлекетіне жасалған ресми сапары барысында Қызылорда облысында күн энергиясын қолдану нəтижесінде арқылы жұмыс атқаратын электр станциясының құрылысын бастау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Мұның өзін біздің елемізде экономиканы «Жасылдандыру» бағытында қарышты. Республикада орындалу үстіндегі іс-қимыл жоспарларында жол қауіпсіздігімен қатар, көлік құралдарының əуе кеңістігін ластамауына да ерекше мəн берілген. Ілгерілеушілік те жоқ емес. Қазірдің өзінде оңтүстік мегаполис Алматыда көліктердің 40 пайызы газбен жұмыс істейді. Қала əкімшілігі 2014 жылы қосымша 200-ге жуық троллейбус пен трамвай – олар электр қуатын ғана пайдаланады, тағы сатып алуда жоспарлауда. Бұл — алдағы 2-3 жыл көлемінде қаладағы көлік құралдарының 60 пайызының табиғи отынмен қозғалысқа түсуіне септігін тигізеді деген сөз, мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда ел Президенті бекіткен «Жасыл» экономика тұжырымдамасы жүзеге асуда. Біздің отанымыздың табиғи ресурстарға өте бай екендігі ескеріле отырып, бұл құжат болашақ энергетиканы оның балама көздері арқылы дамытуды басты назарға алған. Энергетиканың балама көздері жел, күн, биомасса, геотермальды энергетика болып табылады. Энергетиканың осындай көздерін жаңғырту арқылы алынған электр қуатымен жұмыс істейтін нысандар атмосфераға зиянды қалдықтарды мейлінше аз бөледі, əрі адамдар əрекетінің экологияға сұрықсыз əсеріде азаяды. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан шаралар жеміссіз де емес. «Жасыл» экономиканы дамытуға біздің туған өлкеміз — Жамбыл облысы да қомақты үлес қосуда. Соңғы кезеңде аймақта 3 шағын су электр станциясы жəне Қазақстанда алғаш рет күн мен жел станциялары пайдалануға берілді. Үш жыл ішінде облыста энергия көздерін қайта жаңғыртатын 5 жоба іске қосылды. Алдағы уақытта осындай тағы 4 жоба игерілмекші (оның біреуі — Қордай ауданында салынатын жел электр станциясы). Жалпы құны 390млн. доллар тұратын атталмыш жобалар іске асқанда облыста 186 МВТ электрэнергиясы өндірілмекші.

.

Республика Үкіметі тарапынан атқарылудағы батыл қадамдардың бірі-Байқоңыр ғарыш аймағынан ұшырылмайтын «Протон» зымырандарына бақылауды күшейту болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев өзінің халыққа жолдаған «Қазақстан-2050» стратегисында 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы жəне жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы болуы тиіс деп атап көрсетті. Бүгінгі таңдағы ауқымды іс–шаралар Жолдауда айтылған зор міндеттердің жүйелі түрде жүзеге асуының айғағы болып табылады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.