Жедел соқырішек (аппендицит)

Home » Рефераттар » Жедел соқырішек (аппендицит)
Рефераттар 1 комментарий

Соқыр ішек (тоқ ішектің бір бөлігі, оның құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы) жалпы іш қуысы органдарының қабынуында бірінші орынға ие болады. Ол барлық жас шамасында кездеседі, әйелдер мен ерлердің арасында бірдей таралған. Статистикалық мәліметтерден соңғы 10-20 жылдың ішінде жылына 1 миллионға жуық адамдар соқырішек аурумен операция жасалғанын білуге болады. Аурудың шығу себебіжәне әріқарай дамуы туралы ғылыми деректер әлі күнге дейін тубегейлі шешілмеген. Әртурлі болжамдар мен теориялар (инфекциялық, механикалық, жүйке-тамырлар, аллергиялық т.б.) қойылған сұрақтарға толық түсініктеме бере алмай келеді. Сондықтанда бұл аурудың арнаулы алдын алу мүмкіншілігі жоқ.
КүнделіктІ емдеу саласында өсіндінің (аппендикстің) іш қуысында әртүрлі орындарда орналасуын білу үлкен маңыз алады. Біздер операция кезінде алған мәліметтерге сүйене отырып, оның мына төмендегідей орналасу варианттарын ұсынамыз: 1. Төмен орналасуы, өсінді қалыпты жағдайда оң жақ іш ойығында орналасады. Бұл ең көп кездесетін вариант болғандықтан соқырішектің негізгі белгілері осыған тән, Бұдан өзге сирек кездесетін мына варианттарға да тоқтала кеткен мақұл:
1. Жамбас қуысында орналасуы (төмен);
2. Ішке қарай (медиально)-іш қуысының ортасына қарай;
3. Бауырасты орналасуы (жоғары);
4. Соқырішектің артқы қабырғасы бойына орналасу;
5. Іш пердесінен тыс орналасуы; 6. Сиректеу болғанмен тәжірибеден өсіндінің әртүрлі жарықтардың ішінде орналасуы да кездеседі. Іш қуысы, шап, сан жарықтарының ішінде кездесуі анатомиялық орналасу жақындығымен түсіндіріледі. Оң жақ шап, сан жарықтарында, операциядан кейінгі жарықтарда кездесетінін айтпағанда біз өз тәжірибемізде құрт тәрізді өсіндінің диафрагма (көкет) жарығының ішінде, сол жақ кеуде қуысында орналасқанын да кездестірдік. Сондықтан жоғарыда келтірілген өсіндінің орналасу түрлерін тағы бір жаңа, белгілі оқулықтарда көрсетілмеген вариантымен толықтыру дұрыс. Сонымең 6-ші вариант-әртүрлі жарықтардың ішінде орналасуы. Жоғарыда айтылгандай, бұлар сирек кездесетін варианттар болғандықтан диагностикалық ізденіс кезінде көптеген қиындықтар мен қателіктерге душар етеді. Осы жайларды ескере отырып өткен ғасырлардың ғалымдары соқырішек ауруын «іш қуысыныңхамелеоны» деп бекерге айтпаған шығар. Соқырішек ауруыныңжіктеуі (классификация): Бүгінге дейін көптеген жіктеулер ұсынылған (Абрикосов А.И., 1946; Еланский Н.Н., 1956; Колесов В.И., 1959; Утешев Н.С., 1975; Русанов А.А., 1979 т.б.). Аталған авторлардың белгілі усыныстарын ескере отырып, біздің клиника төмендегідей жіктеуді пайдаланады. 1.1. Соқырішек шаншуы 2. Жай соқырішек 3. Бұзылған соқырішек/іріңдеген, шіріген, тесілген/. 2.1. Асқынбаған 2. Асқынған Асқыну түрлері: а) ісіктік (инфильтрат) б) іріңдік (абсцесс) в) іш пердесінің қабынуы г) іш қуысының іріңдіктері д) іш пердесінің сыртындағы іріңдік ж) пилефлебит ішкі жыныс мүшелерінің ауруымен ауыратын әйелдерде кейде өсіндінің қосымша өзгеруі болады. Орыс тілінде жазылған әдебиетте соқырішектің бұл түрі «Вторичный аппендицит» деп аталады, Қазақ тілінде «екіншілік соқырішек» деген термин бар. Біздің пікіріміз — аурудың бұндай түрін «қосымша» не «қатарлас» деп анықтау дұрыс болар. Аурудың белгілері сан алуын, Олар мына жағдайлармен анықталады. А. Аурудың түрі мен даму сатысы; 2. Жас шамасы мен организмнің ауыруға жауап беру ерекшеліктері; 3. Өсіндінің іштегі орналасу варианттары; 4. Асқыну түрлері, олардың өзгешіліктері. Аурудың кәдімгі қалыпты дамуында ішауыру негізгі белгі болып есептеледі. Ол кездейсоқ, кенет пайда болады. 18-20% науқастарда шаншу пайда болып, ол іш қуысының барлық бөліктерінде орналасуы мүмкін. СоқырішектІң тек алғашқы қызметі ғана өзгеретін сатысында бұл белгі өзінен өзі немесе түйілуге қарсы дәріні қолданғанда жоқ болып кетеді (соқырішек шаншуы). Тез жойылған ауырудан басқа ешқандай қабыну белгілері (лейкоцитоз) болмайды. Соқырішекпен ауырған кісінің ішінің ауыруы тұрақты болады, Ол кейде іштің жоғарғы бөлігінде (Кохер белгісі), кейде кіндіктің айналасында (Кюммель белгісі) басталады, кейІннен оң жақ бүйірге жиналады. Аурудың бұлай басталулары іш нервтерінің (солнечное сплетение) рефлекторлық жауабына байланысты. Белгілі оқулық, нұсқауларда Кохер белгісі бастапқы 1-2 сағатқа созылады деген. Шынында көпшілік сұрқостарда осылай екені рас. Бірақ бұл мерзім әртүрлі болады. Біз бұл мерзімнің 6-12 сағатқа созылып, «гастрит», «панкреатит» деген қате диагноздарға әкеліп соққанын талай кездестірдік. Іштің ауырғаны көбіне азаймайды, тек сирек жағдайда ауру асқы-нып, соқыр ішектің нерв жүйелері өлгенде ғана іштің ауыр-ғаны азаюы мүмкін Соқырішек ауырының екінші белгісі — қүсу. Ол сирек 1-2 рет, тек ауыру басталған кезде рефлекторлық жауап ретінде кездеседі. Науқастың жүрегі айнып, кейде іші тоқтайды немесе іші өтеді. Соңғы 2 жағдай ішектің қызметінің рефлекторлы бұзылуымен байланысты. Науқастың жалпы жағдайы көп өзгере қоймайды. Ол өзІн тыныш,сабырлыұстайды,оңжақбүйірінежатады. Соқырішектің асқынбаған түрлерінде тілі ылғалды, ақшыл не сур қатпар мен жабылған, дене қызуы 37-38°С. Тамыр соғысы қызумен сабақтасады, 40% науқастарда қолтық асты және тікішек іші қызуларының айырмашылығы і°С артып кетеді (Краузе белгісі). Ішті сипап қарау (пальпация) тәсілімен аурудың оң жақ бүйірге жиналғанын табамыз, сонымен қатар бүл аралықта еттің тартылу, қатаю белгілерінде болуы мүмкін. Көптеген авторлармен бүл ауруға тән біршама белгілер көрсетілгең олардың бәрін бірдей санап жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, тұжырымды диагноз қоюға көмектесетін маңызды белгілер мыналар: Щеткин-Блюмберг белгісі — сипау тәсІлмен жайлап ішке кірген қолды кенет қайтарып алғанда ауырудың күшейе түсуі. Бұл іш пердесінің қабынуын көрсетеді. Ровзинг белгісі-соп жақ бүйірден басып тұрып ішті қаққанда аурудың оң жақ бүйірге берілуі. Ситковский белгісі — науқасты сол жақ бүйірге ауыстыр-ғанда аурудың ұлғая түсуі. Бартомье-Михольсон белгісі — сол жақ бүйірде жатқан науқастың оң жақ бүйірін сипағанда аурудың ұлғая түсуі. Образцов белгісі — оң жақ бүйірді сипау кезінде науқастан аяғын бүкпей тік көтеру сұралады. Бұл уақытта ауыру ұлғая түседі. Үлкен диагностикалық маңызы бар мына белгілерді де атап өткен мақұл:
Воскресенский бөлгісі- қолды оң қабырға доғасынан төмен көйлектің сыртынан сыдырта өткен кезде оң жақ бүйірдегі ауыру ұлғая түседі. Раздольский белгісі — оң бүйірді саусақпен қаққан кезде ауырудың ұлғая түсуі. Кауп белгісі- оң аяқты барынша кері қайтарып, бұрған кезде белде және жамбаста ауыру пайда болады. Соқырішекке күдікті барлық науқасты тік ішекжәне қынап арқылы қарау міндетті түрде болуы керек. Бұл тексерулер кіші жамбас қуысындағы мүшелердің қабынуын дәлелдеуге, соқырішекті әртүрлі гинекологиялық аурулардан айыра білуге көмектеседі, олардан бастартуға әсерін тигізеді. Мысалы, тік ішек арқылы тексергенде оның алдыңғы қабырғасын сипай отырып қабынған ісікті (инфильтрат), я болмаса жамбас қуысына орналасқан өсіндІні немесе Дуглас кеңістігнің Іріңдігін (абсцессДугласова пространства) анықтауға болады. Бұл тексеру үстінде жатырдың және оның қосалқы бөлшектерініңжедел қабынуын анықтау өте қиын. Сондықтан жыныстықжедел өзгерістерді іздеуде қынап арқылы тексеру-таптырмайтын өте пайдалы әдіс. Бүл тексеруде мына белгі-лерге назар аударғанымыз жөн. Егер соқырішек болмай гинекологиялық аурулар болса пайда болады,
Промтов белгілері-жатырды мойынан жоғары көтергенде өте қатты ауыру пайда болады. Френкел белгісі — жатырды жанжағына /әртүрлі бағытта/ қозғағанда ауыру ұлғая түседі. Өсіндініңбүйенішектің артында, оныңішінде іш пердесінен тыс орналасуы жағдайында диагноз қою өте қиындайды. Бұл жағдайда аурудың алғашқы сатысында науқастың іші жұмсак/ болады, құсу және іш пердесінің қабыну белгілері болмайды. Бірақ мұқият қарағанда белдегі ауыру және оның еттерінің тартыла қатаю сияқты белгілэрді табуга болады. Сонымен қатар Коуп, Пастернацкий белгілері және несеп бөліну процессінде де ауытқулар пайда болуы мүмкін. Бүндай дизуриялық белгілердің пайда болуы қабынған өсіндінің бүйрек, несеп жолдарына (мочеточники) жақын орналасуына байланысты.
Егер қабыну іш пердесінен тыс жатқан май қабатына (забрюшинная клетчатка) тараса, науқастың қызуы мықты көтеріліп, пердеден тыс кеңістіктө іріңдіктердің басқа да белгілері қосылады (оң үршық буынның иіле-жақындаса тартылуы) — (Сгибательно-приводящая контрактура правого тазобедренного сустава).
Егер өсінді жамбас қуысына салбырап төмен орналасса, бүл жағдайда да соқырішек ауруының әдепкі белгілерін үйреншікті жерден іздеп табу қиык Ауыру белгісі болса, ол іштің ең төменгі бөлігінде қасаға (лобок)үстіне орналасады. Науқастың жиі-жиі іші өтіп, кіші дәретке шыққысы келе береді, қызуы 38°С дейін көтеріледі. Ауыру белгісі жыныс мүшелеріне беріледі. Несепті лабораториялық тексеру кезінде онда қызыл қан түйіршіктері қоспасы анықталуы мүмкін (микрогематурия). Соңғы белгі кейде несеп тасы ауыруы туралы қате диагноз қоюға әкеліп соғуы мүмкін. Сурқостың бұл түрінде тік ішек не қынап арқылы тексеру өте маңызды мәліметтер береді. Хирургтің алдына соқырішекті урологиялық аурулардан айыра білу міндеті қойылады.
Егер өсінді бауыр астына орналасқан жағдайда ауыру белгісІ де қабырға доғасына жақындап, Ортнер белгісі, қалтырау, белгілерімен сабақтаса келе өт қалтасының қабынуына өте үқсас белгілер берөді.
Жүкті әйелдерде соқырішек ауруының белгілері жүктілік мерзіміне тығыз байланысты. Жүктіліктің бірінші жартысында ауру барысы кәдімгідей, диагноз қоюда ерекше қиыншылықтар кездеспейді. 5-6-шы айдан бастап диагноз қою қиындай бастайды. Себебі оң жақ бүйір үлкейген жатырмен толады да, өсінді оң жаққа ысырылады. Тіпті ол жатырмен жоғары көтерілуі немесе жатырдың артына шығуы мүмкін. Міне, осы жағдайларға байланысты соқырішектің белгілері жоғарыға немесе сыртқа ығысады, іш жүмсақ күйінде қалады, іштің ауыру белгісі бәсеңдейді, іштің еттерінің қатая тартылу белгісі де нашар керінеді. Щеткин белгісі болмауы мүмкін. Кей жағдайларда дұрыс диагноз қоюға Михельсон белгісі көмектеседі — жүкті әйел оң бүйірге бұрылғанда ауырудың ұлғая түсуі.
Несепті лабораториялық тексеруден өткізген жөн. Қан тексеру аса бір маңызды мәліметтер бермейді, дегенмен ақ қан түйіршіктерінің санының жүкті әйелдерге тән физиологиялық деңгейден асуы ескеріледі және бул тексеруді бірнеше қайта жасау керек. Балалар соқырішек ауырумен көбінесе 2 жастан кейін ауырады. Дұрыс диагноз қою барысында ауру туралы, оның еміріне қатысты мәліметтерді баланың ата-аналарынаң бала-бақша қызметкерлерінен немесе мүғалімдерден сұрап білген дұрыс. Баланың организмнің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты (оларда іш пердесІнің аса жетілмеуі, иммунологиялық қорғаныстың жетіспеушілігі, әлсіз қоздырғышқа күшті жауап беруге бағышталушылығы т.б.) соқырішек бөлгілері тез өсіп, жылдам асқынып кетеді. Балаларда көбіне жалпы қабынудың белгілері жиі кездеседі. Мысалы, дене қызуы 39°С дейін көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді, жамбас қуысы органдарының қызметі нашарлайды, жиі құсу пайда болуы мүмкін. Соқырішектің негізгі белгілері қарт адамдарда солғын келеді. Олардың іші жұмсақ, сыздап ауырады, белгілі бір аумақ-та оқшауланбайды. Ауыру белгісінің күші жылдам төмендейді. Бүларда ауру тез асқынып, соқыр ішектің бұзылған түрі жас адамдарға қарағанда жылдам пайда болады. Оның себебі қан тамырларының атеросклерозы салдарынан өсінді тамырларының қан айналымы тоқтауына байланысты. Тіл ылғалдығын сақтайды, ал іш пердесінің тартыла қатаю белгілері сиректеу кездеседі. Дене қызуы көтерілмейді, тамыр соғуы жиілемейді. Қанның ақтүйіршіктерінің саны өспейді, ескен күнде де азғана мөлшерде көтеріледі. Кейде Іш тоқтайды, жел шықпайды. Ауру белгілерінің нашар айқындалуы, сонымен қатар оларда жиі кездесетін өздеріне үйреншікті созылмалы қосалқы аурулар (тоқ ішектің, өттің қабынулары т.б.) бұл топтағы науқастардың үйде ұзақ уақыт жатып қалуына әкеліп соқтырады, я болмаса олар өздігінен ем қолданып, үйінде ұзақ жатады. Міне, бұл жағдайлар соқырішектің асқынған түрлеріне ауысуына себепкер болады (Ісік және іш пердесінің қабынуы). Үздіксіз бақылау кезінде көрінетін әлсіз белгілердің өзі бұл жастағы науқастарда операциялық емнің тез қолдануын талап етеді.

One thought on - Жедел соқырішек (аппендицит)

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.