Жеміс-жидек өсімдіктерінің морфологиялық белгілері

Главная » Рефераттар » Жеміс-жидек өсімдіктерінің морфологиялық белгілері

Жеміс-жидек өсімдіктері өсу сипаты мен тіршілігі ұзақтығына қарай мынадай топтарға бөлінеді: ағаштар, бұтатәріздес ағаштар, бұталар, жартылай бұталар, көп-жылдық шөптесін өсімдіктер, лиандар. Ағаштар — ұзақ өмір сүретін, әрі биік өсетін, жаңсы жетілген діңі бар өсімдіктер. Ағаштарға алма ағашы, алмұрт, жаңғақ, талшын ағаштары және басқалары жатады.
Бүта тәріздес ағаштардың біркелкі жетілген бірнеше діңдері болады. Бұларға түптеніп өсетін шиенің кейбір сорттары, орман жаңғағы, бекенің кейбір сорттары, анар, інжір жатады.
Бүталардың өсу қуаты бірдей бірнеше бұтақтары болады. Бұларға қарақат, тұшала жатады.
Жартылай бұталарға таңқурай, қожақат жатады. Жартылай бұталардың тамыр жүйесі көпжылдың, сабақтары екі жыл тіршілік етеді. Көпжылдық шөптесін өсімдіктердің тамыр жүйесі көпжылдық, өркендері жерге жайылып өседі. Бұларға бүлдірген, қүлпынай жатады. Лиандар — шырмалып және өрмелеп өсетін өсімдіктер. Бұларға жүзім, актинидия, лимонник жатады.
Жеміс өсімдіктері жер үстіндегі бөліктен және тамыр жүйесінен тұрады. Түқым арңылы көбейген жеміс ағаштарында тамырдың сабаңқа жалғасатын орнын тамыр мойыны деп атай-ды, ал вегетативті жолмен өскен жеміс ағаштарында шартты тамырмойыны деп аталады. Жеміс ағашының жер үстіндегі бөлігі діңнен және оның бүйірінен өсіп шыққан жуан және жіңішке бүтақтардан қүралады. Дің жеміс ағашының орталың өзегі болып табылады, ол тіп-тік орналасады. Діңнің құрамына сидам мен орталық жетекші діңгек кіреді. Сидам деп діңнің төменгі жағындағы тамыр мойнынан бастап бірінші қаңқа бүтаңқа дейінгі бөлігін айтады.
Орталық жетекші діңгек сидамның жалғасы және діңнің бұтақтар орналасқан бөлігі болып табылады. Барлық бұтақтардың діңде орналасқан жиынтығы жеміс ағашының бөрікбасы деп аталады. Бөрікбастың құрамына қаңқа бұтақтар, жартылай қаңқа бұтақтар және жеміс беретін жас бүтақшалар кіреді. Қаңқа бұтақтар белгілі бір тәртіппен бұтақтанады. Егер бұтақ орталың діңнен өссе, ол бірінші қатардың бұтағы деп аталады. Бірінші қатардағы бұтақтарға екінші қатардағы бұтақтар орналасады да, бұтақтану одан әрі тәртіппен жалғасады. Қаңқа және жартылай ңаңңа бүтақтар өсу кезінде майда бүтаңшалармен жабылып тұрады. Майда жас бүтаңша-лар өсетін және өнім беретін бұтақшаларға бөлінеді. Өсетін бүтақшаларда жапырақтар мен жемістердің негізгі бөлігі орналасады. Сабаңтың өсетін, жапыраң салған бөлігі өркен деп аталады. Өркендердің өсуі тоқтаған кезде жапырақтары түсіп, олар жылдық өскінге немесе бүтаңтарға айналады. Өркендердің өзегінің жанама бұтақтары өсуінің жалғасы болып табылады. Олар-дың есебінен ағаштың бөрікбасы көлемін үлғаңтады. Жапыраң сағағының алақанында бүріпіктер орналаса-ды. Жапыраңтарда өсімдік тіршілігінде аса маңызды рөл атңаратын физиологиялың процестер, атап айтқанда, фотосинтез, булану, газ алмасу процестері өтеді.
Әрбір жеміс-жидек өсімдігінде вегетативті мүшелері: тамыр, сабаң, жапыраң, репродуктивті мүшесі — гүлі болады.
Ағаштың жоғары басында пайда болатын барлщқ өркендер, жапырақтар, гүлдер бүршіктерден тарайды. Жеміс-жидек өсімдіктерінде ңүрылымына, өркендерде орналасуына және атңаратын ңызметіне қарай бүршіктер әр түрлі болады. Қүрылымына карай бүршіктер вегетативті, генеративті және аралас болып ажыратылады.
Вегетативті бүршіктер өркендер түзеді, олар генера-тивті бүршіктерге қарағанда жіңішкелеу болады және үіптары сүйірлеу келеді.
Генеративті бүршіктерден тек гүлдер мен гүл шоғырлары пайда болады. Генеративті бүршіктер барлың сүйекті жемістілерде, сонымен қатар қызыл және ақ қарақатта, цитрустілерде болады. Аралас бүршіктер өркендердің жоғарғы жағына орна-ласады. Аралас бүршіктер өскен кезде, олардан гүлдері немесе гүл шоғырлары бар жеміс ңалталары пайда бола-ды. Аралас бүршіктер барлық шекілдеуіктілерде, қара қараңатта, түшалада, таңқурайда, інжірде, ңүрмада, жаңғақтаболады.
Өркендерде орналасуына қарай бүршіктер төбе буршік, буйір буршік және қосымша буршік болып бөлінеді.
Төбе бүршіктер негізінен жеке болады. Бүйір бүршіктер жапыраңтардың қолтығында орналасады, олар жеке және топ болып өседі. Топтанып өскен бүршіктер шабдалыға, өрікке, бадамға, алхорыға, алшаға тән.
Гулдер және гүл шоғыры
Гүлдер жеміс-жидек өсімдіктерінің жыныстық көбею мүшесі болып табылады. Морфологиялық қүрылымы жөне атқаратын қызметіне қарай гүлдер цос жыпысты және дара жынысты болып бөлінеді. Қос жынысты гүлдер аналықтан және аталықтан түрады. Оларды негізінен жәндіктер тозаңдандырады. Қос жынысты гүлдер шекілдеуіктілерде, сүйекті жемістілерде, цит-рустілерде және көптеген жидек дақылдарында болады.
Дара жынысты гүлдерде тек қана аталың немесе ана-лық болады. Өсімдіктердің дара жынысты гүлдері айырым жынысты деп аталады. Егер аталық және аналық бір ағашта болса, ағаш бір цялы, ал бір ағашта тек ңана аталың, басңа ағашта аналың гүлдер ғана болса, онда он-дай ағаштар цос уялы деп аталады. Жеміс-жидек өсім-діктерінің арасында бір үялы айырым жыныстыларға жаңғаң, фундук, талшын, пекан, ал қос ұялыларғаінжір, пісте ағашы, шырғанаң, бүлдірген жатады. Табиғи жағ-дайда барлың қос жынысты түқымдар бір үялы болады. Гүлді бүршіктерде бір ғана гүл (өрік, піабдалы, беке, ба-дам) немесе 2-3 және одан да көп гүл пайда болуы мүмкін (алма, алмүрт, алхоры, ңарақат, жаңғақ, таңқурай).

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.