Желтоқсан оқиғасының баспасөз беттерінде көрінуі

Главная » Рефераттар » Желтоқсан оқиғасының баспасөз беттерінде көрінуі

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шығу тарихы туралы айтылады. Негізгі бөлімде жиырма алты жылдық шежіре сыр шертеді. Осы оқиғаға байланысты баспасөз беттеріндегі халықтың пікірлері баяндалады. Қорытынды бөлімде Желтоқсанның неге көтеріліс емес екендігі жəне халқымыздың біртуар ұлы Мұхтар Шахановтың баспасөз арқылы халқына жасаған баяндамасы айтылады. Желтоқсан құрбандары түгелге дерлік ақталды. Ал есімдері белгісіз мұзда жанған алаулардың Желтоқсан оқиғасындағы патриоттық іс-əрекеттерін алдағы уақытта əлі де толығымен зерттеп, баспасөз беттерінде жариялап отыру. Аға-апаларының қозғалыстағы ерліктерін кіші буынға насихаттау мақсатында жинақ етіп, кітапшалар шығару.

Кіріспе. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғынды, қасіретті шекті. Соның бірі Алматыда болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Желтоқсан бастауы – сонау ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың белгісі. 16 желтоқсан – ерік пен қайғы-қасіреттің мидай араласқан əрі жарқын, əрі қаралы қасіретті күні еді. Аталған Желтоқсан оқиғасының шығу себебін сараласақ:

1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғасын зерделеп, ой елегінен өткізіп, саралап, зерттегенімізде, небір заңсыздықтардың, қорқыту-үркіту, ұрып-соғу, дəлелсіз соттау, партия, комсомол қатарынан шығару сияқты шаралар қолданылғандығы, ал Г.В. Колбинді сайлауға небəрі 18 минут қана арналғаны бұл күндері бəрімізге мəлім. Сонда да болса алаңға жиналған жастардың талап-тілегі қандай еді? — деген сауалға жауап іздегіміз келеді. «Адамдармен ақылдасып келіспестен, қол көтеру арқылы қабылданған шешімнің республикада теріс пікір туғызғаны табиғи жайт» (Н.Ə. Назарбаевтың пленумдағы сөзінен). Мұндай жағдайда жұмысшы жастар мен студенттер алаңға арақ ішіп, наша тартып, бей-берекет шатақ шығаруға жиналды дегенге кім сене қояр екен? Сондай желтоқсанның сұрқай күні көптің көңіліне қаяу түсірді. Ұр да жық жазалаушылардың күшімен қан жоса болып басылған Алматы жастарының бой көтеруі сол күні-ақ əлемге таралып кетіп еді. Біреулер бұрыс, біреулері дұрыс айтса да, қалай дегенмен Желтоқсан оқиғасы нағыз демократиялық қозғалыстың еліміздегі алғашқы нышаны болды. Батыс жұрты бұл оқиғаны осылай түсінеді. 1986 жылдың 19 желтоқсанында Алматы қалалық партия активінде КОКП Орталық Комитетінің өкілі М.С. Соломенцев алаңда оқиғаны «барып тұрған ұлтшылдық» деп бағалады.

.

Желтоқсан оқиғасынан кейін баспасөзде жарияланған пікірталастар тек қана біржақты болып келді. Орыс тіліндегі газеттер «Желтоқсан оқиғасын» қаралауда алдына жан салмады, «Правда», «Известия» газеттерінің тілшілері Дильдяев пен Ардаев бұл оқиғаның бояуын тіптен қалыңдатып, одақ көлеміне хабарлап жатты. Ол ол ма, өз арамыздағы əдебиет пен өнердің бір топ қайраткерлері: «Халықтың атынан сөйлеуге оларға кім рұқсат берді?» — деп жастарымызға жата келіп жабысты. Желтоқсан оқиғасы кезінде өз халқының бетіне түкірген ел басшыларының кейбір əрекеттері көңілден шыға қоймайды. Біртума ақын Жұбан аға Молдағалиев жаны күйзеліп, Колбиннің бетіне айтып жатса, кейбір жарамсақтар халық арасынан ұлтшылдарды іздей бастады. Тіпті адам күлерлік бір жағдай: баспасөзде интернационалдық отбасылар жөнінде мақалалар қаптап кетті. Күйеуі орыс əйелдер «ұлтшылдармен» ұрысқа шықты.

Желтоқсан оқиғасына Алматы жоғарғы оқу орындарыныңкөптеген студенттері қатысты. Солардың арасында Желтоқсан оқиғасына белсене араласты деп кінəланған оқу орындарының бірі – Алматыдағы театр-көркем сурет институты. Осы институтта сотталған студенттер мен қудаланған оқытушылардың түсініктері мен мəліметтеріне назар аударуды жөн көріп отырмыз. Мəселен, осы институттың оқытушысы Бақытжан Мырзахметов былай деп жазады: «Алаң милиция нарядымен, кейіннен солдаттармен қоршала бастады. Ал студент жастар болса, өз пікірлерін мінбеге шығып айтқысы келді. Менің нақты байқағаным, бір капитанның бұйрығымен алдыңғы қатардағы жігіттерді жұлмалап ұстап алып, мінбенің ар жағындағы дайындап қойған машиналарға күштеп мінгізе бастады. Жай киім киіп жүрген мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жігіттері де жіті кимылға көшті. Алдыңғы қатарда көзге ерекше көрінген жастарды олар нұсқап көрсетіп тұрды. Іле- шала: «Первая рота, за мной, вторая рота, за мной», — деген подполковниктің бұйрығы айқын естілді. Ол жиналған студенттерге: «Кетіңдер, бұл сендерге концерт емес», — дегенде, оның жанында тұрған мен: «Жолдас подполковник, рас, бұл концерт емес, драма. Студенттерді неге күш қолданып алыпкетіп жатырсыздар, олар сіздерге қол жұмсаған жоқ қой», — дедім де, сырттап алаңға шығып кеттім. Сол сəтте тез кетіп қалмасам, мені де ұстап алар еді. Мен алаңға студенттерді қайтару үшін барған едім» (Əуезұлы Ж. Мұзда жанған алаулар // Егемен Қазақстан. – 17.12.1996).

Иманбаева Қайыпхан Сұлтанқызы: Мен ол кезде отыз алтыда едім. Жас емес екенімді байқап отырған боларсыз. Алаңға шыққан жастардың көбі бұл оқиғаға ұшпа сезіммен келді деп ойлаймын. «Елің үшін отқа түс, күймейсін» дегендей тəуекел деп алаңға шықтық. Өкінетін не бар, біз дұрыс істедік. Ерте ме, кеш пе, осындай ұлы оқиға болатыны сөзсіз еді. Мен ойлаушы едім, біз енді мəңгі-бақи табанға жанышталып өтеміз деп. Жоқ! Мұз үстінде жанған алаудай кеуделерде жалын сөнбепті. Ол кезде мен поршень зауытында жұмысшы болып істеймін. Ұжым болып алаңға бірге шықтық. Біз үш күн бойына жұмысқа шыққан жоқпыз. Наразылығымызды осылай білдірдік. Ал алаңға шыққан уыздай жастарды мен қатты аядым. Біз таяқ жесек те өршеленіп, қол ұстасып, алға жүрдік.

Мені үш жылға соттады. «Үгітшісің, ұйымдастырушысың» деген кінəлар тақты. Анам марқұм ол кезде қолымда-тұғын. Ауру еді ол кісі. Ақыры менің басыма түскен қасірет-қайғы анашымның басын көтертпеді. Төрт айдан соң қайтыс болды. Осыны біліп отырса да сот мені аяған жоқ. Анашымның қабіріне перзенті болып топырақ сала алмадым. Ең үлкен көрген зардабым осы. Тас түрмеден кейін қандай денсаулық болсын!

Əбдіқадыров Берікбол Нүсіпұлы:

.
  1. 23 жаста едім. Алмады эстрада студиясында оқып жүрдім. Мен ойлаймын, намыстан күшті нəрсе жоқ деп. Қайбір адам болсын, өзінің жеке басының намысн таптатпау керек. Намыссыз, өз адам халқының намысын қорғай алмайды. Ел намысын ешкімге таптатқым келмеді. Алаңға мені шығарған,əрине, осы қазағымның намысы.
  2. 5 жылға соттады. Оның екі жылын отырдым. Көрмеген қиыншылығым, азабым жоқ десе де болады. Екінші топтағы мүгедекпін.Онкодиспансерде есептемін. Жүйке құрыған дейді. Өткен іс өтті. Оқиғаға қатысқанымды мақтаныш тұтамын. Ең бастысы – кейінгі ұрпақтың, Лаура сынды кішкентай қызымның алдында бетім ашық, ұялмай қараймын ғой.
  3. Армансыз адам болушы ма еді. Сол арманның бірі – Тəуелсіздігіміз жоғары деңгейде болса екен. «Тəуелсіздік алдық» дегенде сенбедім, əйтеуір, ұзағынан сүйіндірсе…

Өткен күнде белгі бар. Жүрегімдесің Желтоқсан. Желтоқсан оқиғасының жиырма жылдығы қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде «əсіре желтоқсаншылардың» тарихи оқиғаға байланысты түрлі мақалалары мен естеліктері көптеп шығып жатты. Ұлы оқиға шындығы солай, мақалалар тасасында бүркемеленіп, бұра тартылды. Ал, тарих ақиқатты сүйеді.

.

Аудан жастары сол себептен оқиғаға тікелей қатысып, түрлі жазалау шараларына іліккен оқиға куəгерлері мен қатысушыларына анкета парағын тарату арқылы анықтап, олардың басын қосып, «Желтоқсан» қоғамдық ұйымын құрып, араларынан мені төраға сайлады. «Əсіре желтоқсаншыларға» осылай тосқауыл қойған-ды.

Ауданымызда 31 жастың тарихи оқиға кейіпкері анықталды. Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы қарсаңында өткен салтанатты жиында Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың: «…Желтоқсан оқиғасына қатысушы жастардың ерен ерлігі күнделікті күйбең тірліктің тасасында қалып бара жатқандай. Ерен ерлік үлгісін ұдайы есте ұстауымыз қажет», — деген сөзі Желтоқсан оқиғасының 26 жылдығы қарсаңында еріксіз ойға оралды. Ал, белгілі қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шаханов: «Желтоқсан оқиғасын оқиға деп емес, көтеріліс деп атағанымыз жөн, себебі алаңда қаракөз бауырларымыздың қаны суша төгілді. Сондықтан, ол –қанды көтеріліс. Оған қатысушы əрбір жасты көтеріліс батыры деп ардақтағанымыз лəзім», — дегені тегін емес.

Желтоқсан көтерілісіне жаңа көзқарас қажет. Кезінде күллі əлемді дүр сілкіндірген, Кеңестер Одағындағы демократиялық қозғалыстардың көшбасшысы атанған 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне – 26 жыл толды! Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы ұлтаралық шиеленіс пен түсінбеушіліктен емес, тоталитарлық жүйенің жергілікті халықтың тіліне, рухани мүдделеріне немқұрайды қарауынан, кейбір жеке басшылардың жіберген өрескел қателеріненөрбігенін 14 жыл өткенде айтқан КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев Қазақстанға келген сапарында Желтоқсан оқиғасы тұсында өзінің жəне саяси бюроның жіберген кемшіліктерін мойындап, қазақ халқынан кешірім сұрады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.