Жең және жаға пішіндерінің үлгілері

Главная » Рефераттар » Жең және жаға пішіндерінің үлгілері

Жең ең керекті киім бөлігі. Оның пішінінен, жабылуынан және өңделуінен бұйымның кигенде ыңғайлылығы оның жалпы түрі және киімі тұлғасынан мінезі байқалады. Иық сызықтары киім үлгісінде ең маңызды сызық. Сән журналдарында жаңа сәнді сызықтар пайда болысымен арнайы нобайтастаулар келтіріледі, осы сызықтың сипатын атап өтеді. Әрине бүл кездерге тән, иық сызықтары киім үлгісінде биік болып тұрады. Барлық жағдайда жең жалпы композиция үлгісінде тұтас үйлесімде болуы керек. Иық сызбалары туралы түсінік иық белдемшесін бөлшектеп қарау керек, иық ойынды және жеңді отырғызу (бұл эллементтер конструкциямен және сызықпенен байланысты). Түрлі пішінді қазіргі жендер жасауда, манекенге мақта қол қадайды, содан соң кеудешенің макетін кигізіп, нақтылап көрнісін тексереді. Бұндай жағдайда, әрбір жетіспеушілік жеңмен кеуденің келбетінен тез көрінеді ( бүгілген жері, киғаш), бұлар кигенде ыңғайсыздық тудырады ( жен тартылып, қолды көтеру қиынға түседі, қолды бүккенде ыңғайсыз). Дұрыс емес кеудесін бұратын оймалардың көркемделуін көрсетеміз. Ойма жағындағы, төс сызықтарын енімен төменгі тігістер де артық қиылмау керек. Ойма сызықтары тексерілген соң, үлгі алуға кіріседі. Жеңнің ұзындығы — қолдың кеудемен жоғары нүктесімен білекке дейін біріктіріледі; Жеңнің ұзындығы шынтаққа дейін; Жоғарғы ойық, жеңнің — қолдын жоғарғы нүктесінен кеудемен қолтық оймасына дейін; Жеңнің ойылуы қолтық оймасында; Төменгі ені.

Тік бұрышты мата қиындысы жеңнің ұзын өлшем пішініне үйлеседі, өлшем енін бүгуге 4 см. етіп артық алу керек. Матаны ортасынан салады. Жіп негізгі мата қайырымының үстімен өтеді. Тайқымның жоғарғысын өлшеп 2-3 см. бүкпеге жібереді. Тігісті ішке айналдырып, матаның артығын қияды. Дайын матаны мақта қолға кигізіп, содан соң түйреуді жасайды. Бір тегісті тік жең. Жоғарыда 2-3 см. қайырады, бірінші түйреуішпен матаны кеудешенің иық тігісіне қадайды. Жіп негізі тігінен орнласуы керек, екіншісі түйреуішті кеуде сызығының алдыңғы еніне түйрейді, үшінші артынан, артқы сызық еніне түйрейді. Екінші, үшінші түйреуішті түйрегенде бекіту тетігін тексереді, ол көлденең орналасуы тиіс. Ары қарай әлсіз жері түйреуішпен түйреледі, матаға отырғызу жасайды, сода соң жеңнің оймасының төменгі жағы тігіледі. Егерде көкірекше тік және сәл кеңдеу пішінді болса, жеңнің тігісі көкірекше бүйір сызығымен үйлесуі мүмкін. Егерде көкірекше жабысып түрган болса жэне бүйір сызығы артқы шетке орналасса, жең тігісі 1,-2 см көкірекшенің алдыңғы жағына жылжиды. Көкірекшенің бүйір сызығына үйлеспейді. Жеңді түйрелеу барысында кемшіліктер пайда болуы мүмкін, оларды түзету керек. Қыртыс , қисаю (алды немесе арты) жеңді дұрыс отырғызбаудан болады. Бұларды болдырмауда, жіптің бекіту тігісін тік және көлденен негіздерінің орналасуын қадағалау керек. Тік , ұзын женнің төменгі жағы қолдың бүгілген жағдайында көркемдейді. Төменгі жағы сызықтан ары қолдың тік бұрышында орналасуы керек, бұл суретте көрсетілген.   Тік жақтың төменгі жағының ұзындығы Зд қол түсірілген уақытта көркемдейді, бірақга төменгі жақ сызықтары көлденен орналасуы керек. Жеңнің төменгі жағын манжетке көркемдеуді, астыңғы жагын тесьмамен тартып қояды. Бүрмелер жиыру, қарама-қарсы қатпарларды алдына аз етіп, шынтаққа көбірек жібереді, қолды бүккенде еркіндікті қамтамасыз етеді. Жеңнің макетін манекеннен шешіп, тайқы сызықтарьш, бүйір кимасын және астыңғы жағын белгілеп қояды. Өлшемдерін тексереді. (Жеңнің ұзындығын, оның енін, тайқының жоғарлығын) Ары қарай түйрелеуді кескішпен қағазға түсіреді, пішін — негізін алу үшін.

Кең жең бүрмелер астында және үстінде, манжетте жеңнің макеті тік жең негізінде қүрьшады, тайқының орта нүктесінен төменге дейін кеседі, сонан соң теңдей етіп жылжытады. Сонан соң оны жаңа матаға көшіреді, макетті манекенге кигізеді, тайқыны бүрмелеп және төменгі сызьщтарды манжет түрімен, жоғарғыда көрсетілгендей көркемдейді. Бір тігісті тар жең. Тар жең деп, қолға тьныз жабысып тұратын жэне оның пішінін қайталайтын жеңді айтады. Бұндай жеңдерді жасауда, артық матаны тігіске жинаудың қажеті жоқ , бұл жағдайда қозғалыс кезінде кедергілер болуы мүмкін. Матадағы тігіс қатты тартылып тұрады, киген кезде жыртыла бастайды. Тар жең пішінін жасауда оның қию сызықтарын тарылтумен қатар, міндетті түрде бүкпелер жасау керек. Оларды шынтақ сызығы деңгейінде орналастыру қажет. Бүкпенің тереңдігі негізінен матаның құрьшысына байланысты, мата неғұрлым жұмсақ, созылмалы болса соғұрлым оны бүкпеге аздап алу керек. Егерде маталар түріне қарай бүкпе терең етіп алынатын болса (3 см жоғары), біреудің орнына екеу қысқа жэне онша терең емес жасау лайықты. Қажетті қол қозгалысының еркіндігін матаны шынтақ қима сызыгына отырғызу арқылы, алдыңғы қиманы кішкене ғана тарту және білектен бүкпелеу арқылы қамтамасыз етуге болады.

Жаға. Жаға киімнің мойын және иық тігісіне жатады. Қазірғі киімдерде ол ажырамас бөлік емес,кейде мүлдем болмайды. Жаға үнемі сәнді тігісті жэне айқын пішінді болуы керек. Пішініне қарай жағаның сан алуан түрі болады және негізгі бес топқа бөлінеді

1 .тік жағалар

2. Мойын оймасына тігілетін жағалар,мұндай жағаларга тік қайырма\ағылшын\,жартылай қайырма, жайпақ жағалар жатады.

3. Ашык мойын оймасына орналастырған жағалар, бұл апаш немесе пиджак типті ашық қайырма жағалар.

4. Тұтас пішілген,шәлі ж\е матрос жағалар.

5. Жай және ашық мойьш оймасына тігілетін эр түрлі жағалар(қамыт жаға, фантази, жұмсақ қатпарлы жағалар).

Жекелеген жағаларды тәжірибе үстінде жасау үшін,жағаның кез келген түріне тән ерекшеліктеріне жалпылама тоқталып өткіземіз. Кей жағалардың ішкі, көрінбейтін бөлігі тік болып келеді де,сыртқы көрінетін бөлігі қайырма болып келеді. Көрінбейтін тік бөлігімен көрінетін қайырма бөлігі үйлесіп, жағаның негізгі пішінін күрайды. Көрсетілген бөліктер киілу барысында пайда болатын қайыру сызығымен бөлінеді. Егер бастапқы тік деп тік қайырма жағаға тән тегіс сызығын есептейтін болсақ жэне онымен қайырма және жартылай қайырма жағалардың тігіс сызығымен салыстыратын болсақ, тігіс сызығы тік болған сайын,оның көрінбейтін тік бөлігі үлкен бола түседі, мойынға жабыстырыла тігілген сайын — жаға тік болады. Тігіс сызығы дөңгеленіп, өз конфигурациясы жағынан мойын оймасының кесу сызығьша жақьгадайды да,тік жаға кішірейе түседі. Жағаның тігіс сызығы мойьш оймасы сызыгына толық сәйкес келгенде , тік жаға мүлде көрінбей қалады да, жаға жапсырма жағаға айналады. Тігіс сызықтары қажетті сипаттарға әр түрлі әдістермен қол жеткізіледі, ішкі бүкпелердің, жұмсақ бүрмелердің көмегімен пішу әдістері болуы мүмкін. Егер мата ылғал және жылуда өзгерстерге ұшырайтын болса, үтіктеуді пайдаланады. Жағаның тігіс сызығы оның негізгі пішінін анықтап көрсетеді. Ал жаға пішінінің сан алуандылығына оның көрінетін бөлігін әр қилы етіп безендіру арқылы қол жеткізуге болады. Жағаның тобы оның негізіне қарап анықталады. Білгілі бір жаға түрін жасау үшін, біріншіден, оның жағаның қай тобына жататынын анықтап алу керек. Содан соң пішіннің өзін бөлшектейді. Жағаның тігіс сызығының сипатын мойын омыртқасы тұсына көктейді. Жаға макетін жасауда қағазды да пайдалануға болады. Сосын оны тігіс сызығымен көктеп шығады. Бұл кезде жағаның мойынға жанасып тұру дәрежесін қадағалау керек.

Тік қайырма жаға. Классикалық тік қайрма жаға мойынға тығыз жанасып тұрады, ол ерлер көйлегінің жағасы сияқты болады. Жаға екі бөліктен тұрады: көрінетін және көрінбеитін. Галстук тағылтын тік қайырма жағаларда бұл бөліктер тең көрінетін бөлігі қайыру сызығында тік жағаны жауып қайырады. Жағаның тігіс сызығы тік немесе сәл иілген болуы мүмкін. Қайырма жағаның әр алуан нұсқасы бар. Кейде тік бөлігін жеке жасап алады; онда қайыру сызығы біріктіру тігісімен өтеді. Тік бөлігі жағаның кұрамында болуы мүмкін, мұндай кезде тігіс болмайды. Тік қайырма жағаны пішуді тік жағаның негізінде жасауға болады. Тік жағаның орта сызығын тік жағаның еніне теңдей етіп ұлғайту керек. Алынған нүктені (А) деп белгілейміз. Б нүктесін А нүктесімен біріктіру үшін еркін қыр сызығын жүргіземіз. Макетті манекенде тексеріп, пішінін нақтылайды, шеттерін әшекейлейді. Жапсырма жағалар. Бұл жағалар иықта жатады және тік бөлігі жоқ, жайпак пішінді болады. Жапсырмалы жайпақ жағалар кішкентай және өте үлкен болуы мүмкін, оның шеттері алуан цішінді, үшкір, дөңгеленген, ұзартылған түрде болуы мүмкін. Ол мойын оймасында қабысуы мүмкін. Жартылай қайырма жағалар. Жартылай қайырма жаға тік кайырма жағаға конструкциясы жағынан да, сыртқы түрі жағынан да ұқсас болады. Ерекшелігі сол оның көрінбейтін бөлігі қайырма жағаға қарағанда кішірек, сондықтан ол мойынға тым жақын жанаспайды. Жартылай қайырма жағаның макетін жапсырма жайпақ жағаның негізінде, оған үш бүкпе тусіру аркылы жасауға болады. Осы бүкпелердің көлеміне қарай жағаның жаңа пішіні пайда болады. Бүкпелер терен болған сайын, тігістің иілген сызығы қайырма жағаның тігіс сызығына ұқсап тегістеле түседі. Егер жаға сәл қайырылып тұруы қажет болса, бүкпелердің көлемі кішкентай болады. Апаш пішінді жағалар. Бұл жаға кеудеше қайырмадарымен бірік тірілгендігімен ерекшеленеді. Егер кеудеше түймесі қабысып тұратын болса, қайырма кішілеу болып, жаға қысқа болады. Жаға әр түрлі болуы мүмкін. Жағаның пішіні сан алуан. Тік немесе жартылай қиғаш болады. Манекенге қабыса түймеленетін кеудешені бекітеді. Кеудешенің мойын оймасы сызығына жаға планкасын бекітеді. Планка енін еркін ойыстыра беруге болады, ал ұзындығы оның шетін әшекейлеуге байланысты болады. Олардың бір ғана қайырма сызығы болуы мүмкін. Пиджактік жаға. Бұл жаға ерлер пиджагінің жағасы сипатты болады. Үстіңгі жаға өңірімен раскептігіс арқылы біріюгіріліп, өңір екуі біртұтас көрінеді. Өңір мен жағаның пішіні жакеттің тұтас пішініне байланысты болады. Жакет бір өңірлі, екі өңірлі, жоғары немесе төмен түймелі болуы мүмкін. Жоғары түймеленетін жакетгің өңірі кішірек және қысқа, ол төмен түймеленегін жакеттің өңірі сәйкесінше үлкен және ұзын болады. Өңірлердің қабысу нүктесі мен түймелері алдыңгы бой сызығымен белгіленеді. Штаферканың ұзьшдығы мен ені әр түрлі болады. Оған байланысты раскеп, оның бағытының түрі өзгереді. Жағаның сыртқы контур сызықтары, өңір сызықгары эр түрлі болуы мүмқін (үшкір, жоғары көтерілген, доғал және дөңгеленген). Өңірді жакеттің түріне. қарай ( бір өңірлі немесе екі өңірлі), түймелердің саны мен орналасуына қарай қайырады. Жакеттегі бірінші түймені тура бел сызығына белгілейдіде, қалғанын сәйкесінше жоғары және төмен қадай береді. Тік немесе жартылай жанасатын пішіні жакеттерде жоғаргы түйме өңірдің қайырмалар түсьшда тұруы керек. Өңірдің көлемін анықтап алған соң, оған штаферка бекігіледі. Костюмдік жағаның жұмысы өңірлердін қырьга нақтылаумен аяқталады. Тұтас пішілген жаға. Түтас пішілген жағаның көлемі мен, оньщ шеттерінің пішіні сан алуан болады. Тұтас пішілген жаға жасау үшін, біріншіден, оның пішінін дұрыс анықтап алу керек, қайырма немесе жайпақ жаға, мойынға тығыз жанасып тұратын немесе бос тұратын жаға. Осыған қатысты қажетті негіз жасалады. Егер жаға мойын тығыз жанасып тұрмайтын болса, штаферканы мойын оймасынан сәл кейіндеу біріктіреді. Ал мойынға т#гыз жанасып түратын жағаларда орталық тігіс сызығьшдагы жіптер қиғаш бағытта орналасады. Бұл жағдайда мата суретінің тігіс сызығымен сәйкес келуін қадағалау қажет. Егер тұтас пішілген жағаның тік бөлігі болмаса немесе өте кішкентай болса, тігіс сызығы дөңгеленеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.