Жедел респираторлы вирустық инфекция

Главная » Рефераттар » Жедел респираторлы вирустық инфекция

0d20fb6f81231cfЖедел респираторлы вирустық инфекция «ЖРВИ» — ең кең таралған барлық жұқпалы аурулардың 90% құрайтын ауру. ЖРВИ-дің таралуы қыста вирустар бұл кезде белсендірек, жазда сирегірек. ЖРВИ –ді қоздыратын вирустар бұл жолдарының, мұрын және көмекей, жұтқыншақ және бронхтардың тіпті өкпенің эпителий жасушаларын зақымдайды.

Вирустардың көптеген түрлері бар, олардың ішінде барлығымызға белгілі тұмаудың вирусы. Сонымен қатар, басқалары да бар, олар – парагрипптің вирусы, аденовирус , риновирус, реовирус және тағы басқалары. Бұл вирустардың әрқайсысының бірнеше түрлері бар.

Қоршаған ортада вирустар тез жойылады, бірақ адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғады. Ауруды жұқтырғаннан кейін алғашқы белгілері пайда болғанға дейін аз уақыт өтеді, бірнеше сағаттан бастап төрт күнге дейін.

Риновирус мұрынның шырышты қабатында орналасады. парагрипп  көмей мен кеңірдікте, грипп кеңірдек пен бронхта. ЖРВИ – дің міндетті түрде болатын белгілері суық тию. Ол кезде адамның денесі (38,5 ж % С дейін) көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар, шырышты қабықтардың ісінуі байқалады. Қатаралды көрініс : мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағуы, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағуы, жөтел, жай кейде  ұстама тәрізді құрғақ жөтел болуы, қақырық түсуі мүмкін. Айта кету керек ЖРВИ-дің тұмаудан айырмашылығы, талаураған көрініс дене қызуының көтерілуімен бірге немесе одан да бұрын пайда болады. Әдетте тұмау жедел басталады : қалтырау, дене қызуы , 38 – 40 градусқа дейін көтеріледі, тершеңдік, бұлшық еттердің ауруы, бастың қатты ауруы, көзден жас ағуы, қатты жөтел, тамақтың жыбырлауы , мұрынның бітелуі және тағы басқа белгілер пайда болады.

-дененің, әсіресе аяқтың салқындауына жол бермеу;

-Бөлменің тазалығын сақтау , жиі желдету, ылғалдап, сүрту, жуу ;

әрбір 2 сағат сайын мұрынның шырышты қабатына оксолин майын жағу;

-медициналық маска тағып жүру, оны әрбір 2 – 3 сағат сайын ауыстырып тұру ;

-қолды жиі сабындап жуу;

тұмау ауруы көбейген кезде көпшілік жиналатын орындарға мүмкіндігінше бармауға тырысу қажет.

Егер үйде науқастанған адам болса, оны дереу оқшаулап,дәрігер шақырту керек.

Тұмау мен жедел респираторлы вирусты инфекция ауруларының алдын алып, оны айналасындағыларға жұқтырмауды әрбір адам жадында ұстаған жөн.

-ағзаның табиғи иммунитетін көтеру, ол үшін тамаққа лимон, бал, сарымсақ пен пияз сияқты тағыда басқа «С» витаминіне бай тағамдарды қолдану , денені шынықтыру , гимнастика , спортпен шұғылдану , көп уақыт таза ауда жүру

Загрузка...