Жеке құрамның жоғарғы моральдық-ұрыстық сапасын тәрбиелеу

Home » Рефераттар » Жеке құрамның жоғарғы моральдық-ұрыстық сапасын тәрбиелеу
Рефераттар Комментариев нет

Армияның моральдық рухы соғыста жеңіске жетуде әрқашан маңызды орында болды. Қарулы қақтығыстардың барысындағы объективтік және субъективтік факторларды талдағанда кез келген соғыста жеңіске жету түптеп келгенде соғыста қан төккен адамдардың рухани қалпына байланысты екені анық көрінеді. Бұл жағдай соғыс кезінде Отанымыздың тәуелсіздігі үшін біздің халық фашистік жаулармен қарулы соғыс жүргізгенде нақты білінді. Біздің жауынгерлердің жоғары моральдық рухы Ауғанстандағы соғыста да байқалды. Жауынгерлердің моральдық-ұрыстық сапасының мәні мен мазмұны. Бейбітшілік уақытта және үрыстық жағдайда жауынгер түлғасыңың жүріс-тұрысын анықтайтын моральдық-ұрыстық сапаны төрт топқа бөлуге болады. Олардың бәрі өзара қарым-қатынаста және бір-бірін толықтырады. Оған қоса әрбір топтың өзіне тән ерекшелігі бар.
Моральдық сапа тұлғаның моральдық бағытын, мінез-құлқың көзқарасың идеалдарын, жауынгердің ортақ пайдалы қызығушылықтарың оның міндет сезімің патриотизмің жауға деген жек көрушілігің интернационалдығың өз Отанын қорғаудағы жауапкершілігі мен демократияны қолдаудағы намыс сезімің өзара көме-гін көрсетеді. Моральдық-ұрыстық сапа құрылымында алдыңғы рөл әскери қызметшінің көзқарасына ие, басқа құрамдас бөліктердің бағыты мен мазмұнын анықтайды.
Сенушілік — жауынгер тұлғасының анықтау сызығы, онда сананың барлық элементтерінің белсенді күші нақтылы көрсетіледі. Ол қызметте мақсатқа ұмтылушылық, өзіңнің күшіңе әлеуметті мәнді мақсатқа жету жолындағы қиындыққа төтеп беруге сенушілік тудырады.
Жауынгерлердің барлық іс-қимылдары мен қылықтарының шешуші тудырушы күші оның жоғары моральдық, психологиялық, ұрыстық, дене тұрғылық сапасын қалыптастырады.
Оның идеялары мен көзқарастары, өзіндік сенушілікке айналған психологиялық компоненттерін күшейтеді, тұлғаның психологиялық құрамының мазмұнын және оның бағытын анықтайды. Моральдық және мінез-құлықтық сенушіліктер жауынгерлердің қажеттіліктерінің басты бақылаушысы ретінде, мазмұны, ені мен бағытын анықтауға әсер етеді.
Сенушілік адамның қызығушылығының мазмұнын анықтайды. Іс ұлы идеямен оянар болса, онда қызығушылықтар жан-жақты және әлеуметті бағыттануға ие болады. Осындай идеяның болмауы эгоизм мен қызығушылықтың төмендеуіне әкеліп соғады.
Моральдықжәне құлықты сенушілік негізінде идеал қалыптасады, олар сезім мен қайраттылық сапасын қалыптастырады. Жоғары моральдық-құлықты сенімдер, мысалы, патриотизм және қайратты-лық сапалар, мақсаттылық, ерлік, қайсарлық, идеялық сенушілік әсерінен қалыптасады. Осы арқылы тәртіптілік көзқарас әсерінен моральдық-құлықтылық сапасы ойлы және істі, жауынгердің ұрыстық жағдайларда тапсырмаларды табысты орындауға дайындығын куәландырады.
Идеалдар, көзқарастар мен сенушіліктер сапаға мәнді әсер етеді, жағымсыз жайттарды бейтараптандырады және өзіндік тәрбиелеу үрдісін де өзгертеді.
Жауынгерлерге өзінің мойнына алған ісі ойының дұрыстылығы мен әдептілігі өзінің сенушілігіне айналса, ол өмірінің сан-қилы жағдайында оны қорғай алады. Бұл оған өз күші мен табысына сенімділік береді, ұрыстық жағдайда кез келген қиыншылықты жеңуге көмектеседі. Психологиялық сапа жеке құрамның қазіргі соғыста ұрыстық іс-қимылына психологиялық дайындығын анықтайды. Бұл сапа тобын қабылдаудың дамуы, назар аудару, ойлау, еске сақтау, сөйлеу; сезудің жылдамдығы мен дәлдігі; эмоционалды-қайратты бірқалыптылық құрайды. Өз кезегінде жоғары эмоционалды-қайратты бірқалыптылықтың дамуы жауынгерлердің ерлігің табандылығын, өз еркіндігін, тапқырлығың басқа да қасиеттерін тәрбиелеуді болжайды.
Психологиялық компонент көп пішінді психологиялық құбылыс-тар және бәрінен бұрын психологиялық тұлға қасиеттері дүниесі-нен тұрады, олар жалпы маңызды мінез-құлығы мен адам іскерлігін сипаттайды.
Мотивтер жалпы маңызды және жеке болады. Мысалы, егер жауынгердің өз қызметтік міндеттерін адал атқаруы борыштық сезім мен өз Отанын қорғау өзіндік жауапкершілігі ретінде қалыптасқан болса, онда әрекеті мен қылықтары мемлекет пен қоғам қызығушылығымен айтылып, ортақ маңызды мотивке түрткі болады.
Егер жауынгердің өзінің міндеттеріне қатынасы өзіндік қызы-ғушылықпен анықталса, жеке мотивке түрткі болады, оның ісі мен қылықтары, көбінесе нақтылы жағдайға байланысты анықталады.
Тәрбиелеу үрдісінде, іскерлік ұйымда және жауынгерлердің мінез-құлқында оның жеке мотивтерін міндетті түрде ескере отырып, оларды оқумең қызмет қызығушылығымен бірлестіретін және оған идеялық мән беріп, мақсаттар мен тапсырмаларды терең түсінуге байланысты, жалпы басты мотивтерді қалыптастыру мен дамыту керек. Жауынгерлердің моральдық-ұрыстық сапасын тәрбиелеуде тұрақты жалпы маңызды мотивтерді қалыптастыру керектігі Отан қорғаудағы оның өзінің міндеті мен жауапкершілігін терең түсіну болады.
Кәсіби-ұрыстық сапа жауынгерлердің ұрыстық техника мен қаруды қазіргі ұрыста ұтымды қолдану дайындығының деңгейін көрсетеді. Бұл жеке құрамның жоғары әскери шеберлігің ұрыстық жаттығуларды терең теориялық және практикалық ойлау, ұрыстық белсенділікті тәрбиелеу, өзінің кәсібіне деген мақтаныш пен махаббат, әскери іске ұрыстық техника мен қаруға махаббатын қалыптастыруды көрсетеді.
Кәсіби-ұрыстық компонент ең басты оқыту ұрыстық дайындығы-мен байланысты.
Физикалық сапа жауынгерлердің физикалық даму деңгейің дайындығың жоғары жүктеуді өтеуін, қазіргі соғыс жағдайында болуын сипаттайды. Тәрбиелөу мен оқытуда ең басты моральдық-ұрыстық сапасын қалыптастыруда белгілі әсер ететін генетикалық, биологиялық, қасиеттерін, оған жататын: жүйке жүйесі ерекшеліктері, темперамент, дене қалыптасуы, жынысы мен жасын ескеру қажет.
Сонымен темперамент қасиеттері осы немесе басқа жүйке жүйесінен түқым қуалау бойынша қалыптасқаң моральдық-ұрыстық сапаның шығуына айтарлықтай әсер етеді, оған эмоционалды бояу береді.
Жүйке жүйесі ерекшелігінен осы немесе басқа да сапа мен сипат түрлеріне жылдам қалыптасуы мен бекітуі тәуелді болады. Барлығы тең болған жағдайда табандылық сангвиник пен холерикте флегматик пен меланхоликке қарағанда тез тәрбиеленеді және бекітіледі, сол уақытта өзін ұстау флегматик пен сангвиникте холерикке қарағанда тез қалыптасады.
Биологиялық компоненттің жауынгерлердің моральдық-ұрыстық сапасын тәрбиелеуіне әсерін ескере отырып, оның мәнін жоғарылатпау керек. Біріншіден, бастысы, тұқым қуалаған жүйке жүйесі бірқалыпты емес. Олар жұмыс және тәрбиелік жолда бағытталған жолдар әсері арқылы өзгереді. Олай болса, сол немесе басқа моральдық-ұрыстық сапаның қалыптасуы мен бекітуге тұқыммен берілген адамның сапаларын өзгертуге әсер етеді.
Барлық моральдық-ұрыстық сапа жауынгерлердің жұмысы барысында өзара байланыста көрінеді, бір-бірін толықтырады. Жоғары сапалылық, үлгі бойынша өзінің әскери міндетін орындауға үмтылу.табандылық, оқудағы белсенділік, жоғары деңгейде қару мен техниканы қолдану, приборлар мен механизмдерде істеу дағдысы мен икемін, өз білімін қазіргі ұрыс тактикасы бойынша жоғарылатуда, қиын ұрыс тапсырманы орындауда жауынгерлерге көмегін тигізеді.
Ұрыстық техника мен қаруды ұқыпты меңгергең әдістерін тиімді қолдана алса, ол табанды, сенімді әрекет істейді және оған ұрыстық жағдайлардың жағымсыз жақтары аз әсер етеді. Ұрыстық техника және оның мүмкіндіктері жауынгерлерге соғыста ерлік, беріктілік, белсенділік береді. Керісінше, ұрыстық Техниканы дұрыс қолдана алмау сенімсіздікке, сасып қалуға әкеп соғады, оған қоса, батыл адамның өзі шыдамы таусылып, қателік жасайды. Жауынгерлерде жоғары моральдық-ұрыстық сапаны тәр-биелеу жолдары мен құралдары. Жоғары моральдық-ұрыстық сапаны тәрбиелеу ұрыстық дайындық, қызмет және жеке құрам өмірі бойынша әскери бөлім Лауазымды тұлғалар келісілуі ынтасымен жүзеге асырылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.