Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөнiндегi теориялық көзқарастар

Главная » Рефераттар » Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөнiндегi теориялық көзқарастар

Адам жөнiндегi басқа ғылымдардағыдай педагогика үшiн де ең басты мəселе — жеке адамның дамуы жəне сол дамудың көзi мен ықпал күштерi. Идеалистiк жəне материалистiк ағымдар бұл туралы əртүрлi тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бiр-бiрiне қарамақарсы келе жатқан теориялық пiкiрлердiң дұрыс-бұрыстығына баға берудi оқырманның өзiне қалдырып, оларға тек қана объектив сипаттама берудi өз мiндетiмiз деп есептеймiз. Идеализм өкiлдерi, қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала болжастырылған бағдарламаға телiп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз бетiнше өрiс алатынын уағыздайды. Ал тəрбие олардың ойынша, жəрдемшi рөл атқарып, сол бағдарламаның iске асуына көмектесушi ғана құрал.

Қазiргi заманғы иедалистiк философия, психология мен педагогика əлеуметтiк төңкерiстер мен күйзелiстерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепшi, сондықтан да адам өзiнiң шын кемелiне жету үшiн қоғаммен байланысын үзу қажеттiгiн дəрiптейдi. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мəн рухани жəне əлеуметтiк бостандықты алу үшiн күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тəңiрлiк кемелге жақындау (неотомизм).

Идеалистiк педагогикада жеке адам дамуы жөнiндегi пiкiр-сайыста бiрнеше теориялық концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетiлуiмен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттерi қалыптасады. Адамдар арасындағы моралдық қатынастар биологиялық негiзде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Ш. Летурно, Ч. Ломброзо). Психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мiнез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тəуелдi (З. Фрейд). Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, əрбiр адамды тұрақты нəсiлдiк қасиеттердi сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен əлеуметтiк топтардың қоғамдағы орнын иеленуi олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиiс, себебi əртүрлi халықтар мен нəсiлдердiң бiрi табиғатынан дарынды, ал екiншiлерi – кемiрек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Л.Торндайк).

.

Материалистiк бағыттағы философия жəне оның көрнектi өкiлдерi жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы: — ежелгi грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының əртүрлi болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан; — француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нəсiлдiк жəне тəрбиеге байланысты бiртұтас əсерлердiң нəтижесiнде қалыптасады. Соның iшiнде аса маңыздысы — тəрбие; — В. Г. Белинский: адам табиғаттан, бiрақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан; — Н. Т. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтiретiн табиғат не олардың нəсiлдiк кемiстiгi емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тəрбие. Осы күнгi педагогикада жеке адам дамуы жөнiнде қалыптасқан ой-пiкiрлер төмендегiше: — Адамның қоғамдық тұлға ретiнде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабiлетi аса маңызды. Əр адам iс-əрекеттiң түрiне негiз болар нышанмен дүниеге келедi, сондықтан да адамның биологиялық жəне əлеуметтiк даму мүмкiншiлiгi бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бiрақ əлеуметтiк фактордың рөлi басымдау. Жеке адамдық дамудың ықпалды көзi – тəрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекшi фактор.

.

Жеке адамның дамуындағы өзiндiк белсендiлiктiң маңызы

Адам дамуында тəрбиенiң ықпалды күш екенiн айта отырып, оның қоршаған орта мен нəсiлдiк əсерлердiң енжар объектiсi деп тануға болмайды. Бұл процесте жеке адамның өз белсендiлiгi мен шығармашыл-жасампаздық iс-əрекетiнiң маңыздылығын ескеру қажет. Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы əсерлер екi топқа бөлiнедi: iшкi жəне сыртқы. Қоршаған орта жəне тəрбие — сыртқы əсерлер: табиғи икемдiлiк пен құмарлықтар. Сыртқы тəрбие орта əсерлерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстардың жиынтығы — iшкi əсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың байланысынан болады. Тəрбие адамның iшкi жан дүниесiне ұнамды қозғау салып, (өзiне бағдарланған) өзiндiк өңдеу белсендiлiгiн арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметiн орныдай алғаны.

1. Адам, жеке адам жəне даралық түсiнiктерiнiң мəнi қандай? Олардың педагогика үшiн маңызы неде?
2. Жеке адамдық дамудың өлшемдерi (критерийлерi) қандай?
3. Даму мен қалыптасу түсiнiктерi ненi бiлдiредi?
4. Жеке адам дамуы жөнiндегi идеалистiк көзқарастар қандай?
5. Материалистiк педагогика жеке адам дамуын қалай түсiндiредi?
6. Тəрбиенiң айрықша жетекшiлiк рөлi неде?
7. Адам дамуындағы iшкi жəне сыртқы əсерлердiң бiр-бiрiмен байланысын қалай түсiнесiз?

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.