Жаяу жүрудің пайдасы

Главная » Рефераттар » Жаяу жүрудің пайдасы

Адам денсаулығын сақтауда ең басты әрекеті өзін-өзі күтіну. Таза ауада көп жаяу жүріп, көп қимыл жасау. Сөйтіп, әрбір басқан қадамын ең әуелі дене мүшелерін жаттығумен байланыстырып өз уақытында демалдырып ұстау. Соның өзінде көп адамдар жете түсінбегендіктен көңіл аудармайды. Мейлінше, немкұрайлы қарайды. Сондықтан, адам тек жаяу жүрудің өзінен көп жағдайда денсаулыққа пайда табуға болады. Жаяу жүргенде «бет албаты» жүре беру емес, жеңіл-желпі киініп алып, терлемеуге тырысып бағу керек. Егер, көп мөлшерде терлейтін болса ол денсаулыққа зиян. Жаяу жүріп дағдыланса, адам қартайғанда кібіртік жүрістен құтылады. Ол үшін алдымен баяу (минутына 60-80 қадам аттап) 1 сағатта 2-3 шақырым жер жүреді, одан соң орташа қарқынмен (минутына 80-100 қадам) 1 сағатта 4 шақырым және жылдам (минутына 120 қадам) сағатына 5-6 шақырым жүруге болады. 50-ден асып кеткендер бұрын спортпен, дене шынықтырумен айналыспаса, онда жүрген кезде тамыр соғу жиілігі 120-дан аспаған жөн. Соны да қадағалау керек. Дүние жүзі бойынша көп жасаған адамдардың 90 пайызы осындай көп жаяу жүргеннің пайдасынан екен. Адам өз денсаулығын сақтауда ең әуелі ас қорыту мүшелері жұмысын жақсартып, тынысталуы дұрысталады. Сосын, денесі сергек, еркін жүріп, еркін тұрады. Мәселен, Қазақстандық велосаяхатшы «Семей-Невада» ядролық қаруға қарсы қозғалысының настихатшысы Түғелбек Қасымұлы дүниежүзін екі аяқтың күшімен аралаған қазақ азаматы. Соның бір айтқан сөзінде «мектеп директоры болып жұмыс істеп жүрген кезімде өзімді сергек сезіне алмайтынмын. Содан, әуелі бұл спортқа келуіме жаяу жүруді әдетке айналдыруым көмектесті. Сонда мен жаяу жүрудің қаншалықты дене жаттығуларымен байланыстыратынын терең түсіндім»,- дегені бар. Демек, жаяу жүріп те асқазан, бүйрек, бауыр, бас, тыныс алу ауруларынан айығуға болады. Бірақ сырқатты адам әуелі бір дегенге ұзақ жүруге асықпау керек. Біртін-біртін, денеге күш алу процесін баяу жүргізу арқылы дағдылану керек. Әйтпесе, бір дегенде көп жүру, адамның жүруге деген ынтасын тез суытады. Адамның көңілі қайтқан соң оған зауқы соқпай калады. Адам өмірінде неғұрлым көп жүрсе оның соғұрлым мақсатына да жетуіне мүмкіндік туады екен. Басты себебі ерінбеуге, жалқаулыққа қарсы қоятын күш ретінде танылады. Мысалы, елімізге белгілі «Аттан» ұйымының жетекшісі Амантай қажыны алайық. Өмірі жаяу жүреді. Денсаулығы да тың. «»Құдай бергең таза ауаны жұтып, өз организміңді өзің тазартып отырғаның қандай рахат. Көлікпенен жүруге асыкпа, — дегені бар. Расында жаяу жүріп, бәрін жеңуге болады. Әуелі, денсаулықтың дұрысталуы жаяу жүруден басталатын болса, өз денсаулығымызды өзіміз сақтай білейік!

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.